Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Банк терминологиясы

.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
57.94 Кб
Скачать

1 Аударма теориясының объектісі және міндеті.

2 Аударманың өлшемі қандай болу керек?

3 Аударманың түрлерін жазыныз.

4 Қытай тілінің аудару ерекшеліктері.

5 Қытай тілінен қазақ тіліне аударудағы негізгі мәселелер.

6 Қытай тіліндегі ерекше сөздердің аударылуы.

7 Қытай тіліндегі банк ісі терминологиясы

8 Қытай тіліндегі банк ісі терминологиясының даму жолдары

9 Экономикалық сөздік дегеніміз не?

10 Экономикалық сөздік жүйесімен танысу.

11 Саяси экономикалық термин дегеніміз не?

12 Саяси-экономикалық термииндердің жасалу жолдары мен түрлері.

13 Ғылыми техникалық терминология жайлы жалпы түсінік

14 Ғылыми техникалық терминологияның түрлері

15 Ғылыми-техникалық терминологияның жалпы жасалу әдісі

16 Қытай тіліндегі сауда-экономикалық саладағы терминдер дегеніміз не?

17 Қытай тіліндегі сауда – экономикалық саладағы терминдерді атаңыз

18 Қытай тіліндегі сауда-экономикалық саладағы терминдердің жасалу әдістері.

19 Жалқы есімдерді аудару дегеніміз не?

20 Ақпаратты аударма туралы түсінік бер

21 Қара сөздер мен өлең жолдарының аудару ерекшеліктері

22 Жазбаша аударма білімдері

23Аударманың түрлері

24 Аударманың ерекшеліктері

25 Сан есімнің аударылуы?

26 Әдеттегі сөздер мен ғылыми атау-терминдерді аудару?

27 Есімдіктерді аудару?

28 Сөз мағынасының кеңеюі?

29 Ұлттық бояу мен дәуірлік бояуды бейнелеу?

30 Синхронды аударма практикасының негізгі қағидалары?

31自动取款机,银行部门负债,信用证

32撤销契约,钞票流通,银行卡

33银行的基金,空白信用证,非现金结算

34外汇贷款 ,银行账务处理,票汇

35洽谈生意,外汇存款,交押金

36定期存款账户,自然人的存款,引进技术

37 存取款,商业条件,贷款风险

38优惠借款,国际结算,全球经济政治格局

39发生违约,外币兑换,透支

40缴纳关说,增加账户,提供货款

41,48 11月5日至15日,在中国国家博物馆举办的“哈萨克古代珍宝展”将展出来自哈萨克斯坦各大博物馆的400余件金、银制品,其中部分展品是首次在国外展出;11月7日,“阿斯塔纳芭蕾舞团访华演出”将在北京世纪剧院举办。

42习近平:哈萨克民族有一句谚语:"一片土地的历史,就是在她之上的人民的历史"。哈萨克斯坦独立以来,在纳扎尔巴耶夫总统领导下,政治长期稳定,经济快速发展,民生大幅改善,国际影响力显著提升。

43, 50央广网北京10月26日消息(记者王宗英)据中国之声《新闻纵横》报道,今天要关注的面孔,他是一个作家、一个作曲家,他当过铸铁工,也拥有经济学博士学位,但是,对于外界来说,他更响亮的名字是"超级强人"--哈萨克斯坦独立至今唯一的总统——纳扎尔巴耶夫

44不久前,国家主席习近平在哈斯克斯坦演讲时,这样评价纳扎尔巴耶夫。而昨天,哈萨克斯坦总统办公室主任卡斯木别科夫谈起自己国家的元首也是滔滔不绝。他表示,纳扎尔巴耶夫的经历折射出一个国家的成长与发展的历程

45 “哈萨克斯坦文化日”期间,多项展演活动将在京举办。11月5日在北京国家大剧院举办的文化日开幕演出,将由哈萨克斯坦两大国家级院团—库尔曼加孜国立模范民族乐团和阿斯塔纳芭蕾舞团,带来一场融合哈萨克斯坦民族音乐、西方歌曲选段和民族舞蹈的晚会;

46据介绍,“哈萨克斯坦文化日”是中哈两国建交以来规模最大、级别最高的文化交流活动,哈方将派出两个艺术团共计180余人来华。哈萨克斯坦驻华大使努尔兰•叶尔梅克巴耶夫表示,这将是中哈两国文化最有力的一次碰撞,将搭建起两国文化贸易的平台,成为新丝绸之路的亮点。

