Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
корп каржы.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
85.05 Кб
Скачать

Корпоративтік қаржы

  1. Корпоративтік қаржы түсінігі және мазмұны

Корпорация – тап н/е маманданған мүдделермен біріккен қоғамдастықты, қоғам, одақ, тұлғалар тобын білдіреді. Корпорация қаржысы дегеніміз – қолдануға қажет пайда және ақша қорларды, капиталды қалыптастырудағы және шаруашылық қызмет прпоцесінде туындайтын ақша қатынастарының жүйесін білдіреді.

Корпоративті қаржылар – компания мен экономиканың басқа да қатысушылары арасындағы қаржылық нысанадагы әр түрлі ішкі ж/е сыртқы қарым-қатынасын білдіреді. Олар компанияның табыстарын құру, бөлу ж/е пайдалану процесінде пайда болады. Олар ақша қатынастарының ауқымдылығымен ж/е әртүрлілігімен ерекшеленеді. Корпорация қаржысының ұйымдастырылуы келесідей негізде жүргізіледі: 1. кәсіпорындарды заңды тұлға деп тану белгілері: мүліктің жекешеленуі, бухгалтерлік баланстың болуы; осы мүлкімен, міндеттемелері б/ша жауапкершілік; банкте есеп шотының болуы; өз атынан қатынасқа түсуі. 2. кәсіпорын қаржысының ұйымдастырылу қағидасы: дербестік; өзін-өзі қаржыландыру; қаржылық қызметінің нәтижесіне қызығушылық; қаржылық қызмет нәтижесіне жауапкершілік; қаржылық қызметті бақылау. 3. кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасу көздері: амортизациялық төлем; қаржылық қызметтердің барлық түрлерінен келетін пайда; қосымша пай жарнасын төлеу; облигациялардан алынатын қаражат; акцияларды шығару ж/е үйлестірі арқылы жұмылдырылатын қаражат; мезгілінен бұрын төленетін несиелер; басқа да заңды қаражат көздері.

  1. Корпорация қаржыларының қызметі

Корпорация қаржысы дегеніміз – қолдануға қажет пайда және ақша қорларды, капиталды қалыптастырудағы және шаруашылық қызмет прпоцесінде туындайтын ақша қатынастарының жүйесін білдіреді.корпорациялар қаржысы қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болғандықтан қаржының атқаратын функцияларын қамтиды. Яғни бөлу және бақылау функциялары. Корпаративтік қаржысының бөлу реттілігі және кәсіпорындарды дамыту үшін белгілі бір бағыттар бойынша бөлу пропорциясын анықтауды қамтамасыз етеді.

Корпорация қаржысы 3 функция атқарады: капиталдың, пайда және ақша қорларының қалыптасуы; капиталды, пайда және ақша қорларын пайдалану; бақылау.

1.Капиталдың, пайда және ақша қорларының қалыптасу функциясы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.Корпорация мен кәсіпорынның қаржы жоспарындағы(бюджетіндегі) қоры тауардан түскен түсімнен құралады.Осы қордан салықтар мен міндетті төлемдер төленеді.

2.Капиталды, пайда және ақша қорларын пайдалану функциясы қаржының екінші қызметінің(бақылау) экономикалық құрылымын атқарады.

Кәсіпорын пайданы пайдалану процесінде мыналар жүзеге асырылады: оның бөлінуі; қайта бөлу – мемлекеттің бюджет жүйесіне табыс бойнша салық төлегенде; тауар формасындағы құн ағынынан қалыптасқан ақша қорындағы табыс бойынша пайда болған нақты шығындар(Ақша-Тауар және Тауар -Ақша).

3.Бақылау функциясы осы екі функцияның жүзеге асырылып отырылуын қамтамасыз етеді. Бақылау функциясы көмегімен ақша құралдары қорын қалыптастыру теңге көмегімен нақты ақша айналымына бақылауды қамтамасыз етеді.