Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сақтандыру шпоры.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
407.04 Кб
Скачать

53. Кәсіпкерлік тәуекелдердің сыныпталуы

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру мына белгілері бойынша жіктелінеді:

1. Өндірістің қолайлы процесінің бұзылу жағдайынан сақтандыру:

  • өндірістің тоқтап қалу жағдайынан с\у

  • қайта құру, жаңа техникаларды және технологияларды енгізу тәуекелінен с/у

2. Коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру:

  • инвестициялар мен табыстарды с/у

  • банктік тәуекелдерді с/у

  • қаржылық, биржалық, валюталық тәуекелдерді с/у несиелік тәуекелдерді с/у

  • сыртқы экономикалық тәуекелдерді с/у

3. Өндірісті тоқтап қалу жағдайларынан с/у

54. Өндірісті тоқтап қалу жағдайларынан с/у обьектісі ретінде өндірістің тоқтап қалу салдарынан шығынға ұшырауға байланысты кәсіпкерліктің мүліктік мүдделері қарстырылады. С/у оқиғасы - өрттен, табиғи апаттардан, авариялардан, материалдар мен шикізаттардың жеткізілмеуі, электр энергиясының, жылудың, судың келмеуі, билік және басқару органдарының заңсыз әрекетісалдарынан сыртқы себептерге байланысты өндірістің тоқтап қалу нәтижесінде кәсіпкердің мүліктік мүдделеріне нұқсан келу жағдайы қарастырылады.

Ереуілдер, билік және басқару органдарының заңды шешімдері, азаматтық тәртіпсіздіктер сақтандыру жағдайлары шеңберіне жатқызылады. Сақтандыру оқиғасы орнын алғанда өндірістің тоқтап тұрған уақытындағы сақтанушының шағындарының осы кезде алынбай қалған табыстарының және өндірісті қайта қалпына келтіруге байланысты шығындарының орны толтырылады. Бұл жағдайда кейінге қолдан жіберіп алған табысты сақтандыру д.а. Шығынның мөлшерін әдетте кәсіпорынның арнайы мамандары есептейді. Оны тексеру үшін сақтандырушыға ұсынады. Тоқтап тұрған кезде өндірісті қайта құруға өндірісті қалпына келтіруге, билік органдарының тыйым салуына, сақтанушының материалдық қаржылық және еңбек ресурстарының жетпеуіне байланысты қосымша шығындар. Сондай-ақ материалдардың мерзімінен ерте жеткізілуіне, жоспардан тыс жұмыстар бойынша еңбекақы төлеуге байланысты қосымша шығындар сақтандыру обьектісі болып табылмайды.

55.Қайта құру, жаңа техникалар мен технологияларды енгізу жағд. с/у Қайта құру, жаңа техникалар мен технологияларды енгізу көп жағдайлардан өндірістің уақытша құлдырауына өнімнің өзіндік құнының артуына ж/е т.б.нәтижесінде кәсіпкерлердің кезең ішіндегі табысы біршама төмендейді. с/у к/оның ҒТПке деген қызғушылығын арттыруға бағыттталады. Табыстың төмендегідей сомасы әдетте кәсіпкер ескі құралдарды алмастыру жобасын құру барысында есептеледі. Яғни ол жоспарланады. Заң б/ша жоспарлы шығындар с/у обьектісі бола алмайды. Сол себепті с/у обьектісі ретінде форсмажорлық оқиғалармен б/ты жоспардан тыс шығындар қарастырылады. (табии апат, авария, валюта, бағамының өзгеруі,). Сақтандыру төлемінің лимиті ретінде с/у сомасы орнатылмауы мүмкін. Бұл жағдайда жоспардан тыс шығындар толық жабылады, ал сақтандыру сыйақысы жоспарлы шығыннан белгілі бір пайыз б/ша есептеледі. Жоспардан тыс шығындар сомасын сақтанушының өзі есептейді және оның сақтандырушыға салық кодексінен тексеруге ұсынады.

56. Қаржылық биржалық тәуекелдерді сақтандыру

Қаржылық тәуекел бұл қаржы құралдарын қолдану барысында болатын тәуекелдер. Қаржылық тәуекелдер келесілерге бөлінеді: несиелік, биржалық, валюталық, инвестициялық, инновациялық, банктік және т.б. Обьектісі: биржалық келісімшарт және алып-сату келісіміндегі сатушы мен сатып алушы тараптарының уақтылы және толықтай өз міндеттерін орындау.

