Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баскару дайын.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
1.02 Mб
Скачать

1.Басқару қызметіндегі басқару есебінің рөлі. «Басқару есебі» терминінің мәнін ашуда екі қадам ұсынылады. Біріншісі management accounting-пен, екіншісі европалық «контроллингпен» байланысы.

Бірінші терминмен байланысты кез келген есеп қызметінің негізгі міндетті-кәсіпорынның басқару персоналдарын (қызметкерлерін) басқару шешімдерін болып табылады. Бұл есеп жөніндегі қызметтің кәсіпорынды тұтас ж/е жеке бөлімдерін басқарумен байланыстылығының ажырамайтындығын көрсетеді. Сондықтан басқару есебінің; талабынан шығып отырғандай, management accounting сөзін есепті ұйымдастыру деп аударуға болады.

Екінші түсінікке сәйкес басқару есебі – өнімнің өзіндік құны, шығыстар мен шығындар жөніндегі ақпараттарды ашып көрсететін және жинақтайтын жүйе ретінде қарастырылады, яғни ол кәсіпорын қызметіне бақылау жасау мақсатындағы ұйымдастырылған есептің кеңейтілген жүйесі.

Тар мағынада басқару есебін – кәсіпорын қызметімен байланысты шығындар мен табыстардың есебі ж/е оларды бақылау деп түсінуге болады.

Қазақстанның тәжірибесінде басқару есебі көп жағдайда кең мағынада ұйымның қызметін бақылау, басқару ж/е жоспарлау үшін пайдаланылатын, бір кәсіпорын шегінде басқару персоналын ақпараттармен қамтамасыз ететін жүйе ретінде қарастырылады.

Басқару есебінің объектілеріне – кәсіпорынның және оның жекелеген құрылымдық бөлімдерінің шығындары, жауапкершілік орталықтары; жауапкершілік орталықтарымен тұтас кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қорытындылары; ішкі бағаның құрылуы; бюджеттеу ж/е ішкі есеп беру жатады.

Басқару есебінің ішкі жүйесі 3-ке бөлінеді:

  1. Басқару ж/е қаржылық бухгалтерияның байланыс үлгісі:

  • интегралды (монистикалық);

  • автономиялық.

  1. Шығын есебінің жеделдігі:

  • өткен кезең (нақты) шығындарының есебі;

  • нормативтік әдіс (стандарт-кост).

  1. Есепке алынған шығындардың толықтығы:

  • толық өзіндік құнның есебі;

  • қысқартылған өзіндік құнның есебі (директ костинг).

Басқару есебінде пайдаланылатын әдістер әр түрлі:

  • бухгалтерлік есеп (қаржы есебі) әдістерінің кейбір элементтері (шоттар, қосарлы жазу, түгелдеу, құжаттау, баланс, есеп беру);

  • статистика мен экономикалық талдауда қолданылатын әдістер мен тәсілдер (индекстік әдіс, факторлық талдау және т.б.);

  • математикалық әдістер (корреляция, сызықтық программалау, ең төменгі квадраттар әдісі және т.б.).

Басқару есебінің мақсаттары:

  • басқарушыларға жедел басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпараттық көмектер көрсету;

  • кәсіпорынның ж/е жауапкершілік орталықтарының экономикалық қызметін жоспарлау, болжау ж/е бақылау;

  • баға құрылымы үшін базаларды қамтамасыз ету;

  • кәсіпорынның тиімді даму жолдарын таңдау.

Міндеттері: басқару шешімін қолданудағы жоспарлау, реттеу, бақылау ж/е талдаудың тех/қ тәсілдерін менгеріп менеджерлерге маңызды көмек көрсету. Б.е жалпы қызметті ұйымдастырудың жоспарлаудан басталады, содан шешімдер қабылдау, оны жүзеге асыруды есепке алу, бақылау, талдау, нәтижені реттеу, яғни басқару функцияларын реттейді.

