Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саясаттану шпор.docx
Скачиваний:
285
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
126.93 Кб
Скачать

16.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде:оның табиғаты, мәні ж/е қызметтері

Қоғам өзінің саяси жүйесінде  әлеуметтік міндеттерді мемлекеттік билік арқылы,  құқықтық заң-жобалар және басқа да шартты  қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады.  Бұл ретте  саяси  жүйенің  өз ішінде  саяси  рөлдердің  өз бөлініп  отырады.  Мемлекет саяси билікті жүргізудегі  ең негізгі буын болып табылады. 1 Мемлекет идеясы адам сана сезімінің түбінен пайда болады. Негізгі мемлекеттің пайда болған себебі ол барлық елдердің өздерінің өмірлік маңызды өмір сүру шарттарын орындауға жалпы басқару керектігін сезді.

«Мемлекет» термині негізінен екі мағынада түсіндіріледі. Ойдың кендігінде ол ел қоғам деп түсінуге болады. Ол оның толған бір территорияда орналысқан және жоғарғы билік мүшелерімен басқарылып отырған.

Өзінің тар мағынасында мемлекет бұл белгілі бір территорияға жоғарғы билігі бар тарихи қалыптасқан ұйым.

Мемлекет негізгі екі қызмет атқарады: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметіне жататындар:

-экономикалық салады мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, уйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді;

-әлеуметтік өмірді ұйымдастырады;

-заңдылықты қамтамасыз етеді;

-мәдени-тәрбиелік салада жұмыс атқарады;

-Сыртқы қызметіне жататындар:

мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;

-өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау;

-ауқымды мәселелерді шешуге араласу;

-басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау;

Сайып келгенде мемлекеттің басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау.

17. Азаматтық қоғам: түсінігі, құрылымы,қызметтері

Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың, ұжымдардың мәдени, рухани адамгершілік, ұлттық, діни белгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы. Ол қоғам мүшелері арасында экономикалық, мәдени, құқықтық саяси қатынастары дамыған қоғам, олар мемлекеттен тәуелсіз, бірақ олармен бірігіп өмір сүретін әлеуметтік, экономикалық саяси мәдни және моральдық мәртебесі жоғары мемлекет Геггельдің айтуы бойынша азаматтық қоғам бұл әлеуметтік және де экономикалық қажеттіліктен туындаған жеке адамдардың өз мүдделерін белгілі бір мөлшерде жүзеге асыратын қоғамның бір бөлігі делінсе, қазіргі ғылымда азаматтық қоғам дербес әлеуметтік экономикалық өмір ретінде көрсетіледі. Ол экономикалық ұйымдардың, корпоративтердің, діни бірлестіктердің және т.б жиынтығы ретінде көрінеді.

Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар, азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы, салттары кіреді.

Азаматтық қоғам экономикасының негізі - әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.

Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды.

18. Қр-дағы азаматтық қоғамның перспективалары.

Қазақстан республикасының конституциясы адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп мойындай отырып, адамның құқықтары мен бостандықтарын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен қорғау мемлекеттік биліктің басты міндеті болып табылады деген тұжырымды алдыға тартады. Конституция саяси, заңдық және басқа да кепілдіктердің нақтылы жүйесін құру үшін негіз қалады. Ол өз кезегінде баршаның заң мен сот алдындағы теңдігін, мемлекет пен түлғаның екіжақты жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Конституция қазақстан республикасында азаматтық қоғам қалып-тастыруға ықпал жасайды. Бұл конституцияда идеологиялық және саяси әралуандылық танылатынынан айқын көрінеді (5-бап). Бұқаралық билікті саяси әралуандылық негізінде жүзеге асырады. Конституция саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, қозғалыстарға саяси және мемлекеттік өмірге қатысу үшін тең мүмкіндік береді. Үстемдік етуші ретіндегі қандай да бір идеологияның белгіленуіне жол берілмейді. Азаматтық қоғам мемлекет және азамат, тұтынушы және өндірушінің әлеуметтік серіктестігі, нарық шаруашылықтары меншік түрлерінің әралуандылығымен сипатталады. 1995 жылғы конституцияның басты бір жетістігі барлық деңгейдегі соттардың тәуелсіздігінің кепілдігі болып табылады. Сот билігінің тәуел-сіздігі судьялардың өкілеттігін сайлаудың, тағайындаудың және тоқтатудың ерекше тәртібімен, сонымен бірге сот құрамын құруға жоғарғы сот кеңесі және әділет біліктілік комиссиясы сияқты тәуелсіз органдардың қатысуымен айқындалады. Судьялардың тұрақтылығы қағидаты бекітілген (79-бап, 1-т.), судьялар өмірлікке сайланады және тағайындалады. Қазақстан республикасының конституциясына 1998 жылғы 7 қазанда парламент енгізген қосымшалар сот ісін жүргізуді демократизациялауға бағытталған. 75-баптың 2-тармағына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу заңмен белгіленген белгілі бір жағдайларда өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады. 1995 жылғы 20-желтоқсанда қабылданған "қазақстан республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" қазақстан республикасының конституциялық заңы, өзгерістері және толықтыруларымен, соттарды жеке билік ретінде бекіткен, соттар өз қызметінде заң шығарушы және атқарушы биліктерден тәуелсіз. Қазақстан республикасының конституциясының 1-бабы қазақстанды құқықтық мемлекет деп жариялайды. Демек қазақстан құқықтық мемлекет құру және оның негізгі белгілерін конституциялық бекіту жолында тұр.

19. Саяси партия: мәні, негізгі белгілері және қызметтері.

Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. «Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталғанортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін құрайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның сайлаушылар тобы деген сөзінен шыққан) құрайды.

Партия – бұл мемлекетте ерекше құқықтық статусқа ие саяси ұйым. Партияда саяси көзқарастың жалпыланған тұтастығы, қоғамдық-саяси және мемлекеттік өмірге беленді қатысуға ұмтылу мүддесі анықталып, белгілі бір анықталған идеологиясы болады. Сонымен қатар мемлекетте биліктің жүзеге асуы мен оның тізгінің алу мақсаты мен мүддесі қоғамдық топтар және әлеуметтік қатпарлар қызығушылығымен сәйкес келуі тиіс.Мемлекет жүйесінде әрекет етуші орган ретінде партияны институциональдық түсінігі (М. Дюверже). Партия – бұл мемлекетте ерекше құқықтық статусқа ие саяси ұйым. Партияда саяси көзқарастың жалпыланған тұтастығы, қоғамдық-саяси және мемлекеттік өмірге беленді қатысуға ұмтылу мүддесі анықталып, белгілі бір анықталған идеологиясы болады. Сонымен қатар мемлекетте биліктің жүзеге асуы мен оның тізгінің алу мақсаты мен мүддесі қоғамдық топтар және әлеуметтік қатпарлар қызығушылығымен сәйкес келуі тиіс.

20. Қазіргі халықаралық қатыастар жүйесі. Сыртқ саясаттың мәні, түрлері, қызметі мен әдістер..

Халықаралық қатынастар- бұл әлемдік аренада әрекет етуші субъектілердің экономикалық, саяси, құқықтық, идеологиялық, дипломатиялық ,әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен өзара қатынастарының жиынтығы.Халықаралық қатынастардың басты ерекшелігі билік пен басқарудың біртұтас орталықтық өзектің болмауы.

Бүкіл халықаралық қатынасарды екі негізгі типке бөлуге болады: бәсекелестік қатынастары және ынтымақтастық қатынастары. Халыаралық немесе әлемдік саясатхалықаралық қатынастардың өзегі болып табылады. Әлемдік саясат деп әлемдік қауымдастықтың тіршілігі үшін маңызды шешімдерді жасау, қабылдау және жүзеге асыру процесін айтады. Қазіргі әлемдік саясатта әртүрлі қатынасушылардың орасан көп саны әрекет етеді. Әйтседе халықаралық қатынастардың маңызды субъектілері қатарына халықаралық ұйымдар да қосылуда.

Әлемдік саясаттың негізгі субъектісі мемлекеттер және мемлекеттер топтары (одақтар) болып табылады деген көзқарас басымлдау болып отыр. Бұл жерде ескерілетін жәйт, халықаралық қатынастар ең алдымен олардың негізгі қатынасушылары, дербес субъектілері сапасында, қандай да болсын ұйымдардың мүшесі сапасында мемлекеттің сыртқы саяси әрекетінің жиынтығынан құралады.

Сыртқы саясат дегеніміз қоғам атынан әрекет етуге , қоғам мүдделерін білдіруге, оларды жүзеге асыру үшін белгілі әдістер мен құралдарды таңдауға қақлы ресми субъектілердің әрекеттері мен өзара ықпалдасуы болып табылады. Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен қарым – қатынас орнату. Оларға мыналарды жатқызуға болады: - достық қарым – қатынас орнату.

- сауда қарым – қатынастарын орнату. - экономикалық қарым – қатынастарды орнату.

- әскери қарым – қатынас орнату.

Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бір – бірінсіз болмайды. Алға қойылған мақсаттарға жету бойынша сыртқысаяси әрекет түрлі құралдармен жүзеге асырылады: саяси, экономикалық, әскери ақпараттық-насихаттық.

21.Демократиялық саяси режимдер, олардың құндылығы мен кемшіліктері. .

Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, қоғамды қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия - әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады.

Демократияның басты ерекшеліктері:

-Еркіндік принципі;

-Саяси бәсекелестік;

-Билік құрушы саяси элитаның қызметін бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігі.

-Мемелекеттік биліктің құрылымдық икемділігі

-Демократиялық режимнің саяси жаңалықтарды қабылдай білу қабілеті

-Саяси қатынастар субъектілерінің іс әрекеті мен қызметі үшін саяси кеңістік жасау

-Саяси және идеологиялық плюрализм

-Демократиялық қоғам ашық қоғам

Демократия консепциялары:

-Ұжымдық антикалық. Ж.Руссо теориясы социялистік демократия

-Антикалық демократия: көпшіліктің шексіз белгісі;

-Руссо теориясы: билік жалпы еріктің негізінде жеке адамдардың бірігуі нәтижесінде пайда болған халықтың қолында болады.

Батыс саясаттанушылары, демократия режимнің мынадай басқару түрлерін ажыратады:

1.      Президенттік режим

2.      Парламенттік режим

Президенттік режим түрі онда парламенттің және заңшығарушылық қызметінің орындауына қарамастан толық билік президенттің қолында болады. Осы режимде Президент үкіметті өзі құрады заңға вето салуға құқығы бар және заң шығаруға құқығы бар; парламентті шашыратуға және парламенттік сайлаудың мерзімге дейін жариялауға құқықығы бар және т.б. Президенттік режим классикалық түрін АҚШ-та көруге болады. Парламенттік режим түрінде толық заңшығарушы билік парламентте мемлекет басшысы монарх немесе парламент пен тағайындалған президент болса да осы режимде Парламенттің Президент ветосын қабылдамауға құқығы бар, президент заң шығаруына қарсы заң қабылдауға құқықығы бар: импичмент арқылы президентті орнына алуға құқықығы бар; президент басқарып отырған үкімет үстінен бақылау жүргізуге құқықығы бар; және т.б.

22.Саяси модернизация: мәні, мақсаттары мен өлшемдері, оның негізгі белгілері.

Модернизация деп қазіргі жаңа жағдайда байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс-тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады. Cаяси даму тұжырымдамасында басты рөлді модернизация немесе саяси бейімделу теориясы атқарады. Ол XX ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бұл ұғымды отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған. Кейін ол өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінің негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу болатын. Мақсаты: отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде дамуына байланысты пайдалану;өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісі; дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу.

Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі типі бар. Біріншісі – өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу.Бұған Англия, АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойғы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер жатады. Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болып есептеледі. Ал осы жолды кейін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан алдыңғы елдердің жолын қуушы, «қуалай дамушы» мемлекеттер ретінде қарайды.

Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгеру, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде кең тарағаны – модернизацияның сызықтық теориясы. Жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік деңгейдегі елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі.Оларда соған лайық

әлеуметтікэкономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды.Нәтижесінде олар да қазіргі жоғарғы индустриалды жағдайға жетеді,мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды.

Критерийлері:1)Әртүрлі елдердің жаңа жағдайға көшу,институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып,іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес;2)Әртүрлі қоғамдық тарихи дәстүрлі,әлеуметтікэкономикалық құрылымы өзгеше;3)ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәдени ерекшеліктер.Соған орай ол қазіргі тарихи жағдайды,мәдени мәнін, мазмұнын қабылдайды.

23. саяси режимдер ұғымы мен түрлері. Авторитарлық және тоталитарлық.

Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады.

Авторитаризм - билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық күрес жок.

Авторитарлық саяси режимнің белгілері:

-Саясаттан басқаның барлығына рұқсат;

-Билікті ұстаушы бір адам немесе бір топ;

-Билік күшке негізделеді;

-Оппазиция болады,бірақ әлсіз;

-Саяси құқықтармен еркіндіктердің шектелуі.

Авторитарлық режимнің формалары:

-Дәстүрлі авторитарлық режим;

-Этатистік идеократтық авторитарлық жүйе

-Бәсекелесуші олигархияның авторитарлық режимі

-Авторитарлық бюрократиялық режим

-Авторитарлық әскери режим.

Авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен,яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим.

Тоталитарзмнің белгілері:

-Идеологиялығы

-Бұқаралық партияның болуы

-Мемлекеттік қоғамның барлық саласында бақылау орнату

-Қоғамда плюрализм болмайды

-Оппазиция болмайды

Мемлекеттік биліктің тоталитарлық режимді ұйымдастырудың ерекшелітері:

-Биліктің орталықтандырылуы, биліктің басында диктаторлар болады, репрессивті ақпарат жұмыс жасайды;

- Билеуші партияның монополиясы;

- Биліктің легитимділігі күшке негізделеді;

Азаматтардың еркіндігі мен бостандығы болмайды.

Тоталитарлық жүйелер әр түрлі нышандарға ие болса да оларды саяси практика мен режимнің өзіндік ерекшелітері принциптері саяси процестерде қолданатын әдістері мен құралдары біріктіреді.

24. Сайлаулар ҚР-ғы демократияның ажырамас атрибуты ретінде

Сайлау жүйесі- белгілі бір билік түрінің мемлекеттік өкілеттік, заң шығаратын, атқару, сот орындарын қалыптастыруға қатысуын қамтамасыз ететін ережелер мен әдістердің жиынтығы. Еліміздің сайлау жүйесіне келсек ҚР- азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін- өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлауға қатысуға құқығы бар. Сайлау жалпыға бірдей, тең және сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі. Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы- ҚР-ның 18 жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатыса алады. Бәсең сайлау құқығы- Республика азаматтарының Конституциясында белгіленген шектеулермен Президент, Парламент және Маслихат депутаттары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болып сайлану құқығы. Демократия- халық билігін, заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуына адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі.

25. Саяси элита. Элитаның классикалық концепциялары.

Саясаттың сан алуансубьектілерініңоғанықпалы, әринеәртүрлі. Жеке азаматтаржәнеәлеуметтіктоптаркүнделіктісаясиөміргетікелейқатынасабермейді. Күнделіктісаясатпенадамдардыңерекшеқабатыайналысады , олардыерекшебасшы топ атайды. Саяси элита аталымынқалайтүсінугеболады? “ Элита” француз тіліненаударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”еңжақсы” дегенмағынаныбереді. 18ғ бастаполсөзбенжоғарысапалытауарлардыатады . 20ғ бастапсаясаттану мен әлеуметтанудабілімі ,байлығы, беделі , билігіжоғарыадамдардыңазғантайәлеуметтіктобынбілдіреді . Бұлаталымныңэтимологиялықмаңызыныңекіаспектісі бар. Оныңбіріншісі элита өзінебелгілібірсапалыққасиеттерді , айқынбелгіленгенинтенсивтібелгілердіжинақтайды. Екіншіаспектісі , осы белгілердікңжоғарғыөлшемменбағалайды . Өзініңалғашқыэтимологиялықмаңызыбойынша элита түсінігіндеешқандайізгіліктілікке, демократиялыққақарсылықжоқ. Әдетте, жоғарысапалыжылқытұқымы , дәнніңтұқымы, спорт саласындағы элита т.бтүсініктерпайдаланылады. Демек, адамзатқоғамында да адамдарарасындатабиғижәнеәлеуметтікайырмашылықтарорыналып, бұлжағдайларолардыңбасқарусаласындағымүмкіндіктерініңәртүрлілігінен, саясижәнеқоғамдықпроцестергеәртүрліықпалынанкөрінеді. Осыныңөзісаясиэлитаныайқынбейнелегенсаяси- басқарушылықсапаныиеленушіретіндесипттауғанегізболады.Тарихижағынаналғандаадамдарды ел билеушітаңдаулыларғажәнеолардыңдегеніністейтінбағыныштыларғабөлуидеясыөтеертеденбастауалады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдардыасылазаматтарғажәнетөменгіадамдарғабөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілергеажыратты. Алайдаэлитарлықтеорияныкөзқарастаржүйесіретінде 20ғ басындаитальянғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельсжәнет.бқалыптастырды. Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаясиғылымнегіздері” дегенеңбегінденегіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларғабөлінедідеді. Оғанұйтқыболатынқасиеттергеәскериерлікті, байлықты, дінидәреженіжатқызды. Осы үшқасиет ,оныңойынша, адамғабасқарушылар ( элита ) қатарынакіругежолашады. Элита - [ лат.елігере - таңдау, фр.elite - ең жақсы, іріктелген] - әлеуметтік стратификация жүйесіндегі ең жоғарғы стратасы (бұл стратификацияның негізінен тәуелсіз; саяси тұрғыда сөз саяси элита жайлы). Ағылшын тіліңде еліте деп ХУЛ ғ. жоғары сапалы тауарлар, ХВЫЫЫ ғ. - іріктелген әске¬ри бөлімдер аталды; ұғым генетикада, тұқым шаруашылығында ең жақсы, жеке дара, өзгешелерді атауда қолданыла бастады; ХЫХ ғ. ұғым әлеуметтік иерархия жүйесінде (аристократияның синонимі ретінде) жоғарғы страталарға қатысты қолданыла бастады; әлеуметтануға В. Парето енгізді. Қазіргі элита теориясының ізашарлары Платон, Н.Макиавелли, Ф.Ницше болды. Тұтас көзқарастар жүйесі ретін¬де элита теориясын Г. Моска, В. Парето, Р. Михельс қалыптастырды. Бұл теориялардың бастапқы қағидасы әлеу¬меттік, саяси басқаруды, мәдени даму¬ды жүзеге асыратын әлеуметтік және саяси құрылымның қажетті элементтері бар ерекше пүрсатты, артықшылықты қабат.Элита теориясы - [ фр.elite - үздік, таңдаулы, жақсы-жайсаң] - қоғамның игі бекзаттарының ерекше міндеті, әлеуметтік-саяси және интеллектуалдық белсенділігі және қалың бұқараның енжарлығы туралы теориялар. Негіздерінің қалану тәсілдеріне байланысты ажыратылады. Биологиялық теорияларда биологиялық-генетикалық белгілеріне байланысты (Р.Уильямс, Э.Богардус) адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс және кеміс деп бөлуге негіз бар; психологиялық теорияларда (Г.Джильберт, Б.Скиннер) біреулердің кереметтілігіне және екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психологиялық қасиеттерге; психикалық-аналитикалық теорияларда (Фрейдизм, Э.Эриксон) нәпсіні тежей білу қабілетіне және билікке немесе басыбайлыққа үмтылуға; әлеуметтік-психологиялық теорияларда (Фромм, Г.Лассуэлл) әрбір адамның психология¬лық ерекшеліктеріне, оның өмірінің әлеуметтік факторларына байланысты өзгерген мінез-құлықтың әртүрлі тип-терін мойындауға; технократтық тео¬рияларда (Дж.Бернхэм, Дж.Гелбрейт) өндірісті басқаратын және өздерінің техникалық дағдыларының арқасында "техно- құрылымда" ерекше жағдайға ие адамдардың ұйымдастырушылық міндеттеріне; ғылыми теорияларда (Белл және басқалар) - ғылми білім факгорларьша және "постиндустриалды қоғамның" ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуын айқындайтын жетекші күш ретінде ғалымдардың осы заманғы дүниеде атқаратын рөліне баса назар аударылады. Белгілі бір мәселелерді түсіндірудегі алуан түрлі өзгешеліктерге қарамастан барлық элита теориясы үшін: қоғамды әрқашан элитаға және бұқараға бөлетін адам¬дардың табиғи теңсіздігі туралы; ғылы- митехникалық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші ретінде элитаның қажеттілігі туралы; біреулердің сөзсіз үстемдік етуі және басқалардың бағынышты болуы туралы; көпшіліктің үстінен қарайтын билеуші азшылықтың толық құқылығы мен заңдылығы тура¬лы; тарихи процеске ешқандай игі ықпал етпеуін былай қойып, өз бойына өркениет жетістіктеріне қарсы шығуы мүмкін "іріткі күштерді жинақтаған" бұқараның енжарлығы мен аморфтылығы туралы жорамалдар ортақ болып табылады.

26. Саяси лидерлік. Мәні, қызметтері, типтемесі

Саяси лидерлк

- бұл бүкіл қоғамға, ұйымға немесе топқа белгілі тұлғалар тарапынан тұрақты басымырақ ықпал ету. Саяси лидер айрықша басым ықпал мен иеленуі тиісті

- бұл басқарушылық мәртебе, әлеуметтік тұғыр , бұл жетекшілік мансап.

- бұл саяси нарықта жүзеге асырылатын кәсіпкерліктің ерекше түрі.

- бұл топтың қоғамдастығының және саяси мнез-құлқының символы- рәміздік көрінісі. Саяси лидерлік ұғымының екі аспектісі бар: Формалдық-мансаптық мәртебелік. Ол билікті иеленумен байланысты. Лидерліктің сан алуан топтамасы бар. Жетекшілердің бағыныштыларға қатынасы бойынша:

авторитарлық – лидердің төменгілерге жекебастық бағыттаушылық ықпалы.

демократиялық – жетекшінің топтын не ұйымның бүкіл мүшелерінің мүдделері мен пікірерін ескеруі, бұқараның басқаруға қатысуының болуы. Лидерлік "масштабы" бойынша:

жалпыұлттық;

регионалдық өңірлік лидерлер;

әлеуметтік топтар, жіктер лидерлері.

Өмір сүріп тұрған саяси жүйеге қатысы бойынша:

Функционалдық, қызметтік;

Дисфункциональный, қызметібұзылған;

конформист (бейімделінуші);

неконформист.

Лидердің жинақталған кейіп—бейнесін М. Дж. Херманнбөліп шығарды. Олар:.

Ту ұстаушы, немесе ұлы адам.

Лидердің негізгі қызметтері келесілер болып табылады:

Қоғамды біріктіру, бұқараны ұйымдастыру.

Тиімді саяси шешімдерді табу және қабылдау.

Әлеуметтік арбитраж и патронаж, бұқараны заңсыздықтан және қиянаттан қорғау.

Билік пен бұқараны байланыстыру, саяси және эмоционалдық байланыс каналдарын нығайту.

Жаңартуға мұрындық болу, оптимизм мен әлеуметтік күш-қуатты туындату, көпшілікті саяси шешгімдерді жүзеге асыруға жұмылдыру.

