Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудиторлы? д?лелдеулер РЕФЕРАТ.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.09.2019
Размер:
42.77 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Дәлелдеулер туралы жалпы түсінік

  2. Дәлелдеулерге қойылатын талаптар

  3. Аудиторлық дәлелдеу алудағы қолданылатын тәсілдер

  4. Аудиторлық дәлелдеулер құрылымы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Аудиторлық дәлелдеулер – аудит мәліметтерінің көздері мен табиғатын, сондай-ақ мәліметтердің және осы мәліметтерді алуға көмектесетін әдістердің жеткіліктілігі мен жарамдылығы туралы мәселелерді қарастырады. Аудиторлық дәлелдеулер дегеніміз аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұырымдау процессінде пайдалануға алатын ақпараттары.Аудиторлық дәлелдеулерге қаржылық қорытынды есепті құруға негіз болған және басқа көздерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы құжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады.

Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін жеделдету мақсатында аудит жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын, оларды іске асыру жөніндегі нақты тетіктерді жасау, шетелдік инвестициялардың ағынын молайту, халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қор нарығын жандандыру керек.

Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, аудиторлық қызметтерге мұқтаждық мынадай жағдайларға байланысты туындады:

- осы ақпаратты пайдаланушылармен (меншік иелерімен, инвесторлармен, кредит берушілермен) жанжал болған жағдайда әкімшілік тарапынан дәйексіз ақпарат беру мүмкіндігімен;

- қабылданған шешімдер салдарларының ақпарат сапасына байланыстылығымен;

-    ақпаратты тексеру үшін арнайы білімнің болуы қажеттілігімен;

-    ақпаратты пайдаланушылардың ақпарат сапасын бағалау үшін оның көздеріне қол жетімділігінің ішінара болмауымен.

Барлық осы алғышарттар тиісті дайындығы, біліктілігі, тәжірибесі және осындай қызмет түрлерін көрсетуге рұқсаты бар тәуелсіз сарапшылар қызметтеріне қоғам мұқтажының пайда болуына алып келді. Бұл, расталған ақпараттың болуы барлық мүдделі нарыққа қатысушылардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға және түрлі экономикалық шешімдер салдарларын бағалауға және болжамдауға мүмкіндік беретінімен байланысты.

Аудитті жүргізу барысында қаржылық есептегі ақпараттың дұрыстығын растау үшін аудиторлық дәлелдемелер қолданылады. Менің өзіндік жұмысым осы аудиторлық дәлелдемелерге арналған.

Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек. Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан  ол аудиторға басшылыққа арналған  және оның қызметінің тиімділігін жоғарлату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.

  1. Дәлелдеулер туралы жалпы түсінігі

Бухгалтерлік  есептің дұрыстығы жөнінде өз мәнін негізін көрсету үшін аудитор  мынадай процедуралардың негізінде  жеткілікті аудиторлық дәлелдемелер алу қажет:

  1. шоттар бойынша қалдық және айналымдардың бухгалтерлік есепте көрсетілуінің дұрыстығын тексеру.

  2. аналитикалық есептің дұрыстығын тексеру.

  3. ішкі бақылау құралдарын тексеру

Аудитор бағдарламасында  аудиторлық дәлелдемелер жинау үшін қандай аудиторлық процедураларды және қандай көлемде орындау қажеттігін айқындау қажет. Аудиторлық бағалауға қажетті ақпараттың көлемі қатаң реттелмеиді. Экономикалық субьектілердің бухгалтерлік есебінің дұрыстығы жайды қорытындықұрастыру үшін қажетті ақпараттың көлемі туралы аудитор өзінің мамандық  пайымдаулары ретінде өзіндік шешім қабылдау міндетті.  Дәлелдеулерді алу әдістерін таңдауда қаржылық ақпарат маңызды бұрмаланған болуы мүмкіндігін еске сақтаған жөн.

Аудиторлық дәлелдемелер ішкі және сыртқы немесе аралас болуы мүмкін. Ішкі аудиторлық дәлелдемелерге экономикалық субъектіден жазбаша немесе ауызша түрде алынған ақпарат жатады. Сыртқы аудиторлық дәлелдемелерге 3 жақтың берген жазбаша ақпараты жатады.  Аралас аудиторлық дәлелдемелерге экономикалық субъект жазбаша және ауызша түрде алынған ақпарат және 3 жақпен берілген ақпарат жатады.

Аудиторлық дәлелдемелер  дұрыс және жеткілікті болу керек. Олардың  әрбір нақты  жағдайында жеткіліктігін  ішкі бақылау жүйесін және аудиторлық тәуекелділік шамасын бағалау негізінде анықтайды. Аудиторлық қорытынды құрастыру үшін аудитор сапалы дәлелдемелердің жеткілікті көлемін жинауға міндетті.

Аудиторлық дәлелдемелерді алатын көздері – дәлелдеуші ақпарат  болып табылады. Дәлелдеуші ақпараттарға:

  1. экономикалық субъектінің және 3-ші тұлғаның бастапқы құжаттары

  2. экономикалық субъекті бухгалтерлік есебінің регистрлері

  3. экономикалық субъект қаржы шаруашылық қызметін талдаудың нәтижелері

  4. экономикалық субъект қызметкерлері мен 3-ші тұлға ауызша және жазбаша жауаптары

  5. экономикалық субъект кейбір құжаттарын басқалармен салыстыру

  Аудиторлық дәлелдемелердің негізгі көздері мыналар болып табылады: бухгалтерлік есептің қолданыстағы заңнамасы, салықтар туралы және басқа да номативтік-құқықтық актілер, бухгалтерлік есеп стандарттары, қаржылық есеп стандарттары, есеп саясатының қағидасы, бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама, қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп тізімдері. Алғашқы құжаттардың ішінен дәлелдеме көздеріне мыналар жатады: смета, шикізат шығындарының нормасы, лимит картасы, жолдағы қағаздар, инвентарлық сипат, салыстыру ведомосттары, хабарлама, төлем құжаттарының көшірмесі, келіп түскен жүктер есебінің журналы, счет фактуралар, ішкі орын ауыстыруларға үстемелер, тауарлы- транспорттық үстемелер, жүктік кедендік декларациялар, сертификаттар, кіріс ордері, сенімхат және т.б.