Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баскару дайын.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
1.02 Mб
Скачать

20. Шығындар динамикасы. Айнымалы, тұрақты және сатылап өзгеретін шығындар

Шығындар деп – тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын тұтынылатын ресурстарды (ақшаларды) айтады. Дұрыс шешім қабылдау үшін өндіріс көлеміне қарай шығындардың қалай өзгеретінін білу аса маңызды. Егер кәсіпорын тауар,қызмет өндірудің көлемін елеулі көтеретін болса, онда тауарларды көптеп өндіруге қажетті ресурстар-ң да саны артуы керек,ал өндіріс көлемін ұлғайту шығынның өсуіне әкеледі. Ал басқару есеп жүйесінде кәсіпорынның мүдделі тұлғаларына дұрыс шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпарат дайындалып отырады. Ол шешімдер келешектегі оқиғаларға бағытталатындықтан басқарма күтілетін шығын мен болашақ табыстар жайлы жан-жақты ақпаратты талап етеді. Сондықтан, шығын мен табыстардың ж/е олардың мақсаттарға сәйке жүйеге келтірілуі сипаттамасы келесідей болады:

  1. өндіріс көлеміне қарай шығындар динамикасы;

  2. бағалау кезінде есептелетін ж/е есепке алынбайтын алдағы кезең шығындары;

  3. қайтарылмайтын н/се өткен шақтың шығындары;

  4. баламалық шешім қабылдау нәтижесіндегі жорамалдағы шығындар;

  5. инкрементті ж/е маржиналды шығындар.

  • Өндіріс көлеміне әсер ететін экономикалық факторларға қарай шығындар:

  • шартты өзгермелі;

  • шартты тұрақты болады.

Шартты өзгермелі шығындар – өнімнің өлшем бірлігімен өлшенеді.яғни олардың мөлшері өндірістің өнім көлеміне пропорционалды байланыста болады(шикізат, материал, тікелей еңбек шығыны).

Шартты тұрақты шығын - жалпы цехтік, жалпы шаруашылық бойынша абсолютті шамасы шектелген ж/е өндірістік бағдарламасының орындалуына байланысы жоқ шығын жатады. Өндірістік шығындар ағымдағы ж/е біржолғы деп анық бөлудің ай сайын өзіндік құнды дұрыс есептеуде зор маңызы бар.

Шығын динамикасы –шешімдер қабылдау үшін өндіріс көлеміне қарай шығынның қалай өзгеретіні жөнінде біліп отыру өте қажет. Шығындар мен табыстар динамикасы мәліметтері негізінде өндіріс көлемінің өзгеруі жағдайында төмендегідей мәселелерге жауаптар шығады:

  1. Келесі жылғы өндірістік іс-әрекеттің деңгейін қандай етіп жоспарлаймыз?

  2. Сатылатын тауарларды көбейту үшін сату бағаларын төмендету керек пе?

  3. Өнімді сатушылардың жалақысын төлеу нысаны қандай болу керек?

  4. Шығаратын өнімді өсіру үшін қосымша жабдықтар алу керек пе?

Өндіріс көлеміне тікелей тәуелді өзгеретін шығындарды – айнымалы шығындар деп аталады (мысалы, негізгі материалдар).

Жиынтық айнымалы шығындар - өндіріс көлеміне сызықты тәуелдікке ие

(1сурет, А), ал айнымалы шығындарды өнім бірлігіне шақса, онда ол тұрақты деңгейде болып келеді (1сурет, Б).

шығындар, теңгe

өнім бірліктері, дана

Тұрақты шығындар – белгілі бір уақыт кезеңінде өндіріс ауқымында өзгеріссіз болып қалады (ғимараттар бойынша амортизация).

Жиынтық тұрақты шығындар - өндірістің барлық деңгейлері үшін өзгеріссіз болады (2-сурет, А), яғни олар өндіріс көлемінің өзгерісіне жауап бермейді және өндіріс көлемі артқан сайын өнім бірлігіне есептелген тұрақты шығынның деңгейі де азаяды (2-сурет, Б)

дана

А) жиынтық Б) өнім бірлігіне

2-сурет. Тұрақты шығындар

Жартылай тұрақты шығындар – белгілі бір өнім көлеміне өзгеріссіз болатын шығындарды, бірақ өнімнің критикалық сәттерінде де белгілі бір деңгейде өсетін немесе төмендейтін шығындарды айтады. (3-сурет, А) (мысалы, жал төлемі).

Жартылай айнымалы шығындар – тұрақты және айнымалы компоненттерден тұратын шығындар (3-сурет, Б) (мысалы, жабдықтаушылар бөлімінің шығындары).