Билікті,сапяси құрылысты легитимдендіру.

27. Саяси дағдарыстар және саяси қақтығыстар

.Қоғамда әр түрлі таптар, топтар, жіктер болатындығы белгілі. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап- тілектері, армандары, қажеттіліктері болады. Олар сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар п.б. Олар дер кезінде шешілмесе жанжалдарға айналады. Жанжал немесе шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққы ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама- қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір талапты айтады. Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан сол мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым п.б. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленістердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады. Әлуметтік жанжалдардың бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады. Жанжалдың екінші себебіне қажеттілік, мұқтаждық, талап- тілектің өтелмеуі немесе қанағаттандырғысыз өтелуі жатады. Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни т.б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын анықтайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалады деп ұғады. Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі. Жанжалдар қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған жанжал адамдар, топтар арасында п.б. дау- дамайларды уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді. Қоғамдық организмдегі дағдарыстар мен әлеуметтік

дағдарыстар туралы айта отырып ең алдымен, олардың адамдардың тіршілік әрекетімен тығыз байланыстылығын, оның адамның өзінде, оның өмірлік жағдайында, әлеуметтік перспективаларында тікелей көрініс табатынын ескертуіміз қажет, яғни оны фундаменталды адами өлшемге ие немесе тағдырлық мәні бар деп айтуға болады. Қоғамдық өмірдегі дағдарысар көріну сфералары бойынша жіктелуі мүмкін: экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеолгоиялық, адамгершілік, экологиялық және т.б. Бірақ қоғам тұтастық ретінде болғанықтан, осы жеке дағдарыстар қоғамды тұтастай дағдарыстың бір сәті, тұсы болып табылады.

28. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принципетері.

Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Құқықтық мемлекеттің негізгі құндылығы халық болып табылады. Сол үшін оның барлық аясында қоғамның құқығы жоғары орында тұру керек. Бұл әрбір құқықты мемлекеттің басты, келелі принципі болып табылады. Яғни құқық әрбір елдің Конституциясы – негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқа болу керек. Мысалы ҚР Конституциясында « Қазақстан Республикасы – демократиялық, зиялы, және біртұтас мемлекет. өзін-өзі билейтін қазақ ұлты мемлекеттілігінің түрі ретінде Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматтарының құқық теңдігін қамтамасыз етеді» делінген. Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағыт¬талған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десекте, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғьшымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгітнасихатта да, публицистикада да көп қолданылады.

29. Азаматтық қоғамның тұжырымдамасы, мәні және қалыптасуының негізгі шарттары

Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың, ұжымдардың мәдени, рухани адамгершілік, ұлттық, діни белгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы. Ол қоғам мүшелері арасында экономикалық, мәдени, құқықтық саяси қатынастары дамыған қоғам, олар мемлекеттен тәуелсіз, бірақ олармен бірігіп өмір сүретін әлеуметтік, экономикалық саяси мәдни және моральдық мәртебесі жоғары мемлекет Геггельдің айтуы бойынша азаматтық қоғам бұл әлеуметтік және де экономикалық қажеттіліктен туындаған жеке адамдардың өз мүдделерін белгілі бір мөлшерде жүзеге асыратын қоғамның бір бөлігі делінсе, қазіргі ғылымда азаматтық қоғам дербес әлеуметтік экономикалық өмір ретінде көрсетіледі. Ол экономикалық ұйымдардың, корпоративтердің, діни бірлестіктердің және т.б жиынтығы ретінде көрінеді.

Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар, азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы, салттары кіреді.

Азаматтық қоғам экономикасының негізі - әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.

Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды.

30.Халықаралық қатынастар жүйесі. Геосаясат.

Халықаралық қатынастар- бұл әлемдік аренада әрекет етуші субъектілердің экономикалық, саяси, құқықтық, идеологиялық, дипломатиялық ,әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен өзара қатынастарының жиынтығы.Халықаралық қатынастардың басты ерекшелігі билік пен басқарудың біртұтас орталықтық өзектің болмауы.

Бүкіл халықаралық қатынасарды екі негізгі типке бөлуге болады: бәсекелестік қатынастары және ынтымақтастық қатынастары. Халыаралық немесе әлемдік саясатхалықаралық қатынастардың өзегі болып табылады. Әлемдік саясат деп әлемдік қауымдастықтың тіршілігі үшін маңызды шешімдерді жасау, қабылдау және жүзеге асыру процесін айтады. Қазіргі әлемдік саясатта әртүрлі қатынасушылардың орасан көп саны әрекет етеді. Әйтседе халықаралық қатынастардың маңызды субъектілері қатарына халықаралық ұйымдар да қосылуда.

Әлемдік саясаттың негізгі субъектісі мемлекеттер және мемлекеттер топтары (одақтар) болып табылады деген көзқарас басымлдау болып отыр. Бұл жерде ескерілетін жәйт, халықаралық қатынастар ең алдымен олардың негізгі қатынасушылары, дербес субъектілері сапасында, қандай да болсын ұйымдардың мүшесі сапасында мемлекеттің сыртқы саяси әрекетінің жиынтығынан құралады.

Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.

31. ҚР-дағы ұлт саясаты туралы не білесіз?

Қазақстан қазір өзіндік саяси және экономикалық жүйесі бар, көптеген әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жағдайдағы сол жылдардың маңызды жетістігі – Қазақстан республикасы өзін бүкіл әлемге егеменді ел ретінде мойындатып, қазақ ұлтын, сондай-ақ, көпұлтты мемлекетімізді халықаралық деңгейдегі танытып бере алды. Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі – тіл жағдайы. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайту бағытталған. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді.Сонымен қатар, қоғамдағы демократияландыруды одан әрі тереңдету, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастырудың басты проблемаларын шешу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Осы даму жағдайлардың барлығында да ең алдымен, Қазақстан халқының біртұтастығының сақталуы, әр ұлттың өзінің жеке мүдделерімен қатар жалпыұлттық, мемлекеттік мүдделерді де естен шығармауы қажет.Қазақстанды мекендейтін әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар ұлттық-мемлекеттік құрылысқа қатысуына қарай және өздерінің мәдени даму қарқынын айқындайтын ерекше жағдайларға қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Соған сәйкес мемлекетіміздің негізігі міндеті – барлық ұлттар мен этникалық топтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қорғау үшін тиімді жолдары қолдану. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан қоғамының тұтастығы мен тұрақтылығын сақтаудың бірден-бір жолы – бұл барлық қазақстандықтардың саяси санасын жалпы азаматтық құндылықтар негізінде қалыптастыру мен жетілдіру болып табылады.Жалпы алғанда, біздің елеміздегі ұлт саясаты төмендегідей принциптерге сүйенеді: адам құқықтары мен ұлт құқықтарының мен ұлт құқықтарының парасаты түрде үйлесім табуы; ұлттар, ұлыстар мен халықтарарасындағы ізгілік, ұлтаралық келісім мен ынтымастық қатынастары, өзара көмек пен бірін-бірі қолдау; қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығы; ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтардың үйлестірілуі; конструтивті ұлттық-ерекшелікті мүдделердің жүзеге асырылуы; елдегі барлық ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуының теңдігі мен теңестіріуі. Барлық ұлттар мен халықтарды бір жерде тоғыстырған ортақ тарихи тағдыр олардың ортақ мұраттар мен құндылықтарлдың қалыптасуына да себепші болады.Біздің еліміздің жүргізіп отырға ұлт саясаты өзінің бағыт-бағдары бойынша демократиялық және келісімшілідік, прогрессивті және жасампаздық сипатымен ерекшеленіп келеді. Сондықтан, еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірлік қазіргі кезеңде орын отырған қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық дағдарысты еңсеруде де маңызды роль атқарған факторлардың бірі бола алады деп ойлаймыз. Өркениетті экономика, өркенді саяси-рухани құрылым дәне дамыған инфрақұрылым қалыптастыру үшін қазір ең керегі – ұлттық ынтымастық пен бірлік. Дүниежүзілік озық технология мен интеллектіге сүйенген саяси-экономикалық және әлеуметтік құрылыс қазақ халөымен бірге барлық қазақстандық халықты өркениетті өмірге әкелетіндігі сөзсіз.Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты мақсаты - байырғы қазақ жерінде құрылған ұлттық мемлекетті сақтау және нығайту.

32.Қазіргі Қазақстандағы демократияландыру: жайы және үдерістері туралы пікіріңіз.

Адам құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын оның қоғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды. Олар өзара тығыз байланысты. Бұл міндеттерінің орындалуы жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін қажет. Халықтың саяси мәдениетін көтеруге тек белгілі саяси білімді меңгеріп, саяси құбылыстар мен процесстерді, заңдылықтар мен принциптерді түсіну ғана емес, сонымен қатар қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, жалпы адамзаттық қазынаны сақтап, молайтуға тырысу, Отанға қауіп төнсе, оны қорғай білу де жатады. Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси мәдениетін тап басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезеңді басынан кешіріп отыр. Халықтың санасында, іс - әрекетінде, дәуірдің де, бүгіннің де, болашақтың да, мәдениеттің де көріністерін байқаймыз. Мәселен, біраз адамдардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғыдай мемлекеттің басым тұрғандығы сезіледі. Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде. Ал болашақ дегеннің өзі бүгіннен басталады ғой. Сондықтан әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына өз үлесін қосқаны абзал. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында да адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Әркімнің өмір сүруге, жеке басының бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір – қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмау. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Мұның бәрі Қазақстан халқының демократиялық жолмен даму тарапындағы алғашқы қадамдары деп білеміз. Сонымен қатар ол саяси мәдениеттің даму деңгейін де аңғартады. Жеке адамның саяси мәдениеті жоғары болу үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан – жақты хабардар етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұру дамыған хабарламалық жүйенің болуы қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді. 

33. Қоғамдық келісім теориясы-бұл қандай теория?

Қоғамдық ғылымдарда мемлекеттің пайда болуы туралы концепциялар бар. Соның ішінде кең таралғандары олар; патриархалдық, теократиялық, қоғамдық келісім, жаулап алу және әлеуметтік – экономикалық.Патриархалдық теория мемлекеті бір әкелік биліктің астына кіші жанұялярдың еркін жинауы осының негізінен оны үлкен жанұя деп қарастырады.Теократиялық концепция мемлекеттің пайда болуын негізінен құдай орнатқан деп

қарастырады.Қоғамдық келісім теориясы.Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.Қоғамдық келісім концепциясы мемлекеттің пайда болуын былай дейді ол басқарушы мен бағынушының тәртіп және қоғам өмірінің ұйымдастыру мақсаты мен келісім арқылы пайда болған.Күштеу теориясы ол мемлекетті тікелей саясаттың әсері – ішкі немесе сыртқы күштеудің жаулаудың нәтижесі деп жариялайды.Әлеуметтік – экономикалық концепция мемлекеттің пайда болуын мынандай факторлардың әсері мен олар қоғам еңбек бөлінісі, экономикалық қызығушылық, әлеуметтік қайшылықтар мен пайда болуы дейді.

34. Саяси жаңғыру: Әлемдік және Қазақстан тәжірибелері туралы пікіріңіз?

Саяси жаңғыру - даму режимі. Бұл режимде қоғамның саяси жүйесі үздіксіз кемелденіп отырады , онда жаңғыру тенденциясы басым болады. Ол жеткілікті түрде белсенді жаңғыруларды қабылдайды, уақыттың саиси талаптарына сай жаңаруға талпынады. Саяси практиканың қызмет етуінің бұл режимі компоненттері саяси белсенділікті, саяси қатынастар субъектілерінің белсенділігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоғамдық өмірдің барлық негізгі тенденцияларының жүзеге асу мүмкіндігі занды тұрғыда болатын жоғары дамыған демократиялық саяси мәдениет жағдайында ғана мүмкін болады. Мемлекеттік билік құрушы құрылымдары қажетті әлеуметтік-саяси заңдық мүмкіндіктерге, аса жоғары зандылыққа және саяси тұрақтылық жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған әсер ету құралдары мен әдістері арсеналына ие.

