Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Садыков Нурболат Оразбекович.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
492.03 Кб
Скачать

2.2 Кіші жүздегі әскери-әкімшілік басқару жүйесі

Кiшi жүздегi реформа барысы. Қазақ жерiнде жүзеге асырыла бастаған империялық әкiмшiлiк-саяси реформа хандық билiктi күйрету үшiн ақсүйек топтардың ғасырлар бойы сақталған артықшылықтарына шек қойды. Сұлтан- ақсүйектердiң бiр тобы Ресей үкiметiнiң бұл саясатына қар- сылықтарын ашық бiлдiрдi. Хандық билiктi сақтауға талпын- ғандардың бiрi — Кiшi жүз сұлтаны Арынғазы Әбiлғазыұлы едi. Хиуаға қарсы Кiшi жүздiң күресiн басқаруда ерекше көзге түскен Арынғазы Кiшi жүздегi хандық басқаруды нығайтуға тырысты. Ол сот iстерiн мұсылман дiнбасыла- рының қолына бердi. Бағынбаған кiсiлерге өлiм жазасын белгiледi. Халық арасында беделi жоғарылаған Арынғазыны Кiшi жүздiң кейбiр рулық қауымдары өздерiне хан етiп бекiтудi патша үкiметiнен өтiне бастады. Арынғазының патша әкiмшiлiгiнiң Каспий жағалауындағы далаларда жүргiзген отаршылдық шараларына ашық қарсы шығуы және қазақтардың оны қолдап қарулы жасақтар жiбере бастауы патша үкiметiнiң мазасын кетiрдi. Сондықтан да патша үкiметi Арынғазы Әбiлғазыұлын Петербургқа алдап шақырып алып, алыстағы Калугаға жер аударды. Патша үкiметiнiң әртүрлi жәбiрлеулерiн бастан өткiзген Арынғазы айдауда жүрiп, 1833 жылы қайтыс болды. 1822 жылы Орынбор губернаторы П.К.Эссеннiң қатысуы- мен дайындалған Орынбор қазақтарын басқару жөнiндегi жарғы бойынша Кiшi жүз жерiне үш хан тағайындау жос- парланды, бiрақ ол iске аспады. Бұл әрекеттiң жергiлiктi сұлтандар мен билердiң тарапынан қолдау таппауына байланысты патша әкiмшiлiгi ендi басқа жол iздестiре бастады. Орынбор губернаторы 1824 жылы Кiшi жүз ханы Шерғазыны Орынбор қаласына шақырып, Шекаралық комиссияға лауазымды шенеунiктiк қызметке тағайындады да, Кiшi жүздегi хандықты жойды. Тек Едiл мен Жайық өзендерi аралығындағы 1801 жылы құрылған патша әкiмшiлiгi ықпалындағы Iшкi орда немесе Бөкей хандығы ғана 1845 жылға дейiн сақталды. Осылайша 1824 жылы Кiшi жүз аймағында хандық басқару бiржолата күйретiлдi. 72 Бiрақ патша үкiметi мұнда Жоламан Тiленшiұлы бастаған азаттық қозғалысының өрлеп кетуiне байланысты, өзiнiң реформасын сақтықпен бүркемелеп жүзеге асырды. Жаңа заң бойынша Кiшi жүздiң аумағы үшке бөлiнедi. Әрбiр бөлiкке патша үкiметi тағайындаған билеушi сұлтан қойылды. Әрбiр сұлтанның жанында орыс офицерлерi басқаратын патша әскерлерi отряды болды. Жалпы алғанда, билеушi сұлтанның жағдайы бұрынғы ханнан ерекшелене қойған жоқ. Сондықтан да мұндай өзгерiстер сұлтандардың да ашық қарсылықтарын туғыза қоймады. Дегенмен де, жаңа басқару жүйесi қазақ ауылдарына жедел тарала қойған жоқ. Сұлтандарды, негiзiнен, патша үкiметiнiң шекарасына жа- қын ауылдар ғана мойындады. Кіші жүз жерлері оңтүстікте Сырдария мен Үстірт қыраттарынан, Каспийдің шығыс жағалауларынан басталып, солтүстікте Жайық, Ырғыз, Ембі, Тобол және толып жатқан шағын өзендер мен дала көлдері алқаптарын қамтыды . [9, 87 б.].

