Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баскару дайын.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
1.02 Mб
Скачать

28. Зиянсыздық нүктесін талдау.

Қазіргі экономика жағдайындағы фирманың мақсаты – ол пайда табу.Дәл.осы жағдаймен ғана фирма тұрақты жұмыс жасап және өзніе өсу негізін қамтамасыз етеді. Зиянсыздық-ол қазіргі бәсекелестік нарықтағы фирманың ұзақ мерзімдік тепе-теңдікті ұстап тұрған қарапайым жағдайы. Зиянсыздық нүктесі-ол өнімнің өндірілуіне кеткен шығындардың барлығын,сонымен бірге фирманың меншікті капиталына есептелген орташа нарықтық пайызын және қарапайым кәсіпкерлік табысты жабатын фирманың сатылуға арналған өнім көлемін айтамыз.

Зиянсыздықты талдау н/е CVP(cost-volume-proffit) талдауы – шығын,көлем,пайда арасындағы өзгерістерді,тәуелділікті талдау.Ол шешеім қабылдау үшін мықты құрал б.т. Зиянсыздық талдаудың мақсаты:

  • Өндірістік көлемі,шығындар,сатудан түскен жиынтық табыс ж/е таза пайда арасындағы өзгерістер мен тәуелділікті зерттеп білу.

  • Белгілі өнімділік деңгейі мен өндіріс көлемінің өзгерісінің қаржылық есептілік нәтижесіне әсерін анықтайды.

CVP талдауы келесідей өзара қатынастарды зерттеуге мүмкіндік береді.

  • Сату бағасы

  • Айнымалы шығындар

  • Тұрақты шығындар

  • Сату көлемі

  • Сату құрылымы

Пайда(зиян) – бұл маржиналдық табыс пен тұрақты шығындар арасындағы айырма.Кәсіпорын басшылары барынша жоғары пайда алыға бағытталған шешім қабылдауы үшін зиянсыздық нүктесін талдаудың маңызы зор.

CVP талдауы – шығарудың құрылымы өзгерген жағдайында,сол н/е басқа шығарылу құрылымының тиімділігін бағалауға қосымша критерияларды тартуды талап етеді.Тек өндірістің анықталған құрылымында ғана зиянсыздық нүктенің нақты талдауы мүмкін.

CVP талдауын қолдану.

Қауіпсіздік маржасы = 1

  • Жоспарланған түсім мен зиянсыздық түсім арасындағы айырма

  • Түсімнің зиян(пайда) болғанға дейін азаюы мүмкін шамасы.

29.Зиянсыздық нүктесін талдауды моделдері.

Зиянсыздықты талдаудың модельдері: экономикалық, бухгалтерлік, графикалық.

Экономистер сатудан түскен жиынтық табыс шығындар мен пайданың өндіріс көлеміне теориялық тәуелділігін анықтаған.

Бұл модель б/ша кәсіпорын өндірістегі өнім бірлігінің бағасын төмендету арқылы сату көлемін көбейтеді. Мұнда, сатудан түскен табыстар шығындарды 2 нүктеде бөледі.зиянсыздықты талдаудың экономикалық моделінде өнімдерді сату мен шығарылымның 2 деңгейнің болады,мұнда жиынтық шығындар жалпы сату көлеміне тең болады,яғни зиянсыздықтың 2 нүктесі тең болады. Жиынтық шығындардың тәртібі бұл модельде айнымалы шығындарға үлкен әсерін тигізеді.

Бухгалтерлік модельде мынадай шарт орындалады:1) өнім бірлігінің айныымалы шығындары ж/е сату бағасы өзгермейді;2) жиынтық табыс пен өндіріс көлемінің өзгеруімен жиынтық шығындар сызықтық сипат алады. Сонымен, бухгалтерлік модельдің экономикалық модельден айырмашылығы графигінде 2 емес, 1 ғана зиянсыздық нүктесі болады. Ал көлемінің өсуінен пайда аумағы да кеңейеді. Сондықтан, өндірістік қуаттылықты максималды пайдаланғанда өндіріс анағұрлым пайдалы болады. Бухгалтерлік модельде жиынтық шығындар, жиынтық табыстар, тұрақты шығындар графикпен беріледі.

1– бухгалтерлік модель б/ша жиынтық табыс

2– экономикалық модель б/ша жиынтық шығын