Жаңғыру мен даму режимі саяси жүйенің тек жай ғана қайта құрылуын емес, оның жаңғыру мен даму элементтерін ендіре отырып қайта құрылуын білдіреді. Нәтижесінде қоғамның саясимәдениетінің өсуі, саяси қажеттіліктерге оның барабарлығы, әрекеттердің тиімділігі көтеріледі.

35. Саяси қақтығыстарды басқарудың негізгі үлгілері қандай?

Қазіргі таңда бейбіт заманында өмір сүріп жатырмыз дегенмен, қақтығыстарсыз өмір сүру мүкін емес. Тіптен қарапайым қоғам қатынастарына қарасақ қақтығыссыз болмайды. Қоғамдағы және ішкі саяси шиеленістер заңға және сотқа сүйеніп шешіледі. Қоғам қатынастарын реттеу үшін мемлекетте әртүрлі заң актілері мен нормалары қабылданады. Ал халықаралық шиеленістерді шешуде мемлекетаралық және ұйымдармен қабылданған конвенциялар, келісімшарттар қолданылады. Қазіргі заман қақтығыстары бұрынғыларымен салыстырғанда ашық түрде, яғни соғыс ашу түрінде жүрмейді, бірақ бұл қазіргі заман қақтығыстары аз немесе күрделі емес деген сөз емес, тек адамзаттың қақтығыс жағдайын қолына алғанының көрсеткіші. Қақтығыс, келіспеушілік, қайшылық, шиеленіс туындағаннан бастап, оның әрі қарай дамуына жол берілмеу, бейбіт жолмен шешу, қақтығыстардың алдын алу арқылы шешіледі. Соңғы жылдары қақтығыстардың түрлерін – халықаралық, этнос аралық, діни және еңбек қақтығыстарын зерттеуге аса назар аударылып жатыр. Ғылыми көз-қарас бойынша, қақтығыстар шешілу жолын оңайлықпен таба алмаудың бір себебі – қақтығыс проблематикасының нашар дамығандығы және қақтығысты қадағалап, ол үшін жауап берушілердің нашар дайындығы. Қақтығысты өз қол астына алып үйренген елдер мен қауымдастықтар тәжірибесі бойынша, олар қоғамдық өмірді бұзып, қатерлі нәтижелер туралы эскалация тудырмайды, бұл проблематиканы шешуге арналған жеке ғылыми ұйым болады. Олардың міндеті қабылданған қадамдардың нәтижесін сұрыптау, қоғамдық және мемлекеттік туындап келе жатқан қайшылықтарды табатын механизмдер құру, олардың эскалациясының алдын алып, шешу жолдарын ұсыну. Қақтығыс табиғаты бойынша, қай жерде туындаса да, кімдерді қатысушы ретінде итермелесе де, ол аса жауапкершілік пен салмақтылықты талап етеді, және де сенімсіз жеңіс үшін қаруын шығарып, кімді болсын құртып жіберуге дайын болу бұл жерде артық. Жеңіс болып мұндай жағдайда тек жақтардың қызығушылықтары мен мүдделерін есепке ала отырып қабылданған шешім және тіптен керек емес зардабы мен зияны көп конфронтацияны жою саналады. Қақтығыстарды шешудің бірнеше түрі бар: заңға, сотқа сүйене отырып немесе келіссөз шақырып келісімге қол қою арқылы. Яғни қандай да заңдарға, нормативті актілерге, халықаралық келісімдерге немесе қандай да сот, арбитраж сияқты заңды институттарға сүйене отырып шешіледі. Бұл жол көбінесе ішкі саяси қайшылықтарды шешуге қолданылады. Келесі жағдай ол – халықаралық қақтығыстар, мұнда халықаралық келісімдер мен конвенцияларды қолдану мүмкін бола бермейді, ал заңды аймақ жиі белгіленбеген. Бұл жағдайда жақтар өздері шешім іздеп немесе делдал көмегіне сүйенеді. Дәп осы шешімге келу типі халықаралық аренада саяси қақтығыстарды шешуде, тіптен кейбір ішкі қақтығыстарды шешуде қолданылады. Келісім процедурасы біткеннен кейін, қақтығыс субъектілеріне қатынастарын әрі қарай дамыту құралдарын іздеу керек. Белгілі саясаткер Ж.Фаве ойынша, татуласуды келісу, компромисс, бағындыру, беру арқылы жүзеге асыруға болады. Бірақ, басқару субъектісі қақтығысты шешу жолын таңдай отырып мемлекеттің мәдени-тарихи, өркениеттік, саяси даму жолдарын, дауды жүргізудің уақыттық ерекшелігі мен қызмет етуші тұлғалар психикалық ерекшеліктерін міндетті түрде ескеруі керек. Келісім үрдістің негізгі тағы бір ерекшелігі шиеленіс мәселесінің бір бөлігінің ғана шешілуі, яғни бұл әрі қарайғы татуласуға немесе қайшылық үдеуіне әкеледі.

36.Қазіргі Қазақстандағы демократияландыру: жайы және үдерістері туралы пікіріңіз.

Адам құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын оның қоғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды. Олар өзара тығыз байланысты. Бұл міндеттерінің орындалуы жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін қажет. Халықтың саяси мәдениетін көтеруге тек белгілі саяси білімді меңгеріп, саяси құбылыстар мен процесстерді, заңдылықтар мен принциптерді түсіну ғана емес, сонымен қатар қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, жалпы адамзаттық қазынаны сақтап, молайтуға тырысу, Отанға қауіп төнсе, оны қорғай білу де жатады. Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси мәдениетін тап басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезеңді басынан кешіріп отыр. Халықтың санасында, іс - әрекетінде, дәуірдің де, бүгіннің де, болашақтың да, мәдениеттің де көріністерін байқаймыз. Мәселен, біраз адамдардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғыдай мемлекеттің басым тұрғандығы сезіледі. Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде. Ал болашақ дегеннің өзі бүгіннен басталады ғой. Сондықтан әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына өз үлесін қосқаны абзал. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында да адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Әркімнің өмір сүруге, жеке басының бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір – қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмау. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Мұның бәрі Қазақстан халқының демократиялық жолмен даму тарапындағы алғашқы қадамдары деп білеміз. Сонымен қатар ол саяси мәдениеттің даму деңгейін де аңғартады. Жеке адамның саяси мәдениеті жоғары болу үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан – жақты хабардар етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұру дамыған хабарламалық жүйенің болуы қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді. 

37. Қазіргі шетелдік саясаттану: бағыттары, мектептері, теориялары туралы не білесіз?

Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты,.Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер "Тарих және саяси ғылым" деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылыФранцияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды. XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында казір де жемісті еңбек етуде. Саясаттануды барлық  жоғарғы оқу  орындарында  міндетті түрде  оқыту туралы 1948 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі қабылданған болатын. Саясаттану қазір көптеген  елдерде қоғамдық  пәндер  қатарынан  жетекші  орын алып отыр. Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнін ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады. Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытылған болатын. Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тумауға тиіс. Саясат мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік  идеологияға негізделген пәндердін шеңберінен шықпайтын және ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмі әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін. Саясаттануға деген көзқарас 80 жылдардын екінші жартысында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға қоғамнын демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. 1989 жылдан Жоғары Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті "Саяси ғылымдар" деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылдарында Балтық бойы елдеріңде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады.

38. Қазіргі Қазақстандағы саяси элитаның қызметі туралы не айтасыз?

Қазақстан саяси элитасының ішкі қақтығыстық әлеуетінің деңгейі. Қазіргі кезеңде елде саяси тәуекел деңгейін көтерердей әртүрлі элитарлық топтар арасында жаңа қақтығыстар шақыруға қабілетті жанжалдық әлеует сақатлып отырғанын жоққа шығаруға болмайды .

Элиталардың ауысу процесіне орай, қазіргі кезеңде посткеңестік кеңістікте үш үлгісінің бар екенін атап өту керек:

- Ресейлік (мұрагер)

- Азербайджандық (билкті тапсырудың династиялық түрі).

Украиндық (контр-элитаның жеңісі)

- Грузиндік (контр-элитаның жеңісі)

- Кырғыздық (контр-элитаның жеңісі)

Қазақстан үшін билікті тапсырудың Ресейлік үлгісі оңтайлырақ тәрізді, өйткені атап айтқанда сол ғана елде саяси тұрлаулылықты сақтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның қазіргі саяси элитасының жалпы сипаттамасы:

- жабықтығы және тұрғындардан біршама қашықтығы (экономикалық, саяси, информациялық және менталдық);

- элита профессионализм ұғымы көбінесе ығыстырылатын және жеке берілгендік пен қандас туыстық түсінктерімен алмастырылатын қатаң иерархия шеңберінде қызмет етеді . В меньшей степени это характерно для бизнес-элиты;

- басқарушы элита біртұтас емес, керісінше, ол сәйкес мүдделер мен ағымдағы конъюнктура негізінде ішінде сан алуан блоктар құрылатын перманенттік қайшылықтар жағдайында болып отыр;

- элиталар арасындағы негізгі күрес өздерінің мұраттарын мемлекеттік және қоғамдық дамуға тарату үшін емес, өзінің ықпалын мемлекет басшысына және қалған элитарлық топтарға тарату, ал сол арқылы- мемлекеттік және қоғамдық дамуға тарату құқығы үшін жүріп жатыр;

- саяси элитаның ішкі тұрлаулығының кепілі тек ел президенті болып отыр.

39. Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі ролі туралы пікіріңіз қандай?

Қоғамда әр түрлі таптар, топтар, жіктер болатындығы белгілі. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап- тілектері, армандары, қажеттіліктері болады. Олар сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар п.б. Олар дер кезінде шешілмесе қақтығыстарға айналады. Қақтығыс немесе шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққы ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама- қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір талапты айтады. Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан сол мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым п.б. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленістердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады. Әлуметтік қақтығыстардың бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады. Қақтығыстың екінші себебіне қажеттілік, мұқтаждық, талап- тілектің өтелмеуі немесе қанағаттандырғысыз өтелуі жатады. Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни т.б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын анықтайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалады деп ұғады. Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі. Қақтығыстар қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған қақтығыс адамдар, топтар арасында п.б. дау- дамайларды уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді. Қоғамдық организмдегі дағдарыстар мен әлеуметтік

дағдарыстар туралы айта отырып ең алдымен, олардың адамдардың тіршілік әрекетімен тығыз байланыстылығын, оның адамның өзінде, оның өмірлік жағдайында, әлеуметтік перспективаларында тікелей көрініс табатынын ескертуіміз қажет, яғни оны фундаменталды адами өлшемге ие немесе тағдырлық мәні бар деп айтуға болады. Қоғамдық өмірдегі дағдарысар көріну сфералары бойынша жіктелуі мүмкін: экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеолгоиялық, адамгершілік, экологиялық және т.б. Бірақ қоғам тұтастық ретінде болғанықтан, осы жеке дағдарыстар қоғамды тұтастай дағдарыстың бір сәті, тұсы болып табылады.

40.Қазіргі Қазақстандағы демократияландыру: жайы және үдерістері туралы пікіріңіз.

