Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баскару дайын.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
1.02 Mб
Скачать

37.Инвестициялық шешімдер қабылдау.

Инвестициялық шешім қабылдау дегеніміз-бұл кәсіпорынның ішкі және сыртқа факторларының есебімен болашақтағы бірнеше жылға болжам жасалатын ұзақ мерзімді шешімдер. Бұл шешімдер белгісіз тәуекелдермен байланысты. Осы тәуекелдерді төмендету үшін жақсы дайындалған ақпараттар базасына сүйенуі тиіс.Капиталдың құрылымы ұйымның менеджерлері мен басшылары инвестициялық шешім қабылдауына тікелей әсер етеді. Қосымша акциялардың эмиссиясының көлемін арттыру мақсатында негізгі капитал туралы шешім қабылдайды. Капитал көлемін арттыру жөндегі шешім түскен түсімге тікелей байланысты. Қаржылық айналымнан тыс активтер туралы шешімдер ұзақ мерзімді міндеттеме, ал айналымдағы активтердің формирование қысқа мерзімді міндеттемелермен байланысты. Ұйым қаржылық басқару кезінде келесідей ережелерге бағынады:

  1. Инвестициялық шешімдер мен ұйымның қысқа мерзімді шешімдері бір бірімен тығыз байланысты және бөлек қарастырылмайды.

  2. Кез келген инвестициялық шешімдер келесі аспектілерден тұрады:

  • Активтердің бағалануы (мүлік);

  • Актив құны мен тәуекел арасындағы байланыс;

  1. Инвестициялық процестің негізгі басқарушылары ақша қаражаттарының қозғалысының бюджеті мен капиталдық бюджеттерінің құрылуы болып табылады.

  2. Қажетті активтерді табудың мәселелері, қаржы топтамасына байланысты шығындарының болуы ұйымның менджерлері мен аналитиктерімен шешілуі тиіс.

  3. Инвестицияны қаржыландыру бойынша шешімдер келесідей жағдайларға негізделе отырып қабылданады:

  • Есепті жоспарлау технологиясы мен қаржы ресурстарын бақылау және ұйым қабылдаған қаржылық нәтижелерге;

  • Дивиденттік саясатқа,қарызды басқару саясатына, тәуекелдіктер мен альтернативными издержками.

  1. Қысқа мерзімді актив пен міндеттемеге байланысты инвестициялық шешімдердің есептемесі бойынша қаржылық шешімдер.

  2. Инвестицияға сауалдарға, дивиденттер, қарыздар және басқа да қаржылық негіздерге байланысты шешімдер ұйымда жекеше шешілуі мүмкін емес. Олардың барлығы ұйымның ағымдағы және болашақтағы қаржылық талдауында орын алып, ұйым бюджетінде көрінуі тиіс.

38.Инвестицияларды бағалау әдістері, инвестициялардың қайтымдылық мерзімі. Инвестицияларды бағалауда жобаға салынған капитал бойынша түсімнің көлемі басты орын алады. Жобаның пайдалылғымен капиталдың өсімі ғана емес, ағымдағы қарастырылып жатқан мерзімдегі сату мүмкіндігінің, инвесторлардың тәуекелдігінің жабылуының деңгейін білдіреді. Бұдан инвестицияларды бағалау оның кіріс деңгейіне тікелей байланысты екендігін айтуға болады. Бағалау әдістері негізінен екі топқа бөліп қарастыруға болады: - жай (статистикалық); - динамикалық ( дисконттау әдіс).

Статистикалық бағалау әдісіне қайтымдылық мерзімі мен пайданың мөлшерін есептеуді айтуға болады. Инвестициялардың қайтымдылық мерзімі (Payback Period, PP) дегеніміз-бұл инвестициялық шығыстардың орнын жабатын қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін мерзімді айтамыз. Бұл әдістің артықшылығына есептемелердің қарапайымдылығын айтуға болады. Таза ағымдық өзіндік құн(NPV) мен ішкі қайтымдылық коэффицентімен бірге инвестицияны бағалау құралдары ретінде қолданылады. Инвестицияның қайтымдылық мерзімі – бұл фирмаға бірінші ретті шығындарды өтеуге қанша уақыт кететіндігін есептеуге көмектеседі. Бұл бизнес үшін ең маңызды болып табылады. Инвестицияның қайтымдылығын есептеудің жалпы формуласы:

ИҚМ=n, мұндағы (ИҚМ)– инвестицияның қайтымдылық мерзімі; n – кезең саны; CFt – t кезеңдегі ақша ресурстарының ағымы; Io –нолдік кезеңдегі шығарылған инвестиция көлемі. Мысалы:Иинвестиция көлемі - 115000$. 1-ші жылғы инвестициядан түскен түсім: 32000$;         екінші жылы: 41000$;         үшінші жылы: 43750$;         төртінші жылы: 38250$.

Инвестицияның қанша уақытта қайтымды болатынын есептер болсақ. 1 және 2 жылдағы түсім сомасы: 32000 + 41000 = 73000$, бұл инвестиция көлемінің 115000$ жартысынан да аз 1, 2 мен 3 ж.түсім: 73000 + 43750 = 116750 115000 көп, бұл бірінші ретті салым үш жыл жетпей өтеледі. Қаржы ресурстарының ағымы жалпы кезең бойынша келіп түседі деп есептер болсақ (негізінен қаржы ресурстары кезең соңында келіп түседі деп есептеледі),онда үшінші жылдың қалдығын шығаруға болады: Қалдық = (1 - (116750 - 115000)/43750) = 0,96 жылға Жауап : қайтымдылық мерзімі үш жылға тең. (дәлірек 2,96 жыл). Қайтымдылық көрсеткіші сіздің инвестицияңыз қанша уақытта қаражаттарыңыздың өтелетіні көрсетеді. Сондай ақ бұл көрсеткіш бірінші ретті ақша қаражаттары өтелгеннен кейінгі кезеңде келіп түскен ақша қаражаттарын ескермейді.

Қарапайым пайданың мөлшері көрсететін коэффицент капиталдың рентабелділігіне ұқсас, яғни ағымдағы бір жоспарлау интервалында инвестициялық шығынның қандай бөлігі пайданы өтейтінін көрсетеді. Есептелген пайда көлемі мен минималды немесе орташа деңгейдегі кірісті салыстыра отырып, инвестор инвестициялық жобаның болашағының мақсатқа сәйкестігі жайында шешім қабылдайды.

Динамикалық әдістерде дисконттау қағидасына негізделе отырып, статистикалық әдістерінің кемшіліктерін жоюға бағытталған әдіс. Мұнда ағымдағы таза өзіндік құн (Net Present Value – NPV)-, пайдалылық индексі (Profitability Index-PI) – бұл коэффицент бір бірлікке есептелген салымнан түскен дисконтталған ақша қаражаттарының қанша пайда әкелетінін көрсетеді.Жобаның ішкі рентабельділік нормасы (Internal Rate of Return-IRR) –бұл коэффицент болашақтағы ақша ресурстарының кіріс ағымы көрсетілген өзіндік құнның шығыс ағамымен тең екендігін көрсетеді. Егер IRR талап етілген кіріс нормасын арттыратын болса, онда жобаны қабылдаудың мағынасы бар.