2. Бухгалтерлік (басқару есебі) ақпараттарын пайдаланушылар. Бухгалтерлік есеп тілінде экономикалық ақпарат қызығушылығы бар тұлғаларға беріледі. Олардың ішінде менеджерлер, акция ұстаушылар және әлеуетті инвесторлар, жалданбалы жұмысшылар, кредиторлар, мемлекеттік ұйымдар.

Шешім қабылдау барысында бухгалтерлік ақпарат қажет болатындықтан, бухгалтерлік есептің міндеті- түрлі тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті деңгейде ақпарат ұсыну.

Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар екі топқа бөлінеді:

• Ішкі пайдаланушылар, яғни есеп жүргізілетін кәсіпорын құрамындағы ақпаратты пайдаланушылар.

• Сыртқы пайдаланушылар, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін ақпаратты пайдаланушылар.

Ақпарат - зерттеу обьектісі болып табылатын,яғни адамдар,заттар,фактілер,жағдайлаор,оқиғалар және процестер жөніндегі мәліметтер. Басқару есебінің мақсаты-менеджерлерді ақпараттармен қамтамасыз ету.Мұндай ақпараттарға сыртқы пайдаланушыларға арналған талаптар жатады. 1.адрестілік (иерархия және дайындық деңгейіне сәйкес нақты адресі);2.жеделділік (тиімді шаруа-қ шешімдерін өз уақытында қабылдау және оларды уақытында жүзеге асыру);3.жеткіліктілік (басқару шешімдерін сәйкес дәрежеде қабылдау үшін олардың көлемінің жеткілікті болуы;жалған ақпараттар болмауы керек және олардың тұтынушыларын болмаған н/е ол жұмысқа қатысты емес мәліметтерге көңіл бөлдірмеу);4.аналитикалық (талдамалық)-(ағымдағы жедел талдаудың көрсеткіштерімен қамтамасыз ету және келесі талдауды ең аз шығындармен жүргізудің мүмкіндіктерін ұсыну);5.Икемділік және ынталылық (ауыспалы жағдайлары шартында ақпараттық мүдделердің толықтығы қамтамасыз етілуі керек;6.пайдалылық ппотенциалды тәуекел сферасына

басқарушылардың көңілін аудару және кәсіпорын менеджерлерінің жұмысын обьективті бағалау);7.эко-лық жеткіліктілік (ақпараттарды дайындау шығындары эко-лық тиімділікті пайдалагудан жоғары болмау керек). Басқару есебінде өз кезегінде есептік және есептік емес болуы мүмкін,сандық және сандық емес ақпараттарды пайдалануы мүмкін,яғни құжатпен куәландырылған н/е куәландырылмаған. Жедел басқару шешімдерін қабылдау үшін зерттеу обьектісі жөнінде толық және толық емес ақпараттар пайдалануы мүмкін.Басқару есебінде есеп ақпараттары 20-30 пайыз болады,қалғанын эко-лық талдау (қаржы есебіне қатысты 40-60 пайыз) алады. Басқару есебінің ақпараттары сипатта болады және қорғауды талап етеді.

3. Қаржылық және басқару есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы Қаржылық ж/е басқару есебі кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесін құрайды. Қаржылық есептің жалпы қабылданған принциптері басқару есебінде де іске асырылады. Қаржылық ж/е басқару есептерінде жедел ақпараттар пайдаланылады. Қаржылық есебіндегі сияқты басқару есебінде де ақпарат көздері болып табылатын бастапқы құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар бірдей. Қаржылық ж/е басқару есептерінің мәліметтері шешімдер қабылдау үшін қолданылады. Басқару есебі мен қаржылық есептің салыстырмалы сипаттамалары

Салыстыру облысы

Қаржылық есеп

Басқару есебі

1

Есепті жүргізудің міндеттілігі

Міндетті. Мәлімет/ді жинауда басшының көзқарасына байланыссыз, заңға сәйкес талап етілетін үлгіде ж/е талап етілетін дәлдікпен бояуы қажет.

