Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Садыков Нурболат Оразбекович.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
492.03 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

3

1

ХІХ ғасырдың басындағы қазақ жүздерінің саяси дербестігінің жойылуы

5

1.1

Орта және Кіші жүздерінің саяси дербестігінің айырлуының алғысшарттары

5

1.2

1822-1824 жылдары саяси –әкімшілік реформалары

16

2

Қазақ жүздеріндегі ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы басқару жүиесінің салыстырмалық сипаттамасы

28

2.1

Орта жүз қазақтарын басқару жүйесі : саяси- әкімшілік институттар құрылымы

28

2.2

Кіші жүздегі әскери-әкімшілік басқару жүйесі

34

2.3

Бөкей Ордасындағы басқару жүйесі

44

2.4

Қазақ қоғамындағы Ресейдің әкімшілік-әскери басқару иституттарын енгізуіне қарсылық.

52

Қорытынды

57

Қолданылған әдебиеттер тізімі

59

Кіріспе

Дипломдық жұмысының жалпы сипаттамасы. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Орта және кіші жүз қазақтарын әкімшілік басқару жүйесі: тарихи -салыстырмалық сараптама жасау болып келеді. Орта және Кіші жүздерінің саяси дербестігінің айырлуының алғысшарттарын зерттеу. 1822-1824 жылдары саяси –әкімшілік реформалары н талдау. Қазақ жүздеріндегі ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы басқару жүиесінің салыстырмалық сипаттама жасау. Орта жүз қазақтарын басқару жүйесі : саяси- әкімшілік институттар құрылымы анықтап білу. Кіші жүздегі әскери-әкімшілік басқару жүйесін зерттеу. Бөкей Ордасындағы басқару жүйесі талдау. Қазақ қоғамындағы Ресейдің әкімшілік-әскери басқару иституттарын енгізуіне қарсылық білідруі.

Дипломдық жұмыстын өзетілігі.XIX ғасырдың бiрiншi жартысында жергiлiктi өнеркәсiп пен кәсiпшiлiктiң жаңа салалары қалыптасты. Ертiс, Жайық өзендерi, Каспий теңiзi, Зайсан көлi маңайында бұрынғы көшпелi мал шаруашылығымен шұғылданатын қазақтар балық аулауды тұрақты кәсiпке айналдырды. Қазақстанның батыс, солтүстiк-шығыс аудандарындағы тұзды көлдерiнен тұрмысқа қажеттi тұз өндiру және оны сату жолға қойыла бастағаны байқалды. XIX ғасырдың I –шы жылдарында патша өкіметі қазақ қоғамындағы ескі патриархалдың басқару жүйесін жоюға бағытталған өзінің саясатында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгеннен кейін хандық билікті , рулық жиналыстарды толықтай жоюға кірісе отырып , басқарудың жаңа формасын құра бастады . Дәлірек айтсақ осы кезеңнен бастап патшалық Ресей саясатының қазақ жеріндегі жаңа кезеңі басталды . Өйткені XIX ғасырдың екінші онжылдығында Орта жүз және кіші жүз жерлерінде басқару реформасының жүргізілуіне өте қолайлы жағдай қалыптасқан еді .Осы жағдайды пайдалана білген патша өкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті толықтай жою үшін , жаңа басқару реформасын жүргізе бастады

