Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баскару дайын.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
1.02 Mб
Скачать

35. Өз өндірісінде өндіру немесе сатып алу туралы

шешімдер қабылдау.

Фирма қажетті бір компанентті сатып алуды немесе өз күшімен өндіруді қарастырады. Тиімді шешім қабылдау үшін фирма басшылығы екі жағдайдың тиімділік дәрежесін салыстырады. Ол үшін фирма өзі өндіргендегі және сатып алғандағы кететін шығындарды есептейді. Екі жағдайда да тұрақты өндірістік үстеме шығындар есепке алынбайды, себебі сол компанентті сатып алуға және өзі өндіруге ТӨҰШ өзгеріссіз, қалыпты жанама шығындар болып табылады. Мысал : Фирма бір қажетті компонентті сатып алуды н\е өз күшімен өндіруді қарастырады. Өзі өндіруге байланысты шығындар:

Негізгі еңбек шығындары 100ш.б

Негізгі материалдар 300ш.б

Айнымалы үстеме шығындар 50ш.б

Тұрақты үстеме шығындар 200ш.б

Жиыны: 650ш.б

Сатып алу бағасы 500ш.б. Егер 100 бірлік компонентке тапсырыс берілсе, бұл компанияның осы кездегі 3 айлық өндірісіне сәйкес келеді, себебі жылына 400 компонентті өндіреді. Оны салыстыру үшін 2 баламаның шығындарын жинаймыз.

Көрсеткіш

100 компонентті өзі өндіргенде

100 компонентті сатып алғанда

Өндірістік жұмысшылар еңбек шығындары

10000 (100ш.б*100бірл)

10000

Негізгі материалдар

30000 (300ш.б*100бірл)

-

Айнымалы өндірістік үстеме шығындар

5000 (50ш.б*100бірл)

-

Тұрақты өндірістік үстеме шығындар

20000 (200ш.б*100бірл)

20000

Сатып алу бағасы

-

50000 (500ш.б*100ш.б)

Жиыны

65000

80000

Келтірілген мысал бойынша тұрақты өндірістік үстеме шығын есепке алынбайды, себебі ол компонентті сатып алуға немесе өзі өндіруге тәуелсіз шығындар түрі, яғни тұрақты өндірістік үстеме шығын өзгеріссіз қалатын жанама шығындар. Ол кез келген жағдайда құтылмайтын шығындар. 2 балама үшін релеванттық шығындар мөлшері өзі өндірсе 35000ш.б, ал сатып алса 50000ш.б. Релеванттық шығындар туралы мәліметте 2 жағдай бар: 1) Тұрақты өндірістік үстеме шығындарды есепке алу, егерде 2 баламада да ескеретін болсақ, себебі олар 2 жағдайғада бірдей. 2) Тұрақты өндірістік үстеме шығын туралы мәліметті есепке алмауға болады. Қалай десекте 2 баламалық жағдайда да баламалық шығындар 15000ш.белгіге кем болады, егер фирма өзі өндіретін болса. Қорларды бағалау кезінде есептелген шығындар шешімдер қабылдаған кезінде ескерілмейді. Егер негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек шығындарына тоқталатын болсақ, бұл шығындар иррелевантты. Таңдаған баламаға байланысты өзгеретін болашақ шығындар – релевантты шығындар.

36. Бағаға байланысты шешімдер қабылдау.

Бағаға байланысты шешімдер қабылдау

Шешімдер қабылдау кезінде есепке алынбайтын шығындар:

  1. Қайтарылмайтын шығындар;

  2. Тұрақты шығындар;

  3. Шартты шығындар;

  4. Жалпы шығындар

Бағаға байланысты шешімдер қабылдауда кәсіпорынның қанша өнім шығаратынын анықтап алып, берілген мәліметтерді пайдалана отырып; біріншіден, ең алдымен шектеуші факторлар сату көлемінің тиімді бөлігі үшін шектеуші факторлар анықталады; екіншіден, шектеуші фактордың норма сағат па машина сағат па екені анықталады; үшіншіден, келесі бір шектеуші факторға келетін маржиналдық табысты есептейміз; төртіншіден, соңында кәсіпорын өз күшін көбірек қай өнімге жұмсау керектігі рет-ретімен анықталады.

Мысалы. 1.

р/с

Көрсеткіш

А

В

С

1

Машина сағат

5

6

7

2

Негізгі материалдар

7

6

5

3

АӨҮШ

9ш.б

6н/с

6ш.б

4н/с

3ш.б

2н/с

4

Қосылған өзіндік құн

19ш.б

15ш.б

11ш.б

5

Сату бағасы

25ш.б

20ш.б

15ш.б

6

Маржиналдық табыс(5-4)

6(25-19)

5(20-15)

4(15-11)

2. Сұраныс А-2000 В-3000 С-3000

Өнім

Тиімді сату көлемі

Барлық машина/сағат

Барлық норма/сағат

А

2000

20000

(2000*10)

2000*6=12000

B

3000

3000*3=18000

3000*4=12000

С

3000

3000*7=21000

3000*2=6000

30000

Машина сағат

Норма сағат

А 6/5=1.2 ш.б/маш/сағат

6/6=1ш.б/норма/сағат

В 5/6=0,83 ш.б/маш/сағат

5/4=1,25 ш.б/норма/сағат

С 4/7=0,57 ш.б/норма/сағат

4/2=2 ш.б/норма/сағат

Қорытынды. Кәсіпорын барлық күшін 1-С өнімін, 2-В өнімін, 3-А өнімін өндіруге жұмсайды.