Барлығы кәсіпорын басшысына б/ты. Ешқандай сыртқы орган/р мен ұйым/р не істеу керек екендігін көрсетуге құқығы жоқ.

2

Есепті жүргізудің мақсаты

Ұйымннан тыс пайдаланушы/р ү/н қаржылыө құжат/ды жасау

Басқару есебі-ұйымда жоспарлауды, басқаруды, бақылауды қамтамасыз ететін құрал

3

Ақпарат/ды пайдаланушы/р

Сыртқы пайдаланушы/р ү/н акционер/р, кредитор/р, мем/тік салық орган/ы, т.б.

Ішкі пайдаланушы/р: ұйым/ң менеджер/і, ақпарат/ды жинауға ж/е талдауға көмектесетін қызметкер/р

4

Базистік құрылым

Баланстық теңдіктің негізінде құрылады. актив=меншікті капитал+міндеттеме

Ақпарат/ң құрылымы пайдаланушы/ң сұрақ/на б/ты болады

5

Негізіг ереже/р

Бух/лік есептің норма/ы мен ереже/не сәйкес жүргізіледі. Пайдаланушы/да бух/к есеп/ң мәлімет/н дұрыс түсінуге сенімділік б.к.

Басқару аппараты кез кедген ішкі ереже/ге, олардың пайдалылығына б/ты сүйенуі мүмкін.

6

Уақытша байланыстылығы

Ұйым/ң қаржылық тарихын көрсетеді. Бух/к жазу/р операция/р аяқталған соң жасалады. «Бұл қалай болды?»

Тарихи ақпарат/н басқа болашақты жоспарлау ж/е бағалау енгізіледі. «Бұл қалай болу керек?»

7

Ақпарат/ң типі

Қаржылық құжат/р-қаржы есебінің соңғы өнімі, яғни ақпарат/ды құндық көріністе көрсетеді.

Ақпарат/р натуралды ж/е құндық көрініс/де көрсетіледі.

8

Ақпарат/ң дәлдік ережесі

Дәлдіктің жоғары дәрежесі

Жеделділік мақсатына жақындатылған ж/е жобаланған баға/р қолданылуы мүмкін.

9

Есеп берудің кезеңділігі

Толық қаржылық есеп жыл ж/е тоқсан қорытындысы б/ша жасалады

Үлкен ұйым/дағы нақтыланған есеп/р ай сайын, апта сайын, күн сайын, кейде бірден жасалынуы мүмкін.

10

Есепті тапсыру уақыты

Есепті жасауды, аудиторлық тексеруді жүргізуде уақыт қажет болғандықтан пайдаланушы/ға есепті кезең аяқталғаннан кейін бірнеше аптадан соң жетеді

Негізінен есепті кезең аяқталғаннан кейін бірнеше күннің ішінде жасалады ж/е тапсырылады: жедел есеп беруде-келесі күннің таңертеңінде

11

Есеп беру объектісі

Қарж.есеп беруде ұйым біртұтас, ірі ұйым/да түсім мен табыс үлкен сигмент/і б/ша көрсетіледі

Ерекше көіңл бөлінетіндер: кішірек бөлімше/р, жекеленген өндіріс/ң ерекшелік/і, қызмет түр/і, жауапкершілік орталық/ы

12

Есепті жүргізу дұрыстығының жауапкершілігі

Есеп берудің дұрыс көрсетілмеуіне б/ты салық орган/ы айыппұл санкция/н салуы мүмкін

Ереже/р мен норма/і болмауына б/ты, басшыны тек басқару есебі көрсеткіш/ң негізінде басқару шешім/н дұрыс қабылдамағаны ү/н жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

