Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саясаттану шпор.docx
Скачиваний:
285
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
126.93 Кб
Скачать

1. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде.

Адамзат тарихында саясат негізгі роль атқарады. Себебі кез келген адам бір мемлекеттің шеңберінде өмір сүрген жағдайда сол елдің саясатынан тыс болатын адам жоқ. Сондықтан, саясат қазіргі адамның қажеттілігі, талап – тілегі болады деген пікірмен келісеміз. Қазіргі саяси ғылымда саясаттың табиғаттын түсіну өте күрделі ұғым болып отыр.Саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуымен мәні жөнінде ғалымдар арасында әртүрлі көзқарастар бар. Соның бірнеше бағыттарын көрсеткен жөн:

- Теологиялық бағыт – мұнда саясаттың пайда болуы, құдайдың құдыретімен түсіндіріледі.

- Географиялық бағыт- Жан Боден, Ш. Монтескье: Саясат геогроафиялық себептерден пайда болды, бұл құбылыс қоршаған ортаның ерекшеліктеріне байланысты түсіндіріледі.

- Биологиялық бағыт - Н. Макиавелли, Т. Гоббс зерттеулері бойынша саясаттың көзі адамдардың биологиялық алғышарттарымен байланысты түсіндіруге бағыт береді.Бұл

бағытты жақтаушылар саясатты ортақ игілік көпшіліктің мүддесі үшін жеке адамның өзімшілдік мінезін тізгіндеу мақсатында пайда болған дейді.

- Психологиялық бағыт – адамның психологиялық қасиеттерінің саясат құбылысының

түсініктеріне, сезімдеріне, данышпандығына байланысты дейді.

- Конфликтік бағыт- Шмидтің пікірінше: саясаттың табиғаттың әртүрлі топтың мүдделеріндегі қайшылықтарға сілтеме жасап, тұтастығын сақтау үшін шиеленусуді реттеу керектігімен түсіндіреді.

Сонымен саясат дегеніміз- өздерінің мүддесін жүзеге асыруға, қорғауға және саяси билікті қолына алуға, оны пайдалануға байланысты мемлекеттер, таптар, ұлттар, адамдардың үлкен топтарының арасындағы қатынастар болып шығады. Сонымен бірге саясат- мемлекет істері, оның қызметінің форма/ы,міндет/і мен мазмұны.

2. . Саясаттану пәні. Саясаттанудың әдістері мен функциялары

«Саясаттану» - саясат жайлы ғылым. Бұл термин гректің екі сөзінін құралған: «Политика» және «Логос», яғни саясат жайлы ғылым.. Саясаттану- бұл өз алдына дербес ғылым. Оның объектісі-қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Саясаттанудың ерекшелігі саяси құбылыстардың ішкі сырын, логикасын өмірге керектігін, заңдылықтарын айқындап беретіндігінде.

Саясаттану ғылым ретінде жалпы ылыми әдістердің белгілі бір қорын пайд/ды. Саясаттану пәнін зерттеу барысындағы олардың қажеттілігі саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні мен әдістерінің өзара тығыз байланыста.Саясаттану қоғамның саяси сферасын/ғы институттарды, саяси қатынастар субъектілерінің саяси іс-әрекетін зерттеумен айналысуға, осы іс-әрекеттің ұйымдасуының, әдістерінің, құралдарының формаларын сараптауға, оның нәтиже лерін бағалауға міндетті.

