Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Ашы трбие сааты

.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
17.1 Кб
Скачать

Жүргізуші:

  • Сәлеметсіздер қадірменді ұстаздар, замандастар!!!

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!!!

Мағжан армандаған жастарымыз осында болар!!!

Ұрпақ тәрбиесі – қай заманда да күн тәртібінен түспеген келелі мәселелердің бірі. «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп данышпан әл – Фараби айтқандай, өркениетті елдердің қатарына «буынып - түйінген» мемлекеттің көшбасшы шыңына шығуы – бүгінгі ұрпақ бейнесімен айшықталады. Құрбы – құрдастар, қалай ойлайсыздар, Абай, Мағжан, кешегі Қайраттар армандаған жастар 21 ғасыр жастары ма? (Студенттер пікірлерін тыңдау).

Жүргізуші:

  • Ал, ендеше сіздер көшеде, қоғамдық автокөлікте күнделікті кездесетін оқиғаға назар аударсақ.

1 – көрініс:

(Көше дауысы. Әрлі – берлі өткен халық. Бір қарт шал келе жатады, бір студент (құлағында наушнигі бар, музыканы қатты тыңдап келе жатады) қағып кетеді. Ақсақал құлап қалады, студент жігіт назар аудармайды да):

Ақсақал (орнынан тұра алмай жатыр):

  • Балам, көмектесіп жібере аласың ба? (студент жігіт назар аудармайды да).

Ақсақалдың құлағанын көрген 50 – лер шамасындағы әйел адам орнынан тұрғызады:

Ақсақал:

  • Рахмет, айналайын!!! Қосағыңмен қоса ағар!!! Мына түлкі заманда жастарымыз не болып бара жатыр? Тәрбиелеуде қай жерінен келте кетіп жатырмыз? Шыңғыс Айтыматовтың мәңгүрт кейіпкері – 21 – ғасырдың жастары секілді ғой... Онда кейіпкерді мәңгүрт қылған түйе жүнінен жасалған бас киім болса, біздің жастарды маймылға айналдырып жатқан шетелдің даңғырлақ, мағынасыз әншілері, үстілеріндегі киімдерін көрсеңіз, дәл мата жетпей қалған сияқты.... Ұрпағым рухани азу үшін бе, ата – бабаларымыз қасық қаны қалғанша мұншалықты ұлан – ғайыр өлкені сақтап қалу үшін шайқасқаны...

Жүргізуші:

  • Рас, бүгінгі тасқындаған толассыз ақпараттар толқыны – технология дәуірінің жемісі. Демек, жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа емес. Әсіресе, «саңылауын» батыстың «батпағы» бітеген жастардың бойына ұлттық тәрбие ұрығын себу қиынның қиыны.

Еуропа, Еуропа деп, бөгде елдің мәдениетіне ауыз салмас бұрын, өзіміздің мәдениетімізді терең түсінуге тырысқан дұрыс болар. Қалай ойлайсыздар?! Қазақ салтында атаға қарсы келген бе? «Ата тұрып, бала сөйлегеннен без» демей ме?! Ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар!!!

Студенттермен сұхбат.

Жүргізуші:

  • Көш алдына қараса,

Бір қыз кетіп барады,

Шытырма көйлек етінде,

Нұр сәулесі бетінде,

Бұралып кетіп барады,

Перінің қызы секілді

Орта бойлы дембемеше,

Алтын шыны кеседей,

Екі көздің шарасы

Бейіште жанған шамшырақ

Көзінің гауһар қарасы

Туған айдай иілген.

Екі қастың арасы

Сымға тартқан күмістей

Он саусақтың сондай – ақ боп туар – ау,

Адамзаттың баласы, - деп, сұлулықтың этоланына айналған қазақтың Қыз Жібегін осылай суреттейді. 21 ғасыр Қыз Жібектері қандай? Ақылына көркі сай, көркем сөз, әсем, әуезді күлкі иелері ме, біздің қыздар? Ойларынызды ортаға салмас бұрын, бір көрініске назар аударсақ...

2 – көрініс:

Аудитория. Студенттер кіріп келеді. Орындарына жайғаса бастайды. Мұғалім кіріп келеді. Бәрі орнынан тұрып амандасады. Мұғалім амандасып болғаннан кейін, сабақ бастайды.

  • Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Электродтар классификациясы». Жалпы электродтар дегеніміз – өткізгіштер, яғни электр тогының бір ортадан екінші ортаға көшуі. (Осы кезде артта боянып отырған бір қызға көзі түсіп кетеді).

  • Айналайын, қызым!!! Дәрісті түсініп алуға тырыс. Әлі жап – жассың ғой, бояудың да қажеті жоқ. Онсызда әдемісің ғой!!! (Студент қыз мұғалімнің айтқан сөзіне мән де бермейді). Қазір үзілісте боянасың, дәрісті жазып отыра ғой!!!

Студент қыз ашулана:

  • Зачем мне слушать вашу лекцию!!! Могу и в интернете еще круче найти... Боянғым келеді, боянамын!!! Сейчас на дворе 21 век, а не Советский союз... (Аудиториядан шығып кетеді).

Студенттердің ойы.

Слайд көрсету.

Жүргізуші:

  • Тәрбие мен білім егіз ұғым. Германия, Малайзия, жаңа ғана көрсетілген Жапония секілді мемлекеттер ұрпақтың зияткерлік сапасын көтеру арқылы мемлекеттің жалпы қуатын алдыға сүйреген. Аталған елдердің қай – қайсысы болмасын жер байлығы Қазақ елінің шалымынада келмейді. Әйткенімен де, білім сапасы мен адам капиталына инвестиция салу арқылы ғажайып жетістіктерге жетуде. Ғылым мен мәдениеттің жілігін шағып, майын ішті. Аталмыш мемлекеттермен Қазақ елінің терезесі тең болуы үшін біз тәуелсіз ел ұрпақтары «Қараңғы Қазақ көгіне, өрмелеп шығып, Күн болатын!!!» ұлт мақтанышына айналуымыз қажет деп білеміз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рахмет!!!