4.Шешімдер қабылдау үрдісі (процесі). Бухгалтер-аналитиктер дайындаған ақпараттар шешімдер қабылдаудағы олардың соңғы әсер етуімен қарастырылуы керек, яғни басқару есебін дұрыс қабылдау үшін қажетті шартты шешімдер қабылдау процесін түсіну болып табылады. Шешімдер қабылдау процесі жоспарлау,бақылау және реттеуден тұрады:1.Мақсаттыанықтаңыз;2.Альтернативті варианттарды іздеуге кірісіңіз;3.Істің альтернативтік варианттары жөніндегі көрсеткіштерді жинақтаймыз;4.Істің альтернативтік вариант-рн таңдаңызы,5.Қабылданған шешімдерді жүзеге асырыңыз;6.Нақты мәліметті жоспарлап қойған нәтижеменсалыстырыңыз;7.Жоспардан ауытқу бой-ша шаралар қолданыңыз. 1-жоспарлау процесі.2-бақылау және реттеу процесі.Көрсетілген шешімдер қабылдау модельдерінен байқағанымыздай,алғашқы бес кезең шешімдер қабылдау процесін н/е жоспарлауды көрсетеді. Жоспарлау мәне жағынан шешімдер қабылдау жөніндегі жұмыстарды және альтернативтік варианттардың арасынан таңдауды жүзеге асыру болып табылады. Соңғы екі кезең таңдалып алынған альтренативтік варианттарды жүзеге асыру мақсатымен нақты көрсеткіштерді түзетуден және бағалаудан құралатын басқару процесін көрсетеді.

5. Шешімдер қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі.

Жалпы шығындар әр түрлі белгілеріне байланысты өзгере береді. Шешім қабылдау мақсатындағы шығындар бойынша релевантты және релевантты емес болып бөлінеді.Бұл шығындар белгілі бір шешім қабылдау нәтижесінде өзгеретін шығындар. Бірақ кейбір шешімдер релевантты емес шығындарға әсер етпейді. Мысалы, демалысқа өз автокөлігіңізбен немесе қоғамдық көлікпен бару таңдауы бар. Қандай шешім қабылдаса да автокөлік иесі үшін көлік салығы мен сақтандыру шығындары релевантты емес болып табылады. Себебі, олар қабылдайтын шешімге тәуелсіз. Ал, автокөліктің жанар жағармайы релевантты болып табылады. Себебі қоғамдық автокөлікті таңдаған жағдайда мұндай шығындардың қажеті болмайды.Шешім қабылдау шығындары жойылатын немесе жойылмайтын шығындар болып бөлінеді. Жойылатын шығындар қолайлы үлгіні таңдау арқылы бас тартуға болатын,ал жойылмайтын шығындар қандай жағдайда да болатын шығындар.Қайтарылмайтын шығындар – бұл жаңадан шешім қабылдау арқылы өзгертілмейтін өткен кезеңде нақты болған шығындар. Мысалы, компания арнайы маманданған құрал-жабдықтар үшін 10000у.е төледі. Шығын жұмсалғандықтан құрал-жабдыққа инвестиция салу қайтарымсыз болып табылады.жабдыққа инвестиция салу қайтарымсыз болып табылады. Альтернативті шығыстар – белгілі бір іс-әрекетті немесе үлгіні таңдау нәтижесінде бас тартылған шығыстар. Өспелі шығыстар – тұрақты немесе айнымалы шығыстар болып табылады. Бұл шығыстар белгілі бір іс-әрекетте бар, ал екінші іс-әрекетте толық немесе жартылай жоқ болған шығындар. Жоспарлау мен бақылау мақсатындағы шығындар нормативті бақыланатын және бақыланбайтын шығындар болып бөлінеді. Нормативті шығындарды смета құрастыру және жоспарланған нәтижелерді бағалау мақсатында қолданады. Бұл өнім бірлігіне қатысты жоспарланған шығындар болып табылады. Сметалық кезең соңында нормативті шығындар мен нақты шығындарды салыстырып, ауытқудың қолайлығын анықтайды. Бақыланатын шығындар бұл менеджер тарапынан реттелетін, ал бақыланбайтын шығындар реттелмейтін шығындар болып табылады.