Саясаттану әдістері:

Әлеуметтанулық әдіс. Саяси шынайлықты зерттеудің мейлінше іргелі әдістерінің бірі болғандықтан ол белгілі бір жалпыәлеуметтік теорияға сүйенеді. Тарихи әдіс. Қоғамдық құбылыстарды зерттеу кең тараған жалпығылыми сипаттаушы әдіс. Салыстырмалы-талдау әдісі. Бұл әдіс идеалдық моделді, белгілі бір теориялық конструкцияны жасақтау үшін саяси институттарды, процестерді, оқиғаларды салыстыру, теңгеру, сараптау және жалпылау тәсілдерін қамтиды. Функцияналдық әдіс. Саяси институттардың, саяси қатынастар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді зерттеу әдісі. Бихевиористік әдіс. Бұл әдіс саяси шынайылықты жеке индивидтердің саяси мінез-құлықтары негізінде зерттейді. Бихевиоризм жеке адамды саяси өмірдің ажырамас бөлшегі ретінде қарастырылады

Саясаттанудың ғылыми ретінде функциялары саяси шынайылықтың қоғам өміріндегі алатын орнымен және маңызымен, саяси білімдер жүйесінің рационалды табиғатымен жене қоғамның практикалық қажеттіліктерімен анықталынады. Осыдан келіп саясаттанудың келесі функцияларын бөліп көрсетуге болады:

Саяси білімдер жүйесіндегі теориялық-методологиялық функция. Егер де саясаттанудың ғылым ретіндегі ерекшелігін, оның пәнінің саяси білімдердің барлық жүйесінің зерттеу объектісімен үйлесетіндігін ескерсек аталмыш функияның бар екендігін анық көруге болады. Практикалық функция. Саясаттану- өте практикалық ғылым. Осыған орай ол өте үлкен эмпирикалық мазмұнға ие, өйткені оның шын мәніндегі зерттеу обектісі- саяси қатынастардың кең шоғыр ланған формасында көрінетін көпмиллиардты адамзат қауымдастығының тіршілік әрекеті.

Конвенционалдық функция. Ол практикалық функциямен тығыз байланысты. Сонымен қатар, ол дербес, ерекше саяси мәселелердің шешімін табуға қатыса алады және саяси мәдениеттің кейбір шешуші принциптеріне ықпал етеді.

Танымдық функция. Рационалды түрінде дәлелденген білімдердің барлық жүйесі тәрізді саясаттану да танымдылық функция атқарады, яғни саяси ақиқатты шынайы саяси процестер мен құбылыстар арқылы ұғынуға ұмтылады.

3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары.

Парадигма- қазіргі таңдағы ғылым методологиясындағы негізгі ұғымдардың бірі. Ол білімнің қандай да бір саласының ғылыми пайымдалуының даму сатысын белгілейді және оларға тән ерекшелігін көрсетеді, білім дамуының сатысындағы ғылыми бейнелеудің объектісін зерттеу әдістемесінің өзіндік сипатын анықтайды.

Теологиялық парадигма-(гр. Тео-құдай, logos-ілім) саясаттың және оның проблемеларының табиғаттан тыс ұғымдармен түсіндірілуін қарастырады. Биліктің пайда болуын, билік өкілеттіктердің мәні туралы, биліктің өз іс-әрекетінде жүзеге асыратын заңдары туралы, адамның билікке және биліктің адамға қатынасы туралы мәселелерді діни ілімінің белгілі бір догматтық құрылысы арқылы шешеді.

Теологиялық парадигма, саяси өмірдің маңызды құбылысы ретінде билік үшін күрестен шет қалмайды, ол бұл күресті бейнелеп, идеологиялық тұрғыда негіздейді.

Натуралистік парадигма- мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алды.

.Саяси ойлар тарихында натуралистік парадигма негізінде әрқилы тектегі геосаяси, биосаяси, психолозаторлық концепциялар пайда болып отырады.

Геосаяси идеялар әр түрлі географиялық ортада өмір сүретін мемлекеттік құрылымдарды, халықтардың саяси өмірін салыстыру негізінде пайда болды. Географиялық фактор ретінде климат, жергілікті жердің рельфі, адамдар қауымдастығының өмір сүру ортасы, су бассейнінің болуы сияқты аймақтық ерекшеліктер ұсынылды.

Биосаясат адамның инстинктік, генетикалық, туа біткен табиғи қасиеттері оның саяси мінез-құлқының, сондай-ақ қоғамдық өмірдің саяси құрылысының ерекшеліктерін анықтауда шешуші рөл атқарылуы ескеріледі.