Сақтандыру сомасы: келісімшарт көлемінің шегіндегі соммаға байланысты мөлшерде сақтанушының қалауына байланысты орнатылады.

Сақтандыру төлемдері: сақтандырушының белгілеуіне байланысты, яғни тәуекел деңгейіне, биржалық келісім мерзіміне, тауар мен бағалы қағаз түріне, бағасына байланысты.

Қосымша жарна, төлем келесідей түрін сақтандыруға болады.

  1. саяси ұлттандыру;

  2. мемлекет тарапынан қойылған шектеулер мен эмбарго;

  3. инфляция

  4. валюта

  5. бағалар өзгерісі

Сақтандыру мерзімі сақтандырылған биржалық келісімнің мерзіміне байланысты. С/у келісімі мен биржалық мәміле екі данасының бірі сақтанушы да, екіншісі сақтандырушы да болады.

Сақтандыру төлемдері: қолма-қол және қолма-қолсыз электрондық шот

57.валюталық тәуекелдерді с/у. Валюталық тәуекел - өзара шарт жасаумен ол бойынша есептеулер жасау кезеңі арасында болуы мүмкін валюта бағамының өзгерістері нәтижесінде қаржылық залал ықтималдылығы.

Валютаның сатып алу қабілетін есепке ала отырып белгіленетін валюталық бағам біршама өзгермелі болады. Халықаралық экономикалық қатынастарға қатысушылар валюталық тәуекелдердің бір бөлігі болып табылатын коммерциялық тәуекелдер мен байланыстар. Валюталық тәуекел шетел валютасын әртүрлі бағам бойынша сатып алу және сату кезіндегі залал. Валюта бағамдарының бір-бірімен қатынастарының өзгеруі көптеген факторларға байланысты, сонымен қатар валюта ішкі құнының өзгеруіне, бір елден екінші елге ақша аударымының тұрақты құйылымы, алып сатарлық және т.б.

Кез келген валютаны сипаттайтын негізгі фактор резидент және резидент еместердің валютаға сенімділік дәрежесі. Валютаға сенімділік келесі көрсерсеткіштер болып табылады, ол көп факторлы критерий:

  1. берілген елдегі саяси режимге сенімділік

  2. оның экономикасының ашықтық деңгейі

  3. экономикалық ырықтандырылуы мен айырбас бағамының режимі

  4. базалық макроэкономикалық көрсеткіштер мен елдің болашақтағы даму тұрақтылығына инвесторлардың сенімділігі

Валюталық тәуекел 3 құрамдас бөліктен тұрады:

  1. экономикалық тәуекел. Экономикалық тәуекел валюта бағамының болашақтағы өзгерістері, фирма активтерінің және пассивтерінің бағасын өсіру не кеміту мүмкіндігі, сонымен қатар шетел валютасында табыс әкелетін инвесторлардың шетелдіік инвестициялары – акциялары не қарыздық міндеттемелер.

  2. аудару тәуекелі бухгалтерлік сипатта болады және фирманың шетел валютасындағы активтер мен пассивтерді есепке алу айырмашылықтарымен байланысты. Егер фирманың активтері шетел валютасымен белгіленсе, онда оның төмендеуі активтер бағасын төмендетеді.

  3. мәміле тәуекелі шетел валютасындағы нақты операциялар бойынша залал ықтималдылығы. Мәміле тәуекелі болашақтағы шетел валютасындағы мәміленің ұлттық валютаға бағасының тұрақсыздығынан пайда болады.

58.Несиелік тәуекелдерді с/у. Несиелік тәуекел өз қызметін қаржыландыру үшін сыртқы қарызды пайдалану нәтижесінде фирманың инвестор алдындағы қаржылық жауапкершілктерін орындамыау мүмкіндіктері. Несиелік тәуекел кәсіпорынның өзінің несие берушілерімен іскерлік, әріптестік процесінде пайда болады.

  1. банкпен және басқа да қаржылық мекемелермен

  2. котрагенттер, жеткізушілер, делдалдармен

  3. акционерлермен

Несиелік операциялардың әртүрлілігі, несиелік тәуекелдердің ерекшеліктері және пайда болу себептерін анықтайды:

  1. несие алған қарызгердің адал ниеті

  2. коммерциялық пен банктік несие алған нақты фирма бәсекелес орнының нашарлауы

  3. экономикалық конъюнктурасының қолайсыздығы

  4. фирма басшылығының біліксіздігі, т.б.