6. Шығындар және олардың жіктелуі.

Әдетте тауарлар және қаражаттар және қаражаттар үшін жұмсалған ақшаны немесе ресурстарды шығын дейміз. Басқару үшін менеджерге тек шығындар ғана емес, олардың қайда, қандай мақсатпен жұмсалғаны жайында мәлімен қажет. (Машина-сағат, қоймадағы дайын өнімді сақтау шығындары, цехтарда материалдың жұмсалуы, банк қызметі, т.с.с).Шығындар қайда бағытталса соны шығындар есебінің объектісі деп атайды. Өндірістік шығындар есебінің бағыты: тауарлы өнімнің қзіндік құнын калькуляциялау, банк клиенттеріне қызмет ету, өнімдерді сату бөлімін ұстау. Шешімдер қабылдау болып саналатын келесідей шешімдер:

  1. Қандай өнімді өндіруді жалғастыру немесе тоқтату керек.

  2. Қандай баға тағайындау керек.

  3. Ұсынылған құрылғыларды сатып алу керек пе?

  4. Осы менеджернді қызмет бабында көтерсек пе?

  5. Бұл цехты жабу керек пе?

Осындай мәләметтер тиімді шешімдер қабылдау үшін есептелетін шығындар категориясына жатады.Шығындар мақсаты – өнім, бөлім, тарту аймағы т.с.с. қандай да болмасын іс-әрекетке қызмет ету.Жіктелу деген – басқару үшін қажетті пайдалы ақпараттарды мәлімдеп немесе сыртқы қаржылық қорытынды есеп үлгілерін дайындау үшін топтар бойынша шығындардың бөлініп, таратылу әдістері. Шығындардың жатқызылатын өнім (жұмыс, қызмет) бірлігі – шығындар объектісі болады. Шығындарды жіктеудің көп әдісі бар:

1) өндіріс көлеміне қарай: айнымалы және тұрақты

2) орташалау дәрежесі бойыншы: жалпы және орташа

3)басқару функциясына қарай: әкімшілік, өндірістік, коммерциялық

4) калькуляциялау объектісінің өзіндік құнына кірістіру әдісіне қарай: тікелей және жанама

5) пайдаланудың анықталу кезеңіне қарай: өндірістік және кезеңдік.

Айнымалы шығындар өнім бірлігіне тұрақты бола тұрып, өндіріс көлемінің өзгеруіне қарай жиынтық шығындар өзгеріп отырады. Яғни тура пропорционалды.

Шикізат, негізгі материалдар, өндірістік жұмысшылардың еңбекақысыайнымалы шығындарғы жатады (техникалық қажеттілікке жұмсалған эл. Қуаты : отын, су, бу.) Тұрақты шығындар – белгілі кеззеңдегі әр түрлі өндіріс көлемі үшін өзгермейтін шығындар.оған жал төлемі, коммуналды төлем, мамандар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизация, несие бойынша пайыздар, сақтандыру шығындары. Тұрақтыы шығындар өнім бірлігіне шаққанда өндіріс көлемінің өзгеруіне қарай кері пропорционалды өзгереді. Басқа да шығындар өндіріс көлемінің өзгеруіне қарай кейбір тұрақты шығындар қысқа мерзімге реттелуі мүмкін. Мысалы, жалпы жарықтануға жұмсалған электр қуатын, өндңрңс көлемін азайтқанда аз пайдаланып шығынды азайтуға болады. Сол сияқты өндіріс құлдыраған жағдайда жұмыскерлер санын қысқартып, керісінше өндіріс көлемі жоғарылағанда қосымша жұмыскерлер қабылданады. Бұл шығындарды жартылай тұрақты немесе сатылап ұлғаятын шығын деп атайды. Айрықша ерекшелігі: белгілі бір мерзімде белгілі өндіріс көлеміне тұрақты болып, соңында бір сын мезетінде олар белгілі мөлшерге өсуі немесе кемуі мүмкін. Мұндай шығындар жартылай айнымалы және жартылай тұрақты болуы мүмкін.