Әлеуметтік парадигма қоғамдық ғылымдарда өте кең тараған. Ол саясаттың шығу тегін, оның мәні мен функцияларын әлеуметтік себептер арқылы түсіндіріледі. Оның негізінде қоғамдық ғылымдардың рационалды түрде дәлелденген жүйесі жасалған.

Рационалды-сыни парадигма саясат әлемін өзінің ішкі заңдылықтармен дамитын әлеуметтіліктің дербес сферасы ретінде зерттеумен байланысты. Ол саясаттың сыртқы, натуралистік негіздерге тәуелділігін елемейді, саясатты таза түрде ала отырып, оның ішкі проблемеларын зерттейді. саяси міндеттермен тығыз

4. Қазақстандағы президенттік билік, Үкімет және Парламент: өзара ықпалдасу мәселелері..

Демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет болып табылатын Қазасқтан Республикасының жаңа саяси жүйесі қалыптасып келеді. Республиканың саяси жүйесінің функциясының мәні мен мазмұнын анықтайтын қондырманың негізінде базисті-экономикалық қатынастарды үлкен өзгерістер болды: меншіктің алуан түрлері, жекеменшікке қол сұғуға болмайтындығы, жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігі, оның ішінде шетелдік азаматтар мен заңды ұйымдардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың, т.б.

1995 ж. 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы саяси билікке нақтылы легитимдік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. ҚР-президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Республика Президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол-халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады. Парламент-заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент саяси  элитаны қалыптастырудың бірден-бір мектебі емес. Олар Президент Әкімшілігі жүйесінде, ғылыми ұжымдарда, Үкімет құрамында, облыстық әкімдіктердің жоғарғы буынында, саяси партиялар жүйесінде де  қалыптасады. Алайда, саяси жариялылық пен ашықтықтың, билік легитімдігінің мек­тебі болып табылатын, бүкіл тіршілігі халықтың көз алдындағы парламентшілердей басқа топтар әлеуетті, саны жағынан көп емес.     

Парламенттің нығаюымен бірге, парламентші­лердің өздері де  өсіп, саяси, демократиялық, интеллектуалдық  құқықтық, рухани тұрғыдан толысып, кемелденді. Олар парламентаризм мектебі аясында  елдегі күрделі қоғамдық қатынастардың  табиғатына үңіліп, зерделеп, ондағы қайшылықтарды, заңмен реттелмеген проблемаларды көріп,  талдауды, елдегі кезек күттірмейтін, халықты алаңдатып отырған әлеуметтік-экономикалық, рухани өзекті мәселелерді Үкімет алдына қойып, шешілуін талап етуді  игерді.   

Еліміздегі 1998 және 2007 жылдары өткен конституциялық өзгерістердің екі толқыны да, ең алдымен, негізінен, Парламенттің Президентпен, Үкімет­пен өзара қарым-қатынасын, құзыреттерін және оның  депутаттарын сайлаудың ұйымдық-құқықтық  мәселесін қамтыды

Соңғы конституциялық өзгерістердегі парламент институтының рөлін көтеруге жасалған қадамдар белгілі бір  мөлшерде парламентаризм институтын нығайтуға бағытталғанымен, біздің пікіріміз­ше, ол әлі жеткіліксіз. Ол парламентаризм институты беделін нығайтудың түбегейлі мәселелерін шешкен жоқ.  Ал, өкілді органның пәрменді де, көпсалалы қызметінсіз қазақстандық жаңаруға қажетті құқықтық өрісті қамтамасыз ету, мемлекеттік құрылысты, кадр саясатын жетілдіру, әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күресу, елді демократиялық басқару стилін қалыптастыру мүмкін емес.

