Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сақтандыру шпоры.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
407.04 Кб
Скачать

36. Міндетті әлеуметтік с/удың мәні

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;

2) асыраушысынан айрылған жағдай;

3) жұмысынан айрылған жағдай.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;

2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;

3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;

4)әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;

5) әлеуметтiк төлемдердiң шарттар бойынша мiндеттiлiгi;

6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;

7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың қызметiндегi жариялылық.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға тиiстi адамдар

Жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтiретiн қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзi жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтiк сақтандырылуға тиiс.

Әлеуметтiк аударымдарды есептеу

1. Жұмыс берушiнiң қызметкерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарын есептеу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тәртiппен жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарына әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң ақшалай үлесiн қоса отырып жүргiзiледi.

2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн төленетiн әлеуметтiк аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi.

Бұл ретте айлық табыс әлеуметтiк аударымдарды eceптеу үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.

3. Әлеуметтiк аударымдарды есептеудiң тәртiбi мен мерзiмiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

Әлеуметтiк аударымдарды төлеу тәртiбi

1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, төлеушi қорға әлеуметтiк аударымдарды Орталықтың банк шоты арқылы жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей төлейдi.

3. Әлеуметтiк аударымдар қолма-қол нысансыз жүзеге асырылатын төлеу күнi банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан әлеуметтiк аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептiн алған күн болып, қолма-қол нысанда жүзеге асырылатын төлеу күнi төлеушiнiң банкке әлеуметтiк аударымдарды енгiзген кезiнен бастап есептеледi.

37.Мүлікті сақтандырудың экономикалық маңызы

1. Мүлікті сақтандыру – бұл сақтандырудың бір саласы және оның обьектісі болып мүліктік мүдделер табылады. Мүліктік сақтандырудың экономикалық арналымы сақтандыру оқиғасының нәтижесінде мүліктің жоғалуымен, бұзылуымен, жойылуымен байланысты төлемдерді атаймыз. Сақтандырылған мүлікке сақтандырушының жеке мүлігі және оның иелегіндегі, пайдалануындағы, өкілеттілігіндегі мүліктер жатады. Сақтанушыларға өзінің мүлігінде заңды мүліктік мүддесі бар (жеке меншік, сенімді басқару, жалгердегі, сақтаудағы, тасымалдаудағы) заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады.

Мүлікті сақтандыру және оған байланысты мүдделер ерікті түрде жүргізіледі дегенмен, өмірлік маңызды мүлікке қатысты, мемлеет үшін стратегиялық маңызды сақталуына тек қана жеке меншін ғана емес, барлық қоғам мүдделі болса, онда сақтандырудың міндетті формасы қолданылады. Мүліті сақтандыруда шарт бойынша сақтандырушы шартта көрсетілген соманы сақтандыру оқиғасы туындаған кезде сақтанушыға төлейді.

Мүлікті сақтандырудың мерзімі сақтанушының мүдделеріне байланысты әдетте 1 айан 1 жылға дейін жүргізіледі. Мүлікті ерікті сақтандыру шартының ерзімі уақытына жетпей сақтандыру шартын бұзған кезде қысқаруы мүмкін және

  • Сақтандырушының өзінің міндетін сақтанушы алдында толықтай орындамағанда;

  • Сақтанушы сақтандыру сыйақасын немесе кезекті сақтандыру жарнасын төлемеген жағдайда;

  • Сақтанушы (заңды тұлға) жабылғанда және немесе жеке тұлға қайтыс болғанда;

  • Сақтанушы жабылғанда немесе қысқарғанда шарт күшін жояды.

38.Мүлікті сақ\ң сыныпталуы

Мүліктік сақтандырудың шексіз көп сыныптары мен түрлері қолданылады. Мүліктік сақтандырудың практикада кеңінен қолданылатын негізгі түрлері, яғни сыныпталу белгісі бойынша төмендегідей жүргізіледі:

  1. заңды тұлғанаң мүлкін сақтандыру:

  • негізгі өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістер;

  • жөндеу және құрылыс тәуекелдерін сақтандыру;

  • көлік, жүк тасымалдау көліктерін сақтандыру;

  • айылшаруашалығы малдарын, дақылдарын және екпе ағаштарын сақтандыру.

2. жеке тұлғалардың мүлкін сақтандыру:

  • құрылыстарды сақтандыру

  • үй мүлітерін сақтандыру

  • жеке еңбек қызметінде қолданылатын мүліктер

  • көлік құралдарын сақтандыру

  • үй жануарларын сақтандыру

  • ауылшаруашылығы дақылдарын және екпе ағаштарды сақтандыру

39. Негізгі өндірістік құралдарды және аяқталмаған өндіріс құралдарын сақтандыру.

Негізгі өндірістік құралдар шеңберінде сақтандырудың обьектілеріне ғимарат, құрылыс, техникалар, таратушы құрылғылар кіреді. Негізгі өндірістік құралдардың ерекшелігі – оның ұзақ уақыт бойы пайдалануында болып табылады. Сақтандыру сомасы сақтандырушының еркімен сақтандыру обьетісі құнының нақт бағасы мөлшерінде бекітіледі. Көп жағдайларда қалдық бағасы арқылы сақтандырылады. Сақтанушы негізгі өндірістік құралдарды қандай да бір тобын немесе жеке нысандарды таңдап сақтандыруы қажет. Негізгі өндірістік құралдардың жеке түрлерін сақтандыруда олардың шығуы мен пайдалану ерекшелігін ескеру қажет. Ерекше тәуекелдер болып қызмет көрсетудегі қызметкерлердің абайсыздығы, қасақана қателік жіберуі болып табылады. Аяқталмаған құрылысты сақтандыруда оның сақтандыру сомасы өндірістік шығын мөлшерінде бағаланады.

40.Жөндеу және құрылыс тәуекелдерін сақтандыру.

Бұл сақтандыу түрінде (өзбетінше немесе бірлесіп) мыналар қатысады: егер жөндеу жұмысы оның өзі немесе оның жауапкершілігі арқылы жүзеге асырылса жөндеу нысанының жеткізушісі және дайындаущысы, жөндеу және құрылыс жұмыстарын өндіріске тапсырған мердігер, жөндеу нысанын сатып алушы немесе құрылыс нысанына ақша салған салушы сақтанушы болып табылады.

Жөндеуге қатысушылардң барлығы бірыңғай полиске енгізіледі. Олардың құқықтары мен міндеттері шартта қарастырылады. Барлық жабдықтау және ғимарат құрылыс, машинаның барлық түрлері, жабдықтар, механизмдер және өткізілетін құрылымдар жатады. Шартта сақтандырудың аяқталу мерзімі обьектінің пайдалануға жоспарлы кіріскен күнінен ба тап белгіленеді. Сақтандыру сомасы тлық немесе сақтанушының еркі бойынша құрылыс жөндеу жұмысынң сметалық құнының бөлігіне, негізгі қорлардың нормативті тозуын шегеруде немесе шегермеуден баланстық құны қарастырылады. Құрылыс жөндеу жұмыстарымен айналысатын жұмыскердің денсаулығы мен өмірі азаматтың құқықтарды сақтандыру бойынша келісімшартында сақтандыру сомасы анықталады.