Жартылай айнымалы шығындар тұрақты да жартылай айнымалы да компоненттерден тұрақы. Мысалы, материалдық-техниккалық қамтамассыз ету шығындары. Бұл бөлімнің кез-келген өндіріс көлемінде жүзеге асырылатын жоспарланған, тұрақты шығындардан және тікелей өндіріс көлеміне байланысты өзгеретін шығындардан тұрады. Тікелей және жанама шығындар. Белгілі бір өнім түрін өндіруге байланысты солардың өзіндік құнына тікелей қосылатын шығындарды тікелей деп атайды. Мысалы, шикізат және маткриалдар, өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы. Бірнеше өнім түрін өндіруге қатысты жалпы жұмсалған сома және әр өнімнің өзіндік құнына белгілі бір тарату әдісі арқылы шартты түрде қосылатын шығындар жанама деп аталады. Олар машиналар мен жабдықтарды күту және пайдалану шығындары. Тікелей шығындар көбінесе негізгі, ал жанама шығындар үстеме болып келеді.

Өндірістік шығындар есебі негізгі 3 бағытта қалыптасады:

  1. Материалдық өндірістік қорларды бағалау үшін кеткен шығындар және мәліметтер;

  2. Шешімдер қабылдау үшін жұмсалғакн шығындар туралы мәліметтер;

  3. Бақылау және реттеу ұшін шығындар мәліметтері.

Осы 3 басты категориялар ішіндегі шығындардың жіктелуі:

  1. Материалдық өндірістік запастарды бағалау үшін кеткен шығындар туралы мәліметтер – өнім қорларының құнын анықтау шығындар:

  1. Қорытынды есеп кезеңіндегі және өнімнің өзңндңк құн шығындары

  2. Өнім өндіру шығындарының құрауыштары

  3. Тапсырыстық және үрдіспе-ұрдіс калькуляция шығындары

  1. Мәліметтер бойынша шешімдер қабылданатын өндірістік шығындары:

  1. Шығындар динамакасы өндіріс көлеміне қатысты

  2. Алдағы кезең және өткен кезең шығындары.

  3. Есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар

  4. Жорамалдағы шығындар инкрементті маржиналдық шығындар. Жорамалдағы шығындар – іс-әрекет бойынша баламалық бағыт қабылдау нәтижесінде пайда болады.

  1. Бақылау мен реттеу жасалатын шығындар.

  1. Реттелетін және реттелмейтін шығындар

  2. Өндіріс көлеміне қарай шығындар динамикасы

  3. Қосымша өнім топтарын өндіру немесе сатуға байланысты шығындар – инкреметті

  4. Маржиналдық шығындар – өнім бірлігіне өосымша шығындар

  5. Жауапкершілік орталықтары бойынша шығындар есебі

Осы осы шығындпр категориясының маңыздысы іс-жүзіндегі мәліметтер мен жоспарды салыстырып, өзгерістерді ескеріп, смета құру болып табылады – оны икемді смета деп атайды. Өндірістік есеп – өндірілген өнінің өзіндік құнын және алынған пайданы анықтау үшін өндірістік шығындарды жіктеу.

  1. Кіріс шығыны

  2. Мерзімі өткен шығын

Кіріс шығыныкелешекте табыс әеелетіндей алынған және қолда бар ресурстар мен қаражаттар. Олар баланс активі ретінде тіркеліп, келесі есептің соңында мерзімі өткен шығынның пайда мен зиян шотына тіркеледі.Мерзімі өткен шығындар ағымдағы есеп мерзімінің пайда мен зиян шотында шығындар ретінде тіркеледі. Алынған ресурстар табыс алу үшін жұмсалып келешекте табыс әкелетін мүмкіндігі жойылса, оларды мерзімі өткен шығындарға жазамыз.