Ресей отаршылдарының қызығушылығының нәтижесiнде Қазақстанның шығыс, орталық аймақтарында түстi метал- дар, таскөмiр өндiретiн тұңғыш кен орындарын игеру жолға қойылды. XIX ғасырдың орта шенiнде Қазақстанда бiрнеше кен орындары ашылып, су және желдиiрменi, ұста дүкенi, кен және май, былғары зауыттары iске қосылды. XIX ғасырдың бiрiншi жартысы — Қазақстанның Орта Азия хандықтарымен, Сiбiрмен, Қытай мемлекетiмен (Цин империясы) өзара тиiмдi сауда байланыстарын кеңейте түскен кезеңi. Қазақстан сауда орталықтарынан көршi елдерге немесе керiсiнше жиi-жиi тауарлар жеткiзiп тұратын сауда керуендерi бұл өңiрде сауда байланыстарының терең- дей түсуiне себепшi болды. Қазақ даласын басып өтетiн керуендердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Ресей үкiметi 1803 жылы көпестерге өздерiн қорғайтын қарулы топ ұстауына рұқсат бердi. XIX ғасырдың бiрiншi жартысында орыс-қазақ iшкi сауда қарым-қатынастары Сiбiрде, Орта Азияда және Ре- 67 сейде кең жолға қойылды. Оңтүстiктен және оңтүстiк- батыстан қазақ жерiне Қоқан және Хиуа хандықтары оқ- тын-оқтын басқыншылық жорықтар жасап тұрды. XIX ғасырдың басында қоқандықтар Ташкенттi басып алып, қазақ жерiне ене бастады. Олар Түркiстан және Әулиеата аймағына дейiн барып, қазақ ауылдарын жаппай тонады. Хиуа билеушiлерi де қарап қалмады. Олар Сырдарияның төменгi ағысындағы аймақтарды бағындыруды көздеп, осы бағытта қанды жорықтар ұйымдастырды. Осындай жағдайға қармастан, Ресей үкiметi Орта Азия арқылы Иран және Үндiстанмен сауда қатынастарын жандандыруға күш салды. Үндiстан арқылы Бұқараға келiп жеткен ағылшын тауарларын тиеген суда керуендерi қазақ жерi арқылы Орынборға дейiн барды. Сонымен қатар орыс көпестерi қазақ даласын мал өнiмдерiнен алынатын шикiзат және өнеркәсiп тауарларын өндiретiн нарық көзi ретiнде қарастырып, қазақ ауылдарымен саудасын жандандыра түстi. Осылайша қазақ жерлерiн әскери жолмен жаулап алу және реформалар арқылы тартып алу жолына түскен патша үкiметi, сонымен қатар қазақ даласында сауда-саттықты өрiстету арқылы жаңа өлкеде өздерiнiң жағдайларын нығайта түстi. Әрине, сауда айналымына көптеп тартылудың қазақтардың шаруашы- лығы үшiн де маңызды жақтары болды. Қазақтар өздерiнiң мал өнiмдерiн көптеп сатуға мүмкiндiктер алды. Мұндайда орыстар салған бекiнiстер мен қалашықтар сауда-саттықты өрiстету орталықтарына айналды. шаруашылығында қалыптасқан өндіргіш күштерді бүзу жолымен жүргізілді: "өлкенің дамуына және өндіргіш күшке айрықша кері әсер етті. Казактар мен келімсектер алған кең байтақ жер бөліктері көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен — егін шаруашылығымен айналысудың орнына түрлі формада қазақтарды қанаумен айналысты. 1848 жылы 100 десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған. Қапал станциясының казактары 1855 жылы, яғни 8 жыл өткен соң тек 1826 десятина жерге еккен, бұл қырғыз-дардың (қазақтардың) бүрынғы егінінің 7 проценті ғана" . Оған қоса шаруалар арқылы отарлау қазақ еңбекшілерінің егін шаруашылығын бұлдіруге жол ашты. Олар жерді суландыруды білмейтіндігінен көптеген егіншілік жерлер шөл далаға айналды. Сондықтан да отарлау қазақтың егін шаруа-щылығын өркендетуге кері ықпал етті.

Дипломдық жұмыстың деректік негізі. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Орта және кіші жүз қазақтарын әкімшілік басқару жүйесі: тарихи - салыстырмалық сараптама жасау барысында мұрағат құжаттары, мерзімді басылым, фольклорлық деректер, жеке дерек көздері пайдаланылды.

