Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баа Перизат.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
123.39 Кб
Скачать

Қызмет көрсетуге тарифтер

Қызмет көрсету — заттық нысан сипатына ие болатын және тұтынылу құны еңбектің заттық өнімінен өзгеше түрде нақты еңбектің пайдалы нәтижесінен көрініс табатын арнайы еңбек өнімі. 

Дәрігер, мұғалім, актер, шаштараз т.б. көрсететін қызмет осындай еңбек өніміне жатады. Олардың еңбегімен сатып алу және сату нысаны, тұтыну заты бола алатын бейзаттық нысандағы белгілі бір өнім өндіріледі. Алайда Қызмет көрсету ұрлана алмайды, бірақ оны өндіру мен тұтыну үдерісі уақыт жағынан үйлес келеді. Қызмет көрсету бейматериалдық (жаттықтырушылардың, заңгерлердің, актерлердің, банк қызметкерлерінің, т.б.) және материалдық. Қызмет көрсету (тұрмыстық техниканы жөндеу, жеке тапсырыспен киім тігу, т.б.) түрлеріне бөлінеді. Материалдық қызмет көрсету жағдайында материалдық зат өндіріс нәтижесі және тұтыну нысаны болып табылады. Қызмет көрсету аясының ілгерілеуі үшін іргелі негізі болып табылатын материалдық өндірістің дамуы, сондай-ақ қызмет көрсету аясындағы еңбек бөлінісі қызмет көрсету түрлерін кеңейте түседі.

Қызмет көрсету мазмұнына қарай жеке адамға үйде қызмет көрсету (аспаздар, үй қызметшілері, т.б.), жаңа бұйымдар жасайтын қызмет көрсету (халықтың жеке тапсырыстары бойынша тұрғын үйлер салу, киім-кешекті не аяқ киімді жеке-дара тапсырыс бойынша тігу, т.б.), бұрын пайдаланылған тауарлардың тұтынылу қасиетін қалпына келтіру (тұрғын үйлерді, тұрмыстық техниканы, т.б. жөндеу), зияткерлік қызмет көрсету (жаттықтырушылық, жарнама, т.б.), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет аясындағы қызмет көрсету, көлік, пошта телекоммуникация көрсететін қызмет, банктер мен сақтандыру қоғамдарының қызмет көрсетуі, сауықтыру мекемелерінің, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызмет көрсетуі түрлеріне жіктеледі.

Қызмет сферасындағы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктері:

  • Қызметке сұраныс әрқашан жеке-дара және өндіріске алғышарт болады, жергілікті сипатқа және іс-жүзінде өзара алмастыруға келмейді.

  • Қызметтерді тұтыну, материалдық игіліктерді тұттынуға қарағанда шексіз. Тұттынушы әдетте қызметтің бірнеше түріне сұраныс білдіреді: (шаруашылық қызметтердің дамыған сферасы көңіл көтеруге, туризмді дамытуға, байланыс қызметтеріне, сұранысты арттыруды қоғамдық тамақтануға және т.б. бос уақыт бөлуге мүмкіндік береді)

  • Әлеуметтік қызметтердің жоғары қоғамдық мәнділігі (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет (жеңілдіктер, дотациялар, жеке қызметтердің тегін көрсетілуін анықтайды)).

  • Жыл маусымдарында, тәулік мерзімдерінде, апта күндерінде қызметке сұраныстың бірдей болмауы, қызметті жинақтау және сақтау мүмкіндігінің болмауы, икемді бағақұрылу, дифференциалды бағақұрылу, жеңілдіктер мен қосымшалар механизмін қолдану арқылы тарифтерді және сұраныс қарқындылығын реттеуді қажет етеді.

(Мысалы, тәулік мерзіміне және апта күндеріне байланысты байланыс қызметтері.)

• Тарифтердің дифференциациясы арқылы сұраныстың уақыт бойынша тербелу қарқындылығын толығымен түтзеу мүмкін емес. Ол шың кезеңінде қызметті ұйымдастыруға, сұранысты қанағаттандыруға қажетті шығындар жұмсауды және шындық емес кезеңге сұранысты жылжыту шараларына шығын жұмсауды қажеттілігін керек етеді. Шындық және басқа уақыттағы сұранысты қанағаттандыру шығындарының құрылымы іс-жүзінде ешқашан сәйкес келмейді.