Кіші жүзді ірі үш тайпа- Байұлы, Әлімұлы және Жетіру құрады. Бұл жүз мекендеген ортаның бір бөлігінің екінші бөлігінен айқын айырмашылығы бар: Жайық, Тобыл өзендерінің бойларындағы алқаптар шұрайлы жайлымдықтарға бай болса, Үстірт қыраттары суға тапшы, Сырдария алқабының суы мол болса, Қарақұм, Қызыл-құм тұтасқан шөл дала. Қазақстанның бұл бөлігінің климаты да айқын құрлықтық, күн мен түн қызуы өзгеріске түсіп отырады. Кіші жүз жерлері қазіргі әкімшілік бөлініс бойынша Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Орал, Қостанай облысының солтүстік-батыс бөлігін және Торғай облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтыды. Үш жүзге бөлінген қазақтардың біртұтас мемлекеттік құрылымы болмағандығын айта кетуіміз керек, әр жүздің өз ханы болды, сұлтандар бастаған ұлыстар соларға тікелей бағынғандығын айта кеткеніміз дұрыс болар. Елді Шыңғыс хан әулетінен шыққан феодалдық билеушілер, атап айтқанда Шыңғыс хан ұрпақтары басқарды. XVII ғасырда олардың жалпы саны мың адамға жетер –жетпестей ғана болды. [9, 87 б.].

XVI - XVII ғасырлар аралығында неғұрлым жігерлі де беделді сұлтандар басқарған қазақ хандығы пайда болғанымен, олар этникалық жағынан қалыптасқан жерлерді мекендейтін барлық қазақтарға бірдей билік жүргізе алмады.Қазақтардың үш жүзге бөлінуінің өзі де ең алдымен экономикалық себептерге, дәлірек айтқанда, бір жайлаудан екіншісіне, қыстаулардан – көктеулерге, көктемгі орындарынан жазғы жайлымдарға, одан әрі күздік қоныстарына, сөйтіп қысқы жайлымға қайта оралуға байланысты қалыптасты Қазақ қауымдарының кіші жүз тайпалары Сырдария жағалауларынан Торғайға, Ырғыздан - Тобылға, Үстірттен - Ұя және Обаған өзендерінің бойына, одан әрі Жайық, Елек, Сақмар т.б. өзендер бойындағы жайылымдарға дейін көшіп баратын. Г. Волконский «Ұлы, Орта және Кіші Орда болып бөлінетін қырғыз-қайсақтар туралы» деген еңбегінде қазақ халқының құрамындағы көптеген ру-тайпалардың қоныстарын, көш-қонысын, мекендеген жерлерін т.б.туралы мол мағлұматтар келтіреді. Осы еңбектің ішінде кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасының Жаппас руына байланысты шағын ғана жазбаша түп-деректерден мысал келтірген : «Байұлы тайпасы жаппас руының 7.200 отбасынан тұратын алты атасы бар. Жаппастар сауда-саттық жасау мақсатында Троицк пен Жаман-қала қамалдарына барып-қайтып жүреді». Байұлы тайпасы Алтын руының 5.000 отбасынан тұратын төрт атасы мен Таздар руының 800 отбасына дейін жететін екі атасы және Жетіру тайпасы тілеу руының 2.800 отбасынан тұратын төрт атасы Торғай, Қарасқай өзендерінің бойын,Ұрқаш-Кіндік көл жағалауларын жайлап, қыста Сырдарияның сол жағалауларын, Темірлік шатқалынан Қуаңдариядағы шатқалдарына дейінгі жерлерді тұрақ етеді. Байұлы тайпасы адай руының 10.000 отбасына дейін жететін он екі атасы және Масқар руының 3.000 отбасына жететін бес атасы, Қызылғұрт руының 3.000 отбасына жететін бес атасы, Таздар руының 3.000 отбасына жететін алты атасы, Есентемір руының 3.000 отбасына жететін төрт атасы, «жаппас» руының 1.000 отбасына жететін екі атасы осылардың барлығы да Жайық пен Жем өзендерінің аралығын, Бұлдырты, Жусалы, Шыңғырлау, Ақаты өзендерінің төңірегін, Қобда өзеніне дейінгі жерлерді жайлайды. [9, 87 б.].