47 “哈萨克斯坦文化日”期间,多项展演活动将在京举办。11月5日在北京国家大剧院举办的文化日开幕演出,将由哈萨克斯坦两大国家级院团—库尔曼加孜国立模范民族乐团和阿斯塔纳芭蕾舞团,带来一场融合哈萨克斯坦民族音乐、西方歌曲选段和民族舞蹈的晚会

49据悉,2014年,“中国文化日”将在哈萨克斯坦阿斯塔纳举办

1 Аударма теориясының объектісі және міндеті. Аударма теориясының зерттеу объектісі – аудурма, ал міндеті – аударма практикасында өмір сүріп отырған әртүрлі құбылыстарды реттеп, сұрыптап, жинақтай отырып, оларды практикаға жетекшілік ете алатын теория деңгейіне көтеру. Ал аудармашылар болса, осы теория негізінде, практика барысында кездесетін әр түрлі нақтылы мәселелерді жан-жақтылы дұрыс шешуі қажет.

Аударма теориясы үздіксіз кемелденіп отырады. Түп-төркіні аударма практикасынан келіп шыққан аударма теориясы аударма процесіне жетекшілік ету барысында тағы да үздіксіз жетіліп, толықтанып, дамып отырады. Бүгінге дейінгі аударма теориясының жетіп отырған деңгейінің дәуірлік шектеуі бар деуімз де, содан болар. Аударма дегеніміз екі тілге қатысты әрекет болғандықтан, аударма теориясын зерттеу жұмысы да сол тілдердің тұлғасына тығыз байланысты болады. Екі тілдің стилистикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін қатар қарастырады. Сол себепті де аударма теориясының міндеттерін төмендегідей бірнеше түрге жинақтап көрсетуге болады:

- тіл ғылымын негізге ала отырып, түпнұсқаны лексика, стилистика, логика, грамматикалық жақтарынан салыстыра зерттеп, екі тілдегі ұқсастықтар мен өзгешеліктерді тауып шығып, оларды терең зерттеп, аудару тәсілдерін жан-жақтылы қарастыру.

- осындай салыстыру принципі негізінде аударма практикасында кездесетін алуан түрлі мәселелерге жан-жақтылы таңдау жүргізіліп, дұрыс қорытынды шығарып, оларды бейнелеу тәсілін қарастырудың негізі ету.

- Теорияның практикаға жетекшілік ету рөлін сәулелендіріп, аударма нұсқасына әділ баға беріп, аударма сапасын үздіксіз дамыту.

2 Аударманың өлшемі қандай болу керек? Аударма өлшемі дегеніміз аударма практикасы барысында бойұсынатын ереже, аударма сапасын бағалайтын таразы деген сөз. Аударма өлшемі қашан да абсолютті болмайды. Аударма практикасы барысындағы жинақталған тәжірибелер аударма теориясының дамуына байланысты үздіксіз өзгеріп, дамып, кемелденіп отырады. Ол, жалпы айтқанда, түпнұсқадағы мазмұнға адал болып, формасы мен стилін толық сақтай отырып, сол арқылы түпнұсқаның оқырманы мен аударманың оқырманына бірдей әсер беретін деңгейге жету дегенді білдіреді.

Әрқандай шығарма мазмұн, форма, стиль сияқты үш түрлі фактордан құралады. Мазмұн дегеніміз шығармада баяндалған факт, түсіндірілген жағдай, суреттелген көрініс, сондай-ақ, сол баяндау, түсіндіру, суреттеу барысында бейнеленген автордың ойы, көзқарасы, ұстанымы және сезімі сияқтылар. Форма дегеніміз шығарманың мазмұнын бейнелейтін тілдік форма, яғни автор қолданған лексикалық, гамматикалық, стилистикалық тәсіл сияқтылар. Стиль дегеніміз шығарманың тілдік формасы арқылы белгіленетін ұлттық стиль, дәуірлік стиль, жанрлық стиль және автордың өзіндік тілдік стилі. Мұнда мазмұн форманы анықтайды. Форма мазмұнға ықпал жасайды. Ал, стиль дегеніміз мазмұн мен мазмұнды бейнелейтін форманың бірлігі. Бұл үш фактор бір-бірімен байланысты, әрі бірін-бірі тежейтін органикалық тұлға. Бұларды бірінен-бірін бөле қарауға болмайды. Түпнұсқаның мазмұнын , стилін аударма тілімен дәл бейнелеп беру үшін мына шарттарды толық орындау қажет:

1) мазмұнға адал болу.