Абилев А.К. Евдокимов В.В. Казахстан в древности. Учебное пособие. Караганда 1991[1], Артықпаев Ж. Қазақстан тарихы (оқулық хрес.) Астана 2000[2] Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. А, 1994. [3]

Асфендияров С.Д. История Казахстана(с древнейших времен.) 2-ое изд. А, 1993[4]Аманжолов К.Р.Түркі халықтарының тарихы- 1 кітап(Көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең) А, 2002[5]Аманжолов К.Р.Түркі халықтарының тарихы- 2 кітап(XIV ғасырдан XVІІІ ғасрдың бірінші жартысына дейінгі кезең) А, 2002[6]Аманжолов К.Р.Түркі халықтарының тарихы- 3 кітап(XVІІІ ғасырдың екіні жартысы ХХ ғасырдың 1 ширегіне дейін) А, 1999[7] Әбдікәмұлы Ә. Қазақстан тарихы (оқу құралы) А,1997. [8]Күзембайұлы А., Абиль Е.А.История Казахстана, Учебник для Вузов. 7-е изд. Перераб. и доп. – СПБ, Саларт, Санкт-Петербург 2004

Кляшторный С.Г. Султанов Т.Н. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. А,1992. Қазақстан тарихы. Очерк. А,1993 Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) 1-том А,1996

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) 2-том А,1998 Қазақстан тарихы(көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық.3-том А,2002 Тынышбаев М. История казахского народа (учебное пособие) А,1993[15] Мықжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. А.1994. [16]Көшік Рысбай « Қазақстан Республикасының тарихы » Алматы 2005 ж.103-105 беттер . [17 Д . А . Рахымқұлов « Жаңа ж»әне қазіргі замандағы Қазақстан тарихы» Алматы 2005 ж . 37-38 беттер . [18] « Қазақстан тарихы» 5 томдық . Алматы 2005 ж . 3 том4.Қ.Р.О.М.М.374-қ . 1-т . 785-іс . 1п . [19] Броневский С. Записки о киргиз-кайсаках Средней Орды // Отвечественные записки 1830г . с .192-193 . [20] Ақтаев С . « Жаңа ереже» деген не?//Ақиқат 12.58 б. [21] Красовский . Аталған еңбегінде . 173б. [22] Указ о сведенив дествие Устав о сибирских казахах //материалы по истори и политического история Казахстана . т .1-А.А. , 1960-С.90-109 . [23]Маданов Х . « Ұлы дала тарихы» Алматы 2004 ж . 127-128 беттер Ғ . М . Қарасаев .// « Хабаршы» 2004 ж . ( 3) .58-60 беттер .25 Ш . Уәлиханов « Сібір қазақтары Уставы» Алматы 2005 ж . 45-49 беттер . 38 Қасымбаев Ж. Қазақстан тарихы (ХVIII ғ. — 1914 ж.): Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8-сыныбына арналған оқулық. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2012. — 240 б., сур

