Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баскару дайын.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
1.02 Mб
Скачать

30.Кешенді өндіріс шығындарының есебі.

Кешенді өндіріс шығындарының есебі (joint cost) Бұған нәтижесінде 2 немесе одан да көп өнім (қызмет) өндірілетін бірыңғай технологиялық үрдіспен байланысты шығындар жатады. Бірлесіп өндірілетін өнімдер (joint products) – бұл 2 немесе одан да көп өнімдер, олар:

А) белгілі бір нарықтық орын иеленеді;

Б) индивидуалды өнімдер секілді бөліну нүктесіне дейін болмайды.

Жанама өнімдер (byproducts)- бұл өнімдер:

А) нарықтағы орны негізгі өнімдерге қарағанда төмен;

Б) олармен бөліну нүктесіне дейін бірге.

Бөліну нүктесі (split-off point) – бірігіп өндірілетін өнімдер мен жағымсыз өнімдер өндіріс үрдісінің белгілі мезетінде бөлініп, әрі қарай әрқайсысының жеке шығындары жинақталады.Кез-келген шығындар бұл нүктеден кейін бөлінеді (separable cost).

Кешенді шығындарды бөліп тарату әдістері:

1. Шығындарды бөліп тарату кезінде нарықтық құны ( бөліну нүктесіндегі нарық құн әдісі, таза алынған құн әдісі (NRV) және алынатын таза құн көлеміндегі ұлттық табыстың тұрақты үлесінің әдісі).

2. Шығындарды бөліп тарату кезінде натуралды көрсеткіштер қолданылады.

3. Шығындар бөлінбейді. Қорларды бағалау нарықтық құнда берілген мәліметтер қолданылады.

31. Бірлесіп өндірілетін өнімдер арасында кешенді шығындарды тарату әдістері

Кешенді шығындарға немесе бірлесіп өндіретн өндіріске бір немесе бірнеше өнім өндіретін бірыңғай өндіріс урдісімен байланысты өндірістер жатады.

Бір мезетте бірнеше өнім өндіретін және әрқайсысының жеке сату бағасы бар өнімдерді бірлесіп өндіріетін өнім деп атайды.

Сол негізгі өнімдермен қатар өндірілетін, бірақ сату бағасының ерекше бағасы бар өнімдерді жанама өнімдер деп атайды.

Технологиялық урдісте бірлесіп өндірілетін өнім жеке өнім ретінде қабылданатын нүкте бөлу нүктесі деп аталады.

Бірлесіп өндіретін өнім мен жанама өнімдер бір өнімді өндіру кезінде екінші бір өнімді өндірмеу мүмкін емес болатын өндірістерге тән.

Оған мына өндірістер мысал бола алады:

1. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуден өткізу

сүт зауыты сүт, кілегей, сүзбе, май

ет комбинаты ет, май, тері, сүйек

2. Химиялық өндіріс

Органикалық химия этилен, пропилен, бензол

Барлық өндірілген өнім белгілі бір кезеңде сатылатын болса, онда кешенді шығындар әр өнімге жеке бөлудің мәселесі жоқ деуге болады. Себебі дайын өнімді бағалаудың қажеті болмайды, өйткені сатудан түскен түсімнен жиынтық өзіндік құнды шегереміз.

Егер есеп кезеңінің соңында сатылмай қалған өнім болса, онда шығындарды өнімдер арасында бөліп тарату қажет. Ол үшін ең тиімді бөлу әдісін табу қажет. Бұл бухгалтерден негізделген шешім қабылдауды талап етеді.

Кешенді өндірісте шығындарды жеке өнімге немесе қызметке бөліп тарату себебі басқа кез келген шығындарды тарату сияқты бірдей, ол мынадай:

1. сыртқы қаржылық есеп пен салық есептілігі үшін айналымдағы өнім мен қорларды бағалау.

2.Ішкі мақсаттар үшін қорлар мен айналымдағы өнімнің өзіндік құнын бағалау үшін.

3. сатып алушыға тек бірігіп өндірген өнімнің жартысын сатқанда, келісім шарт бойынша шығындарды айқындау жағдайында.

Кешенді шығындарды бөліп тарату үшін бөліну нүктесіне дейінгі 2 әдісті қолдануға болады:

1.Натуралдық көрсеткіштер көмегімен (масса, көлем т.б.)

Кешенді шығындарды өнімнің нарықтық құны бойынша бөлу . онын өзі мынандай әдістерге бөлінеді.

Бөлу нүктесіндегі нарықтық баға әдісі

Сатуға мүмкін болатын таза құн әдісі

Таза пайланың түпкілікті бөлігі әдісі

Натуралды көрсеткіштер әдісінде кешенді шығындарды бөліп тарату базасы үшін өндірілген өнім көлемінің натуралды заттай көрсеткіштері қолданылады. Кешенді шығындарды бөлу кезінде белгілі бір өнімнің пайданы қалыптастыруға қабілеттілігі ескерілмейді.

Мысал, кешенді шығындар : х-4000 бірлік ,сату бағасы 7,5өнім ш.б

У-2000 бірлік, сату бағасы 25 ш.б.

z- 6000 бірл, сату бағасы – 3,33 ш.б

Өнім

Өндірілген бірлік

Жалпы өндірілгеннен үлесі

Кешенді шығындарды бөлу үрдісі

Өнім бірлігі ө.қ

х

4000

1/3

20000

5

у

2000

1/6

10000

5

z

6000

1/2

30000

5

12000

60000

Егер әр өнімнің өзіндік құны бірдей болған жағдайда кешенді шығындарды келесідей бөлуге болады.

