Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудиторлы? д?лелдеулер РЕФЕРАТ.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.09.2019
Размер:
42.77 Кб
Скачать
  1. Дәлелдеулерге қойылатын талаптар

Аудиторлық дәлелдеме құзыретті және жеткілікті болуы тиіс. Бұл үшін әртүрлі көздерден (ішкі және сыртқы) жиналған дәлелдемелер элементтері жүйелі, жинақты, маңызды болуы тиіс.

Аудиторлық дәлелдемелердің құзыреттілігі деп тепе-тең аудиторлық рәсімдерді пайдалана отырып алуға болатын сенімділік деп түсінуге болады.

Аудиторлық дәлелдемелердің жеткіліктігі деп хабарландырылу көмегінің арқасында хабардар етілген адамның немесе ішкі аудитордың осындай қорытынды жасай алатын барабарлығы әрі сенімділігі деп түсініледі

Аудитор еш уақытта өз пікірінің түгелімен дұрыстығына толық сенімді бола алмайды.Сонымен бірге ол өзінің пікірі белгілі бір дәрежеде әділетті екендігіне сенімді болуға тиісті.Барлық дәлелдеулерді салыстыра отырып.аудитор қорытынды жасау үшін олардың жеткілікті түрде нанымды екендігін шеше алады.Ондай шешімді аудитор өзі алған дәлелдеулер төмендегі талаптарға сай екендігінне сенімді болса ғана қабылдай алады:

  1. Дұрыстық

  2. Жеткіліктілік

  3. Өз уақытында алынуы

Дұрыстық дегеніміз бұл аудитор алған дәлелдеулердің шын екендігінің және сенімге лайық болғандығының айғағы егер дәлелдеулер жоғары дәрежеде шындыққа жататын болып есептелсе,ол тапсырылған қаржылық қорытында есептің әділдігіне аудитордың көзін жеткізеді.Мысалы,егер тауарлы материалдық босалқыларға түгендеу жүргізу аудитордың қатысуымен жүзеге асырылған болса,ондай дәлелдеулер аудиторға берілген мәліметтерден алынған дәлелдеулерге қарағанда сенімдірек болады.Дұрыстықтың сапасын көтеруге жағдай жасайтын құраушылары болады.Атап айтсақ,ақпараттардың тәуелсіздігі.Шаруашылық жүргізуші субъектіден тыс жерден алынған дәлелдеулер клиенттің өзінен алынған дәлелдеулерге қарағанда сенімдірек. Мысалы сыртқы дәлелдеулер (банктердің.заңгерлердің.партнерлардың және т.б хабарлары) субъектінің өзінен алынған жауаптарға қарағанда сенімдірек болады.

Релеванттылық аудиттің мақсаты жəне қажет болса қараудағы бекітуге

логикалық байланысын қарастырады. Ақапараттың релеванттылығын

тестеу байқауы əсер етеді. Мысалы, егер аудиторлық шараның мақсаты

кредиторлық бересін болуы немесе бағалаудың бағасын көтеріп жіберуді

тестеу болса, құжатталған кредиторлық бересін тестеу сəйкес аудиторлық

шара болуы мүмкін. Екінші жағынан, кредиторлық бересінің болуындағы

немесе кредиторлық бересін төмендетуді тестеу жүргізгенде, құжатталған кредиторлық бересін тестеу сəйкессіз аудиторлық шара болады, бірақ сондай ақпаратты, сонымен қоса төленбеген инвойстар, кейінгі ығын-шығын, жеткізушілердің есеп айырсу бойынша хаттары, сəйкессіз кіріс құжаттарын тестеу релевантты болуы мүмкін.

Аталған аудиторлық шаралар нақты бекітулерге қатысты аудиторлық дəлелдерді беруі мүмкін, басқаға емес. Мысалы, кезеңді аяқтағаннан кейін дебиторлық берешекті өтеуге қатынасы бар жазбалар мен құжаттамаларды тексеру, тіпті жабу кезеңдері ақырғыларының сəйкестігі міндетті емес болып табылғанына қарамай-ақ, тіршілік ету мен бағалау жөніндегі аудиторлық дəлелдемені қамтамасыз етуі мүмкін. Екінші жағынан, аудитор əдетте аудиторлық дəлелдемені осындай бекітуге қатынастары бар болатын əртүрлі көздерден алады. Екінші жағынан, əр түрлі қайнар көздерден алынған аудиторлық дəлелдер немесе басқа сипаты бар аудиторлық дəлелдер əдетте ұқсас тұжырымдамаға сəйкес келуі мүмкін.

