Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баскару дайын.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
1.02 Mб
Скачать

13. Бюджет және оның түрлері

Бюджет - сандық немесе қаржылық көрсеткішпен белгіленген белгілі кезеңге жоспар болып табылады.Бюджет бүкіл компания бойынша және оның бөлімшелері бойынша жасалады. Жоспардың негізгі мақсаты келешекте жеткілікті табысқа жетуі үшін өз қызметінің әрекетін жоспарлау керек. Корпорацияның қызметiнiң бюджеттiк жоспарлауын тиiмдi жүйесiн ұйымдастыру үшiн бюджеттердi келесi топтарға бөлуді ұсынады:

  • материалдық шығындардың бюджетi;

  • энергияның тұтынуындағы бюджет;

  • еңбекақы төлеу қорының бюджетi;

  • амортизациялық төлемдердiң бюджетi;

  • қалған шығындардың бюджетi;

  • банктердiң несиенi өтеуiндің бюджет;

  • салық бюджетi.

Бюджеттi құрастыруды барлық процессті4 кезеңде бөлуге болады:1-шi кезең: фирманың белгілі бiр мақсаттарының жоғарғы басқарушыларына хабарлаумен байланысты. Осы жағдайда, тәуелсiз сату көлемiнiң болжалатын өте маңызды деңгейi анықталынады. 2-ші кезеңде: бөлiмдермен және бөлiмшелердің жедел сметаларын әзiрлеуде болады. Мысалы, бұл сметалар немесе бөлiмдердiң бюджеттерi бiткен уақыт аралығына дейін,яғни алты айларға немесе жылдарға есеп айырыса алады.

3 кезеңде : жоғарғы басқарушылар талдау және бюджет туралы ұсыныстардың тексеру жүргізеді. Және содан соң бөлiмшелер жоғарғы басқарудың нұсқауларының негiзінде өз ұсыныстарын қайта iстейдi. Осы кезеңде жоғарғы басқарушылар ұйымның iшкi ресурстарын бөлумен айналысады.4 Кезеңде : қорлар және қорлардың қолдануының бап бойынша есепке алуынуын және қорытынды бюджеттердi әзiрлеу iске асады. Бұл толық есептеулер бiржолата нақты қызметкер немесе басқарушылардың мүмкiндiк болғанша бақылау орындауға, бөлiмнiң өнiмдiлiгiн анықтауға арналады. Жоспарлау – бұл тек бір жағдайды ғана емес, барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтитын шешім қабылдау процесінің ерекше тұрпаты.Жоспарлаудың мақсаты – келешекте жеткілікті табысқа жету үшін өз қызметін , әрекетін жоспарлау қажет. Ең басты міндет - табысқа жету.Жоспарлаудың құрамына :

1) Сату көлемін көбейту , жеткілікті пайда табу;

2)Өсу (сату көлемі,актив құны,қызмет саны т.б);

3) Өзін-өзі сақтап қалу ;

4) Ғылыми зерттеу және тәжірибелік, конструкторлық жұмыстар;

5)Қызмет көрсетудің сапасы.

14.Тікелей шығындар.Материалдық және еңбек шығындарының есебі

Материалдық шығындар есебін жүргізу барысында бухгалтерияла келесідей шот корреспонденциялары жүргізіледі:

Материалдар негізгі өндіріске босатылды:

Дт 8110, Кт 1310,1350

Көмекші өндіріске

Дт 8310 Кт 1310,1350

Жалпы өндірістік қажеттіліктерге

Дт 8410(а,б,с) Кт 1310, 1350

Әкімшілік қажеттіліктерге жұмсалған материалдар

Дт 7210 Кт 1310, 1350

Құрылыс жұмыстарына

Дт 2930 Кт 1310, 1350

Материалдар есебін жүргізуде қолданылатын бастапқы құжаттар:

  1. Шектеп алу карталары;

  2. Материалдарды жөнелту талаптары;

  3. Жүкқұжат (ішкі қозғалысқа арналған).

2. Еңбек шығындары есебінің мақсаты.

Еңбек шығындары тікелей және жанама деп екіге бөлінеді. Тікелей шығындар өнім өндірісіне тікелей қатысы бар, ал жанама шығындар өнім өндірісіне тура қатысы жоқ, бірақ өндіріліп шыққан өнім түрлері арасында бөлініп таратылуға тиісті шығындар.

Еңбек шығындарының есебі келесі бағыттарда жүргізіледі:1)нақты өнімге апарылатын және үстеме еңбек шығындары;2)еңбекақыны есептеу,яғни жұмсалынатын еңбекке алынатын ақы, салық ұйымы, жинақтаушы зейнетақы және басқа да қорларға тиісті сомалар.Ұйымдастырылмаған жұмыс уақыты және өндірістің тұрып қалу уақыты өндірістің жұмысының тұрып қалу уақыты бұл төленуге тиісті тиімсіз уақыт деп есепке алынады.Бекітілген жұмыс уақытынан артық жұмыс істелінген уақыт үстеме еңбекақы төлеуді қажет етеді.Егер үстеме еңбекақы шығындарын болдырмау мүмкін болса,онда бұл шығындарды қаржылық нәтижеге апарып,ұйымның пайдасы есебінен жабамыз.Егер мұндай шығын қажетті болса,онда оны өндіретін өнімнің өзіндік құнына қосамыз.Жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін сыйақы сомасы өндіріс шығындарының бір бөлігі деп қаралып,өнімнің өзіндік құнына қосылады.

Еңбек шығындарын жүргізу барысында жүргізілетін корреспонденциялар:

Тікелей еңбек шығындарына:

Дт 8110, 8310 Кт 3350

Жанама еңбек шығындарына Дт 8410 Кт 3350

Еңбек ақы есебін жүргізуде келесідей құжаттар қолданылады:

  • Жеке тапсырыс карточкаларында;

  • Еңбек уақытын есептеу табелі (мерзімді);

  • Наряд – кесімді жалақыда;

  • Жол жүру қағаздары;

  • Есептеу-төлеу ведомосі.

Іс жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады – кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (істеген уақытына қарай төлеу).

Мерзімді еңбекақысы деп – нақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімдік еңбекақының нысаны жай – мерзімділік және сыйақылы – мерзімдік болып бөлінеді.

Мерзімдік еңбекақы = 1 сағатқа төлемақы * істеген жұмыс сағаттарға

Тариф мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет иесінің айлығын белгіленген кезде жалақының минималды деңгейін және бірыңғай тариф сеткасын пайдаланады

Кесімді еңбекақы төленген кезде алдын-ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындаған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді:

Кесімді еңбекақы = 1 бірліктің төлем ақысы * бірліктердің санына

Кесімді еңбекақы нысаны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:

    1. тікелей кесімді еңбекақы жүйесі;

    2. кесімді-сыйлық (қосымша марапаттау, белгіленген көрсеткіштерді орындаған кезде ғана пайдаланылады);

    3. кесімді-прогрессивті еңбекақы төлемі (белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады; нормадан асыра дайындалған өнім үшін прогрессивті (үдемелі) бағалар бойынша есептейді);

    4. еңбекақы төлемнің аккордтық жүйесі (еңбек төлемін нормалаған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің орындалуы және алдын ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы (расценка) бойынша анықтайды).

Мерзімді еңбекақы жүйесінің артықшылығы оны басқару оңай және түсіну қиын емес. Бұл жүйенің кемшілігі болып өнім өндірісінің көлемінің ұлғаюына мотивацияның болмауы және соның арқасында жұмысшыларды қосымша бақылау қажеттігі пайда болады.