Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саясаттану шпор.docx
Скачиваний:
285
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
126.93 Кб
Скачать

13. Саясаттың субъектілері мен объектілері. Адам саясат субъектісі ретінде

Саясат субъектісі ретіңнде жекеліктің қалыптасу ерекшеліктері талданады. Саяси әлеуметтендіру, қазіргі қоғамдардағы өлеуметтік страратталу процестері, олардың саясатқа ықпалы анықталады. Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі. Саясат субьектісінің құрамы іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат–мүдделері және т.б. Олар қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Саясаттың субъектілері. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам жатады.

Сонымен саясаттың субъектілерінің 2 түрі болады:

1) әлеуметтік 2) институционалды.

Саясаттың әлеуметтік субьектісі дегенде адамдардың өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі бір өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адамдарды, ұйымдарды, не әлеуметтік топтарды айтады. Оларға мыналар жатады:

- Тұлға, әлеуметтік топтар мен таптар, бірлестіктер, мысалы ұлттық бірлестік. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысады немесе оған ықпал етеді.

- Жалпы әлеумет – ұлттар, элита, бұқара, маманданған топтар саясаттың әлеуметтік субъектілеріне жатқызылады.

- Жекелеген тұлғалар – саяси лидер, қарапайым азаматтар. Олар әлеуметтік денгейдегі субъектілер.

Ал адамдар қоғамда көбінесе ұжымдасып ұйымдасып өмір сүреді. Олар әр түрлі әлеуметтік (мысалы: отбасы, шіркеу, кәсіподақтар) және саяси институттар (мысалы: мемлекет, саяси партиялар, БАҚ, халықаралық ұйымдар - БҰҰ, Европалық парламент, ОБСЕ және т.б.) болып қалыптасады. Олар институционалды денгейдегі субъектілер.

Саяси институттар – құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын ұйымдар болып келеді. Ерекше өкілділіктерге ие, атқарушы ақпараты бар саяси ұйым, мекемелердің бәрін институционалды субъектіге жатқызамыз. Соның ішінде Г.Алмондтың айтуынша негізгі институционалдық субъект мемлекет болып табылады.

Осылардың ішінде адам бастапқы негізгі субъект. Ол субъект ретінде саясатқа әр түрлі денгейде араласып, қатысады. Адамның саясатқа қатысуы оның мүдесімен анықталады және мынадай түрлерде көрінеді: конвенционалды-заңмен рұқсат етілген және конвенционалды емес, яғни оған заң арқылы тиым салынған.

Адам– саясаттың субъектісі мен объектісі. «Субъект» - деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. «Объект» - деп, субъектінің танымдық және басқа іс-әрекетті неге бағытталса, соны айтады. «Тұлға» деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз әрекетіне жауап беретін, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады. Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен іс-әрекетіне, саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі адам, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатынасады, саясаттың субъектісіне айналады. Саясат пен кәсіби айналыспайтын «орташа» адам саясатың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені, ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарын, өз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек. Саясатқа қатысу шамасына қарай оларды мынадай түрлерге бөлуге болады.Саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі.Қоғамдық ұйымға, қозғалысқа мүше болатын, бірақ саяси жұмысқа тура арласпайтын азамат. Саяси ұйымдардың мүшесі болып есептелетін, саяси өмірге саналы түрде, өз еркімен тікелей араласатын адам. Қоғамдық, әсіресе саяси қайраткер. Саяси қызметтің арқасында күн көрәп, табыс тауып, оны өмірінің мақсатына айналдырған кәсіби саясаткер. Ұйымдастырушы, идеялық, ресми не бейресми, абырой, бедел, «ең соңғы саты» болып саналатын саяси басшы, көсем. Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндіе беретін құқығы конституциялық сипаттағы қарапайым демократиялық еркіндікке тікелей байланысты. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материялдық, әлеуметтік-мәдени,саяси-құқықтық алғышарттар қажет.Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек. Мемлекеттің жақсы тұрмысы оны демократиялық негізде тиімді басқаруға керекті көпшілікке жоғары білім, кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. Білімді адамның мәдениеті де жоғары болады. 3.Саяси жүйедегі адам құқығы мен бостандығы. Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі- жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп адамның белгілі игілік алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына оған өз қалауынша орындауға мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптеріжатады