Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Банк терминологиясы

.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
57.94 Кб
Скачать

Қазақ оқырманы үшін ұйқастың орны бөлекше. Бұл арада ұйқастың өлең сөздің әуезділігін арттыруға әсерін, қазақ поэзиясының ұйқасқа аса бай екенін, тіпті күні бүгінге дейін ұйқаспайтын өлеңді өлең деп ұға қоймайтынымызды айтып жату артық шығар. Жалпы, флективті тілдерде ашық буындар көбірек болады да, ұйқас жатықтау шығады.Ұйқас түрінің ырғақты айқындайтын сипатын қатты ескермей болмайды.

22 Жазбаша аударма білімдері Аудармашы жазбаша түрде аударғанда тіларалық өзгертулер немесе түпнұсқаны еркін түрде аудару тәсілдерін қолданады. Сондықтан да ауызша аудармамен салыстырғанда жазбаша аудармаға қойылатын талаптар өзгеше: грамматика, стилистика және орфография жағынан мөлшері ойдағыдай болу керек. Жазбаша аударудан ауызша аударманың айырмашылығы ерекше. Жазбаша аударма келесі факторларға назар аудару керек:

1. Сөздіктегі сөздердің мағыналарына

2. Арнайы сөздіктен сол сөздің мағынасын іздеп табуға

3. Түпнұсқаның контекстін білу. Егер ол шығарма болса, оны

ең алдымен толық оқып шығу керек.

4. Керекті сөзі бар қайырымды ғана оқып шығу және оны

бүкіл контекстпен салыстыру.

5. Сөздің бір-бірімен байланысуына

Жазбаша аудармада мәтіннің барлығы аудармашының алдында болады, ол оны бірнеше рет оқып, автордың идеясын толық түсінеді. Ал ауызша аудармада аудармашы ақпаратпен сегмент арқылы танысады, ол ақпаратты толық білмейді.

Жазбаша аудармада аудармашы оратормен тіл қатысып, ештеңе сұрай алмайды (мысалы: түсінбеген сөз, термин не ақпарат).

Жазбаша аудармаға түпнұсқадағы мәтіннің жазбаша түрдегі аудармасы жатады. Аударушы мәтінге және оның үзінділеріне бірнеше рет қайта оралып, керек болса түзеп, негізгі нұсқамен салыстырып, рецепторға автордың идеясын жеткізуге тырысады.

23Аударманың түрлері

Аударма түрліше тұрғыдан мынадай түрлерге бөлінеді:

1) аударма тілдік өзгшеліктерге байланысты ана тілден басқа тілге аудару, өзге тілден өз тіліне аудару деп екі түрге бөлінеді. Аударма барысында ана тілден басқа тілгн аудару біршама қиын болады. Өйткені, аудармашылардың басым көпшілігінде өзге тілмен бейнелеу қабілеті ана тіліндегісіндей бола қоймайды.

2)аударма жұмысы тәсіліне қарай ауызша мен жазбаша аударманың екеуі де аударма өлшеміне бағынуға міндетті. Бірақ, екеуінің аудармашыға қоятын талабы түрліше болады. Ауызша аударма мен жазбаша аударманың екеуінің де өзіне тән қиыншылықтары мен жеңілдіктері бар. Ауызша аудармада аударушыдан тез түсініп, қолмақол аудару талап етіледі. Ал жазбаша аудару аударушыдан мол білімді , қалам қуатының күшті болуын, мазмұнды дәл бейнелеп беруді, көбірек ойланып-толғануды қажет етеді. Түпнұсқаға адал бола отырып, мазмұнды толық қамтуға, түпнұсқаның стиліне бойұсынуға міндетті болады.

3) Аударма материалдық өзгешеліктеріне қарай саяси-теориялық шығармалар аудармасы, көркем әдебиет аудармасы, ғылыми-техникалық шығармалар аудармасы және ісқағаздар аудармасы деп төртке бөлінеді. Жанрлардың ерекшеліктеріне қарай оларға қойылатын талап та түрліше болады, Қытай тілінде әрбір саланың терминдері өте күшті ұлттық сипатта бейнеленеді. Сондықтан да әрбір аударушы ең алдымен озі аударатын материалға қанық болуы,кәсіптік блім деңгейінің жоғары болуы, түпнұсқаның мазмұнына, ерекшелігіне баса назар аударуы шарт.