2) Түсінікті, ұғымды болу.

3) Стилін сақтау.

Міне, бұлар аударма өлшемінің нақтылы мазмұны болып табылады.

3 Аударманың түрлерін жазыныз. Аударма түрліше тұрғыдан мынадай түрлерге бөлінеді:

1) аударма тілдік өзгшеліктерге байланысты ана тілден басқа тілге аудару, өзге тілден өз тіліне аудару деп екі түрге бөлінеді. Аударма барысында ана тілден басқа тілгн аудару біршама қиын болады. Өйткені, аудармашылардың басым көпшілігінде өзге тілмен бейнелеу қабілеті ана тіліндегісіндей бола қоймайды.

2)аударма жұмысы тәсіліне қарай ауызша мен жазбаша аударманың екеуі де аударма өлшеміне бағынуға міндетті. Бірақ, екеуінің аудармашыға қоятын талабы түрліше болады. Ауызша аударма мен жазбаша аударманың екеуінің де өзіне тән қиыншылықтары мен жеңілдіктері бар. Ауызша аудармада аударушыдан тез түсініп, қолмақол аудару талап етіледі. Ал жазбаша аудару аударушыдан мол білімді , қалам қуатының күшті болуын, мазмұнды дәл бейнелеп беруді, көбірек ойланып-толғануды қажет етеді. Түпнұсқаға адал бола отырып, мазмұнды толық қамтуға, түпнұсқаның стиліне бойұсынуға міндетті болады.

3) Аударма материалдық өзгешеліктеріне қарай саяси-теориялық шығармалар аудармасы, көркем әдебиет аудармасы, ғылыми-техникалық шығармалар аудармасы және ісқағаздар аудармасы деп төртке бөлінеді. Жанрлардың ерекшеліктеріне қарай оларға қойылатын талап та түрліше болады, Қытай тілінде әрбір саланың терминдері өте күшті ұлттық сипатта бейнеленеді. Сондықтан да әрбір аударушы ең алдымен озі аударатын материалға қанық болуы,кәсіптік блім деңгейінің жоғары болуы, түпнұсқаның мазмұнына, ерекшелігіне баса назар аударуы шарт.

4) аударылатын материалдың қажеттілігіне байланысты аударма жұмысы «толық аудару (Бастан-аяқ түгел аударуды), бөліп аудару (Түпнұсқаның ішінара қажетті жерін гана), мазмұндап аудару (Түпнұсқаның негізгі мазмұндарын шолып), құрастырып аудару (Түпнұсқаның кейбір жерлерін аударып, пайдаланып, кейбір жерлерін өзі құрастырып жазу)» деп тағы да төтке бөлінеді.

4 Қытай тілінің аудару ерекшеліктері. Аударманың практикалық барысы әрі күрделі, әрі қарапайым болады. Бұл аударманың объектісі мен мақсатына қарай белгіленеді. Кесек туындылар мен маңызды құжаттар әдетте дайындалу, түсіну, бейнелеу, тексеру, баспаға ұсыну сынды бес басқышқа бөлінеді. Мұнда ең негізгісі – түсіну мен бейнелеу басқышы.

1. Дайындалу-түпнұсқаның түсінуден бұрынғы дайындық жұмыстары. Түпнұсқаның мазмұнын, стилін толық түсіну үшін аудармашы оған қатысты материалдармен жан-жақтылы танысып, шығарманың дәуірлік артқы көрінісін, автордың дүниетанымы мен творчестволық тәсілдерін айқын білу керек.

2. Түсіну- түпнұсқадағы тілдің лексикасы,грамматикасы, стилистикасы жөніндегі білімдер арқылы оның мазмұнын толық түсіну болып табылады . Түпнұсқаны жете түсіну үшін аудармашы түпнұсқаны кем дегенде үш рет оқып шығу керек.

Түсіну- дәл бейнелеудің алғышарты болып табылады. Қате түсінсе, дәл бейнелеу мүмкін емес. Сондықтан түпнұсқаны қолға ала сала аудара жөнелмеу керек.

