Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Саяси элита жне саяси КШБАСШЫЛЫ

.docx
Скачиваний:
358
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
91.22 Кб
Скачать

Саяси ЭЛИТА және саяси КӨШБАСШЫЛЫҚ

Тірек сөздер: имидж, саяси имиджелогия, политическое саяси көбасшылық, саяси имидж, саяси көшбасшының имиджі.

1. Элитология негіздері

2. Саяси элитология

3. Саяси көшбасшылық

4. Саяси көшбасшының имиджі

              1. Элита және қоғамның әлеуметтік ұйымы

Саясаттану, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, жалпы тарих және тағы басқа ғылымдардың түйіскен жерінде саяси философия ағымында қалыптасқан саясаттанудың маманданған саласы ретінде қазіргі элитология қоғамдық ойлар тарихында ерте дәстүрлерге ие. Антикалық философияның өзінде элита туралы көзқарастарды Платон толығырақ қалыптастырған. Бұл қатарға Қайта өркендеу дәуірінің идеологы Н. Макиавеллиді де қоюға болады. Қазіргі элитаризмнің тікелей негізін салушы деп,- Ф. Ницшені есептеу қабылданған.

Саясаттануда ''элита'' терминің В. Парето енгізген, оған мынандай анықтама берді ''өзінің ықпал ету дәрежесіне және саяси, әлеумееттік күшке сәйкес жоғарғы жағдайды иемденген адамдар ...'',''былай жоғарғы топтар деп аталатыңдар'' элитаны-ақсүйектерді құрайды… оған кіретіндерінің көпшілігі-жақсы немесе жаман ба, маңызды емес билікті қамтамасыз ететін белгілі қасиеттерге ие. Элитологияның келесі негізін салушы Г.Моска элита түсінігіне өз анықтамасын ұсынды: ұйымдаспаған көпшілікпен басқаруды жүзеге асырушы, ұйымдасқан азшылық билікке бағытталған, саяси қатынаста өте белсенді адамдар. Г. Лассуэль де, ''жоғарғы үстем тап'', қоғамда үлкен беделге атаққа, байлыққа кенелген адамдар. М. Вебер элитаға харизматикалық тұлғаларды жатқызды. А. Тойнби шығармашылық емес көпшілікке қарсы тұратын, шығармашылық азшылықты элита деп атады. В. Гэттсмен және элиталық плюрализмнің басқа теоретиктері элитаға-қоғамның саяси, экономикалық, мәдени өмірінде жоғарғы жағдайды иеленген адамдардан тұратын салыстырмалы үлкен емес топтарды жатқызды.

Осылайша, саясаттануда аталған ұғымның көптеген анықтамасы бар, мұнда терминдердің кейбір араласуы байқалады. Бірқатар ғалымдар саяси элитаны ғана элита деп көрсетеді, басқаларда бұл түсінік өте жан-жақты қамтылған. Бірақ та, элитаның қазіргі теорияларында тұтасымен элитаны емес, оның көп түрлілігін (мысалы, саяси, ғылыми, шығармашылық, экономикалық, әскери элитаны және т.б) тану позициясы нақтыланады.

Элитаның жоғарыда келтірілген анықтамаларын жалпылай келе, біз мынадай қорытындыға келеміз, элита - бұл әлеуметтік топ, ең алдымен белгілі тұлғалық қасиеттерге және аз шамада әлеуметтік шығу тегіне байланысты қоғамда өзінің жоғарғы жағдайына қарай қоғамды басқару процессіне, қоғамның даму стратегиясын және әлеуметтік тәртіп үлгісін жасауға тікелей және жанама ықпал етуге мүмкіндік береді.

Саяси ғылымның бір саласы ретінде элитологияның негізін салушылар атақты итальян ғалымдары В. Парето, Р. Михельс, Г. Моска болып табылады.