4) аударылатын материалдың қажеттілігіне байланысты аударма жұмысы «толық аудару (Бастан-аяқ түгел аударуды), бөліп аудару (Түпнұсқаның ішінара қажетті жерін гана), мазмұндап аудару (Түпнұсқаның негізгі мазмұндарын шолып), құрастырып аудару (Түпнұсқаның кейбір жерлерін аударып, пайдаланып, кейбір жерлерін өзі құрастырып жазу)» деп тағы да төтке бөлінеді.

24 Аударманың ерекшеліктері Қандай да бір шығарма авторының өзіндік стилін танытатын басты белгілердің бірі – метафора. Метафорасы дәл жеткізілген түпнұсқаның қай-қайсысының да бағы бар. Көркем шығарма құрылымындағы эмоциялық, эстетикалық жүктің көбін көтеретін метафора жоғалған жағдайда аударма ажары ашылмақ емес.

. Аударманың практикалық барысы әрі күрделі, әрі қарапайым болады. Бұл аударманың объектісі мен мақсатына қарай белгіленеді. Кесек туындылар мен маңызды құжаттар әдетте дайындалу, түсіну, бейнелеу, тексеру, баспаға ұсыну сынды бес басқышқа бөлінеді. Мұнда ең негізгісі – түсіну мен бейнелеу басқышы.

1. Дайындалу-түпнұсқаның түсінуден бұрынғы дайындық жұмыстары. Түпнұсқаның мазмұнын, стилін толық түсіну үшін аудармашы оған қатысты материалдармен жан-жақтылы танысып, шығарманың дәуірлік артқы көрінісін, автордың дүниетанымы мен творчестволық тәсілдерін айқын білу керек.

2. Түсіну- түпнұсқадағы тілдің лексикасы,грамматикасы, стилистикасы жөніндегі білімдер арқылы оның мазмұнын толық түсіну болып табылады . Түпнұсқаны жете түсіну үшін аудармашы түпнұсқаны кем дегенде үш рет оқып шығу керек.

Түсіну- дәл бейнелеудің алғышарты болып табылады. Қате түсінсе, дәл бейнелеу мүмкін емес. Сондықтан түпнұсқаны қолға ала сала аудара жөнелмеу керек.

3. Бейнелеу-аударманың тілдік жағынан үйлесімді бейнелеу тәсілін қарастыру және таңдау дегенді меңзейді. Беейнелеу- түсінудің нәтижесі. Бейнелеудің жаксы яки жаман болуы аудармашының түсіну деңгейіннің қандай болуына және тілдік жағынан бейнелеу тәсілдерін қаншалық меңгере білгендігіне байланысты. Сондықтан түпнұсқадағы тілдің бейнелеу әдісін өлі түрде тікелей көшіре салмау керек.

25 Сан есімнің аударылуы? Сан есімдердің аударылуының бірнеше жолы бар. 1) Тура, сөзбе – сөз аудару. Тіл заңдылығына қайшылық жасамай және қате түсінік бермей, Мысалы: 名不付实ming bu fu shi – «атына заты сай» 2) Баламамен аудару. Түпнұсқаның ойын жеткізу үшін екінші тілдегі соған сай мағынасымен аудару. Мысалы: 趁热打铁 zhen re da tie –« темірді қызғанда соқ». 3) Мағыналық эквивалентпен аудару. Тұрақты сөз тіркестердің стилін құрбан етіп, контекстің мағынасына қарай аудару.

Мысалы: 不问三七二十一 bu wen san qi er shi – «екі сегіз он алты». 4) Қысқартып аудару. Тұрақты сөз тіркестертік аудармада бұл әдіс ерекше. Мысалы: 此地矢银三百两,隔壁王三不曾偷 ci di shi yin san bai – «Жеті қырлы бір сырлы».

26 Әдеттегі сөздер мен ғылыми атау-терминдерді аудару? Ғылыми-техникалық стильде және оның аударылуында терминалогиялық лексика маңызды рөл атқарады. Немесе ғылыми-техникалық лексика. Ғылыми-техникалық терминологияға белгілі бір ғылыми ұғымды білдіретін сөздер жатады. Бұл сөздер ғылымның белгілі бір саласындағы заттардың нақты атауын, процесстр, құбылыстар аттарын білдіреді. Ғылыми терминологияның басты заңдылығының бірі ол сол атаудың характеристикасының дәлдігінде. Мысалы: Грамматикалық терминдер: 词 сөз, 词组 сөз тіркесі, 句 сөйлем, 语法范筹грамматикалық категория. Медициналық терминдар: 外科 хирургия, 高血压症 гипертония, 盲肠炎 аппендицит.

