Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сақтандыру шпоры.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
407.04 Кб
Скачать

1.Сақтандырудың экономикалық мәні және белгілері, функциялары

Сақтандыру дегеніміз – сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы не өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенін айтамыз.

  1. Сақтанушы (жеке және заңды тұлға)

  2. Сақтандырушы (заңды тұлға)

  3. Сақтандырылған

  1. Сақтандыру сыйақысы (жарна)

  2. Сақтандыру төлемдері

Экономикалық категория ретінде сақтандыру – ақша қаражаттарының мақсатты қорларын қалыптастыру формалары мен әдістерін және оларды түрлі күтпеген қолайсыз жағдайлар нәтижесіндегі зияндардың орнын толтыру, сондай-ақ азаматтардың өміріндегі белгілі бір оқиғалардың орын алуына байланысты көмек көрсету үшін қолдану тәртібін қамтитын экономикалық қатынастар жиынтығы.

Сақтандырудың рыноктық экономикалық қажеттіліктерін анықтайтын себептер:

  1. Кез-келген өндірістік қызметтің немесе қызмет түрінің тәуекелді (қауіп-қатерді) сипаты

  2. Шығындардың орнын толтыру қажеттілігі

  3. Бюджеттердің қаражаттар есебінен азаматтар мен шаруашылық субъектілердің материалдық шығындардың орнын толтырудан бас тарту.

  4. Бірқатар әлеуметтік бағдарламалардың бюджеттік қаржыландырудан мемлекеттің бас тартуы

  5. Сақтандыру резервтерінің уақытша бос қаражаттарын экономикаға инвестициялауға мүмкіндігі

Сақтандырудың айрықша экономикалық категория ретіндегі белгілері:

  1. Қолайсыз жағдайларды болжамдауға келмейтін, сонымен қатар ықтималды сипаты

  2. Натуралды немесе ақшалай формада есептеуге болатын зиянның, кейде катастрофалық төлемдер

  3. Материалдық және басқа да шығындардың орнын толтыру арқылы қолайсыз жағдайларды ескерту немесе болдырмауға объективті қажеттілігі.

Сақтандырудың мақсаты – қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматты, мүлікті, өндіріс процесін қорғау болып табылады.

Сақтандырудың экономикалық мәні – оның атқаратын функциялары арқылы көрініс табады.

Сақтандырудың функциялары:

  1. Тәуекел

  2. Алдын алушылық

  3. Жинақтық

  4. Бақылау

  5. Инвестициялық

Тәуекел – сақтанушы өз кезегінде аз мөлшерде сақтандыру төлемдерін төлеп, көп мөлшерде сақтандыру төлемдерін алу болып табылады.

Алдын-алушылық функциясы – ескерту.

Жинақтық – тек өмірді сақтандыру түрлерінде ғана көрініс табады.

  1. Сақтандыру қоры: қалыптастыру мен арналымы

Сақтандыру қоры – сақтандыруға қатысушылардың сақтандыру сыйақылары арқылы жинақталатын қорды атаймыз. Сақтандыру қорының көлеміне сақтанушылардың жарналары әсер етеді, сақтандыру қоры сақтандыру резервімен тығыз байланысты.

Сақтандыру резервтері – сақтандыру қорының бір бөлігін инвестициялауға жұмсау арқылы құрылады. Қазіргі таңда сақтандыру қорының мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте ұзақ мерзімді өмірді сақтандыруда 100% көлемінде, ал мүліктік сақтандыруда 75% көлемінде сақтандыфру резервтеріне жұмсалу жүргізіледі. Сақтандыру қорына қатысушылар арасында пайдаланылатын, ал мемлекеттік резервтері сол мемлекеттің барлық мүшелері арасында пайдаланылады.

Сақтандыру қорының белгілері:

  1. Қайта бөлу қатынасында болуы

  2. Тұйық қайта бөлу қатынасында болуы

  3. Мақсатты арналымы

  4. Уақыт пен кеңістік аралығында болуы