Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сақтандыру шпоры.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
407.04 Кб
Скачать

20. Сақтандыру шартын жүргізуді ұйымдастыру

Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шарт келесіні қамтиды:

  1. Екі жақтың атауы

  2. Сақ/у обьек/е сипаттама

  3. Сақ/у оқиғ/ң болуы туралы мән жайлар

  4. Сақ/у соммасы

  5. Сақ/у сый/ң мөлшері

  6. Пайда алушы туралы мәлімет

  7. Сақтану/ң міндеті

  8. Сақтандырушы/ң міндеті

  9. Сақтандырушы/ң сақ/у төлем/н бас тартуы

  10. Сақ/у шартының тоқтатылуы

  11. Сақ/у шарт/ң іс – әрекет етпеу жағдайы

  12. Сақтан/ы ауыс/у жағдайы

21.Сақтандыру тарифтері, тарифтік ставка құрылымы

Сақтандыруға жатқызылатын нақты объектілердің шығындарын есептеу сақтандырушының маңызды проблемалары болып табылады. Бұл проблемалар сақтандыру қызметтерінің құнын, шығынын, немесе өзіндік құнын анықтауға қарастырылады. Осындай есептеу негізіне сақтандыру тарифі немесе тарифтік ставка жатады.

Сақтандыру тарифі – сақтандыру сомма бірлігінен алынатын сақтанушының ақшалай төлемдерін айтамыз. Сақтандыру тарифі арқылы сақтандыру сыйақысы есептелінеді. Ал, сақтандыру сыйақысы арқылы сақтанушы сақтандыру ісіне кететін шығындарды есептейді және сақтандыру резервтерін қалыптастырады. Сақтандыру тарифі сақтандыру соммаының 100 бірлігінен тіркелген ақшалай төлем түрінде алынады.

Сақтандыру тарифтері сақтанушының сақтандыру төлемдерін жұмсаған, істі жүргізуге жұмсалған шығындардан біршама жоғары болуын қамтамасыз ететіндей деңгейде болуы тиіс.

Сақтандыру тариф мөлшері әрбір сақтанушы шығынына есептелінеді. Сақтандыру тариф мөлшері сақтандыру жауапкершілігі көлеміне байланысты халықаралық сақтандыру тәжірибесінде ставка «Брутто-ставка» деп аталады. Құрылымы: Нетто-ставка+жүктеме

Жүктеме=Пм+РВ+ПП

Пм – алдын алу шараларына арнылған шығындар

РВ – сақтандыру процесіне арналған шығындар

ПП – жоспарланған пайда

Брутто ставка – сақтандыру бойынша тарифтік ставка жалғасы, ол нетто-ставка сомасын, яғни сақтандыру төлемдерін қамтамасыз етуге арналған және жүктемеден, яғни сақтандыруды жүргізуге байланысты басқа да шығындарды жабуға арналған ставкадан тұрады.

Нетто ставка – сақтандыру қорының негізгі бөлігін қалыптастыруға арналған. Ол сақтандырушының сақтандыру төлемдерін немесе сақтандыру төлемдерінің шығындарын құрады. Ол сақтандыру шартында көрсетілген сақтандырушылардың қаржы міндеттемелеріне орындауғы арналған.

Жүктеме – сақтандыру қорын қалыптастыруға байланыссыз сақтандыру тарифінің бір бөлігі. Жүктеме сақтандырушының сақтандыру ісін жүргізуге және ұйымдастыру бойынша шығындар, босалқы қорларға аударымдар және пайда міндеттерін құрайды.

22.Актуарлық есеплер, оның түрлері, міндеттері.

Актуарлық есеп – бұл тарифтік мөлшерлемелерді, сақтандыру резервтерінің мөлшерлемелерін және жарна резервтерін, ұзақ мерзімді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларын есептеудің экономика-математикалық әдістерінің жиынтығы болып табылады.

Актуарлық есеп – математикалық және статистикалық әдістер жиынтығы. Ол арқылы есептеулер жүргізіледі.

Актуарлық есеп «үлкен сандар» заңын, ықтималдылықтар теориясын, жол апаттарының, адам өлімінің, науқастардың, табиғи апттардың және басқа да қолайсыз жағдайлар статистикасын қажет етеді.

Актуарлық калькуляция – бұл актуарлық қорытынды туралы есеп, әдетте, кесте түрінде берілген актуарий жұмысы нәтижесі болып табылады. Актуарлық калькуляция бір жағынан сақтандыру тарифтерінің мөлшерін және сақтандырушы ұсынатын қызметтің өзіндік құнын анықтауға мүмкіндік береді, екінші жағынан, актуарлық калькуляция арқылы сақтандырушының экономикалық, қаржылық және ұйымдық табыстарының себептерін немесе оның қызметіндегі кемшіліктерін талдауға және анықтауға қолайлы жағдайлар туғызады.

Актуарлық есептеулер барысында келесі жағдайлар ескеріледі:

  1. Бағалауға алынатын оқиғалардың ықтималдылық сипаты;

  2. Сақтандырушы көрсететін қызметтерінің өзінік құнын барлық сақтандыру түрлері бойынша жалпылай анықталады;

  3. Сақтандыруушының сақтандыру резервтерінің оңтайлы мөлшерін анықтау қажеттілігі;

  4. Сақтандыру келісімдерін сторнолық түзету жағдайларын болжамдау қажеттілігі;

  5. Уақыт бойынша банктік % мөлшерлемелерді өзгеру тенденцияларын зерттеу;

  6. Уақыт және кеңістік бойынша шығындар мөлшерін және сақтандыру жағдайлары жиілігін зерттеу;

  7. Сақтандырушының қаржылық жағдайы мен оның ұсынған сақтандыру мүмкіндіктерінің арасындағы тепе-теңдік принципін қадағалау;

  8. Белгілі бір сақтандыру түрі бойынша және олардың жиынтығы ішінде біртекті тәуекелдер тобын анықтау.

Актуарлық есеп сыныпталуы:

  • Сақтандыру салалары және түрлері бойынша:

  1. Жеке сақтандыру бойынша есеп;

  2. Мүліктік сақтандыру бойынша есеп;

  3. Жауапкершілікті сақтандыру бойынша есеп

  • Уақыт белгісі бойынша:

  1. Есептік/ағымдық

  2. Жоспарлық есеп

  3. Кейінгі есеп

  • Иерархиялық деігейі бойынша:

  1. Республикалық есеп;

  2. Аймақтық есеп;

  3. Нақты бір СК бойынша есеп

Актуарлық есептеу негізіне ықтималдылық теориясы, демография және ұзақ серзімді қаржылық есептеулер жатады.

Міндеттері:

  1. Сақтандыру оқиғасының туындауы мен жалпы сақтандыру жиынтығында және жекелеген тәуекел топтарында ауыртпалық дәрежесі мен жиілігін математикалық ықтималдылықта есептеу;

  2. Сақтандыру жиынтығында тәуекелді топтау және зертте. Яғни, тәуекелді ғылыми сыныптау талаптарына сәйкестендіру;

  3. Сақтандырудың қажетті резервтік қорларына математикалық негіздеу жүргізу;

  4. Сақтанушылардың сақтандыру жарналарын инвестициялауға жұмсаудағы капитал салу нормаларын зерттеу.