3. Бейнелеу-аударманың тілдік жағынан үйлесімді бейнелеу тәсілін қарастыру және таңдау дегенді меңзейді. Беейнелеу- түсінудің нәтижесі. Бейнелеудің жаксы яки жаман болуы аудармашының түсіну деңгейіннің қандай болуына және тілдік жағынан бейнелеу тәсілдерін қаншалық меңгере білгендігіне байланысты. Сондықтан түпнұсқадағы тілдің бейнелеу әдісін өлі түрде тікелей көшіре салмау керек.

5 Қытай тілінен қазақ тіліне аударудағы негізгі мәселелер. Өркениет пен өркениеттің, халық пен халықтың танысуы, табысуы адамның адаммен танысуы, табысуы сияқты. Олар бір-бірімен танысуы үшін бір-бірінен ортақ белгілер табуы керек, ал сол таныстық ұзағынан болуы үшін олар бір-бірінен өзінен таппайтын нәрселерді де табуы керек. Басқа тілде сөйлейтін басқа халықтың жан әлемін, оның мәдениетін, атап айтқанда, көркем әдебиетін аударманың көмегі арқылы танып-білуге болатындығын әртүрлі елдер халықтары қарым-қатынасының бүкіл тарихы растап береді. Әрине, аударманың бәрі бірдей таным нысанын, яғни түпнұсқаны толық бейнелей бермейді. Көркем аударма – бір тілде жазылған шығарманы басқа тілдің құралдарымен дүниеге қайта әкелу нәтижесі.Тарихи тәжірибе көркем аударманың бір-біріне кереғар екі ұстанымның аралығынан табылатынын көрсетеді: аударма сөзбе-сөз дәл шығуы, бірақ көркемдік тұрғыдан толыққанды болмауы да мүмкін, сонымен бірге көркемдік тұрғыдан толыққанды шығуы, алайда, түпнұсқадан қашықтап кеткен еркін баян болуы да мүмкін. Осы екі ұстанымның басын қосып, аударманың аңсар тұтарлық үлгісі сөзбе-сөз дәл әрі көркемдік тұрғыдан толыққанды аударма болып табылады деп пікір түюдің ешқандай қиындығы жоқ. Бірақ аудармашы аңсар тұтатындай мұндай толық тоғысудың болуы іс жүзінде мүмкін емес: нақты бір ойды жеткізу үшін екі тілдің әрқайсысы атымен өзгеше құралдар қолданады. Мәтінді аудару барысында сөзбе-сөз дәлдік пен көркемдік кемелдік ұдайы бір-бірімен шарпысып түсіп жатады. Мәселені шешудің диалектикалық жолын іздеуге тура келеді.

Тәржіменің қоғамдық сұранысқа тәуелділігі – басы ашық жай. Басқа жағын былай қойғанда, кез келген аудармашы (бүгінгі заман аудармашыларын айтамыз) өз жұмысының жарияланатындай болуын ойлайды.

Ендігі жерде Мұхтар Әуезов айтатын әдебиет әдебиет үшін деген талапты да еске алған артық емес. Бұл ең алдымен тіл өнерінің аударма саласында байқалса тіпті жақсы. Қазіргі аудармалар ең алдымен қазақ тілінің қамы, болашағы үшін жасалуы керек. Аударма кітаптар арқылы қазақ оқырманы мемлекеттік тілдің мүмкіндігін нақты көретіндей болуға тиіс.

7 Қытай тіліндегі банк ісі терминологиясы . Қытай тіліндегі банк ісі терминологиясы дегеніміз- қытай тілінің банк ісі саласында қолданылатын арнаулы сөздер мен банк саласына қатысты ғылыми атаулар. Қытайдың банк ісі саласында банк картасының алатын орны өте зор. Банк картасы бүгінгі таңда кеңінен қолданылады.

自动取款机банкомат, 信用证аккредитив, 银行卡банктік карта, 票汇вексель сияқты банк саласында қолданылатын терминдер өте көп.

8 Қытай тіліндегі банк ісі терминологиясының даму жолдары Алдымен қытай тіліндегі банк ісі терминологиясы жөнінде айта кетер болсақ, қытай тіліндегі банк ісі терминологиясы дегеніміз- қытай тілінің банк ісі саласында қолданылатын арнаулы сөздер мен банк саласына қатысты ғылыми атаулар. Қытайдың банк ісі саласында банк картасының алатын орны өте зор. Банк картасы бүгінгі таңда кеңінен қолданылады.