IX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар Мазмұны 1 Орта жүздегі патшалық реформаларға қарсылық. Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс (1825—1836 жылдары) 2 Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған қозғалыс 3 Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837— 1847 жылдары) 4 Көтерілістің басталуы және барысы 4.1 Пайдаланылған әдебиет Орта жүздегі патшалық реформаларға қарсылық. Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс (1825—1836 жылдары) Емельян Пугачёв Қазақтардың 1773— 1775 жылдары Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билік жүйесінің әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген хан патша үкіметінің билеп-төстеу саясатын ойдағыдай іске асыра алмады. Бұл жағдай билеу жүйесінің жаңа тәртібін қажет етті. Патша үкіметі 1822 жылы Орта жүзде «Сібір қазақтары туралы» Жарғы енгізу арқылы хандық билікті жойды. Біріншіден, бұл патшалық реформа дәстүрлі билік құрылымдарын бұза отырып, қазақ қоғамындағы бұрынғы қайшылықтарды одан әрі тереңдете түссе, екіншіден, Ресейдің әскери-әкімшілік отарлауына кең түрде жол ашып берді. Орта жүзде хандық жүйенің жойылуы және Қарқаралы (1824 жылы), мен Көкшетау (1824 жылы) округтерінің ашылуы және т.б. әскери-әкімшілік шараларға қарсы күресті Абылай ұрпақтары бастады. Оның басында тұрған Қасым сұлтан Абылайұлы және оның балалары ( Саржан, Есенгелді, Кенесарылар жиырма жылдан астам уақыт бойы патшалық тәртіпке карсы табанды күрес жүргізді. Абылай ұрпақтарының қолдауына сүйене отырып, үкіметке қарсы наразылықты бірінші болып, Көкшетау округінің аға сұлтаны Ғұбайдолла Уәлиұлы ұйымдастырды. Алайда патша үкіметі Ғұбайдолланы тез қолға түсіріп, Сібірге жер аударып жібереді. Дегенмен Шыңғыс ұрпақтары бастаған қарсылық қозғалыстар одан әрі өрби түсті. Осы кезеңде ( Саржан Қасымұлы басқарған Қарқаралы округінде де 1825 жылдың көктемінен бастап үкіметке қарсы толқулар басталды. Бұл толқулардың мақсаты — Абылай ұрпақтары сұлтандар билік жүргізетін Қазақ хандығын қайта орнату, округтік приказдардың көзін құрту еді. Саржан өзінің інісі Есенгелдімен ауылдарды аралап, өкіметке қарсы күресуге үндеу тастады. Ұлғайған халық наразылығын басуға Батыс Сібір генерал-губернаторы П.М.Капцевич жазалау қосынын жасақтады. Карбышев бастаған 200 қазақ жасағы Қарқаралы округінің Қарпық болысына жіберілді. 1825—1826 жылдар жазалаушы күштер мен көтерілісшілер арасындағы қақтығыстармен өтті. Саржанның қол астына Көкшетау округінен Шыңғысұлы Сартай сұлтан бастаған топтар келіп қосылды. Саржанның қол астында сұлтан Абылай Ғаббасұлы, жас сұлтан Кенесары Қасымұлы да өз сарбаздарымен соғыс қимылдарын жүргізді. Патша әкімшілігі болса өз тарапынан бүлікшіл сұлтандардың іс-әрекетін бақылай отырып, мүмкін болған жағдайда қолға түсіріп, әскери соттың құзырына беру керек деп шешті.