27 Есімдіктерді аудару? Қытай және қазақ тіліндегі есімдіктердің қолданылуы көп жағдайда ұқсас болып келеді де аудармада қиындық тудырмайды. Бірақ та қытай және қазақ тілдерінің бейнелеу дағдысына байланысты екі тілдегі есімдіктердің қолданылу жағындағы өзгешеліктері де аз емес. Сондықтан да есімдіктерді аударуда көңіл бөлетін жәйттер үнемі кездесіп отырады. Қытай тіліндегі жіктеу есімдіктерін өздік есімдіктермен ауыстырып қолдана беруге болады. Ал қазақ тілінде жіктеу есімдіктері мен өздік есімдікті бет алды ауыстырып қолдануға келмейді. Қытай тілінің сөйлеу дағдысына сай жіктеу есімдігі «他 (她)» төл сөздер мен төлеу сөздерде қолданылған кезде автор сөзімен ұқсас екінші және үшінші жақта айтылады. Ал қазақ тілінде көп жағдайда бірінші жақ болып, жіктік жалғауы жалғанып қолданылады. Сондықтан аудармады кезігетін жіктеу есімдіктерін әр екі тілдің осындай сөйлеу дағдысына үйлестіріп, кейде сол қалпында, ал қажет болғанда бір бірімен ауыстырып қолданған дұрыс. 他告诉我,他明天去劳动,可能不来了。( ол маған «ертең барамын» деді, келмеуі мүмкін.)Қытай тіліндегі үшінші жақтық жіктеу есімдігі «ол» ерге,әйелге және заттарға қаратылып айтылғанда аталуы бірдей болғанымен, жазылған кезде үш түрлі иероглифпен жазылады. Қытай тілінде «ер, әйел,зат» екендігі айқын көрініп көрініп тұрған жіктеу есімдігі «ол» қазақ тілінде ондай өзгешелікті көрсете алмайды. Қытай және қазақ тілдерінің грамматикалық құрылымы, стилистикалық ерекшеліктері түрліше болғандықтан, аудармада кейде есімдік қосып, кейде есімдікті алып тастау құбылысы үнемі кездесіп тұрады. жалпы алғанда, аудармашының шеберлігіне қатысты болады, кейде ойдан қосылып аударылады. Қытай тіліндегі жіктеу ,сілтеу, есімдіктері кей жағдайда қазақ тіліндегі жіктеу, сілтеу есімдіктерімен бірдей мағынада қолданылмайды. Оларды аударған кезде қазақ тілінің сөз дағдысына сәйкестіріп, түсінікті етіп алу керек. «我» және «你» есімдіктері. Қытай тіліндегі жекеше жіктеу есімдіктері «我» және «你» анықтауыш болғанда «我» үнемі «我们», «你» деген «你们» деген мағынаны білдіреді. Бұл көбінесе кітаби тілде кездеседі. Әсіресе, хат қатынас, құжат немесе ақпараттық хабарларда көбірек қолданылады.