自动取款机банкомат, 信用证аккредитив, 银行卡банктік карта, 票汇вексель сияқты банк саласында қолданылатын терминдер өте көп. Бұл саладағы терминология банк ісі саласының дамуына байланысты түрлі кезеңдерден тұрады, уақыт өте келе дамып, өзгерістерге тап болады. Өз кезеңіне байланысты дамып, түрлі жаңа сөздер пайда болады.

9,10 Экономикалық сөздік дегеніміз не? Экономикалық сөздік жүйесімен танысу. Экономикалық сөздік дегеніміз экономика саласындағы арнаулы терминдер сен сөздерді түсіндіру мақсатында жасалған сөздік. Сөздікте экономиканың өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, сауда, көлік, халықаралық экономикалық қатынастар, қаржы, банктер, сақтандыру ісі, салықтар, жарнама, сауда, патенттер, лицензиялар, кеден тәртіптемесі, аукциондар секілді салаларының терминдері мен терминологиялық сөз тіркестері қамтылады.

Сөздік қазіргі арнаулы әдебиет, анықтамалық және лексикографиялық басылымдар, коммерциялық құжаттама, мерзімді баспасөз және халықаралық стандарттар негізінде құрастырылады. Сөздіктің қосымша бөлімінде дүниежүзі елдерінің ақша бірліктері, экономикалық әдебиет пен құжаттарда кездесетін кейбір қысқартулар тізімі, бірқатар халықаралық экономикалық ұйымдар мен келісімдер атаулары беріледі.

Сөздік экономиканың барша салаларының мамандарына, экономикалық жоғары оқу орындары мен факультеттердің оқытушылары мен студенттеріне, жеке коммерциялық құрылымдардың менеджменттері мен қызметкерлеріне, аудармашыларға, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымға арналып жасалады.

11 Саяси экономикалық термин дегеніміз не? Саяси экономика – өндірістің әдістемесі теориялық мәселелерін оқытатын, экономикалық игіліктердің қолданылуы мен алмасуын реттейтін негізгі экономикалық ілім сонымен қатар, қоғам дамуының түрлі сатыларында тұрмыстық игіліктерді өндіруде, бөлуде, айырбастауда және тұтынуда адамдар арасындағы өндірістік қатынастардың жұмыс істеу және даму заңдарын зерделейтін ғылым; мемлекеттің экономикалық шаралар жүйесі.Ал саяси экономикалық термин осы салада қолданылатын арнаулы ғылыми атаулар. Мысалы: ОЛИГОПОЛИЯ (oligopoly) – нарықтық құрылым, нарықта фирмалардың шектеулі саны әрекет еткендегі біртекті өнім. Серіктестік (partnership) – екі немесе одан да көп жаққа қатысты, өндірісті бірге басқаратын, пайданы бөлісіп, фирма қызметіне жауапкершілікпен қарау. Жаһандану – әлемдік экономикалық, саяси-мәдени интеграция. Жаһандану экономикалык мәдени, саяси үрдістерге қызмет етеді.

12 Саяси-экономикалық термииндердің жасалу жолдары мен түрлері. Ең алдымен саяси экономика жөнінде айтып кетер болсақ, саяси экономика – өндірістің әдістемесі теориялық мәселелерін оқытатын, экономикалық игіліктердің қолданылуы мен алмасуын реттейтін негізгі экономикалық ілім. Ал саяси экономикалық термин осы салада қолданылатын арнаулы ғылыми атаулар. Мұндағы термин сөздердің жасалу жолдары экономиканың дамуына тікелей байланысты болады. Экономика уақытқа байланысты дамыған сайын, уақыт өте келе саяси-экономикалық термииндердің жасалу жолдары мен түрлері де даму барысында болады. Төменде саяси-экономикалық термииндердің жасалу жолдары мен түрлеріне байланысты бірнеше мысалдар келтірілген: ОЛИГОПОЛИЯ (oligopoly) – нарықтық құрылым, нарықта фирмалардың шектеулі саны әрекет еткендегі біртекті өнім. Серіктестік (partnership) – екі немесе одан да көп жаққа қатысты, өндірісті бірге басқаратын, пайданы бөлісіп, фирма қызметіне жауапкершілікпен қарау.