Аудиторлық дəлел алу үшін бақылауды тестеу мақсаты елеулі кемшіліктер

бекіту деңгейінде болдырмау, анықтау, түзетуді бақылау нəтижелілігін бағалау. Осыған орай, бақылауға қатысты жағдайларды айқындау, сондай-ақ, барабар түрде бақылаудан ауытқуларға қатысты жағдайларға жатады. Аудитор содан кейін бұл жағдайлар болуы немесе болмауын тестейді.

Шын мəніндегі шаралар бекіту деңгейіндегі елеулі кемшіліктерді анықтауға арналған. Олар бөлшектерді тестеу мен шын мəніндегі талдама шараларын қамтиды. Шын мəніндегі шараларды дамытуға байланысты бекітудегі кемшілік қалыптастыратын тестер мақсатына қатысты жағдайларды анықтаудан тұрады.

Аудитордың кәсіби біліктілігі.Аудитордық нақты тексеру жүргізу нәтижесінде тікелей алған ақпараттары клиентке сұрау беру арқылы алынған ақпараттарға қарағанда сенімдірек.Мысалы,егер аудитор жалпы табысты сатып өткізу көлемін пайыздық қатынас арқылы есептеп,оны өткен жылдардың мәліметтермен салыстыратын болса,онда мұндай дәлелдеулер ішкі бақылау дайындаған ақпаратпен салыстырғанда сенімдірек болады.

Жеткіліктілік аудиторлық дәлелдеулердің сандық өлшемі болып табылады.Қорытынды жасау үшін аудитор кәсіпорындағы бар барлық ақпараттарды жай ғана тексеріп қоймайды,дәлелдеулердің қажетті санын алу үшін ол іріктеу мөлшерін анықтайды.Себебі шаруашылық операцияларына қатысты қорытынды пікірлер ішінара тексеру процедураларының көмегімен құр Аудиторлық дəлел жеткіліктілігі мен тиістілігі өзара байланысты.Жеткiлiктiлiк- бұл аудиторлық дəлелдердiң сандық шамасы. Қажетті аудиторлық дəлелдер санына аудитордың бұрмалаулар тəуекелділігін бағалау (тəуекелділік жоғары болса, аудиторлық дəлелдер де көп мөлшерде қажет) жəне аудиторлық дəлелдер сапасы (сапа жоғары болса, дəлелдер азырақ) əсер етеді. Бірақ көбірек аудиторлық дəлелдерді алу, олардың жетіспейтін санының орнын толтыра алмайды.

Сəйкестiлiк болса бұл - аудиторлық дəлелдiлiктiң,олардың нақты бiр пайымдауға қатысты релеванттылығының жəне де олар сенiмдiлiктiң сапалық шамасы. Аудиторлық дəлелдердің сенімділігіне оның қайнар көздері мен

сипатына, сондай-ақ аудиторлық қорытынды алынған жекелеген жағдайларға да байланысты болады.

330 АХС сəйкес аудитор жеткілікті тиісті аудиторлық дəлел алынғандығы бойынша қорытынды қалыптастырады.2 Аудиторлық тəуекелді қолайлы төмен деңгейге дейін төмендету мақсатымен, сонымен қоса аудиторға аудитордың пікірін негіздейтін жөн қорытындыларды жалпылауға мүмкіндік беру мақсатымен жеткілікті тиісті аудиторлық дəлел алынды ма, жоқ па деп кəсіптік мəселе болып табылады. 200 АХС-ына сондай мəселелерді талқылау кіреді, мысалы, аудиторлық шаралар сипаты, қаржылық есеп мерзімдері, табыс пен шығыс балансы. Аудитор жеткілікті тиісті аудиторлық дəлел алынғандығы бойынша кəсіптік пікірін білдірген жағдайда, бұл релевантты факторлар болып табылады.алуы мүмкін.

Аудиторлық дәлелдеулердің өз уақытында алынуын екіжақты қарастыруға болады:дәлелдеулерді жинау кезеңдері бойынша және тексеру тексеру кезеңдері бойынша.Мысалы,ақша қаражаттарының өтімділігін баланс жасау мерзіміне жақындатыңқырап бағалаған дұрысырақ болады,себебі ұл кезеңде жинақталған дәлелдеулер нанымдырақ болады.Егер табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептің дұрыстығына дәлелдеулер жинау керек болса,онда оларды іріктеу жолымен тексерудің барлық кезеңіне динау қажет.