Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баскару дайын.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
1.02 Mб
Скачать

22. Директ- костинг пен абзорпшн – костинг жүйесі бойынша өзіндік құнды калькуляциялау.

Абзорпшн-костинг бұрындары өнім бірлігінің жалпы өзіндік құнын есептеу деп аталған. Абзорпшн-костинг – бұл өнімнің өзіндік құнын калякуляциялау әдісі сатылған өнімдер мен қалған тауарлардың арасына барлық шығындарды толық таратуға негізделеді. Бұл жүйеде өндіріске жұмсалынатын барлық шығындар өндірісте жұмсалмай тұрып есептелінеді. Шығындар стандартын есептеу үшін натуралдық және құндық көрсеткіштер пайдалынады. Абзорпшн-костинг жүйесі өндіріс шығындарын операциялы бақылап отырудың басты құралы болып табылады. Бұл жүйеде шығындар тікелей және жанама деп бөлінеді

Директ- костинг АҚШ-та Ұлы дағдарыс болған кезде пайда болды. Қиындықтар мынада болды: сату көлемі төмендеді, қалдықтар артты, абзорпшн-костинг әдісі бойынша шығындардың үлкен бөлігі қалдыққа жатқызылды, ал кішкене бөлігі – сатуға жіберілген. Кішкентай сатудың өзінде кәсіпорын түсім көрсетуі керек болды және соған лайықтап салық төледі. Сол үшін шығындарды үлестіретін әділетті әдіс ойлап табылды. Оның әділеттілігі дайын өнімге қалған үлкен көлемді қалдыққа салық салынбай көбірек түсім алуға мүмкндік берді. Директ-костинг( пропорционалды өзіндік құн) - ішінара өзіндік құн мен маржиналдық табыс туралы мәліметтер түріндегі ақпаратты – сату бағасы мен бұйымның ішінара өзіндік құнының арасындағы айырманы беретін жүйе. Бұнда тұрақты үстеме шығындар өнімнің өзіндік құнына қосылмайды.Директ-костингте шығындарды тікелей және жанама деп бөлудің мағынасы жоқ. Себебі, айнымалы шығындар – тікелей және оларды өнім түрлері бойынша есепке аламыз, ал тұрақты шығындар негізінен жанама болып келеді, оларды өнім түрлері бойынша мүлде бөлмейді.

Абзорпшн-костинг жүйесінің негізгі ерекшелігі мынадай: өндіріске жұмсалынатын барлық шығындар өндірісте жұмсалмай тұрып есептелінеді. Шығындар стандарт есептеу үшін натуралдық және құндық көрсеткіштер пайдалынады. Абзорпшн-костинг жүйесі өндіріс шығындарын жедел бақылап отыруды басты құралы болып табылады. Директ- костинг жүйесін пайдалану өндіріс шығындарын есепке алу. Соңғы жылдары индустриалды дамығын елдердің өнеркәсібінде директ-костинг деп аталатын өндіріске кеткен шығындарды есепке алу жүйесі кең тараған.

Мысал, «А» компаниясы қарапайым өнім өндіреді. Сметалық мәліметтері:

Өнім бірлігіне шартты бірлік

Сату бағасы 10

Негізгі материалдар 3

Негізгі еңбек 2

Айнымалы өндірістік үстеме шығындар 1

Бір айдағы т.ө.ш 10000

Өндіріс көлемі 5000

Табу керек: шығындарды толық тарату бойынша өзіндік құнды есептеу.

А) абзркшинг костинг

1. негізгі материалдар 3

2. негізгі еңбек 2

3. АӨҮШ 1

4. ТӨҮШ (10000/5000) 2

Бірліктің өзіндік құны 8

Б) директ костинг

1. негізгі материалдар 3

2. негізгі еңбек 2

3. АӨҮШ 1/6

Бірліктің өзіндік құны 6

23. Өндірістік шығындар есебі мен өзіндік құнды калькуляциялаудың үрдіспе-үрдіс әдісі. Үрдіспе үрдіс калькуляциялау әдісі ұсақ сериялы өндірістерде қолданылады. Өндірістік үрдіс деген - дайын өнімді өндірудің технологиялық сатылары. Үрдіспе,үрдіс калькуляциалау жүйесі бір тектті дайын өнім өндірісте өнеркәсіп саласында қолданады. Ол мынандай салаларда қолданылады: химия өндірісі, мұнай өңдеу, цемент шығару, қағаз шығару, пластмасс өндірісі, шыны және тамақ өнімдерін шығаратын өндісітер.