13.Ғылыми техникалық терминология жайлы жалпы түсінік.Ғылыми техникалық аударма –бұл түрлі тілде сөйлейтін адамдардың арасындағы арнайы ғылыми-техникалық ақпарат алмасу мақсатындағы аударма. Ғылыми сипаттағы ауармалар ақпараттық деп те аталады. Мұндағы мәтін сол салаға қатысты түпнұсқаның қызметтік-стилистикалық ерекшелігін жеткізумен мәнді.Ғылыми-көпшілік материалдарда терминдер жиі кездеседі. Ақпараттың тығыздығы ғылыми мәтінге қарағанда сирек, сондықтан қысқартылған сөздер мен түсіндірмелер, жақшамен берілетін, сілтемелер аз. Бейтарап жазба әдебиет нормаларының аясы да көркем болғанымен, үнемі сақтала бермейді, бір жағынан сөйлеу стиліне де бейімделіп келеді. Ғылыми-көпшілік мәтінде ғылыми мәтінмен салыстырғанда оқырманды қызықтыру идеясы басым. Ғылыми-техникалық шығармалардың негізгі бір ерекшелігі- атаулардың көптеп қолданылатындығы. Шығарманың мазмұны ғылымиланған сайын атаула да көбейе береді. Сондықтан аудамада атаулар нақтылы және дұрыс қолданылуы, екі ұшты мағына шығып қалмауы, дәл, айқын болуы керек. Бұл үшін қытай тіліндегі атау-терминдердің барлығын қытай иероглифтерінің лексикалық мағынасы бойынша бет алды аудара беруге әсте болмайды.Мұның себебі:

1. Барлық ғылыми-техникалық сөздер өзінің шыққан тегіне бағынышты түрде сол ұлттың тілінде арнаулы атау болып қалыптасады.Мысалы, «中国医»(қытай медецинасы), 指南针компас сияқты сөздердің шыққан тегіне аударғанда кейбіеулерін мағынасы бойынша аударып қолдану, енді біреулерін халықарада қалыптасқан атауы бойынша алған дұрыс.

2. Шетел тіліндегі кейбір ғылыми-техникалық атау-терминдер қытай тіліне қытай тілінің сөз жасау дағдысы бойынша және шетел тілінен термин қабылдау қағида ережелері негізінде аударылып алынады. Мысалы, қытай тіліндегі 基因 термині ағылшынша gene сөзінің дыбысталуы бойынша қабылданған болып, ол қазақ тілінде ген деп қолданылады.Және қытай тіліндегі拖拉机 термині де латын тіліндегі tractor деген сөздің дыбысын сақталуымен бірге оған және «тасымалдау, тарту,сүйреу» мағыналары қосылған.

14. Ғылыми техникалық терминология түрлері. Терминология мәселесі қай кезенде де өзінің зәрулігін бәсеңдетпек емес, Қоғаммен бірге жасасып, ондағы болып жатқан өзгерістерге дер кезінде жауап беріп, күрделі ұғымдарға лайықты сөз тауып беріп, үнемі даму, қалыптасу үстінде. Ғылыми-техникалық терминология – ғылыми техникалық бағыттағы арнаулы сөздер. Көпшілік қауым жаңа терминдер мен атаулардың бірін білсе, бірін біле бермейді. Тіпті қай сөз қай үғымның баламасы екенін ажырата алмай жүргендер де жок емес. Терминологияның салалары әр түрлі бағытқа сәйкес өте көп болып келеді. Медицина, экономика, саясат, білім саласы, сол секілді ғылыми-техникалық бағыт т.б. Терминологияның бұл түрі ғылыми-техникалық бағыттағы терминдер төмендегідей: Экзосфера – молекулалар кеңістікке таралатын атмосферанын жоғарғы қабаты. Аннигиляция – өзінің жеке салмағы болатын, қарапайым бөліктердің айналым құбылысы. Плазма – атом толығымен иондалып, электрондардың босағандағы заттың күйі. Фобос – Марстың табиғи серігінің бірі. Рентген – радиоактивті сәуленің өлшем бірлігі.