Адам құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын оның қоғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды. Олар өзара тығыз байланысты. Бұл міндеттерінің орындалуы жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін қажет. Халықтың саяси мәдениетін көтеруге тек белгілі саяси білімді меңгеріп, саяси құбылыстар мен процесстерді, заңдылықтар мен принциптерді түсіну ғана емес, сонымен қатар қоғам алдында өз жауапкершілігін сезініп, жалпы адамзаттық қазынаны сақтап, молайтуға тырысу, Отанға қауіп төнсе, оны қорғай білу де жатады. Енді бүгінгі Қазақстанға келсек, еліміздің саяси мәдениетін тап басып айту қиын. Себебі, республикамыз өтпелі кезеңді басынан кешіріп отыр. Халықтың санасында, іс - әрекетінде, дәуірдің де, бүгіннің де, болашақтың да, мәдениеттің де көріністерін байқаймыз. Мәселен, біраз адамдардың санасында жеке тұлғадан гөрі бұрынғыдай мемлекеттің басым тұрғандығы сезіледі. Бірталайы болашақты күтумен күн кешуде. Ал болашақ дегеннің өзі бүгіннен басталады ғой. Сондықтан әркімнің қазіргі саяси өмірге белсене араласып, қоғамымыздың тезірек демократиялануына өз үлесін қосқаны абзал. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында да адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Әркімнің өмір сүруге, жеке басының бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір – қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмау. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Мұның бәрі Қазақстан халқының демократиялық жолмен даму тарапындағы алғашқы қадамдары деп білеміз. Сонымен қатар ол саяси мәдениеттің даму деңгейін де аңғартады. Жеке адамның саяси мәдениеті жоғары болу үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдердегі болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан – жақты хабардар етіп отырғаны орынды. Сонда ғана елдің азаматтары бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұру дамыған хабарламалық жүйенің болуы қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарының қаншалықты дамығандығын көрсетеді. 

41. Конституцияның құқықтық ережелер жүйесінде сипаттаңыз

Қазақстанның егеменді, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде қалыптасуындағы бірден бір тарихи маңызды оқиға 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қазіргі қолданыстағы ҚР Констиуцияның қабылдануы болды. ҚР құқықтық саясатының негізгі бағыттарын анықтау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен 2002 жылдың 20 қыркүйегінде 2010 жылдарға дейін құқықтық саясат тұжырымдамасы бекітілген болатын, оның қабылдануымен қазақстандық ұлттық заңнама жүйесін қалыптастырудың келесі кезеңі басталды. 2002 жылғы тұжырымдаманың басты нәтижесі ұлттық құқықтық жүйенің әрі қарай дамуына көмектескен бірқатар маңызды нақты заңнамалық актілердің қабылдануы болды, оның ішінде : 2003 жылы Орман, Жер, Кеден ісі, Су кодекстері; 2007 Еңбек, Экология кодекстері; 2008 жылы Бюджеттік, Салық кодекстері қабылданды. Мемлекет басшысы өзінің 2009 жылдың бірінші қыркүйегінде төртінші шақырылымдағы республика Парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде жаңа құқықтық саясат тұжырымдамасы базасында қазақстандық заңнамаларды жаңарту, заң шығару процестерін нығайту, оның сапасын жоғарылату қажеттілігін атап көрсетті. Жылдан 2010-2020жылға дейінгі кезеңге есептелген жаңа ҚР Құқықтық саясат тұжырымдамасы құқықтық барлық саласының әрі қарай даму жолдарын анықтайды (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, азаматтық процессуалдық, қылмыстық және т.б.). Конституция еліміздің құқықтық жүйесінде басымды орын алады. Онда қоғамның, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік саланың, мемлекеттің және құқықтың сипатын анықтайын негізгі идеялар баянды етіледі және мемлекеттік реттеудің шектері мен сипаты белгіленеді. Конституция мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бастауларын, халықаралық және ұлттық құқықтық ара қатынасын анықтайды.

42. Қазіргі Қазақстан өміріндегі көппартиялық саяси жүйенің қалыптасуна қалай қарайсыз?

ХХ ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді.

Қазіргі кездегі негізгі мәселе республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық мемлекет құру. Сонымен қатар республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақтанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды. Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде.Бірақ көппартиялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол көптеген партиялардың мүше саны аз, олар саяси процеске шын мәнінде араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Олар халыққа онша таныс емес, көбіне формальды түрде есептеледі.Сондықтан жергілікті жерде халықтың біразы ондай партиялардың барын да білмейді. Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз.

Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт бағдары жақын партиялар бір біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне универсалдық сипат алатындай сыңай бар. Сонымен қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап,жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.

43. Саяси жанжалдар және олардың қоғам өміріндегі ролі туралы пікіріңіз

Қоғамда әр түрлі таптар, топтар, жіктер болатындығы белгілі. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап- тілектері, армандары, қажеттіліктері болады. Олар сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар п.б. Олар дер кезінде шешілмесе жанжалдарға айналады. Жанжал немесе шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққы ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама- қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір талапты айтады. Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан сол мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым п.б. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленістердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады. Әлуметтік жанжалдардың бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады. Жанжалдың екінші себебіне қажеттілік, мұқтаждық, талап- тілектің өтелмеуі немесе қанағаттандырғысыз өтелуі жатады. Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни т.б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын анықтайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалады деп ұғады. Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі. Жанжалдар қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған жанжал адамдар, топтар арасында п.б. дау- дамайларды уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді. Қоғамдық организмдегі дағдарыстар мен әлеуметтік

дағдарыстар туралы айта отырып ең алдымен, олардың адамдардың тіршілік әрекетімен тығыз байланыстылығын, оның адамның өзінде, оның өмірлік жағдайында, әлеуметтік перспективаларында тікелей көрініс табатынын ескертуіміз қажет, яғни оны фундаменталды адами өлшемге ие немесе тағдырлық мәні бар деп айтуға болады. Қоғамдық өмірдегі дағдарысар көріну сфералары бойынша жіктелуі мүмкін: экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеолгоиялық, адамгершілік, экологиялық және т.б. Бірақ қоғам тұтастық ретінде болғанықтан, осы жеке дағдарыстар қоғамды тұтастай дағдарыстың бір сәті, тұсы болып табылады.

44. Саяси жанжалдарды зерттеудегі негізгі теориялар. Жанжалдардың типологиясы туралы пікіріңіз

Жанжалға адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б.з.б. VII-VI ғасырларда Қытай философтары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң және теріс бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек философшысы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама- қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуында қайшылықтардың пайдалылығын көрсетті. Гегель қарама- қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады. Саяси жанжалдар теориясына көп көңіл бөлген Марксизм. Марк пен Энгельс Коммунисттік партияның манифесінде «ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші біріне-бірі ылғи антагонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келеді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам өмірін, тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын» деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы және қозғаушы күші деп есептеді. Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған. 60 жылдары немістің әлеуметтанушысы Дальф Дарендорф «қоғамның дау- дамайлық үлгісін» алға тартты. Ол «индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер» деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік п.б., олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан Карл Маркс айтқан, революциялық төңкеріске жол берілмейді делінген. Американдық әлеуметтанушысы Кеннет Боулдинг «жанжалдың жалпы теориясын» жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштырдың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.

45. Қазақстан қоғамындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қоғау мәселелері.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен-ақ құқықтық мемлекет құру идеясын қабылдады. Құқыққа мойынсұнып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қойған мемлекет осылай сипатталады. Тап осы Конституцияны ел тарихындағы идеялар көрініс тапқан, әрі халықаралық деңгейге сай биік межедегі заң деуге толық негіз бар.

Мемлекетіміздің құқықтық негізі- Республика Конституциясының 1-ші бабының 1-ші бөлімі «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп басталады. Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу деңгейі жағынан халықаралық стандарттардың барлық талабына жауап береді.Конституцияға сай, адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясының 16 және 17 баптарында, әр азаматтың өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар деп көрсетілген.     

Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде жалпыреспубликалық коалиция құрылды. Коалицияның негізгі мақсаты қазақстандық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз етуде бірлесе іс-қимылдар жасау, қоғамда осы бағыттағы қордаланған мәселелердің шешімін табуға тырысу, қарапайым халық пен билік арасындағы «келісім көпіріне» айналу.

46. Халықаралық қатынастардағы террорлық туралы пікіріңіз.

Террорлық акт (ағыл. terrorist actact of terrorism; нем. terroristischer Ansclag, Terrorakt n; лат. terror - қорқыныш) - Адамдардың өліміне қауіп тудыратын, елеулі мүліктік залал келтіру не болмаса басқа қоғамдық қауіпті салдарлар туындататын, қастандық, жарылыс, кепілдікке алу, өрт қою немесе басқа әрекеттерді, егер бұл әрекеттер адамдардың қаза болуына апарып соқса, Қазақстан Республикасының заңымен, ең ауыр жаза ретінде өлім жазасы тағайындалады.

Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. 1977 жылы Еуропалық Кеңеске мүше-мемлекеттер терроризммен күрес жөнінде Еуропалық конвенция қабылдады. Терроризм (ең алдымен, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерін өлтіру) тарих ағынына елеулі ықпал етеді, бірақ саяси қайраткерлерге қарсы терактілер өздігінен жалпы адамзатқа аса қауіп төндіре қоймайды. XX ғ. екінші жартысында жағдай түбегейлі өзгерді, терроризмнің әртүрлі түрлерінің күрт жіктелуі орын алды. Ол өмір сүріп отырған бүкіл саясат тәртіптеріне, институттарға, заңды билік құрылымдарына қарсы жаппай соғысқа айналды. Терроризмнің иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты жаппай қырудан көрініс тапты. Нәтижесінде зорлық-зомбылық апаты және вакханалия жер шарының әрбір адамын терактіні ұйымдастырушылардың ақылға қонымсыз идеяларының бұғауында қалдырды. XX ғ. соңында терроризм қазіргі заманның өткір ғаламдық мәселелеріне айналды. 1960-1970-шы жылдары солшыл экстремистік пиғылдағы Италиядағы "Қызыл бригада" және Германиядағы Баадер-Майнхоф сияқты топтардың әрекеттерімен байланысты терроризм толқыны Батыс Еуропаны шарпып өтті. 1990-шы жылдардың басында Ресей қанды террористік зомбылықтың ортасында қалды. Кейіннен оған ислам экстремизмі, шешен сепаратизмі қосылды. Антитеррордың әдістері, технологиясы және тиімдістратегиясы отандық және шетелдік арнайы қызметтер күшіне сүйенеді.Cаяси мақсаттарын іске асыру үшін өлімді, адамдарды үрлауға, диверсияны және басқа да басып-жаншу актілерін құрал ретінде көлдану.

47. Поскеңестік кеңістіктегі саяси қақтығыстар тоқтала ма?