Үрдіспе үрдіс калькуляциясын қолдануда кәсіпорындар көбіне мынадай артықшылықтарға ие:

  • Өнім сапасы бірыңғай;

  • Жеке тапсырыс өндіріс үрдісіне әсер етпейді;

  • Сатып алушыға тапсырыс өндірушінің қорлары негізінде жүзеге асады.

  • Технологиялық үрдіске және өндірістің өніміне стандарттау қолданылады;

  • Шығарылатын өнімге сұраныс тұрақты;

Әр технологиялық үрдіс үшін тікелей және жанама шығындарын анықтап отыру қажет.

Бүл әдісте тапсырыстық әдісте жанама болып саналатын шығындар тікелей болып табылады. Үрдіспе үрдіс калькуляциясы кезінде өндірістік шығындар бөлімшелер немесе өндірістік үрдіс бойынша топталады.

Бұйым бірлігінің өзіндік құны белгілі бір кезеңдегі өндірістің өзіндік құнын осы кезеңде шығарылған бұйым санына бөлу арқылы есептеледі.

Үрдіспе үрдіс калькуляциясы арқылы шығындарды есептеудің 2 әдісі бар:

  1. Аяқталмаған өндірісті қадағалайды және есептейді;

  2. Аяқталмаған өндірісті мүлде есептемейді.

Екінші әдісті қажетті деңгейде есеп дұрыс ұйымдастырылмаған кәсіпорындар, ұйымдар қолданады. Аяқталмаған өндірісті көрмейді, есептемейді, ол кейін өнімнің өзіндік құынна әсер етеді.

Бірінші әдісте аяқталмаған өндірісті есептеу екі әдіспен жүргізіледі:

  • Аяқталмаған өндірісті есептеу аяқталғандықтың бірдей деңгейі бойынша барлық шығын түрлерін шығарады.

  • Әрбір шығын түрі бойынша өнімнің аяқталғандық деңгейі әрқалай.

Үрдіспе үрдіс калькуляциясында есептеу үрдісін 5 кезеңге бөлуге болады:

  1. Өнімнің заттай бірлігінің тобында қозғалатындарды қосу.

  2. Эквивалент бірлік шығуында, соңында өнімді анықтау.

  3. «негізгі өндіріс» шотының дебеті бойынша есептелген шығындарды қосу.

  4. Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу.

  5. Шығындарды дайын жартылай өнім мен кезең соңындағы аяқталмаған өндіріс арасында тарату.

Бастапқы екі кезең өндіріс үрдісін натуралдық бірлікте көрсетеді, қалған үшеуі – ақшалай.

Өндірістік шығындар есебі әр үрдіс бойынша ұйымдастырылады. Ол 8110 шоттың талдамалық шоты.

8110 8110 8110

Кт Дт «А үрдісі» Кт Дт «В үрдісі» Кт дт «С» үрдісі Кт

Б.с=0

1 310 01.02 500бір 700бірл 700бір 600 бір 600 бірлік 1185200

10000тг 679000тг 679000 985200 985200

10.02 300б материал 3350

6000тг 1310 3150 15000

20.02 100б 1350 20000 8410

2000 тг 3350 1310 - 50000

3 350 500000тг 3150 350000 дт =1185200

3150 105000тг 8410 с.с=0

8 410 250000тг Д.а.=1149000

873000 c.c=100бр*50%

Шикізат пен негізгі материалдар бірінші үрдісте толығымен енгізіледі. Бірінші үрдісет толық технологиялық операциялардан өткен шалафабрикаттар келесі үрдіске өткізіліп отырады. Келесі үрдісте сол үрдістің шығындары өткізіліп отырады, үрдіспе үрдіс әдісінде тікелей еңбек шығындары мен өндірістік үстеме шығындардың жиыны өңдеу шығындары деп аталады.

Өңдеу шығындары 855000

Материалдық шығын 18000

А үрдісіндегі Дт айналым 87900

Қалған 200 бірліктің 70% дайын деп алар болсақ,

200 бірлік*70%=140 эквивалент бірлік

Аяқталмаған өндірістің материалдық шығыны 200 бір.*20тг=4000тг

Өңдеу шығыны=855000/900бір=950тг/бірл

7 00 бірлік=950*700бірлік=665000 өңдеу шығ.

700бір*20тг=14000 матер. шығ

679000

873000-679000=19400

1 шалафабрикаттың өзін. құны =120000+350000=470000тг=700бірлік=671,43

1 00бірлік*50%=50 экв.бірл.*671,43тг

33,571

1149000/700бірлік=1642 бірліктің өзіндік құны

1642*600бірлік=985200 дайын өнімнің өзіндік құны.

Дт 8110 В үрдісі

Кт 8110 А үрдісі

679000