Өнім бірл.өз.қ =60000/12000 =5

Кешенді шығындарды бөлу: х өнімі =4000*5 =20000

у =2000*5 =10000

z =6000*5 =30000

егер бірлесіп өндіретін өнімдердің сату бағасы әр түрлі болса, онда әр өнімнің бірдей ө.құны пайданың есептелуін бұрмалайды.

өнімдер

стт

Жиынтық ө.қ

Пайда(залал)

Сату көлеміне пайда

х

30000

20000

10000

10000/30000 =33%

у

50000

10000

40000

80%

z

20000

30000

-10000

-50%

жиын

100000

40000

40%

2) сату құнына негізделген әдіс. Бұл әдіс бойынша бірлесіп өндірген өнімдердің сату құны б/ша бағалауға пропорционалды жүзеге асырады. Сонымен қатар ең жоғары сату бағасы болған өнімдерге жоғары деңгейдегі шығындар сәйкес келеді.

Мазмұны

А’

В’

Барлығы:

Сатудан түскен түсім

1440

[1000-(1000´20%)]´1,8

560

[500-(500´20%)]´1,4

2000

Кешенді шығындарды тарату

675

225

900

Бөлінетін шығындар

300

200

500

Шығарылған өнімнің ӨҚ (2+3)

975

425

1400

33.Негізгі бюджетті құру сатылары. Бюджет дегеніміз- қаржылық немесе сандық көрсеткішпен белгіленген белгілі кезеңге жоспар. Бюджет бүкіл компания бойынша және оның бөлімшелері бойынша жасалады. Бюджет бір уақытта табыстарды да, шығыстарды да қабылдай алмайды. Олардың өзара теңдігі қажет емес. Бюджетті дайындау барысында оның түсінікті қалыптасқан атауынан және жасалып жатқан уақыт мерзімін көрсетуден бастау қажет. Бюджет негізі 1 жылға құрылады ж\екварталдарға бөлініп жасалады. Ұйымның бюджет жасау процесі бюджеттік кезең деп аталады. Ол мына кезеңдерден (сатылардан) тұрады:

  • бюджет құру мақсаты;

  • Белгіленген мақсатқа әсер ететін факторларды анықтау;

  • Бюджет бағдарламасын дайындау;

  • Өндірістік бөлімшелердегі бюджеттің алғашқы дайындығы;

  • Жоғары басшылықпен бюджеттің құрылымын талқылау;

  • Ұйымның сынақ бюджетіне сипаты мен талдауы;

  • Қорытынды бюджетті қабылдау.

1. Бюджет құру мақсаты – кәсіпорын қызметтерін және . негізгі міндеттерді олардың құрылуына жауапты тұлғаларға тапсырмаларды бөлу. Мұндай мақсатқа, мысалы, тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие өнімнің сату көлемін көбейту жатады.

2. Белгіленген мақсатқа әсер ететін факторларды анықтау – мысалға өндірілген өнім көлемін жатқызуға болады. Өнім көлемінің көп болуына сатып алушылардың нарықты зерттеу нәтижесінде алынған өнімге деген сұранысы, кәсіпорынның потенциалды өндірістік кәсіпорынның қызметтерін кешенді талдау нәтижесінде алынған мүмкіндіктері факторлары жатады.

3. Бюджет бағдарламасын дайындау, мысалы, өткізудің бағдарламасы тұтынушылардың сұранысы нәтижесінде және кәсіпорынның өндірістік дәрежесі анықталатын өткізудің ассортименті және көлемін қамтуы тиіс.

4. Өндірістік бөлімшелердегі бюджеттің алғашқы дайындығы – бұл үрдіс төменнен жоғары қарай жүруі тиіс, бюджет басшылықтың төменгі деңгейінде пайда болады. Содан кейін одан жоғары деңгейлерде дамып, жүзеге асады. Өткен кезең және алдағы өзгеруі мүмкін шарттарыының нақты есебінің қалыптасуына әсер ететін бөлімшелер арасында құрылуы қажет.

5. Жоғары басшылықпен бюджеттің құрылымын талқылау - бюджеттің бір деңгейіндегі көрсеткіштердің қатынастарын зерттеу арқылы әрбір деңгейде әрбір бөлімше үшін келісілген қолжетімді шешімдер қабылданады. Әрбір деңгейде сметалық кірістер мен шығыстардың шоты, баланс және ақша қаражаттарының қозғалысы есебі құрастырылады.

6. Ұйымның сынақ бюджетіне сипаты мен талдауы - Бюджеттердің негізінде әрбір деңгейдің сынақ, кешенді бюджеті құрылады. Сынақ бюджетінің құрамына:

  • Болжамданып шығарылған мәліметтер;

  • Өндірістік бағдарлама;

  • Кірістер мен шығыстар балансы;

  • Ұйымның балансы;

  • Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі

Ұйымның сынақ бюджеті кіріс және шығыс бөліктерінен тұрады. Егер кіріс,шығыс бөліктері тең болса, ұйым бюджеті оңтайлы болады.

7. Қорытынды бюджетті қабылдау – бекітілген бюджет жоғарғы - 1-деңгейде орындалады, онда жалпылама (генеральный) бюджет құрылады. Оның құрамына пайда мен зиян жайлы есептілік, бюджет балансы және ақша қаражаттырының қозғалысы есебі кіреді. Жалпылама бюджет бектілгеннен кейін барлық ұйым жауапкершілік орталықтарына бағытталады.

Бюджетті құру жалпы жоспарлау үрдісінің қаржылық бөлігі ғана емес,оның бөлінбейтін элементі болып табылады.