Олар Каспий теңізі жағалауындағы Маңғышлақта, Айрақты шатқалында, Жем, Жайық өзендерінің сағаларын, Гурьев, Сорочикоп қамалдарының қарсы беттеріндегі шығанақтар мен Орал шебімен жоғарғы жақтағы жерлерді қыстады. XVIII ғасырдың соңында, М.Мұқановтың «Қазақ жерінің тарихы» еңбегінде: «Кіші жүз тайпаларының руларының 217 атасында 165.700 отбасы бар» - деген дерек келтірілген. Осы жерде әрбір қазақтың отбасында бес адамнан тұрды деп есептегенде, кіші жүздегі 165.700 отбасында 828.500 адам тұрған болып шығады. Ал, үш жүздегі халқымыздың жалпы саны төмендегідей мөлшерде болуы мүмкін деп ойлаймын: Үш жүздегі 395.100 отбасындағы жанұя мүшелерінің жалпы саны 1.975.500 адам болып шығады. Қысқарта айтқанда, XVIII ғасырдың соңында қазақ халқының жалпы саны 1.975.500 болды деуге толық негіз бар. 1822 жылы 22 шілдеде «Сібір қазақтары туралы жарлығы» шығып, қазақ даласында сыртқы округтер құруға байланысты ереже қабылданды. Басқару жүйелері:

1.Облыстар-

2.Округтер-

3.Болыстар- ( әр болыста 10-12 ауыл )

4.Ауылдар- ( әр ауылда 50-70 шаңырақ )

Бұл округтер рулас немесе бір ұрпақтан тарап, қашаннан бірге тұруға әдеттенген болыстардан құрылды. Округтердің өз көші-қоныстық жерлері болды және өздерінің округтық сұлтандарының рұқсатынсыз өз еріктерімен басқа біреулердің көші-қоныстық жерлерін пайдалануға хақылы болмады.Ауылдарды шаңырақ иелері 3 жыл мерзімге сайлайтын ауыл ақсақалдары басқарды,болыстар билігі мұрагерлік жолмен сұлтандардың қолында болды.Әр округта болыс сұлтандары өз орталарынан 3 жылға сайлайтын аға сұлтан басқаратын Округтік приказ құрылды.Аға сұлтанның қол астында округтық диуан (кеңес) қызмет етті, оған: Облыс бастығы тағайындайтын 2 орыс шенеунігі және билер мен ақсақалдар 2 жылға сайлайтын 2 қазақ енгізілді.( М.Мұқанов.Қазақ жерінің тарихы) Кіші жүз қазақтары Орынбор қазақтары облысының құрамына енді. Бұл облыс 1825 ж. үш бөлікке: Шығыс, Орта, Батыс бөлікке бөлінді.Шығыс бөліктің шекаралары мынадай болды: Шығыста- Звериноголовск станциясынан (Сібір шебінде, Обаған өзенінен сәл шығысқа қарай) оңтүстікте ол Сырдария бойымен, батыста Үй, Үлкен Қобда, Ойыл өзендерінің бойын, Шалқар көлінен Сырдариядағы 2-ші бекініске дейінгі жерлерді қамтыды. Орта бөліктің шекарасы: шығыста Шығыс бөліктің шекарасымен шектесіп, батыста-Үлкен Қобда сағасының батыс бөлігі, Ойыл және Жем өзендерінен Арал теңізіне дейінгі, солтүстікте-Үлкен Қобданың сағасынан Елек және Бердянка өзендерінің бойы Жаманқала Степная станциясына дейінгі аймақты қамтыды.Батыс бөліктің шекарасы: шығыста-Орта бөліктің аймағына, солтүстікте Елек және Жайық өзендерінен Орал қаласына, батыста-Жайық өзені, Гурьев, Каспий теңізі, оңтүстікте-Үстірт жазығына дейін жетті. Екі қамал аралығындағы жерлер дистанциялар деп аталып, Орынбор қазақтары облысының құрамына енетін территориялықбірлікті құрады. Бір дис-танцияда орта есеппен 2000-ға дейінгі шаруашылық болды. Дистанциялар 1831 жылдан 1858 жылдар аралығында ашыла бастады, үш бөлікте (Шығыс, Орта және Батыс) 57 дистанция ашылды.Орынбор қазақтары облысының «батыс» бөлігін негізінен Байұлы тайпасының: Адай, Алшын, Байбақты, Тана, Қызылғұрт, Масқар, Ысық, Шеркеш, Есентемір, Беріш, Таздар, Жаппас рулары, сондай-ақ Жетіру тайпасының тама, табын, кердері рулары және Әлімұлы тайпасының кете руы жайлайды. Бұл облыстың орта бөлігін негізінен Әлімұлы тайпасының: шекті, шөмекей және кете рулары қоныстанды. Басқа тайпалардан: тама және жағалбайлы рулары болды. Бұл облыстың Шығыс бөлігін Әлімұлы тайпасының шекті және Байұлы тайпасының «жаппас», «алтын» рулары мекендеді; Орта жүз қазақтарының да едәуір бөлігі, оның арғын, қыпшақ, керей және уақ тайпалары осы облыс құрамына енді.Орынбор қазақтары облысына 1840-1841 жылдарда барлығы 500.000 еркегі бар 120081шаңырақ, ал 1864 жылы- 828.363 еркегі бар 175678 шаңырақ қарады .Қазақстанның барлық аймақтарында мал жайлымдары тапшы болды. Міне, осы жағдай Бөкей хан бастаған қазақтардың бір бөлігін 1801 жылы Жайықтың сол жағалауынан Жайық пен Еділ аралығына өтуге мәжбүр етті. Олардың саны - 5000 шаңырақ болды. [9, 87 б.].