КСРО-ның ыдырауы посткеңестік кеңістікте ұзаққа созылған бірнеше шиеленістердің (Армения-Əзірбайжан, Приднестровье, Грузия — Оңтүстік Осетия жəне Абхазия, сондай-ақ, Орталық Азия республикалары арасындағы территориялық текетірес) басталуына түрткі болса, солардың бірде-бірі бейбіт жолмен шешіліп көрген емес.Содан да болар, бұрынғы КСРО шекпенінен шыққан республикалар жеке шаңырақ көтеріп, егеменді мемлекет болғаннан бері жатпай-тұрмай қарулануды бір сəт те бəсеңдетпей, жаңа соғыстарға дайындалуды əлі күнге дейін жалғастырып келеді. Мұның астарында қандай құпия сыр бар, енді соған келсек.ТМД-ның басқа да мем­ле­кеттері 20 жылдық тәуелсіздігін қо­рытын­ды­лады. ТМД мемлекеттері сыртқы және ішкі саясаттың басымдықтары мен негіз­де­рін анықтауда және мемлекеттік мүддені тү­сінуде, оған қоса ұлттық мемлекет құру ке­зеңінен өтті. Тәуелсіздік жылдарында мем­лекеттер ТМД елдері мен Достастыққа кір­мейтін мемлекеттер арасынан тиімді се­рік­тестіктерін тауып отырды. Посткеңестік мем­лекеттердің қазіргі заман тарихында қар­улы қақтығыстарға алып келген жан­жал­дар да болып отырды (Тәжікстан, Таулы Ка­рабах, Молдова, Грузия және т.б.). Шы­нын­да, бұл жанжалдар тарихи алғы­шарт­тар­мен, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени, әлеу­меттік-экономикалық және қоғамдық қа­тынастардағы саяси саланың дамуында жүр­ген дағдарыстармен байланысты бол­ды. Аталған жанжалдардың се­бебі бірқатар елдердің болжамсыздық сая­саты болып табылады және аталған се­беп белгілі жанжалдардың катализаторына ай­налды.Посткеңестік кеңістікте қазіргі күні қарулануды ең күшті жүргізіп отырған елдер — Армения мен Әзірбайжан.Грузия, Украина және Қыр­ғызстан ел­дер­інде болған «түрлі-түсті революцияларды» ес­тен шығармауымыз қажет. Біраз жылдар өт­се де, «түрлі-түсті революциялардан» ке­йін ешбір мемлекетте әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық және саяси жүйеде түбегейлі әрі са­па­лы өзгерістер болмады. Сонымен қатар бұл елдерде қалыптасқан саяси жағдай­лар­дың ерекшеліктерінің бірі - билік үшін кү­рес «жаңадан» қалыптасқан элиталар ара­сында жүруде, бұл өз кезегінде, олар­дың мақсаттары мен мүдделерінің қарама-қай­шылығы туралы, олардың арасында ба­залық келсімнің болмауы мен қоғам ал­дында тұрған мәселелердің тереңдігін көру мүм­кіндігінің жоқтығы туралы айтуға мүм­кін­дік береді.

Тұрғындардың әлеуметтік үміті мен олар­дың қанағаттану көлемінің арасындағы қа­рама-қайшылықтың нәтижесінде, мы­са­лы, Қырғызстанда саяси жүйенің дағ­да­ры­сы­на және жүргізіліп отырған қайта құ­ру­лар­дың тоқтатылуына алып келді. Өр­кениеттік басымдықтар негізінде тү­бе­гей­лі шаралармен күйзеліссіз жүргізілетін әлеу­меттік-экономикалық және саяси ре­фор­малардың іске асырылуы құнды жеке кә­сіби қасиеті бар саяси лидердің же­тек­ші­лігімен ғана мүмкін. Бұндай саясаткерде дағ­дарыс кезінде тиімді шешім ұсыну қа­бі­леті мен жігері және қоғамда келісім мен ты­ныштықты қамтамасыз ететін ұйым­дас­ты­ру қасиеті болуы шарт. Егер елде шие­ле­ністің деңгейі жоғары болса, онда аталған ел­дердің көшбасшылары қоғамдағы әр­түр­лі мақсаттарды және бір-біріне қарама-қай­шы мүдделерді біріктіре алмайды. Қай мем­лекет ұтылды, қайсысы жеңілді, менің ойым­ша, біз баға бере алмаймыз. Оны ел­дер­дің халқы мен билігі бағаласын. Бірақ аны­ғы бір, мақсаты тұрақтылықты қам­та­ма­сыз ету болып табылатын мемлекет ғана әр кезде «ұтыста» болады.

48. Геосаясат генезисі. Теориялық негіздері туралы пікіріңіз қандай?

Геосаясат сол немесе басқа мемлеет немесе ұлт тарихта жүзеге асыратын географиялық ұстанымдарының саяси стратегиялық құрылымы туралы ғылым. Геосаясат идеологияны ауыстырады. Геосаясат шешімдерінің саяси формасының географиялық ортаға тәуелділігі. Геосаясаттың категориялары: ұлттық мүдде, халық. Технологиялық фактор – күштелдің сыртқы факторы үстемдік ететін жекелеген дәуірлердің ауысуы: 1. Колумбтық кезең (теңіз күші); 2 – ХІХ ғасыр аяғы (темір жолдар); 3 – ХХ ғасыр ортасы (авиация); 4 – ХХғ 80-жылдары (ғарыштық техника). Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін КСРО-да геосаясатқа ешкім баға бермеді және ол буржуазиялық жалған ғылым болып аталды. Батыста геосаясат марапатқа ие болмады. Бәрі фашизм көлеңкесінде қалып қалудан қорықты. Тек Солт.Атлан-қ блог –НАТО құрылған соң ғана геосаясат әскери штабтарда және жаңа супер держава АҚШ территориясында дамыды. Сыртқы саясат қалыптасуына әр тұрлі жағдайлар жасады. Оның ішінде ең маңыздысы – мемлекеттің орналасқан географиялық ортасы. Оған жер бедері, ауа райы, топырақ жер қойнауының табиғи байлықтары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі ж/е т.б. жатады. Географиялық орта өндіргіштерді орналастыруға, жалпы қоғам дамуына сан қилы әсер етеді. Айналадағы табиғи ортаның қоғамның дамуына сан қилы ететін әсерін зерттейтін географиялық бағыт деген теория пайда болды. Оның негізін салушы – француздың белгілі фәлсәфа – ағартушысы Ш.Монтеське. ол халықтың материалдық және рухани өмірі географиялық ортаның жағдайларына тиімді деп санады. Бұл бағытты жақтаушылар қоғамдық өмірдің өзгеру себептерін, халықтар тарихын, адам психикасын, географиялық ортаның ерекшеліктері туғызғын өзгешеліктер арқылы түсіндірді. Географиялық бағыттың негізінде геогр-қ саясат деген теория п.б. напалеон қандай мемлекет болмасын саясатты өз геогр-на байланысты жасайды деген. Гео-қ саясат мемлекеттер, аймақтар, континенттер арасындағы қатынастарды зерттейді. Бұл саясатты жақтаушылар ұлттардың , мемлекеттердің жан-жақты дамып, тыныш өмір сүруі үшін «тіршілік кеңістігі» болуы керек дейді. Сондықтан бұл теорияны ІІд.ж соғыс аясында жаңа аумақтарды жаулап алу үшін Гитлер басшылыққа алған, ал қазір оны Израиль агрессорлары басқа Араб елдеріне қарсы ту етіп көтеріп жүр. Гео-қ ортаның қоғамға әсері тарихи жағынан үздіксіз өзгеріп отырады. Қазіргі ядролық заманда «тіршілік кеңістігі» үшін күрестің мәні шамалы. Дегенмен, жер көлемінің үлкендігі, қазба байлықтары, жер бедері, теңізге шығу мүмкіндігі т.б. сияқты гео-қ жағдайлар мемлекеттің сыртқы саясатын белгілеуде елеулі орын алмайтындыңы күмәнсіз.

49. Популистік саяси феномен ретінде қандай роль атқарады?

Популизм — белгілі бір әлеуметтік-саяси топтардың халыққа негізсіз уәделер беріп, жалған ұрандарын алға тартып, өз мақсаттарына жетуге бағытталған қызметі. Әдетте популизмді билікке таласушы саяси топтар, сайлауға қатысушы партиялар мен қоғамдық қозғалыстар жиі қолданады. Олар халықтың неғұрлым көп бөлігін өзіне қаратып, билікке жету мақсатында елдегі түйткілді мәселелерді біржолата шешу, эволюциялық дамуды неғұрлым баянды ету ұрандарын белсенді насихаттап, жалған уәделер береді. 1980 ж. Ұлыбритания үкіметінің өзі популистік саясат жүргізгендіктен, оның саясаты мен ұстанған идеологиясын (“тетчеризм”) “солшыл” саясат өкілдері авторитарлық популизм деп атады.

50. Саяси глобалистика түсінігі. Жаһандану, оның мәні, сипаты және маңызы уралы айтыңыз.

Саяси глобалистика  -  жаһандану үрдісінің саяси  аспектілерін зерттеу. Саяси глобалистиканың ерекшелігі - бүл ғылым жаһандық мәселелерді тек сипаттаумен шектелмейді, олядролық, азық-түліктік, энергетикалық, т.б. жаһандық мәселелерді шешудің саяси құралдары мен әдістерін ұсынады.[1]

Саяси глобалистиканың әдіснамалық негізі - жаһандану үрдісін өркениеттің саяси қорытындысының болуы мүмкін нәтижесі ретінде қарастыратын өркениеттік немесе әлеуметтік-мәдени әдістер.

Саяси глобалистиканың міндеті адамзат қарамағындағы болашақ баламасын дайындау және анықтау болып табылады. Өркениеттік тәсіл шеңберінде саяси глобалистика пәні жаһандану үрдісін тарихи динамикада қарастырады. Яғни, түтас өзара байланыстағы әлемнің қалыптасуын өркениеттердің шығармашылық диалогы ретінде қарастыру.

Саяси глобалистиканың ең маңызды мәселелерінің біріне өркениеттер диалогы түжырымын уақыттың жаһандық мәселелеріне жауабы ретінде қалыптастыру жатады.

Осы мәселені шешу саяси глобалистиканың міндеттер шеңберін анықтайды:

  • жаһандық әлемдегі саяси диалогтың құндылық өлшемін анықтаушы әлемдік өркениеттегі негізгі әлеуметтік-мәдени құндылықтарды салыстырмалы талдау;

  • өркениетаралық өзара қарым-қатынастың саяси стратегиясын салыстырмалы талдау;

  • жаһандық әлемдегі униформиз мен гегемонидыққа балама ретінде адамгершілік жаһандық идеясын дайындау;

  • жаңа гуманитарлық бітімгершілік түжырымын әр түрлі өркениеттердің құндылықтарын келістіру үрдісі ретінде негіздеу;

  • жаһандық саяси уақыт пен кеңістік қалыптастыратын жаңа мәселелерді зерттеу;

  • жаһандану үрдісіндегі кейбір ауытқушылықтарды зерттеу;

  • жаһандануға балама жолдарды салыстырмалы талдау.

Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкерісбұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. 

51. Қазіргі ғаламдық мәселелер. Оларды шушудің жолдары мен әдіс-амалдарыі

БҰҰ құрылымдарының белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу ,келісімдік процестерді жолға қою,мемлекеттердің мүдделерін түйістіру,халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агессияны айыптау, халықарлық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады.Бұл жағдайда БҰҰ қызметі халықаралық –құқықтық шеңберде болады.БҰҰ және оның органдарының міндеттері мыналар.Халықаралық проблемаларды шешудің тәсіі ретінде соғысты болдырмау; елдер мен халықтардың алдында пайда болатын проблемаларды шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау.Қазіргі жағдайда жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану тенденциясын мүдделері ұлттық-мемлекеттік құрылым шеңберіне сыймайтын ұлттық емес экономикалық құрылымдар жүзеге асырады. Бұлар постиндустриалдық өркениеттің алыптары транс ұлттық компаниялар(ТНТ) , трансұлттық банктер(ТНБ) және басқада мемлекеттік емес және ұлттық емес құрылымдар.Халықаралық қатынастарда олардың ықпалы барған сайын өсе түсуде ,бірақ тұтастай алғанда қазіргі адамзат бізді осы әлемге алып баратын жолдың алғашқы баспалдағында тұр деп айтуғак болады.Екі әлеуметтік жүйенің теке – тіресі екі әскери блоктың құрылуына әкеліп соқты: НАТО және Варшава шарты ұйымы .Бұлар жауласушы екі жүйенің қаруы болған әскери –саяси одақтар еді.Әлемдік социалистік жүйенің күйреуі Варшава шарты елдерінің әскери блогының тарауына алып келді.Нато өзінің қарулы күші бар, БҰҰ мен қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен нақты әскери функцияларды орындайтын әскери-саяси одақ болып сақталып қалды. Әрине НАТО-ң өмір сүруі – бұл биполярлық дүниенің алдыңғы және ол қазіргі халықаралық өмірде айтарлықтай күрделі жағдайлар туғызады, өйткені НАТО жеке еріктің қаруы. НАТО-ң өмір сүруі және ол іске асырып жүрген белсенді әскери әрекеттер басқа елдерді осыған ұқсас әскери-саяси блоктарды құруына итермелеуі мүмкін.

