Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
корп каржы.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
85.05 Кб
Скачать
  1. Корпорация табысын қалыптастыру мен бөлу

Табыстарды қалыптастыру сурақтарын қарастырған кезде, «түсім», «табыс», «пайда», «таза пайда» деген негізгі ұғымдардың айырмашылықтарына тоқталу қажет, яғни осы көрсеткіштердің айырмашылықтарына тоқталу қажет, яғни осы көрсеткіштердің қайсысы сомалы мағынада аз немесе көп және қайсысы қайсысына шығады екендігіне.

Табыс түсінігін түбегейлі қарастыру үшін, біріншіден түсім деген экономикалық категорияны қарстырған жөн. Экономикалық әдебиеттерде өткізуден түскен түсімнің жоспарлы сомасы келесідей формуламен анықталады: Вр=О1+Втп-О2 . мұнда, О1 – жоспарлы жылдың басындағы өткізілмей қалған өнімдердің өткізу құны бойынша қалдықтары. Втп- жоспарлы жылдағы өткізу құны бойынша тауарлы өнім. О2- жоспарлы жылдың соңындағы өткізілмей қалған өнімдерді өткізу құны бойынша қалдықтар.

Таыстар – қаржымен тығыз байланысты күрделі экономикалық категория. Табыс-бұл шығын құралдарымен байланысты белгілі бір жұмыстың нәтижесі. Табыс өндірістік, коммерциялық, делдалдық және басқа да мақсаттарға бағытталған қызмет нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар жаңадан қызмет және өнім шығындарында бөлу кезеңінде пайда болады. Табыстар аралық сипатта болуы мүмкін. Яғни өзінің қалыптасуынан кейін жаңа бөлу кезеңіне қадам жасайды немесе айырбастау деген жаңа өндірістік кезеңге өту кезінде ақырғы табыс ретінде қызмет ету мүмкін. Табыстың аралық сипаты бір шаруашылық субъектісінің табысы басқа шжс шығыстары есебінен қалыптасқан кезде көрінеді. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категорияы ретінде табыс бірқата маңызды функцияларды атқарады. Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділішін білдіретін көрсеткіш болып табылады. Басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның табыстылығы деген джеректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Екіншіден, табыс ынталандыру қызмет атқарады. Кәсіпорындардың қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық шаруашылық өмірде шешуші рөл атқарады. Үшіншіден, табыс мемлеукеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде түседі. Корпорация табысын бөлуге тоқталар болсақ, ең алдымен табыстарға салынатын салық. Таза пайда –болашақта кәсіпорын дамының және кәсіпорын иесі кірістерінің қайнар көзі болып табылатын салық төленгеннен кейінгі пайда. Кәсіпорын табыстарынавн салықтық кодекске сәйкес бюджетке төлемдер жүргізіледі. Табысқа салынатын салық түзетілген жылдық жиынтық табыспен табысқа салынатын салық түзетулері есепке алынған , салықтық кодекспен көзделген шегерулер арасына айырмашылықпен анықталады. Кәсіпорын иелігінде табысын басқару және оны бөлу. Кәсіпорынның және ұйымның қаржылық тәжірибесінде кәсіпорын қызметінің өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік мақсаттары мен тапсырыстарға жалпы жеке салада ұлттық шаруашалыққа бйланысты әр турлі қорлар қолданылады. Кәсіпорынның және ұйымның жұмыс жасауы үшін мағыналы және маңызды қорлары мыналар б.т: жарғылық, резервтік, қорлану қоры, тутыну қоры, еңбекақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу. Кәсіпорынның иелігіндегі қалатын пайда негізінде яғни салықты және басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар кешенді қорлары қалыптастырады. Олар тұтыну қоры, қорлану қоры. Таза пайданы бөлу келесі схема бойынша жүреді:

Таза пайда=Резервтік қор+Қорлану қоры+тұтыну қоры

Серіктестіктің таза пайдасын бөлу келесі схемада көрсетілген:

Таза пайда=резервтік қор+қорлану қоры+тұтыну қоры+құрылтайшылар арасында бөлінетін пайда