В. Паретоның қаламына ол әзірлеген элитаның теориясы тән. Аталған теорияға сәйкес, жоғарғы топтың билікті ұстау күшін қажет қасиеттеріне ие төменгі топ өкілдерін сіңіру жолымен билеуші топ әрдайым сандық қана емес, сондай-ақ сапалық қайта өндіріледі. Одан басқа, билеуші тап өз қатарынан өзінің құлдыраған мүшелерін ығыстыра отырып, өз-өзінен тазарады. Бұл кезде біріншіден, Парето төменгі топтағы жоғарғы элементтерді, ал соңғыларды-жоғарғы топтағы төменгі элементтер деп аталады. Жоғарыда аталған процесстердің біреуінің немесе екеуінің тоқтатылуы жағдайында, жоғарғы топта төменгі элементтердің, ал төменгіде –жоғарғылардың үстем болуы басталады, теңсіздіктің бұзылуына және барлық қоғам үшін кері салдары бар билеуші таптың пайда болуына әкеледі. Осындай сілкіністерге революция да жатады, ол кезде жоғарғы топта билікті ұстауға қабілетсіз, немесе күш қолданудан қашатын (бұның өзі олардың билігінің заңдылығын үзеді) құлдыраған элементтер жиналады, ал төменгі топтарда қоғамды басқару қызметін орындауға және билікті жаулап алу үшін күш қолдануға бейім жоғарғы қасиеттегі элементтердің ұлғаюы болады. Көп жағдайда революция белгілі бір себептермен өзінің әлеуметтік жігімен қол үзген жоғарғы тап өкілдерімен басқарылады. Ереже бойынша, мұндай элементтер билеуші қызметі үшін жоғарғы интеллектуалды қабілеттерге ие төменгі топ өкілдерін қажетті қасиеттермен толықтырады.

Саяси көшбасшылық

Саясаттану тұрғысынан алғанда имиджді зерттеуде маңызды бағыт болып саяси көшбасшылық саналады. Саяси көшбасшылық биліктің жоғарғы деңгейіндегілерге монархтар, президенттер, премьерлерге ғана емес, губернаторлар, мэрлер, партиялық ұйым жетекшілеріне қатысты.

Қауымның кез келген өмір сүру саласында, қоғамдық сананың кез келген түрінде көшбасшылық болады. Бір жағынан, алда болу, басқару, басшылық ету; ал екінші жағынан бағыну, біреуге еру, бұйрықтарды орындау, олар – адам табиғатының мәні.

Саяси көшбасшылық көшбасшылықтың әр түрлерінің ішінде ерекше статусқа ие.

Әр мемлекетте командалық жағдайға ие жетекші бар, ол саяси өмірдің сипатын өзгертуге, елдің экономикалық, әлеуметтік, мәдени даму жолына әсер етуге икемді болып келеді. Халықаралық аренада мемлекеттің беделі мен мойындауы оны басқарушымен белгілі болады.

Саяси көшбасшылық деп жекелеген тұлғалардың билігі ғана емес, топтың көшбасшылық, сонымен қатар саяси көшбасшылық пен өзіндік орынбасарлар арақатынасын айтады. Бұл көшбасшылықтың болмысын қоғамдық-саяси институттардың айқын типінде немесе саяси процестерінде ғана емеес, қоғамның барлық салаларында өмір сүруін білдіреді. Көшбасшылықты түсінудің екі негізгі тенденциясы бар – көшбасшылықтың институционализациясы мен профессионализациясы.

Көшбасшылықтың феномені ертеден зерттеліп келгенімен, оның ортақ түсінігі қалыптаспаған. Көшбасшылық жалпы мағынада жоғарыдан төменге әсер ететін билікті айтады. Бұл жерде теңсіздіктің ерекше типі бақыланады; себебі тек көшбасшы ғана оған қажетті мен тиімдіні орындатып қана қоймай; басқа жағдайда жасамайтындай етеді. Егер көшбасшының билігі ұлттық деңгейде қарастырылса, ол азаматтардың жағдайы мен өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталады, ерекше құндылыққа ие болады.

«Көшбасшылық» сөзі басқа тілге қиын аударылады. Бұл жерде жағдай мен мінез сияқты аспектілерді бөліп қарастыру маңызды. Ұлыбритания ханшайымы саяси көшбасшы емес, көшбасшы – ресми өлшемдерге қарамастан топқа әсер ете алатын адам, алайда ресми орын мен шынайы билік өзара әсер етеді . Саяси көшбасшы орны заңмен белгіленген, бірақ ол шынайы билік оның қолында екенін білдірмейді. Саяси көшбасшылық байқаусыз емес, билікті жалғаспалы қолда ұстауды білдіреді, ол әлеуметтік сұрақтар мен мәселелердің кең аясы бойынша ұйымдасқан құрылымдарында жұмыс жасайды.

Көшбасшылықтың табиғатын түсіндіретін әр түрлі концептуалдық әдістері бар: белгілер теориясы, конституенттер теориясы, жағдайлық концепция, психологиялық концепциялар және интерактивті сараптама.