5.Қазақстандағы саяси ойдың бастауы, даму тарихы

Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой пікірлерге бай. Оның ішінде ең шоқтығы биік ислам фәлсафасының негізін салушылардың бірі біздің бабамыз ұлы ойшыл Жүсіп Хасхаджип Баласағұни 1021-1075аты әлемге әйгілі ақын,фәлсафашы, қоғам қайраткері болған.Жүсіп туралы мағлұматтарды із оның негізгі еңбегі «Құдатғұ Білік»дастанынан білеміз.Бұл еңбек ерекшелігі-ол сол кездегі ресми араб тілінде емес,ана тілі-түрік тілінде жазылғандығы.Ол араб-парсы тілдерін жақсы білетіндігін білдіріп,сонымен қатар Орта Азияда билік құрған қарахандықтарға түсінікті болуы үшін жазылған.Ол-тек саяси трактатқана емес,ода өмірдің мән-мағынасына адамның тағдыры оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы,әдет ғұрпы және т.с.с.туралы көзқарастар жинақталған улкен шығарма. Ол шындыққа,бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді.Әділет,ақыл,рақымдылықты жырлайды.Өмірде әділ заңды,еркіндікті аңсайды. Қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз Ы.Алтынсарин 1841-1889 өмір сүрді. Ол халықты дүниеге дұрыс көзқараспен қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етті. Тек білім,ағартушылық қана бұхара халықты билеп төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп,барлық күш жігерін олардың білімімн көтеруге арнады. Адамдардың көзін ашып, шын мәнінде алға жылжитын, прогрестік жолға түсіруге тырысты. Ыбырай қазақ қыздарын оқытуға ерекше көңіл бөлді. Ұлы ұстаздың қажырлы қызметі арқасында хіх ғас.70-80жылд.қазақ даласына көптеп мектеп салынды. 1845-1904 қазақтың кемеңгер данасы,заңғар ақыны, асқан ағартушы,жазба әдебиетіміздің нег.салушы Абай Құнанбаев өмір сүрді. Абай қазақ даласына барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Ол адамды «ақыл,білім,ерік» жоғары дәрежеге көтеріп,асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті,парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағытының бірі болды. Абай патша өкіметінің сойылын соғып,байлардың мүддесін қорғайтын қарапайым халықты езуші старшина,би,болыс және т.б.атқамінерлер сияқты әлеум.топтың қоам дамуына кедергі келтіріп отырғандығын жақсы түсінді.Ол ел басқару жүйесіне жаңа заң,ережелер енгізуді сол жолда жүзден аса бабы бар ереже жасады. Қазақ қауымына әлеуметтік реорманы да,экономикалық рефорнаы да бірінші ұсынған-ұлы Абай.Данышпан ақынымыздың айтқан өсиеттері,ақыл кеңестері осы күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ.

6.Қазіргі Қазақстандағы демократияландыру: жайы және үдерістері туралы пікіріңіз.

Адам құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын оның қоғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды. Олар өзара тығыз байланысты. Бұл міндеттерінің орындалуы жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін қажет. Халықтың саяси мәдениетін көтеруге тек белгілі саяси білімді меңгеріп, саяси құбылыстар мен процесстерді, заңдылықтар мен принциптерді түсіну ғана емес, сонымен қатар қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, жалпы адамзаттық қазынаны сақтап, молайтуға тырысу, Отанға қауіп төнсе, оны қорғай білу де жатады. Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси мәдениетін тап басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезеңді басынан кешіріп отыр. Халықтың санасында, іс - әрекетінде, дәуірдің де, бүгіннің де, болашақтың да, мәдениеттің де көріністерін байқаймыз. Мәселен, біраз адамдардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғыдай мемлекеттің басым тұрғандығы сезіледі. Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде. Ал болашақ дегеннің өзі бүгіннен басталады ғой. Сондықтан әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына өз үлесін қосқаны абзал. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында да адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Әркімнің өмір сүруге, жеке басының бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір – қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмау. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Мұның бәрі Қазақстан халқының демократиялық жолмен даму тарапындағы алғашқы қадамдары деп білеміз. Сонымен қатар ол саяси мәдениеттің даму деңгейін де аңғартады. Жеке адамның саяси мәдениеті жоғары болу үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан – жақты хабардар етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұру дамыған хабарламалық жүйенің болуы қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді.  7. Жаңа дәуірінің саяси теориялары. Гегель еңбектеріндегі мемлекет пен азаматық қоғам идеясы.