Дипломдық жұмысының тарихнамасы.Үкімет көтерілісшілерді жазалау үшін олардың ізіне түсетін ірі қазақ жасақтарын қырға шығаруды кейінге қалдырды. 1827—1830 жылдары көтеріліс Ұлытау өңіріне тарады да, жаңа құрылған округ аумағын наразы топтар тастап шықты. Ал патша үкіметі қазақ даласында округтер ашуды жалғастыра берді. 1826 жылы Баянауыл, 1832 жылы Ақмола, 1831 жылы Аягөз (Сергиополь) округтерін негіздеу арқылы Орталық Азия иеліктеріне жақындай түсті. Ресей отаршылдығына қарсы күресте қазақ қоғамы тағы да өз ішінде өзара қарсы топқа бөлінді. Қарқаралы округінің аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысұлы Саржанның әрбір қимылын Омбы әкімшілігіне хабарлап, қарсы көмек жіберуді өтінумен болды. Ал Саржан бастаған көтерілісшілер өз кезегінде отаршыл әкімшілікті қолдаған сұлтандармен күресе жүріп, орыс керуендеріне алым-салық төлетіп, разьезд бен бекеттерге шабуыл жасады. Бұған қосымша Саржан сұлтан және оның жақтастары Қоқан хандығымен байланыс орнатады. Солтүстіктен келе жатқан қауіпке бірігіп күресуге бел шешіп кіріседі. Алайда қырға шыққан патшалық жасақтардың қимылы да қарқынды бола түсті. Патша әскерлерінің қысымымен Саржан Орта жүзді тастап шығып, Ұлы жүз иеліктеріне келеді, осы жақтағы шашыраңқы қазақ күштерін өз жағына тартуды көздейді. Саржанның бұл әрекеті Қоқан билеушісін алаңдатпай коймады. 1836 жылы жазда Ташкентте Саржан сұлтан және оның інілері Ержан, Есенгелділер опасыздықпен өлтірілді. Саржан көтерілісінің саяси мазмұны бұған дейінгі көтерілістерге қарағанда тереңірек болды. Ол Абылай хан ұрпағы ретінде Қазақ хандығын қайта қалпына келтіруді мақсат тұтты. Саржан Қасымұлы өлімінен кейін де патша отаршылдығына қарсы күрес бір сәт те толастамады. Саржаннан кейінгі он жылға созылған күресті Саржанның кіші інісі Кенесары одан әрі жалғастырып әкетті. Саржан бастаған Орта жүздегі көтеріліс алдағы келе жатқан жалпыұлттық азаттық қозғалыстың от жалынының тек ұшқыны іспеттес еді. Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған қозғалыс XIX ғасырдың 20—30-жылдары патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы Кіші жүздегі наразылықты Жоламан Тіленшіұлы басқарды. Жер үшін, тартып алынған жайылымдар үшін күрес оның негізгі мазмұнына айналды. Осы жылдары Жаңа Елек әскери шебінің құрылуы барысында 7—10 мың шаршы шақырымға дейінгі жер қазақтардан тартып алынды. Бұл жаңа шекара шебі Орынбор әскери-шекара шебінің бір бөлігі ретінде құрылды. Жаңа Елек шебі 29 форпост, редут, бекіністерден тұрды. Үкімет бұл жерлерге Орал, Орынбор орыс-қазақтарын, шаруаларды көшіріп әкеліп қоныстандырды. 1835 жылы тағы бір жаңа шептің салынуымен 12 мың шаңырақ қыпшақ және жағалбайлы рулары жерсіз қалдырылды. Табын руының жайылымдары Елек өзені ауданында орналасқан болатын. 1822 жылдан бастап патша үкіметі қазақтарды Елек пен Орал арасындағы шұрайлы жайылымдарға өткізбеді. Жоламанның әкесі Тіленші кезінде Сырымның жақтасы ретінде көтеріліске белсене қатысқан болатын. Ал Жоламанмен бірге көтеріліске Сырым Датұлының баласы Жүсіп те қатысты. Демек, көтерілістер арасындғы ұрпақтар сабақтастығы сақталды. Жоламан да, Жүсіп те батырлардың, азаттық күрес көсемдерінің ұрпақтары ретінде олар бастаған күресті одан әрі жалғастырып әкетті. Жоламан Тіленшіұлымен бірге табын руының батырлары Дәуіт Асауұлы, Алдаш Байғаниндер болды. Ал 1838 жылдың соңына қарай оған шекті руының батыры Есет Көтібарұлы келіп қосылғандығы мұрағат деректерінен белгілі. Жоламан батыр тархан атағы бар табын руының басшысы бола жүріп, патша үкіметінің алдында қазақтардың құқын қорғауға кіріседі. Басында Орынбор губернаторы Эссенге 1822—1823 жылдары бірнеше рет хат жазып, әділеттілік орнатуын талап етеді. Қазақтардың өмірлік қажеттілігі — жерін бейбіт түрде қайтарып ала алмайтындығына көзі жеткен соң қарулы күрес жолына түседі. Ол өзінің Ресеймен соғыс жүргізуінің себебін Елек өзені бойындағы шептің салынуынан деп түсіндіреді. Ор-Троицк бекіністерінен Торғай өзеніне қарай ығысқан қазақ шаруалары жер тапшылығынан мейлінше қиыншылық көрді. 1835 жылға қарай Жоламан батырды қолдаушылар қатары өсіп, оны табын, тама, жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ рулары қолдай бастады. Орта жүзде Кенесары Қасымұлы көтерілісі басталған кезде Жоламан оған көмекке ұмтылды. Сөйтіп, Кіші жүз бен Орта жүз күштерін біріктірушіге айналды. Ол қырға ішкерілеп еніп, Кенесары көтерілісіне қосылуға үндеді. Ал 1838 жылы Бөкей ордасындағы көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы Кіші жүзге келген кезде көтеріліс одан әрі өрши түсті. 1838 жылдың ортасына таман шекара шебінен Ор мен Троицкіге дейінгі аралықты көтеріліс оты шарпыды. Көтерілісшілер жаппай Торғай мен Ырғыз аудандарына көше бастады. Ол өз қол астына Ресей өктемдігіне қарсы 3 мыңға жуық сарбаздарды топтастыра алды. Жоламан батыр жасақтарын жоюға патшалық әкімшілік үш бағытта жасақтар шығарғанымен, батырды қолға түсіре алмады. Орта жүздегі Кенесары көтерілісінің Орынбор өлкесіне ауысуына байланысты жазалаушы күштер кейін қайтуға мәжбүр болды. [өңдеу] Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837— 1847 жылдары) Кенесары Қасымұлы Қазақ даласындағы тізбектеле салынып жатқан бекіністер құрылысына, патшалық әкімшілік реформаларға, шұрайлы жерлерді басып алу қиянатына қарсы күрестер біртіндеп қайта өрбіген Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске ұласты. Сонау ұлт-азаттық күрестің қайнар бастауында тұрған Сырым, Саржан, Жоламан, Исатай мен Махамбеттердің күрес дәстүрін одан әрі жалғастырды. Олардың қолындағы азаттық туы қайта желбіреді. Абылай ханның немересі,