Еуропа бірлестігі, Еуразиялық қауымдастық, Азия-Тынық мұхит аймағы, Африка елдері мүдделерінің бірлігі тәрізді аймақтық ұйымдар әлемнің көпполюсті моделінің қалыптасуында ерекше мәнге ие болуы мүмкін.

Қазіргі таңда саясаттың, ғылымның, субъективтік факторлардың рөлі орасан зор. Жеке бір мемлекет не саяси, әскери, экономикалық топтарға емес, бүкіл адамзаттың мұратына қызмет етерлік ғылым мен техникалық даму бағдарламаларын жасап, іске асырған абзал. Оның жолы өте көп. Дамыған елдер күш- жігерін қосып, қаражаттарын бөліп СПИД, рак немесе жүздеген басқа ауруларды емдеп, тіпті дүниежүзілік дәрігерлік жүйе жасаса, қандай ғажап. Космосты бейбіт мақсатта игеретін дүниежүзілік ұйым құрса, жаопы жаңа экономикалық тәртіп орнатса. Мұндай мысалдарды ондап келтіруге болады. Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлі ерекше деуге болады. Мәселен, қазір дағдарыс жағдайын қарастырсақ. Дағдарыс жағдайында халықаралық ұйымдар бұдан шығудың жолдарын қарастыруда.

52. БҰҰ-ның халықаралық саясаттағы ролі қандай?

Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекет­тері­нің белсенділік таны­туымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы. Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:бүкіл әлемде -- бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;

- ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;

- халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;

- осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.

БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор.

БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.

Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.

БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.

53. Қазіргі халықаралық қатынастар туралы пікіріңіз қандай?.

Халықаралық қатынастар- бұл әлемдік аренада әрекет етуші субъектілердің экономикалық, саяси, құқықтық, идеологиялық, дипломатиялық ,әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен өзара қатынастарының жиынтығы.Халықаралық қатынастардың басты ерекшелігі билік пен басқарудың біртұтас орталықтық өзектің болмауы.

Бүкіл халықаралық қатынасарды екі негізгі типке бөлуге болады: бәсекелестік қатынастары және ынтымақтастық қатынастары. Халыаралық немесе әлемдік саясатхалықаралық қатынастардың өзегі болып табылады. Әлемдік саясат деп әлемдік қауымдастықтың тіршілігі үшін маңызды шешімдерді жасау, қабылдау және жүзеге асыру процесін айтады. Қазіргі әлемдік саясатта әртүрлі қатынасушылардың орасан көп саны әрекет етеді. Әйтседе халықаралық қатынастардың маңызды субъектілері қатарына халықаралық ұйымдар да қосылуда.

Әлемдік саясаттың негізгі субъектісі мемлекеттер және мемлекеттер топтары (одақтар) болып табылады деген көзқарас басымлдау болып отыр. Бұл жерде ескерілетін жәйт, халықаралық қатынастар ең алдымен олардың негізгі қатынасушылары, дербес субъектілері сапасында, қандай да болсын ұйымдардың мүшесі сапасында мемлекеттің сыртқы саяси әрекетінің жиынтығынан құралады.

Сыртқы саясат дегеніміз қоғам атынан әрекет етуге , қоғам мүдделерін білдіруге, оларды жүзеге асыру үшін белгілі әдістер мен құралдарды таңдауға қақлы ресми субъектілердің әрекеттері мен өзара ықпалдасуы болып табылады. Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен қарым – қатынас орнату. Оларға мыналарды жатқызуға болады: - достық қарым – қатынас орнату.

- сауда қарым – қатынастарын орнату. - экономикалық қарым – қатынастарды орнату.

- әскери қарым – қатынас орнату.

Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бір – бірінсіз болмайды. Алға қойылған мақсаттарға жету бойынша сыртқысаяси әрекет түрлі құралдармен жүзеге асырылады: саяси, экономикалық, әскери ақпараттық-насихаттық.

54. Қазақстан халқының саяси мәдениетін қалай көтеріге болады?

Бүгінгі күні «Саяси мәдениет» терминінің әлеуметтік мазмұны күрделеніп барады. «Саяси мәдениет» деген терминді бірінші болып Американың Алмонд деген саясаттанушы ғалымы айналымға енгізген еді. Алмондқа жүгінсек, тарихи тәжірибе, әлеуметтік қоғамның жадысы мен саясат алаңындағы адам мен оның саяси өмірге ықпалы, саяси әрекеттерге қатысты ұстанған бағыты саяси мәдениет деген ұғымды білдіреді.Саяси мәдениетті көтеру үшін, менің ойымша, саяси көшбасшылық, жетекшілік керек. Әрине, біз президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығын білеміз, бірақ оның жемқорлықты жоюды бірнеше жылдан бері көтеріп келе жатқанын да көріп отырмыз ғой. Жемқорлықпен күресте бұрынғыдай болмаса да ептеген өзгерістер бар. Меніңше, «жемқорлық жасауға болмайды» деген ұғым әлі күнге шенеуніктердің санасына жеткен жоқ.  Тәуелсіздік жылдарында жаңа азаматтық қоғам қалыптастыру барысында еліміздің саяси жүйесі де тұтастай өзгеріске ұшырады. Жалпы саясаттың өзі де үнемі өзгеріп, дамып отыратын құбылыс екені белгілі. Саяси жүйенің, халықтың саяси тұтастығының белгісі - мемлекет толыққанды өмір сүріп, қоғам игілігіне қызмет етуі қоғамның тұрақты дамуына байланысты. Ал қоғамның тұрақтылығы мен оның дамуы ең алдымен мемлекеттегі билік жүйелерін реттейтін саяси жүйеге, саяси мәдениетке негізделеді. Саяси мәдениетті дамыту демократияны орнату жолындағы табысқа жетудің басты кілті болып табылады. Ол үшін қоғам мүшелерінің саясатқа белсенді қатынасуын қамтамасыз ету маңызды. Саясатқа араласу дегеніміз әрбір азаматты саясатшыға айналдыру деген сөз емес. Ол қоғамның әр мүшесі мемлекет өмірінде өзіне тиесілі міндеттерін атқаруы тиіс екенін түсінуіне мүмкіндік беру дегенді білдіреді.

Тәуелсіздік жылдарында жаңа азаматтық қоғам қалыптастыру барысында еліміздің саяси жүйесі де тұтастай өзгеріске ұшырады. Жалпы саясаттың өзі де үнемі өзгеріп, дамып отыратын құбылыс екені белгілі. Саяси жүйенің, халықтың саяси тұтастығының белгісі - мемлекет толыққанды өмір сүріп, қоғам игілігіне қызмет етуі қоғамның тұрақты дамуына байланысты. Ал қоғамның тұрақтылығы мен оның дамуы ең алдымен мемлекеттегі билік жүйелерін реттейтін саяси жүйеге, саяси мәдениетке негізделеді. Саяси мәдениетті дамыту демократияны орнату жолындағы табысқа жетудің басты кілті болып табылады. Ол үшін қоғам мүшелерінің саясатқа белсенді қатынасуын қамтамасыз ету маңызды. Саясатқа араласу дегеніміз әрбір азаматты саясатшыға айналдыру деген сөз емес. Ол қоғамның әр мүшесі мемлекет өмірінде өзіне тиесілі міндеттерін атқаруы тиіс екенін түсінуінфе мүмкіндік беру дегенді білдіреді.

Бүгінгі күні «Саяси мәдениет» терминінің әлеуметтік мазмұны күрделеніп барады. «Саяси мәдениет» деген терминді бірінші болып Американың Алмонд деген саясаттанушы ғалымы айналымға енгізген еді. Алмондқа жүгінсек, тарихи тәжірибе, әлеуметтік қоғамның жадысы мен саясат алаңындағы адам мен оның саяси өмірге ықпалы, саяси әрекеттерге қатысты ұстанған бағыты саяси мәдениет деген ұғымды білдіреді.

55.Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Саясат және дипломатия туралы пікіріңіз

Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:

-мемлекеттік мүддені қорғау;

-елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру, демократиылық институттарды кушейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;

-әлемдегі барлық елдермен теңқұқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;

-ғаламдық және аймақтық интеграциялық процесстерге белсене қатысу;

-халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету;Қазақстан өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен, көршілерімен тең дәрежелі достық қатынас орнатпақ. Сонымен қатар республикамыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейкесті мәселелері-қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құқықтары , айналадағы ортаны қорғау, дамыту және т.б. Республикамыз дәйекті сыртқы саясат жүргізіп, ішкі әл-ахуаымызды жақсартып, болашақта өркениетті, құқықтық қоғам орнатуына сеніміміз мол. Қазақстанның негізінде өзінің қауіпсіздігін , егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға , оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық инстиуттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.Республиканың сыртқы саясатына экономикалық байланыстарды нығайтып, дамыту да кіреді. Бүгінде 200-ге жық шетел фирмаларының, банкілерінің, өзге ұйымдарының өкілдері бар. Қазақстан қазір әлемінің 80-нен астам еліне өнімдер шығарады. Елімізде 2000-нан астам бірлескен кәсіпорындар тіркелген. Біздің серіктестеріміздің ішінде дүние жүзіне белгілі «Шеврон», «Мобил», «Токсако», «Амоко», «Аджип» мұнай, газ өндіретін компаниялары және т.б.Сыртқы саясат экология мен айналадағы ортаны қорғау мәселелерімен де астасып жатыр. Бұл орайда, алдыңғы қатарда Қазақстанның екі қасіреті тұр. Біріншісі- тартылып бара жатқан Арал теңізі. Бұл қасірет қазір сол аймақтағы адамдарға ғана зардаптарын тигізсе, ертең ол талай-талай миллиондаған адамдарға қайғы болып шығуы мүмкін. Содықтан бұл өңірді дүниежүзілік көлемдегі экологиялық иапат аймағы деп түсініп, оған шұғыл әрі көлемді халықаралық көмек көрсетпесе болмайды.Екінші экологиялық қасіретіміз- Семейдегі ядролық полигон. Онда өткізілген 752 жарылыстың 26-сы атмосферада, 78-і жер бетінде, қалғаны жер астында жүргізілді.

Саясат дегеніміз- өздерінің мүддесін жүзеге асыруға, қорғауға және саяси билікті қолына алуға, оны пайдалануға байланысты мемлекеттер, таптар, ұлттар, адамдардың үлкен топтарының арасындағы қатынастар болып шығады. Сонымен бірге саясат- мемлекет істері, оның қызметінің форма/ы,міндет/і мен мазмұны.

Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады. Дипломатия - сыртқы саясатты жүргізуге арналған аса маңызды құрал, үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты айтқанда, дипломатия мемлекеттің сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды жүзеге асырушы тәжірибелік тәсілдер, құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Бейбіт жағдайда бұл құрал аса жоғары мәнге ие болады және басқа да сыртқы саяси құралдардың көпшілігі оған бағынышты. Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт жағдайда бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесі жайлы теориясы деп, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға, әріптестікті орнатуға, олардың арасындағы қандай да бір қайшылықтарды бейбіт реттеудің саяси амалдары мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде қарастырылады.

56. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты, оның маңызы мен тиімділігі туралы не айтасыз?