30 Синхронды аударма практикасының негізгі қағидалары? : Синхронды аударма практикасы үшін мыналар керек: ерекше сөйлеу қабілеті; ерекше жаттығу; сөйлеу мәдениетінің ерекше түрі ретінде жиналыста сөйлеудің ерекшеліктерін түсіну, оның шеңберінде идеологиялық, заңдық, практикалық шешімдермен байланысты коммуникативтік қызмет іске асатынын түсіну. Синхронды аудармадағы үзіндімен бөлінген қарапайым сөйлеу өз алдына бір топ құрады. Синхронды аудармадағы мағыналы топтар қысқаша сөйлемдер немесе сөйлемнің бір бөлшегі бола тұрып, ерекше мәнді ретінде көріне алады, яғни тыңдаушыға ыңғайлы түрде жасалған толық лексикалық синхронды аударма болады. Осы мағыналы топтарды бөліп тұратын синхронды аудармашының паузасы екі түрлі роль ақтаруы мүмкін. Бұл үзілістер аударманы тыңдап отырған адамға арналған. Паузалар тыңдаушыға хабарлануы тиіс қарапайым ойларды жеткізіп тұрады. Үзіліс уақытында тыңдаушы мағыналы топтардың мазмұнын бағалайды. Осы мазмұнды өз ойымен салыстыра отырып тақырыпқа талдау жасайды. Осы арада екі нәрсе белгілі болады: 1.шебер жасалған аударма ; 2.оратордың ойы. Сондықтан да тәжірибелі аудармашылардың жасаған синхронды аудармаларын зерттеген кезде алдымен сөз және сөз тіркестерінің лексикалық бірлік ретінде құрылым екендігі ескеріледі. Аударманың негізгі түйіні сөздің қалай әсер етуінде. Тақырыптың грамматикалық формасының маңызы болмайды. Синхронды аудармадағы грамматикалық форма негізінен коммуникативтік роль атқарады. Синхронды аудармада іске асыра алатын грамматикалық тәсілдердің ауызекі тілдегі тәсілдерден айрмашылығы болады. Олардың грамматикалық тұрғыдан дұрыс немесе бұрыс болуы сирек, алайда кеңінен қарастырсақ, нормаға сай болып келеді. Ауызекі тілде қайталаулар, плеоназм, үндестік заңының бұзылуы жиі көрініс табады.Осы орайда коммуникативті эффектке қол жеткізуге болады. Әдетте синхронды аударма синтаксистің мұндай тәсілдерін керексінбейді, жазбаша және әдеби монологиялық сөйлеуге тән тақырыптардың грамматикалық арсеналына ұмтылады. Алайда синхронды аударма грамматикалық формалардың иммитациясы.

31自动取款机- банкомат

银行部门负债-пассивы банковского сектора

信用证-аккредитив

32撤销契约-аннулировать контракт

钞票流通- банкнотное обращение

银行卡-банковская карта

33 银行的基金-банковские фонды

空白信用证-банковый аккредитив

非现金结算-безналичные расчеты

34 外汇贷款-валютное кредитование (ссуда)

银行账务处理-ведение банковских счетов

票汇-вексель

35 洽谈生意- вести коммерческие переговоры

外汇存款- валютный вклад

交押金- вручать денежный залог

36 定期存款账户- счет срочного вклада

自然人的存款- вклад физического лица

引进技术- внедрять технику

37 存取款- внесение и изъятие денег

商业条件- коммерческие условия

贷款风险- кредитный риск

38 优惠借款- льготный заем

国际结算- международные расчеты

全球经济政治格局- глобальная экономико-политическая структура

39 发生违约- возникновение нарушения договора

外币兑换- обмен валюты

透支- перерасход, онколь, овердрафт

40 缴纳关说- уговаривать платить

增加账户- повышение счета

提供货款- предоставлять кредитование (ссуд)

41,48) 11月5日至15日,在中国国家博物馆举办的“哈萨克古代珍宝展”将展出来自哈萨克斯坦各大博物馆的400余件金、银制品,其中部分展品是首次在国外展出;11月7日,“阿斯塔纳芭蕾舞团访华演出”将在北京世纪剧院举办。

5 қараша мен 15 қараша аралығында Қытай Ұлттық музейінде «Қазақстанның ежелгі құндылықтары» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстандағы үлкен музейлерден 400-ге жуық алтын және күміс бұйымдары көрсетілді. Кейбір экспонаттар шетелдік музейге алғашқы рет әкелінген. 7 қараша күні Пекин «Ғасыр» театрында «Астана балеті Қытайда» атты қойылым көрсетіледі..

42) 习近平:哈萨克民族有一句谚语:"一片土地的历史,就是在她之上的人民的历史"。哈萨克斯坦独立以来,在纳扎尔巴耶夫总统领导下,政治长期稳定,经济快速发展,民生大幅改善,国际影响力显著提升。

Си Цзиньпинь:Қазақтарда: «Бір жердің тарихы сол жердегі халықтың тарихы» деген жақсы мақал бар. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев президентінің басқаруында, ұзақ мерзімді саяси тұрақтылық және жылдам экономикалық даму орнықты. Сонымен қатар, қарапайым халықтың өмір сүру деңгейі мен халықаралық ықпалдастық өсті.