Осы уақыттан бастап Байұлы, Әлімұлы және Жетіру тайпаларынан тұратын қазақтардың бұл бөлігі Бөкей ( Ішкі ) Ордасы деп аталды.1802 жылы Ордада 31.105 адамы бар 6265 шаңырақ болды. Ол 1812 жылы Бөкей хандығы деп аталды. Ал, 1845 жылдан кейін Ішкі Орда Астрахан губерниясының құрамына қосылды. Жалпы, Ішкі Орда халқы осы кезде 16 рудан тұрды. Халқының жалпы саны төмендегідей мөлшерде болды:

1.Беріш руы - 25 мың 785 адам,

2.Байбақты руы - 16 мың 025 адам,

3.Алаша руы - 11 мың 150 адам,

4.Адай руы - 7 мың 515 адам,

5.Жаппас руы- 4 мың 520 адам, т.б. рулар мен тайпалар болды.

«1867 жылы 11 шілде күні Түркістан генерал-губернаторлығы құрылды.Орталығы Ташкент қаласы болды. Бұл өлкенің тұңғыш генерал-губернаторы болып К.П.Кауфман келді. Түркістан генерал-губернаторлығы екі облыстан құралды. Олар – Жетісу облысы және Сырдария облыстары болды. 1867-1886 жылдар аралығында бұл өлкеде Жер-суды заңдастыру жөнінде дайындық жұмыстары жүргізілді. 1886 жылы бұл заң қабылданды, осы заң негізінде жермен айналысатындардың жерлері жекелікке бөлініп беріліп, көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындардың жері мемлекет меншігі болып жарияланды . Жетісу және Сырдария облыстарында жерге қоныстанған әрбір казактың жанұясы мен орыс шаруаларына көптеген жеңілдіктер мен артықшылықтар берілді. Атап айтқанда, оларға 30 десятинадан жер берілді, 100 сомнан қайтарымсыз несие берді( жәрдемақы ), 15 жылға дейін рекруттық әскери борыштан және алым-салықтардан босатылды, әртүрлі міндеткерліктер атқаруда кешірім берілді.1892 жылы Түркістан өлкесіне Ресейдің ішкі жақтарынан 3.000 жанұя келіп қоныстанды. 1893-1905 жылдар аралығында қазақ даласына Кауфман, Кузнецов, Щербина т.б. экспедициялары шығып, қоныс аударып келгендер үшін елді-мекендер салуға лайықты жерлер іздестірілді, бұл табылған жерлер шұрайлы, сулы, егін егуге ыңғайлы, табиғаты жақсы болуына басты назар аударылды. «Қоныс аудару қоры» құрылды. 1893-1905 жылдар аралығында қазақтардан 4 млн.десятина жер тартып алынған болса, 1906-1912 жылдары жергілікті халықтан 17 млн.десятина жер тартып алынды. Бұл нәтиже 1917 жылдан кейін 45 млн. десятина жерден асып кеткен. Қазақтардың жерлерін тартып алу негізінен ауа-райы мейлінше жайлы, топырағы құнарлы уездердің-Қостанай және Ақтөбе уездерінің аймақтарында жүргізілді.Ол оңтүстікте Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерімен, ал шығыста-Ақмола облысымен шектесті. Қостанай уезді 81.441 қазақ өмір сүретін 10 болыстан тұрды. Уезд егін шаруашылығы жақсы дамыған аймақтарға жатты: 1909 жылы жалпы есепке алынған 18.010 шаруашылықтың 15.951-і (88.5 %) егіншілікпен айналысып, олардың егістік жер көлемі 107.440 десятинаға жетті. 1.Орта жүзден – қыпшақ (Ұзын, Көлденең, Торы, Торыайғыр, Қарабалық рулары), Арғын, (Төменгі Шекті, Бәсентин, Қаракесек рулары), Керей(Балта, Сибан, Қожебе рулары) болса,