Жаңа дәуірі XVII ғасырға Англиядағы буржуазиялық революция тұсында басталды. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс. Ол мемлекет жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керек дейді. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, бүкіл билікті мемлекетке береді. Францияда буржуазиялық революция өкілі Шарль Луи Монтескье әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортамен байланыстырды. Мемлекет азаматтарды тіршілікке қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге міндетті деіді. Франция ойшылы Жан Жак Руссо ұзағ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Американдық Томас Джефферсон «АҚШ»-тың Тәуелсіздік деклорацияын жазған. Декларацияда адамдардың табиғи құқығы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары тұруы керек. Жаратушы адамдарды тең қып жаратты, олардың бостандық пен бақытқа тырысуына құқығы бар. Келесі ойшыл- Томас Пейн. Ол Америка халқын азаттық күреске шақырды. Ол бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Ол соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті жақтады. Германия ойшылы Иммануил Кант. Оның «Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары», «Өмірлік бейбітшілікке» деген еңбектері бар. Оның ойынша адам бір іс бастағанда өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас бейбітшілік сақтау құралы деп білді. Пролетериат күресінің алғашқы кезеңінде Син-Симон, Фурье, Оуэн сияқты социалист-утопистер қарай еңбек ету, ақы алу сияқты пікірлер айтты.

Гегель - қоғамдық ғылымдардыфң негізгі бағыттарының бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқықпен моральдың бірлестігін дамытып халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсартуы.

8. Саяси өмір: ұғымы және оның негізгі формалары.

Саяси өмір - қоғам және адамның саяси болмысының, эмоционалды, тәжірибелі, рухани сезімтал, заттық нысандарының жиынтығы. Бұл олардың саясатқа қатынасын және қатысуын сипаттайды..

Саяси өмір адамдардың тәртібі мен тиімді іс-әрекеттердің барлық көп түрлілігі тұтас алғанда жүйелік реттің құбылысы ретінде талданып, ғылымдағы жүйелілік әдістеменің бар құралын пайдаланудың жетістігі ретінде қарастырылады.

Саяси өмірді мұндай түсіну саяси ғылымдағы категориялық және ғылыми-танымдық аппаратты барынша байытып, ХХ ғасырдың ортасында саяси ғылым эволюциясына жаңа бағыт әкелді. Сонда да саясаттануға жүйелілік сараптауды енгізудегі эвристикалық құндылықтарына қарамастан, ол әрине абсолютті даусыз теория бола алмады, өйткені жүйелілік әдістің сыналған кемшіліктері саяси жүйенің теориясында сөзсіз өзіне тән жүзеге асыруларын тапты. Қалай болмасын жаңа теория терең зерттелген концептуальды және ғылыми-категориалды аппараты мен өзінің дәстүрі бар теория ретінде көрініп, саяси ғылымдағы басқа концепциялармен қатар берік позицияны иеленді. Ол динамикалы дамып жатқан саяси ғылым үшін әлеуметтік-саяси өмірдің күрделі мәселелерін зерттеуде жаңа көкжиектер ашты. Саясаттануда жүйелілік әдіс пайда болғанға дейін кең тараған құбылыс саяси шындықты бөлшектеу мен ерекшелеу болды,ол кезде оны тұтас қараудың кері қажеттілігі болды, өз кезегінде одан да барынша кең жиынтыққа қосылған. «Саяси жүйе» ұғымы өзара байланысты элементтердің жиынтығы ретінде түсіндірілетіндіктен, бұл қайтадан бағытталуға жол береді.Осыдан саяси жүйені нақты қоғамда бақыланатын, саяси ортаға батырылған және оның әсеріне жауап беретін саяси бірлесіп әрекет етудің жиынтығы ретінде зерттеу керектігі туындайды. Ол тұтастықтың онымен күрделі қатынаста болатын бір бөлігі ретінде көрінеді.

Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндік беретін құқығы конституциялық сипаттан қарапайым демократиялық еркіндікке тікелей байланысты. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдың әлеуметтік – мәдени, саяси – құқықтың алғы шарты қажет. Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек. Білімді адамның мәдениеті жоғары болады. Егер жоғарыда көрсетілгендей алғы шарттар болмаса, тұлғаның қоғамдық саяси өмірге белсене қатынасып, оның нағыз субъектісіне айнала қоюы қиынға түседі. Сондықтан шын демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады. Саясатта жеке адамның мәдениетінен басқа негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі – жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамассыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады. Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп өрістеуге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени қазыналарды көруге рұқсат, өнер мен техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т.б. жатады.

9.Саяси жүйе : ұғымы, теориясы және қалыптасу механизмдері.

Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады: 1) Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету және биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институциалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады, ол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. 2) Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. 3) Саясм жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. 4) Экономикалық қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. 5) Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан және т.б. Саяси жүйе құрылымы: 1) Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар және т.б ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. 2) Саяси қатынастар қоғамдық жүйенің екінші бөлігін құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, адамзат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді. 3) саяси ережелер саяси жүйенің үшінші бөлігі болып табылады. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. 4) Саяси мәдениет - саяси жүйенің төртінші белгісі. Ол саяси сана мен іс әрекетті, саяси қатынастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұжырымдамаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің зерттеушілік қызметі адамдардың іс әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді.

10. Саяси билік: ұғымы және құрылымы. Саяси билік жүргізу механизмдері.

Саяси билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдар бар:

Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.

Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адасдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлы-зомбылық, күштеу сияқты) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі.

Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынасытң ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынына, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді.

Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеліністі шешудің құралы деп түсіндіреді.

Функционалдық анықтама бойынша билік құру адамдар қауымдастығының тұрақтылығын, олардың мүдделерінің түйісуі мен дамуының мақсаттылығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік функция болып табылады.

Саяси биліктің ерекшеліктері:

1.Егемендік – биліктің тәуелсіздігімен бөлінбестігін білдіреді.

2.Биліктің беделдігі – билік субъектісінің қоғамның барлық саласында жаппай мойындалған ықпалы.

3.Биліктің ерікті сипаты – саналы саяси бағдарламалардың, мақсаттардың болуы, оны жүзеге асырудың дайындығы.

4.Биліктің зорлық сипаты – сендіру, бағыну, бұйрық беру, үстемдік, зорлық.

5.Биліктің орталығы – биліктің қоғамдық қатынастар мен саяси процестердің барлық саласында қызмет ететіндігін білдіреді.

Билік ресурстары-субъектінің мақсатына сай биліктің объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін құралдар: 1.Экономикалық қор-қоғамдық өндіріспен тұтынуға қажет басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары және т.б. 2.Әлеуметтік-саяси құралдар-тұрғындардың саны мен сапасы;әлеуметтік бірлік;әлеуметтік тұрақтылық пен тәртіп;қоғамдық қатынастардың демократиялануы;тұрғындардың саясатқа қатысуы;азаматтық қоғамның патриотизмі. 3.Моральды-идеологиялық құралдар-бұқара санасының жанды жерлерін идеологиялық тұрғыдан өңдеу, оларға назар аудару қызметін атқарады. Адамдардың идеалы, мүдделері, сенімдері, идеология, сенім арту, қоғамдық көңіл-күй, сезім (патриоттық, ұлттық, діни), адамдар эмоциясы. 4.Ақпараттық-мәдени қор – білім және ақпарат, ғылым және білім институттары, тіл, үгіт-насихаттың барлық түрлері, бұқаралық-ақпарат құралдары. 5.Күштеу құралдар-мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді, оған қару мен физикалық күштеу аппараттары жатады:әскер, полиция,қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура, т.б.