43,50) 央广网北京10月26日消息(记者王宗英)据中国之声《新闻纵横》报道,今天要关注的面孔,他是一个作家、一个作曲家,他当过铸铁工,也拥有经济学博士学位,但是,对于外界来说,他更响亮的名字是"超级强人"--哈萨克斯坦独立至今唯一的总统——纳扎尔巴耶夫

Қазан айының 26 күні Пекиннің қалалық радиосынан берген (журналист Wang Zong Ying ) «Еркін жаңалықтар» хабарламасы байынша, Бүгінгі таңда біз бір абыройлы адамға назар аударамыз, Өзі жазушы, композитор, металлург та болған, сонымен қатар экономикалық докторлық аттаққа ие адам. Бірақ, сырт көзбен айтқанда, ол үлкен атаққа ие « Жұрттан озған адам» Ол Қазақстан тәуелсіз мемлекетінің қазіргі кезге дейінгі жалғыз президенті Назарбаев.

44) 不久前,国家主席习近平在哈斯克斯坦演讲时,这样评价纳扎尔巴耶夫。而昨天,哈萨克斯坦总统办公室主任卡斯木别科夫谈起自己国家的元首也是滔滔不绝。他表示,纳扎尔巴耶夫的经历折射出一个国家的成长与发展的历程

Жақында ҚХР төрағасы Си ЦЗин Пинь Қазақстанда Назарбаевты бірнеше рет мадақтап, баяндама оқыған еді. ҚР президент кабинетінің басшысы Қасымбеков, кеше біздің мемлекет басшысы да тоқтаусыз сөйлеген екенін айтты. Оның айтуы бойынша Назарбаевтың тәжірбиесі елдің дамуы мен өсуіне ықпалын тигізеді.

45) “哈萨克斯坦文化日”期间,多项展演活动将在京举办。11月5日在北京国家大剧院举办的文化日开幕演出,将由哈萨克斯坦两大国家级院团——库尔曼加孜国立模范民族乐团和阿斯塔纳芭蕾舞团,带来一场融合哈萨克斯坦民族音乐、西方歌曲选段和民族舞蹈的晚会; «Қазақстанның мәдениет күні» кезеңінде әр түрлі көпетеген көрмелер Пекин қаласында ұйымдастырылады. 5 қараша күні Пекиннің Ұлттық Үлкен театрында мәдениет күніне арналйы ұйымдастырылған қойылым қойылады, Қазақстаннан екі үлкен ұлттық коллектив: Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлттық оркестр мен Астана балет тобы қазақ ұлттық музыкасы, батыс музыкаларынан үзінділер мен ұлттық билерін әкелген кешін қояды.

46) 据介绍哈萨克斯坦文化日是中哈两国建交以来规模最大,级别最高的文化交流活动,哈方将派出两个艺术团共计180余人来华。哈萨克斯坦驻华大使努尔兰叶尔梅克巴耶夫表示,这将是中哈两国文化最有力的一次碰撞,将搭建起两国文化贸易的平台,成为新丝绸之路的亮点。

Мәлімет бойынша, Қытайдағы Қазақстанның мәдениет күндері Қытай мен Қазақстан арасындағы екі мемлекеттің дипломатиялық қарым-қатынасы орнатылғаннан бері ауқымы өте кең, жоғары деңгейдегі мәдени алмасу мерекесі, Қазақстаннан 180 адамдық екі ансамбль жіберілдіү Қазақстанның Қытайдағы елшісі Ерлан Ермекбаев келешекте қытай-қазақ екі мемлекет арасындағы мәдениет өте жоғары деңгейде көтерілетінін, келешекте екі мемлекет арасында ашық сауда қатынасының негізі қаланып, жаңа жібек жолының айқын таңбасы болатынын айтты.

47) “哈萨克斯坦文化日”期间,多项展演活动将在京举办。11月5日在北京国家大剧院举办的文化日开幕演出,将由哈萨克斯坦两大国家级院团——库尔曼加孜国立模范民族乐团和阿斯塔纳芭蕾舞团,带来一场融合哈萨克斯坦民族音乐、西方歌曲选段和民族舞蹈的晚会; «Қазақстанның мәдениет күні» кезеңінде әр түрлі көпетеген көрмелер Пекин қаласында ұйымдастырылады. 5 қараша күні Пекиннің Ұлттық Үлкен театрында мәдениет күніне арналйы ұйымдастырылған қойылым қойылады, Қазақстаннан екі үлкен ұлттық коллектив: Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлттық оркестр мен Астана балет тобы қазақ ұлттық музыкасы, батыс музыкаларынан үзінділер мен ұлттық билерін әкелген кешін қояды.

49) 据悉,2014年,“中国文化日”将在哈萨克斯坦阿斯塔纳举办。

Хабарландыру, 2014 жылы«Қытай мәдениет күні» Қазақстанда Астанасында ұйымдастырылады.