ХХI ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әсересе, әлемдік қаржылық дағдарыс әрбір елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайына әсер еткені белгілі. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы зор. Қазақстан Республикасы Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен . Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау – бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау – саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы» . Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі мынадай принциптері бар: баға көтерілгенде компенсацияның түрлі формаларын енгізіп және индексация жүргізу арқылы халықтың өмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға көмектесу; жұмыссыздық жағдайында көмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру, оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің жасаған бағдарлама, жобалары және парламент, президенттің бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға болады. Ал енді әр адамның әлеуметтік саясатты қабылдауы, ол тікелей екінші кезеңнің жүзеге асуына байланысты өз нәтижесін береді. Әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда елімізде бірқатар бағдарлама, құжаттармен қатар 2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепсиясы» қабылданды. 2008 жылы «Әлеуметтік қызметтер туралы ҚР Заңы» қабылданды.

57. Саяси элита: құрылымы мен қызметтері туралы не айтасыз?

Саясаттың сан алуансубьектілерініңоғанықпалы, әринеәртүрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікт ісаясат пен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады? “ Элита” француз тіліненаударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”еңжақсы” деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен жоғары сапалы тауарларды атады . 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтану да білімі, байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді. Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді, айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі, осы белгілердің жоғарғы өлшеммен бағалайды. Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандайі згіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.бтүсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметті кайырмашылықтар орыналып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әртүрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әртүрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады. Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және т.б қалыптастырды. Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет ,оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады. Элита - [ лат.елігере - таңдау, фр.elite - ең жақсы, іріктелген] - әлеуметтік стратификация жүйесіндегі ең жоғарғы стратасы (бұл стратификацияның негізінен тәуелсіз; саяси тұрғыда сөз саяси элита жайлы). Ағылшын тіліңде еліте деп ХУЛ ғ. жоғары сапалы тауарлар, ХВЫЫЫ ғ. - іріктелген әске¬ри бөлімдер аталды; ұғым генетикада, тұқым шаруашылығында ең жақсы, жеке дара, өзгешелерді атауда қолданыла бастады; ХЫХ ғ. ұғым әлеуметтік иерархия жүйесінде (аристократияның синонимі ретінде) жоғарғы страталарға қатысты қолданыла бастады; әлеуметтануға В. Парето енгізді. Қазіргі элита теориясының ізашарлары Платон, Н.Макиавелли, Ф.Ницше болды. Тұтас көзқарастар жүйесі ретін¬де элита теориясын Г. Моска, В. Парето, Р. Михельс қалыптастырды. Бұл теориялардың бастапқы қағидасы әлеу¬меттік, саяси басқаруды, мәдени даму¬ды жүзеге асыратын әлеуметтік және саяси құрылымның қажетті элементтері бар ерекше пүрсатты, артықшылықты қабат.Элита теориясы - [ фр.elite - үздік, таңдаулы, жақсы-жайсаң] - қоғамның игі бекзаттарының ерекше міндеті, әлеуметтік-саяси және интеллектуалдық белсенділігі және қалың бұқараның енжарлығы туралы теориялар. Негіздерінің қалану тәсілдеріне байланысты ажыратылады. Биологиялық теорияларда биологиялық-генетикалық белгілеріне байланысты (Р.Уильямс, Э.Богардус) адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс және кеміс деп бөлуге негіз бар; психологиялық теорияларда (Г.Джильберт, Б.Скиннер) біреулердің кереметтілігіне және екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психологиялық қасиеттерге; психикалық-аналитикалық теорияларда (Фрейдизм, Э.Эриксон) нәпсіні тежей білу қабілетіне және билікке немесе басыбайлыққа үмтылуға; әлеуметтік-психологиялық теорияларда (Фромм, Г.Лассуэлл) әрбір адамның психология¬лық ерекшеліктеріне, оның өмірінің әлеуметтік факторларына байланысты өзгерген мінез-құлықтың әртүрлі тип-терін мойындауға; технократтық тео¬рияларда (Дж.Бернхэм, Дж.Гелбрейт) өндірісті басқаратын және өздерінің техникалық дағдыларының арқасында "техно- құрылымда" ерекше жағдайға ие адамдардың ұйымдастырушылық міндеттеріне; ғылыми теорияларда (Белл және басқалар) - ғылми білім факгорларьша және "постиндустриалды қоғамның" ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуын айқындайтын жетекші күш ретінде ғалымдардың осы заманғы дүниеде атқаратын рөліне баса назар аударылады. Белгілі бір мәселелерді түсіндірудегі алуан түрлі өзгешеліктерге қарамастан барлық элита теориясы үшін: қоғамды әрқашан элитаға және бұқараға бөлетін адам¬дардың табиғи теңсіздігі туралы; ғылы- митехникалық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші ретінде элитаның қажеттілігі туралы; біреулердің сөзсіз үстемдік етуі және басқалардың бағынышты болуы туралы; көпшіліктің үстінен қарайтын билеуші азшылықтың толық құқылығы мен заңдылығы тура¬лы; тарихи процеске ешқандай игі ықпал етпеуін былай қойып, өз бойына өркениет жетістіктеріне қарсы шығуы мүмкін "іріткі күштерді жинақтаған" бұқараның енжарлығы мен аморфтылығы туралы жорамалдар ортақ болып табылады.

58. Қоғамдық келісім теориясы-бұл қандай теория?

Қоғамдық ғылымдарда мемлекеттің пайда болуы туралы концепциялар бар. Соның ішінде кең таралғандары олар; патриархалдық, теократиялық, қоғамдық келісім, жаулап алу және әлеуметтік – экономикалық.Патриархалдық теория мемлекеті бір әкелік биліктің астына кіші жанұялярдың еркін жинауы осының негізінен оны үлкен жанұя деп қарастырады.Теократиялық концепция мемлекеттің пайда болуын негізінен құдай орнатқан деп

қарастырады. Қоғамдық келісім теориясы.Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.Қоғамдық келісім концепциясы мемлекеттің пайда болуын былай дейді ол басқарушы мен бағынушының тәртіп және қоғам өмірінің ұйымдастыру мақсаты мен келісім арқылы пайда болған.Күштеу теориясы ол мемлекетті тікелей саясаттың әсері – ішкі немесе сыртқы күштеудің жаулаудың нәтижесі деп жариялайды.Әлеуметтік – экономикалық концепция мемлекеттің пайда болуын мынандай факторлардың әсері мен олар қоғам еңбек бөлінісі, экономикалық қызығушылық, әлеуметтік қайшылықтар мен пайда болуы дейді.

59. Саяси қақтығыстарды басқарудың негізгі үлгілері қандай?

Қазіргі таңда бейбіт заманында өмір сүріп жатырмыз дегенмен, қақтығыстарсыз өмір сүру мүкін емес. Тіптен қарапайым қоғам қатынастарына қарасақ қақтығыссыз болмайды. Қоғамдағы және ішкі саяси шиеленістер заңға және сотқа сүйеніп шешіледі. Қоғам қатынастарын реттеу үшін мемлекетте әртүрлі заң актілері мен нормалары қабылданады. Ал халықаралық шиеленістерді шешуде мемлекетаралық және ұйымдармен қабылданған конвенциялар, келісімшарттар қолданылады. Қазіргі заман қақтығыстары бұрынғыларымен салыстырғанда ашық түрде, яғни соғыс ашу түрінде жүрмейді, бірақ бұл қазіргі заман қақтығыстары аз немесе күрделі емес деген сөз емес, тек адамзаттың қақтығыс жағдайын қолына алғанының көрсеткіші. Қақтығыс, келіспеушілік, қайшылық, шиеленіс туындағаннан бастап, оның әрі қарай дамуына жол берілмеу, бейбіт жолмен шешу, қақтығыстардың алдын алу арқылы шешіледі. Соңғы жылдары қақтығыстардың түрлерін – халықаралық, этнос аралық, діни және еңбек қақтығыстарын зерттеуге аса назар аударылып жатыр. Ғылыми көз-қарас бойынша, қақтығыстар шешілу жолын оңайлықпен таба алмаудың бір себебі – қақтығыс проблематикасының нашар дамығандығы және қақтығысты қадағалап, ол үшін жауап берушілердің нашар дайындығы. Қақтығысты өз қол астына алып үйренген елдер мен қауымдастықтар тәжірибесі бойынша, олар қоғамдық өмірді бұзып, қатерлі нәтижелер туралы эскалация тудырмайды, бұл проблематиканы шешуге арналған жеке ғылыми ұйым болады. Олардың міндеті қабылданған қадамдардың нәтижесін сұрыптау, қоғамдық және мемлекеттік туындап келе жатқан қайшылықтарды табатын механизмдер құру, олардың эскалациясының алдын алып, шешу жолдарын ұсыну. Қақтығыс табиғаты бойынша, қай жерде туындаса да, кімдерді қатысушы ретінде итермелесе де, ол аса жауапкершілік пен салмақтылықты талап етеді, және де сенімсіз жеңіс үшін қаруын шығарып, кімді болсын құртып жіберуге дайын болу бұл жерде артық. Жеңіс болып мұндай жағдайда тек жақтардың қызығушылықтары мен мүдделерін есепке ала отырып қабылданған шешім және тіптен керек емес зардабы мен зияны көп конфронтацияны жою саналады. Қақтығыстарды шешудің бірнеше түрі бар: заңға, сотқа сүйене отырып немесе келіссөз шақырып келісімге қол қою арқылы. Яғни қандай да заңдарға, нормативті актілерге, халықаралық келісімдерге немесе қандай да сот, арбитраж сияқты заңды институттарға сүйене отырып шешіледі. Бұл жол көбінесе ішкі саяси қайшылықтарды шешуге қолданылады. Келесі жағдай ол – халықаралық қақтығыстар, мұнда халықаралық келісімдер мен конвенцияларды қолдану мүмкін бола бермейді, ал заңды аймақ жиі белгіленбеген. Бұл жағдайда жақтар өздері шешім іздеп немесе делдал көмегіне сүйенеді. Дәп осы шешімге келу типі халықаралық аренада саяси қақтығыстарды шешуде, тіптен кейбір ішкі қақтығыстарды шешуде қолданылады. Келісім процедурасы біткеннен кейін, қақтығыс субъектілеріне қатынастарын әрі қарай дамыту құралдарын іздеу керек. Белгілі саясаткер Ж.Фаве ойынша, татуласуды келісу, компромисс, бағындыру, беру арқылы жүзеге асыруға болады. Бірақ, басқару субъектісі қақтығысты шешу жолын таңдай отырып мемлекеттің мәдени-тарихи, өркениеттік, саяси даму жолдарын, дауды жүргізудің уақыттық ерекшелігі мен қызмет етуші тұлғалар психикалық ерекшеліктерін міндетті түрде ескеруі керек. Келісім үрдістің негізгі тағы бір ерекшелігі шиеленіс мәселесінің бір бөлігінің ғана шешілуі, яғни бұл әрі қарайғы татуласуға немесе қайшылық үдеуіне әкеледі.

60.Партиялық жүйелер және түрлілігі туралы пікіріңіз.

Партиялар жиылып,партиялық жүйені құрады.Сондықтан оларды жіктеудің де мәні зор.Партиялық жүйе деп мемл-к мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар,елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығы.Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан көппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтасырылады.

Көппартиялық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайд.отырып басқару түрін айтады.Онда үш және одан артық партия қатысады.Чичерин айтқандай оның жағымды және жағымсыз жақтары бар.Жағымды жақтарына жататындары─онда саяси мәселелер жан-жақты қаралады,партияны тәртіпке шақырады.Ұнамсыз жағына жататындары─өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарайды,бар ойы қарсы партияны жеңуге арналады.

Екі партиялық жүйеде басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін,бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді.Ол Министрлер Кабинетінің орнықтылығын қамтамасыз етеді.Себебі,ол үкіметті заң бойынша көрсетілген мерзімі біткенше қызметін атқаруына мүмкіндік береді.

Бірпартиялық жүйе. өзінен басқа,әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды.Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән.Ондай партия бұрын КСРО-да болды, қазір Қытай, КХДР, Кубада бар, демек партиялық жүйе әртүрлі.