15 Ғылыми-техникалық терминологияның жалпы жасалу әдісі? Ғылыми-көпшілік материалдарда терминдер жиі кездеседі. Ақпараттың тығыздығы ғылыми мәтінге қарағанда сирек, сондықтан қысқартылған сөздер мен түсіндірмелер, жақшамен берілетін, сілтемелер аз. Бейтарап жазба әдебиет нормаларының аясы да көркем болғанымен, үнемі сақтала бермейді, бір жағынан сөйлеу стиліне де бейімделіп келеді. Ғылыми-көпшілік мәтінде ғылыми мәтінмен салыстырғанда оқырманды қызықтыру идеясы басым. Ғылыми-техникалық шығармалардың негізгі бір ерекшелігі- атаулардың көптеп қолданылатындығы. Шығарманың мазмұны ғылымиланған сайын атаула да көбейе береді. Сондықтан аудамада атаулар нақтылы және дұрыс қолданылуы, екі ұшты мағына шығып қалмауы, дәл, айқын болуы керек. Бұл үшін қытай тіліндегі атау-терминдердің барлығын қытай иероглифтерінің лексикалық мағынасы бойынша бет алды аудара беруге әсте болмайды.Мұның себебі:

1. Барлық ғылыми-техникалық сөздер өзінің шыққан тегіне бағынышты түрде сол ұлттың тілінде арнаулы атау болып қалыптасады.Мысалы, «中国医»(қытай медецинасы), 指南针компас сияқты сөздердің шыққан тегіне аударғанда кейбіеулерін мағынасы бойынша аударып қолдану, енді біреулерін халықарада қалыптасқан атауы бойынша алған дұрыс.

2. Шетел тіліндегі кейбір ғылыми-техникалық атау-терминдер қытай тіліне қытай тілінің сөз жасау дағдысы бойынша және шетел тілінен термин қабылдау қағида ережелері негізінде аударылып алынады. Мысалы, қытай тіліндегі 基因 термині ағылшынша gene сөзінің дыбысталуы бойынша қабылданған болып, ол қазақ тілінде ген деп қолданылады.Және қытай тіліндегі拖拉机 термині де латын тіліндегі tractor деген сөздің дыбысын сақталуымен бірге оған және «тасымалдау, тарту,сүйреу» мағыналары қосылған.

16,17 Қытай тіліндегі сауда – экономикалық саладағы терминдерді атаңыз.

Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады.Қытайдың экономикасының қарқынды дамуына байланысты қытай сөздік қорына күннен күнге экономикалық жаңа терминдер кіруде.Қытай тілінде жаңа сөздерді еңдірудін ең басты жолы ол екі сөзді қосып жаңа сөз шығару. Қытай терминологиясындаға ең негізгі термин жасамға мыналар жатады:сөзжасам,аффиксация,кірме сөздер.Мысалы: 预付(аванс), 预 күні бұрын және付 төлеу деген екі сөздің мағынасын қосып жаңа термин шығарған;存款термині存 сақтау және款ақша соммасы; 借款темині(қарыз)借 қарызға беру және款 ақша соммасы.Капулятивтік қарым қатынасқан терминдер заттық және етістіктік морфемдер арқылы жасалынады.Антонимдык немесе синонимдік жұп сөздер болп бөлінеді: 破坏«деструкция» (破 po «сындыру»+ 坏 huai «сындыру»;运动yundong «кампания» (运 yun «қимылдау», + 动 dong «қимылдау»); 租赁zulin «лизинг» (租 zu «жалға алу» + 赁 lin «жалға алу»); 生产shengchan «өндіріс» (生 sheng «өндіру» + 产 chan «өндіру»).Сөзжасамның тағы бір түрі ол «тегі+түрлері»: 货币huobi «валюта»: 信贷货валюта кредита, 结算货币 валюта платежа, 计价货币 валюта цены, 交易货币 валюта сделки.Екінші бір түрі ол «Бүтін-бөлімдері»: 宏观经济学 «микроэкономика» (одна из областей экономики), 宏观营销学 «макромаркетинг» (одна из областей маркетинга).Үшінші түрі ол «бастапқы түрі-нәтижесі»: 限xian «лимит» и限额 xian’e «квота»; 管guan «управлять» и 管理 guanli «менеджмент».