Жалпы алғанда көшбасшылықтың объективті және субъективті қайнар көздері белгілі. Тұлғаның қайталанбас қасиеттері мен белгілі жағдайдың үйлесуі көшбасшыны тудырады. Бір жағынан көшбасшылықтың жеке қасиеттерінің ерекшелігін түсіну маңызды: ішкі бостандық, психикалық тұрақтылық, белсенді позиция, ойлаудың стратегиялық типі, білім, креативтілігі, мәселеге терең ене білу, харизма, әлеуметтік тегі, мансап және басқалар. Екінші жағынан әлеуметтік ортаға бейімділу, ортаға байыптылық маңызды болып табылады. Себебі бағынушыларға өз әсерін жүзеге асыра отырып, саяси көшбасшылық қоғам мәселелерін жақсы білуі қажет. Сонымен қатар ерекше көңілді көшбасшылық өз қызметін жүзеге асыратын институттық құралдарға бөлу қажет: партиялар, жекелеген әлеуметтік топтар, бюрократия, соттар, заң шығарушы органдар және көшбасшының тұрғындармен байланыс жасауға мүмкіндік беретін т.б.

Көшбасшылық саяси мінезіне ықпал жасайтын негізгі қажеттіліктер:

- билікке деген қажеттіліктер;

- онымен байланысты оқиғалар мен адамдарға бақылау жасау қажеттілігі;

- жетістік қажеттілігі;

- аффилиация қажеттілігі.

Көшбасшылықтың классификациясын айта келе, еңбектерде басқа да әдістері кездесетінін айту керек: автократиялық, демократиялық, атқарушы, рефлексті-интеллектуалды; институционалды тип доминантты, сендіруші; «агитатор», «администратор» и «теоретик», «патиарх», «көшбасшы», «тиран», «махаббат объектісі», «агрессия объектісі», «ұйымдастырушы» , «қаһарман» және «үлгі тұту»; «жақсы» және «жаман»; «ханзада», «пайғамбар» және «тиран»; «харизматикалық», «дәстүрлі» және «рационалды»; «құтқарушы», «патерналист» және «идеолог»; «өрт сөндіруші», «қайтақараушы» және «реформист»; «менеджер», «жақсартушы» және «жаңартушы» және т.б.

Кесте № 9. Саяси көшбасшылық типологиясы.

Көшбасшылық типологиясының мұндай әр алуандылығы қызмет бағыттарының және көшбасшымен орындалатын тапсырмалардың кең спектрін білдіреді. Бұған сәйкес көшбасшының билігі жеке бөлшектерге бөлінеді; олар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады; сонымен қатар көшбасшылықтың мақсаты мен нәтижесін анықтайды: «диагноз», «іс-әрекеттің бағыттарын анықтау», «іс-әрекеттің жүзеге асырушылардың мобилизациясы». Аталған кезеңдер ұзақ сипатта болғанда ерекшеленіледі, оның мақсаттары мен нәтижесін анықтайды.

Саяси көшбасшы «диагноз қояды», яғни көшбасшының іс-әрекеті шынайы жағдаймен байланысты. Орта көшбасшының ресми орнын және нақты күшін анықтайды. Орта көшбасшы әрекет жасайтын және оны түзеткісі келетін орта жағдайды туындатады, көшбасшы оның бөлігі болып саналады, таңдалатын құралдар ортаға байланысты, оларды лидер жүзеге асырады және қолданады. «Диагнозға» байланысты көшбасшы барынша маңызды өзгерістерді анықтайды, әрі қарай қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін қол астындағыларды мобилизациялау жүреді.

Көшбасшының негізгі функциялары келесілер: 1) қоғам интеграциясы, бұқараны біріктіру; 2) қажетті саяси шешімдерді табу және қабылдау; 3) әлеуметтік арбитраж және патронаж, заңсыздықтан, төменгі әр түрлі сипаттағы жетекшілердің және бюрократияның шектен тыс құқықты қолданудан азаматтарды қорғау, бақылау арқылы тәртіп пен заңды қолдау, кешіру және жауапқа тарту; 4) билік пен бұқара коммуникациясы, саяси әсіресе эмоционалдық байланыс арналарын бекіту және солайша биліктен азаматтардың алыстауын алдын алу; 5) жаңаруды қолға алу, оптимизм мен әлеуметтік қуатты ұстау, саяси мақсаттарды жүзеге асыруға бұқараны икемдеу; 6) құрылымның легитимділігі.

Саяси көшбасшылықтың тағы да бір маңызды жағы – имидж. Саяси имиджеология саяси имидждің феноменін зерттеумен айналысады, сонымен қатар саяси салада тиімді имиджді жасау технологияларын құрастырады.