Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
корп каржы.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
85.05 Кб
Скачать
  1. Корпорацияның айналымнан тыс активтерінің сипаттамасы

Кәсіпорынның активтері деп, оған тиесілі мүліктік құқықтық жиынтығы, яғни мүлікпен иелену, ұйымдастыру және пайдалану құқығы.

Активтер екі типтен тұрады: айналымнан тыс; айналым.

Айналымнан тыс активтер активтердің тұрақты бөлігі деп атайды. Басқа сөзбен айтқанда, айналымнан тыс активтер, шаруашылық айналымнан шыққан (алынған) кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын білдіреді. Айналымнан тыс активтер дегеніміз – ұйымда ұзақ уақыт пайдаланылатын, сату мақсаты көзделмеген, өздерінің құнын жаңадан өндірілетін өнімнің өзіндік құнына бөліп қосатын қорлар жатады. Оларға: 1. негізгі құралдарды - түрлі кәсіпкерлік қызметінің сфераларында іске асатын ұйымдар активтерінің негізгі бөлігін құрайды. Олар туралы ақпарат ұйымдағы қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайының сипаты үшін зор мәнін білдерді, 2. материалды емес активтер - бұл шаруашылық қызметіндегі ұзақ мерзімдік уақыт аралығында пайдаланып, табыс алып келетін материалдық емес объектілерге салған ақшалай қаражат. Бұл жер учаскілермен, табиғи ресурстармен, патенттермен, ноу-хаумен пайдалану құқығы, яғни ғылыми-техникалық білімдерінің, өндіріс құпияларының және т.б. жиынтығы, сонымен қатар, авторлық құқық, монополдік құқық және жеңілдіктер, «гудвилл», яғни сауда маркінің мәртебесі, беделі. 3. ұзақ мерзімді инвестициялар жатады. Іске асыру процесінде негізгі капитал айналымсыз активтер формасын қабылдайды.

  1. Амортизация және оның негізгі капиталды жаңартудағы ролі

Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударымдар болып табылады. Ол 2-ге бөлінеді: амортизацияланатын (ғимараттар, үйлер,құрал-жабдықтар,көлік құралдары); амортизацияланбайтын (жер,көп жылдық өсімдіктер, тарихи ескерткіштер, мұражай).

Амортизацияның негізгі қызметтері: Өндірісті қамтамасыз ету; негізгі қорларды қалпына келтіру және есеп жүргізу.

Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз. Ол пайыз арқылы беріледі: Н= (Ф1-Фж)/Ф1Т*100%; мұндағы: Ф1 – негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны, теңге; Фж – жайылған негізгі қорлардың құны, теңге; Т – амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативтік қызмет ету уақыты), жыл.

Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формула арқылы анықталады: А

= Н × Ф; мұндағы: Н – амортизация нормасы (%); Ф – негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге.

Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек: негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі; негізгі қорлардың сапалық тозуы; техникалық қайта құрудың жоспары; жабдықтардың балансы; модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.

Амортизацияны есептеу үшін объектілері болып, кәсіпорындардағы меншік, шаруашылық жүргізу, оперативті басқару құқықта болған негізгі қаражаттар табылады.

Амортизацияның есептеу көлемі өндіріс пен қаржылық жоспарға шығындар сметасын құрған кезде жыл сайын жоспарланады. Амортизацияның жоспарлы сомасын есептеу үшін ең алдымен амортизацияның бірыңғай нормалары іске асатын түрлеріне қатысты кәсіпорынның негізгі қорларын топтастыру қажет және олардың орта жылдық құнын анықтау керек.