Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баскару дайын.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
1.02 Mб
Скачать

24. Калькуляциялаудың функционалды жүйесі (abc)

Өнеркәсіп әрекетіндегі қызметтері бойынша шығындар есебін және калькуляциялау жүйесін “функциялары бойынша шығындар есебі мен калькуляциялау әдісі” деп аталады.

АВС (ABC-Activity based costing) жүйесі 1980 жылдың соңына қарай АҚШ-та пайда болып дамығын. Оның зерттеуші ғалымдардың, яғни Р.Бере, Р.Купер, Т.Джонсон, Р.Каплон еңбектері арқасында тараған. АВС әдісі- қызметтің түрлері мен өнімнің бірлігін қалыптастырушы шығындардың көлеміне негізделген жанама шығындарды калькуляциялау болып табылады. Бұл әдісті фирмалардың 10% қолданады. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Еурпа, Австралия, Жапония елдерінде қолданады. Кейбір компаниялар аз уақыт бұрын, айнымалы емес шығындарды басқару және бақылау үшін АВС менеджмент функциялары арқылы басқару жүйелерін бекіткен. Бұл жүйелер басшыларды шығындардың негізінде жатқан себептеріне назар аударғызады. Өндірілген өнім жобалау, дизайн, өндіріс, маркетинг, жеткізу және қызмет көрсету нәттижелерінде пайда болған шығындарын есепке алады және ресурстардың пайдалануы қызметпен келтіріледі деп функциялары бойынша шығындардың есебі болжайды.

Функциялар бойынша шығындар есебінің есебі жүйесінің басты мақсаты-шығындарды емес, олардың себебін бақылауда болып тұр. Мысалы: жабдықтарды жөндеу уақыты, сатып алудың талап етілетін көлемі, жабдықтаушылар саны. Функциялар бойынша шығындар есебі жүйесін пайдалану процедурасы үш сатыдан тұрады.

Бірінші сатысы-қызмет түрлеріне компанияны бөлуді қамтиды. Қызмет түрлері дегеніміз- ол өнімді өндіру үшін немесе қызмет көрсету үшін қызметшілер және құрал-жабдықтар орындайтын операциялар.

Екінші сатысында-әр қызмет түрлеріне шығындар орталықтарын құру қажет.

Үшінші сатысы-нақты қызмет түрінің шығындарына әсер ететін факторларды анықтайды. Кейбір қызмет түрінің шығындарына ықпалын тигізетін, негізгі факторлар болып табылатын оқиғаны немесе күшті анықтау үшін «шығындарды сақтушы» термині қолданылады. Басқа сөзбен айтқанда, шығындарды сақтаушы деп-іс-әрекеттері шығын шығаратын факторларды айтамыз.

Бұл әдістің әмбебаптығы оны тек өндірістік өнеркәсіпте ғана емес сол сияқты көтерме және бөлшек сауда да, қызмет көрсету саласында да қолдануға мүмкіндік береді. АВС әдісінің негізі- өндірістік функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін және өндіріс үрдісінде қолданатын белгілі бір ресурстар көлемінің бар екенін бақылау болып табылады. Барлық ресурстар түрі оларға жұмсалған шығындармен сипатталады. Ең алдымен, сол ресурстарды тұтыну көлеміне жекелеген функциялары арасында бөліп таратылады.

Ол үшін белгілі функциялары бойынша әрбір шығын орталықтарының шығындары жинақталады. Содан кейін шығындарды әрбір функциясы бойынша шығындар объектісіне жатқызылады. Шығындар объектісі-бұйым (тауар, қызмет, белгілі клиент, тапсырыс). Шығындар объектісі сәйкесінше барлық өндірістік операциялары бойынша әрбір орталыққа тиісті шығындар үлесін қамтиды.

ABC жүйесінің барысы:

  • Кәсіпорында барлық қызметтер түрі анықталады және әрбір қызмет түрі бойынша орташа шығындар есептеледі

  • Қызмет бірнеше үрдістердің жиынтығы ретінде қарастырыларды

  • Өнімді өндіруге қажетті әрбір қызмет түрі бойынша шығындар қызметтiң осы түрiнің ұзақтығына байланысты қызметтiң сол түрi бойынша уақыт бiрлiгiнің шығарылымы арқылы есептеледі.

АВС артықшылықтары:

  • Үстеме шығындары үлкен, өнім ассортименті үлкен және шығарылатын партиясы көптүрлі компаниялар үшін пайдалы.

  • Бұл әдісті қолдану өнімнің өзіндік құнын есептеуде бұрмалауларды болдырмауға мүмкіндік береді.

  • Шығындарды басқаруда толық, сенімді ақпаратпен қамтамасыз етеді.

  • Бұл әдіс компанияға көбіне тұтынушыға топталуға, бағытталуға мүмкіндік береді.

  • Функционалдық әдісте негізделген баға құру компания өніміне сұраныстың артықшылығы және әр шығарылым бойынша өзіндік құн жайлы ақпараттарды қолданады.

Бұл әдістің кемшілігі:

  • Функционалдық әдіс – енгізуге қиын және қымбат тұратын есептік жүйе;

  • Функционалдық әдісті қолдану оның барлық ережелерін мүлтіксіз сақтауды талап етеді, жылдам нәтиже бермейді. Бұл жүйе ұзақмерзімді дамуға арналған.

  • Бұл әдіс есептік жүйе ретінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келе бермейді.