Дипломдық жүмыстын мақсаты- ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Орта және кіші жүз қазақтарын әкімшілік басқару жүйесі: тарихи -салыстырмалық сараптаманы зерттеу.

Дипломдық жүмыстын міндеттері:

- ХІХ ғасырдың басындағы қазақ жүздерінің саяси дербестігінің

жойылуы

- Орта және Кіші жүздерінің саяси дербестігінің айырлуының алғысшарттары

- 1822-1824 жылдары саяси –әкімшілік реформалары

- Қазақ жүздеріндегі ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы басқару жүиесінің салыстырмалық сипаттамасы

- Орта жүз қазақтарын басқару жүйесі : саяси- әкімшілік институттар құрылымы

- Кіші жүздегі әскери-әкімшілік басқару жүйесі

- Бөкей Ордасындағы басқару жүйесі

- Қазақ қоғамындағы Ресейдің әкімшілік-әскери басқару иституттарын енгізуіне қарсылық

Зерттеу объектісі

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Орта және кіші жүз қазақтарын әкімшілік басқару жүйесі: тарихи -салыстырмалық сараптама .

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, объектісі, міндеттері, құрамы айқындалған.

Негізгі бөлім екі тараудан құралады.

Бірінші тарауда ХІХ ғасырдың басындағы қазақ жүздерінің саяси дербестігінің жойылуы талдау жасаймыз.

Екінші тарауда Қазақ жүздеріндегі ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы басқару жүиесінің салыстырмалық сипаттамасы зерттелді .

Қорытындыда зерттеудің түйіні жазылған.

Дипломдық жұмысының пәні. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Орта және кіші жүз қазақтарын әкімшілік басқару жүйесі: тарихи -салыстырмалық сараптама жасау.

Зерттеу жұмысының маңызы. Бұл дипломдық жұмыста ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Орта және кіші жүз қазақтарын әкімшілік басқару жүйесі: тарихи -салыстырмалық сараптама жүргізу. ХІХ ғасырдың басындағы қазақ жүздерінің саяси дербестігінің жойылуы н анықтап білу. Қазақ жүздеріндегі ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы басқару жүиесін зерттеу.