Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
корп каржы.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
85.05 Кб
Скачать
  1. Корпорацияның инвестициялық қызметін жүзеге асыру сипаттамасы

"Инвестиция" (сози латынша "invectire" казак тилине аударганда каражат салу, жумсау дегенди билдиреди) – қаржыландыру көзі ретінде болашақта даму мен ағымдағы табыс алу мақсатындағы капитал салымының барлық нысандары. Басқа мақсаты экономиканың нақты салаларына қаржы салу арқылы пайда табу. Инв/я құрамына: мүліктер, байлықтар, материалдық ж/е интеллектуалдық құндылықтар кіреді. Корпорацияның инв/я қызметі дег/з – сол инв/яны белгілі мақсаттар мен салаларға пайдалану. Инв/я/ң объектілеріне мыналар жатады: өндірістік, өндірістік емес; бағалы қағаздар; банктердегі мақсатты салымдар; ғылыми-техникалық өнімдер; табиғи ресурстар. Инв/я/ң негізгі түрлері: 1) Нақты инв/я – экон/ң негізгі өндірістік салаларына бағытталады. Ол өндірістік құралдармен материалдық байлықтарды ж/е құндылықтарды молайтуға жұмсалады. 2) Қаржылық инв/я – түрлі құнды қағаздар мен қаржы құралдарын жасауға қолданылады. Қаржылық инв/я/ң түрлері: портфельдік – кәсіпорынның портфеліндегі түрлі бағалы қағаздар жиынтығы.; венчурлық – кәсіпорынның өзінің акциясын ж/е қаржыларын жаңадан ашылатын өндіріске салады, яғни жаңа бағытқа инв/я салады, өйткені жаңа өнімдерге сұраныс көп болады.; аннуитет – инв/я/ң түрлі инв/я/қ қорларға, зейнетақы қорлары т.б. қорларға салу арқылы салушының белгілі бір кезеңнен кейін алатын табысы.

  1. Тікелей инвестициялар, оларды жоспарлау және қаржыландыру

Инвестиция дегеніміз-пайда табу мақсатында белгілі бір қызметке бос ақша қаражатын салу.Инвестициялауға қатысу сипаты бойынша инвестиция тура және жанама болып екіге бөлінеді.

Тікелей инвестиция бойынша инвестор ақша қаражатын салатын обьектіні таңдауға қатыса алады.

Жанама инвестициялар қаржы делдалдары арқылы жүзеге асырылады-коммерциялық банктер, инвестициялық компаниялар мен қорлар арқылы.

Обьектіге инвестиция салар кезде оны жоспарлап және қандай көздер арқылы қаржыландыру керек екенін ескеру керек.

Белгілі бір жобаға бизнес –жоспар құру керек.Бизнес – жоспар келесідей бөлімдерден тұрады: кіріспе бөлімі(резюме); өнеркәсіпке қатысты саланың жағдайын қалыптастыру; жобаны жүзеге асыруға арналған өндірістік жоспар; жобаны іске асыруға арналған ұйымдастырылған жоспар,менеджментті қоса; маркетинг мен өнім жоспары; жобаны іске асыру үшін арналған қаржылық жоспар; капитал салымының экономикалық тиімділігін бағалау.

Бизнес-жоспардың қорытындылаушы бөлімі ретінде инвестициялық жобаның коммерциялық және бюджеттік тиімділігін бағалау болып табылады.

Қаржыландыру көздері: инвесторлардың ішкі шаруашылық резервтері мен меншік қаржылық ресурстары; заемдық қаражаттары; тартылған ақша қаражаттары; бюджет қаражаттары; бюджеттік емес қорлардың қаражаттары; шетел инвесторларының несие,займ түрінде беретін қаражаттар.

  1. Корпорацияның қаржылық инвестициялары мен оларды қаржыландыру көздері

Қаржылық инвестиция – бағалы қағаздарға немесе басқа заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді міндеттемелеріне немесе қайта сату мақсатымен алынған жылжымайтын мүлікке салым. Қаржылық инвестиция – тұлғаның табыс алу мақсатындағы активтері (мысалы пайыздары, роялити, дивиденттер және жалға беруден төлем ақы), инвестицияланған капиталдың өсуі немесе басқалай табыс алу (мысалы коммерциялық қатынас қорытындысы бойынша). Сонымен қатар қаржылық инвестицияға пайдалануға кірмейтін жылжымайтын мүлік инвестициясы кіреді.

Қаржылық инвестиция ие болу мерзіміне қарай дәрежелерге сыныпталады:

  1. Бір жылға дейін мерзімдегі қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар;

  2. Бір жылдан астам мерзімдеге ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар.

Қаржылық инвестицияна бағалауда мүліктенуге байланысты шығындар және сатып алынған бағасы есептеледі.