Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
корп каржы.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
85.05 Кб
Скачать
  1. Корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы

Корпорацияның қаржылық негізін оның меншікті капиталы құрайды. Меншікті капитал мөлшері кәсіпорынның баланс пассивінде көрініс табады. Ол мына элементтерден қалыптасады:

  • Жарғылық капитал;

  • АК алып сату үшін немесе жою үшін иелерінен сатып алған меншік капиталы;

  • Резервтік капитал;

  • Қосымша капитал;( меншікті капиталдың 70-90 пайызын құрайды)

  • Бөлінбеген пайда;

  • Мақсатты қаржыландыру.

Меншікті капитал тұрақты (жарғылық) және өзгермелі капитал болып бөлінеді. Өзгермелі бөлігі көбінде кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне байланысты. Оның есебінен резервтік капитал, қосымша кпитал, бөлінбеген пайда қалыптасады.

Резервтік капитал таза пайда есебінен қалыптасады, ол кәсіпорынның жыл сайын жасайтын аударымдар есебінен құрылады да ақша қаражаттарының резервін танытады. Бұл капиталдың құрылуы мен пайдалану тәртібі кәсіпорынның жарғысында қарастырылады.

Қосымша капитал қайта бағалау кезінде кәсіпорын құнының өсімін, эмиссиялық табысты, қайтарусыз алынған құндылықтар мен басқа да түсімдерді танытады. Қосымша капита құрамына көбінде мыналар жатады:

  • Айналымнан тыс активтерді қосымша қайта бағалау сомалары;

  • АҚ эмиссиялық табысы

  • Басқа ұйымдардан қайтарусыз алынған мүлік;

  • Индекс-дифляторларын қолдану арқылы есептелінген негізгі құралдар бойынша тозу соммалары;

  • Бөлінбеген пайданың күрделі салымдарға бағытталған бөлігі және басқа да түсімдер.

Бөлінбеген пайда – меншікті капиталдың қалыптасу көздерінің маңызды көрсеткіші. Қолданыстағы заңнама ШЖС олардың пайдалануына түскен таза пайданы оперативті моневрлеуге құқық береді.

Мақсатты қаржыландыру – бабына мақсатты бағыттағы іс-шараларды (күрделі салымдар, НИОКР және т.б) жүзеге асыруға арналған ақшалай қаражаттардан турады (заңды тұлғалардан түсетін және мемлекеттен бюджеттік ассигнованиялар ретінде түсетін ақшалай қваражаттар).

  1. Компанияны қаржыландырудың қарыз қаражаттар көздері

Кәсіпорынды ресурспен қамтамасыз ету оны дамытудың қавжетті шарты болып табылады. Қаржылық ресурстардың болуы өндірістік кәсіпорындарда қарыз капиталының қалыптасу мүмкіндігін анықтайды. Осыған байланысты қарыз капиталының қалыптасуын басқару жүйесі –капиталды басқару жүйесінің маңызды функционалдық бағыттарының бірі. Қарыз капиталы – корпорацияға табыс әкелетін қарыз қаражаттарының жиынтығы. Қарыз капиталының мөлшері мен құрылымын анықтау қаржылық менеджментінің көптеген мәселелеріншешүдегі қажетті кезең болып табылды, олардың ішіндегі кең тарағандар келесілер:

  • Корпорацияның қаржылық тәуелсіздігі мен төлем қабілеттілігін бағалау;

  • Мүмкін болатын банкроттық және капитал құрылымын оптимализациялауды болжау;

  • Қарыз капиталының бағасы мен корпорация капиталының орташа салмақталған құнын есептеу;

  • Қаржылық тәуекелдің мүмкін болатын дәрежесін анықтау.

Қарыз капиталының мазмұны, көлемі мен бөлек құраушы бөлшектерінің мөлшерін нықтаудан басқа маңызды сәт – қарыз капиталы құрылымын талдау болып табылады. Болашақта инвестор болуы мүмкін тұлғалардың көзқарастары бойынша, инвестор болуы мүмкін тұлғалардың көзқарастары бойынша, меншік капитаы мен қатар, тұрақты капиталды құрайтын ұзақ мерзімді несиелердің бар болуы жағымды құбылыс ретінде санау қалыптасқан. Банк несиелері – корпорацины қаржыландырудың қарыз көздерінің бірі болып табылады.