Билік табиғатын тереңірек түсіну үшін биліктің негізгі принциптерін көрсету керек: 1.Сақтау принципі-билікті сан түрлі әдістермен қолда ұстай білу, оны арттыра білу. 2.Әрекеттілік принципі-билеушінің жағдаймен танысып, оны талдап қана қоймай, оның шешімін таба білуі. 3.Легитимдік принципі-билік заңға, заң шығаруға сүйенгенде ғана өзін сенімді,еркін сезіне алатыны. 4.Күшке қарсылық принципі (принцип «антифортиссимо»)-биліктің күші билігімен тең еместігін түсінуде жатыр.5.Сыр бермеу принципі-билік үшін ең қауіпті нәрсе-шындықты уақытынан бұрын айтып қоюды болдырмау. 6.Ақиқат пен көрегендік принципі-билі иесінің шешімі сол ортаның, сол халықтың, экономикалық, әлеуметтік, саяси кеңістігіне негізделетінін көрсетеді

Билікті жүзеге асыру механизмдері:

1.Үстемдік-мемлекеттік нормативті-құқықтық аңтілер негізінде бір әлеуметтік топтың екінші әлеуметтік топты бағындыруы.

2.Жетекшілік-саяси жүйенің, қоғамның даму стратегиясының анықталуы, заң жүзінде бекітілуі және негізгі мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда құралдарды таңдау.

3. Басқару және ұйымдастыру-нақты басқарушылық шешімдерді қабылдау, келісу, әртүрлі әлеметтік топтардың, тұлғалдардың қызметтерін, саяси және саяси емес ұйымдар мен құрылымдардың әрекеттерін тәртіпке келтіру. 4.Бақылау және кері байланыс-осы арқылы билік қабылдаған шешімдердің нәтижесін көріп отырады.

11. Саяси биліктің тиімділігі мен лигитимділігі.

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өөз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Мемлекеттік билік барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.

Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде legitimus-заңдылық, шындық деген мағынада) – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Легитимдік терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады.Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынадай екі шарт қажет: 1)ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс; 2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті: 1.Әдет-ғұрыптық легитимдік – сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата-салтымыз деп мойындап отырды. 2.Харизматикалық легитимдікте - өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, Ганди, аятолла Хомейни және т.б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі де көсемге, мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді. 3.Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігінде – саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимдік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады. Қазіргі дамыған елдерге тән.

12. Қазақстанның қазіргі тарихындағы билік жүйесі. Билік және бюрократия.

Демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет болып табылатын Қазасқтан Республикасының жаңа саяси жүйесі қалыптасып келеді. Республиканың саяси жүйесінің функциясының мәні мен мазмұнын анықтайтын қондырманың негізінде базисті-экономикалық қатынастарды үлкен өзгерістер болды: меншіктің алуан түрлері, жекеменшікке қол сұғуға болмайтындығы, жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігі, оның ішінде шетелдік азаматтар мен заңды ұйымдардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың, т.б.

1995 ж. 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы саяси билікке нақтылы легитимдік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. ҚР-президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Республика Президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол-халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент-заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Кеңес Республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады.

Билiк — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.

Бюрократия - атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе; қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы қызметтерінде ресми және бейресми шенеуніктік байланыстарға негізделген билік жүйесі. Бюрократияның қоғамдық-экономиқалық құрылымымен, демократиялық үрдістердің дамуымен, мәдениет деңгейімен, адамдардың білімділік деңгейімен, қоғамның өнегелік сипатымен анықталатын ұлттық-мемлекеттік ерекшелігі бар.