Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
корп каржы.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
85.05 Кб
Скачать
  1. Корпорацияның өндіріс пен өнім өткізу шығындары, басқа да шығындар

Шығындар есепті кезеңдегі кәсіпорынның әрбір шығыстары болып табылады, ақшалай түрінде көрсетілген және қаржы шаруашылық қызметті жүзеге асыру процесіндегі әр түрлі ресурстарды қолдану және сатып алумен шырттастылған. Шығындардың құндық тұлғалануы өнімнің өзіндік құны болып табылады. Өзіндік құн – маңызды экономикалық категория және сапалы көрсеткіш, өйткені кәсіпорынның иеленуінде болатын барлық ресурстарды қолдану деңгейін сипаттайды. Өндірістік шығындардың жиынтығы кәсіпорынға шығаратын өнімді дайындау қаншаға түсетінің көрсетеді, яғни өнімнің өндірістік өзіндік құны.

Қызметтің жай түрлері бойынша шығыстар – дайындау және сатумен, тауарды сатып алу және сатумен байланысты және қызмет көрсетумен, жұмыс орындаумен байланысты жүзеге асырылатын шығыстар. Операциялық шығыстар мынандай шығыстар жатады:

  • Ұйым активтерінің уақытша қолдануға берілген төлемдерге байланысты;

  • Басқа ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысуына байланысты.

  • Ақша қаражаттарын қолданғаны үшін пайыздарды ұйым төлейді.

  • Несиелік ұйымдармен көрсетілген қызметтердің төлемдеріне байланысты шығыстар.

  • Басқа операциялық шығыстар.

Өндірістен тыс шығыстарға жататындар:

  • Келісім шарт бұзылғаны үшін айыппұл, өсімақы тұрақсыздық айыбы;

  • Ұйыммен келтірілген залалды өтеу;

  • Есептік кезеңде танылатьын былтырғы жылдың залалдары.

  • Баға айырмасы;

  • Активтерді арзандату сомасы;

  • Басқа да өндірістен тыс шығындар.

Төтенші шығыстар құрамында шаруашылық қызметтегі төтенше жағдайлар салдарынан пайда болатын шығыстарды көрсетіледі.

Барлық шығындарды бағытталу мақсаты мен экономикалық мазмұны бойынша 3 топқа бөлуге болады:

  1. Пайданы табумен байланысты шығындар – өнімді өткізу, өндірістік процес шығындары, қызмет көрсету, инвестициялық шығындар жатады.

  2. Пайданы табумен байланысты емес шығындар – гуманитарлық және қайырымдылық мақсаттарындағы шығындар, сонымен қатар жұмысшыларға әлеуметтік төлем ақылары бойынша шығындар жатады.

  3. Мәжбүрлеме шығындар – бюджетке әр түрлі деңгейдегі төленген салықтар мен алымдар, бюджеттік емес қорларға төлемдер, міндетті резервтерді құру шығыстары, айыппулдар құрайды.

Шығындар дег/з - өнімді өндіру, өткізу шығындарының, сауда делдалдарының қызметтеріне б/ты шығындардың, басқа да өндірістік емес іс-әрекеттерді қаржыландыруға б/ты болатын шығындар жиынтығының ақшалай формадағы көрінісі. Жоспарлау, есеп жүргізу ж/е калькуляциялау мақсатында шығындар келесідей түрге жіктеледі: 1) өндіріс түрі б/ша – негізгі ж/е қосалқы; 2) өнім түрі б/ша – бөлек бұйымдар, біртекті бұйымдардың тобы, тапсырыс, қайтажасалған өнім, жұмыс,қызмет; 3) шығындардың пайда болу орындарына б/ты – бөлімдегі, өндірістегі, цехтағы, шаруашылық есеп беру бөлімшесі; 4) құрамы мен экономмикалық мазмұны б/ша – шығындар баптары мен шығындар элементтері; 5) өнімнің өзіндік құнына шығындарды жатқызу әдістері – тікелей ж/е жанама; 6) өндіріске қатысу дәрежесіне б/ты – негізгі ж/е үстеме; 7) өндіріс көлемінің өзгеруіне қатысты тәуелділігіне б/ты – пропорционалды ж/е пропорционалды емес. 8) өнімнің өзіндік құнына қарастыру уақытысына б/ты – ағымдағы шығындар, болашақ кезеңдердің щығындары ж/е алдағы шығындар; 9) шығындардың біртектілік дәрежесіне б/ты – элементтік ж/е кешендік. Өнеркәсіптің барлық салаларында өнімді өндіру, өткізу шығындары келесідей экономикалық элементтерге бөлінеді: материалдық шығындар, еңбекақы, сақтандыру, негізгі қорлардың тозу құнын есептеу ж/е басқа да шығындар.