18 Қытай тіліндегі сауда-экономикалық саладағы терминдердің жасалу әдістері. Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады.Қытайдың экономикасының қарқынды дамуына байланысты қытай сөздік қорына күннен күнге экономикалық жаңа терминдер кіруде.Қытай тілінде жаңа сөздерді еңдірудін ең басты жолы ол екі сөзді қосып жаңа сөз шығару. Қытай терминологиясындаға ең негізгі термин жасамға мыналар жатады:сөзжасам,аффиксация,кірме сөздер.Мысалы: 预付(аванс), 预 күні бұрын және付 төлеу деген екі сөздің мағынасын қосып жаңа термин шығарған;

19 Жалқы есімдерді аудару дегеніміз не? Жалқы есімдерді аударғанда көбінесе транскрипция арқылы береді. Себебі ол бір елдің тарихы, әдебиеті, мәдениеті болуы мүмкін сонымен қатар адам аттары да осының қатарына кіреді. Ал кейбір әдебиеттерде мағыналық компоненті бар жалқы есімдер аралас немесе калька тәсілі арқылы аударылады. Жалқы есімнін атау қызметі мен жекелеуші және ажыратушы қызметі тығыз байланысты бұл аталмыш объекті басқа объектілермен салыстырып жекелеуге мүмкіндік береді. Сол себепті де жалқы есімдерді аудары кейбір жағдайларды біраз қиындық тудыруы мүмкін.

20 Ақпаратты аударма туралы түсінік бер «Ақпараттық аударма» деп оқырманға шығармашылық-эстетикалық әсер ету емес, негізгі функциясы қандай да бір мәліметтерді хабарлау болып табылатын мәтіндерді аудару аталады. Мұндай мәтіндерге ғылыми, іскерлік, қоғамдық-саяси, тұрмыстық және басқа сипаттағы барлық материалдар жатады. Бұған көптеген детективтік әңгімелерді аударуды да, саяхаттарды суреттеуді де, очерктерді және таза ақпараттық хабарлауы көбірек болатын басқа да шығармаларды жатқызуға болады. Аудармаларды көркем және ақпараттық деп бөлу аудармада көрсетілуге тиіс түпнұсқаның негізгі қызметіне байланысты (эстетикалық әсер етуі немесе жай ақпарат беруіне). Негізінде, жалпы алғанда, көркемдік аударманы талап ететін түпнұсқада тек ақпараттық қызметтерді орындайтын жекелеген бөлімдері, ал керісінше, ақпараттық мәтінді аударуда көркемдік аударманың кей элементтері (бөлшектері) болуы мүмкін.

21 Қара сөздер мен өлең жолдарының аудару ерекшеліктері Планетада тіл қандай көп болса, өлең жүйесі де сондай көп. Өлең жүйелері мен просодиялардың сан түрлі болып келетіні қашанда белгілі. Олардың негізінде жатқан фонетикалық принциптер де алуан-алуан. Қанша жерден өлең өнері дамиды, өлең жүйесі өзгереді дегенде де, оның тілдің төл табиғатынан туындаған ішкі заңдылықтары бар. Ол заңдылықтарды бұзу арқылы ұлттық өлеңге жаңалық енгізу мүмкін емес.

Сөзді көбейтіп, өлең өлшемін өзгертіп алу, сөйтіп жүргенде жырдың өзіне тән мақамынан айырылып қалу – қазақ аудармасының әлі күнге арылып болмаған ауруы. Ырғақ ерекшелігі – әдебиеттің ұлттық ерекшелігі. Өлең музыкасы дәл сол ырғақты ұстаудан басталады. Поэзияның жаны – ырғақ. Жай сөздің өзін прозаға айналдыратын құдіреттің аты – ырғақ. Ішкі ырғақсыз қара сөздің де күні қараң. “Өлеңді оқу, тыңдау, түсіну, өлеңге тұшыну, толқу, тебірену – бәрі ырғаққа байланысты, Сөз өнерінің өзге түрінен өлеңнің басты өзгешілігі де ырғақта жатыр”, дейді академик Зейнолла Қабдолов Ырғағының өзгешелігіне, атап айтқанда – екпінінің қозғаусыз қала беретіні мен инверсиясының қиындығына байланысты өзге тілдегі ырғақтарды қайталап жеткізуге шамасы келе бермейтін өлең құрылыстары да бар. Ырғақ табиғаты күрделі-ақ. Сәл артық кетсе өлең басқа интонацияға түседі. Басқа интонация – басқа әсер.