2.Кіші жүзден – Байұлы (Жаппас), Жетіру (Жағалбайлы,Тілеу, Тама рулары) мекендеген.

Жаппас руының қауымдары Желқуыр өзенінің бойын, Сандықсор, Айқамыс, Сопалы т.б.көлдердің төңірегін иеленді.

Уездің қалған барлық бөлігне Орта жүз тайпалары орналасты: керейлер солтүстік және солтүстік-шығыс бағытты, Қарақамыс көлінің айналасын, Алабұға өзенінің жағалаулары мен осы өзеннің айналасын қыстады. Уездің шығыс және оңтүстік шығыс бөлігіне арғындар жайғасып, олар Обаған өзенінің оң жағалауларынан Обаған көліне дейінгі жерлерде, Жалтыр, Қарақамыс көлдерінің айналасында, Ащысу өзенінің бойында т.б.жерлерде көшіп-қонып жүрді. Арғындардан батысқа қарай орналасқан қыпшақтар Тобыл, Әйет өзендерінің бойында, уездің солтүстік - батысында жиі кездесетін толып жатқан ұсақ көлдердің айналасында неғұрлым жинақы орналасты .Орта жүз тайпалары арасында Бай-ұлы тайпасының( кіші жүз ) жаппас руының үлкен қауымдары өмір сүрді: Олар Қарасудың оң жағасын, Алқасор, Жаңғызкөл, Майтау көлдерінің төңірегін, Обаған, Тобыл өзендерінің бойы мен басқа да жерлерді мекендеді. Байұлы тайпасының жаппас руының бірнеше қауымы уездің, яғни Ақтөбе уезінің солтүстік- шығыс шалғайларында көшіп-қонып жүрді.Торғай уездінде 14370 шаруашылықтан тұратын 12 болыс болды, негізінен орта жүз қазақ-тары: арғындар, қыпшақтар, сонымен бірге уездің оңтүстік-батысында, Сарықопа,Сары-мойын көлдерінің төңірегі мен басқа да жерлерді Кіші жүздің Әлімұлы (шекті руы) мен Байұлы (алтын және жаппас рулары) тайпалары жайлады, бірақ олар Орта жүз руларына қарағанда әлдеқайда азшылық еді .Перовск уезді, Қазалы уездінің шығыс жағына Сырдарияның жағалауына орналасты. Ол солтүстікте Торғай облысымен, бір бөлігі Ақмола облысымен шектеседі. Алып жатқан жер көлемі 61.420 шаршы шақырым. Уезд тұрғындары негізінен қазақтар 179.800 адам. Уезд жерін Орта жүз тайпаларының-найман, қыпшақ, қоңырат рулары және Кіші жүздің Байұлы тайпасының жаппас руының 1.714 шаңырағы мекендеді. Жаппас руының көпшілік аталығы Перовскінің шығыс жағынан Сұлутөбе шатқалына дейінгі жерлерді жайлаған.Біздің мақсатымыз, кезінде ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қан төгіп қорғап қалған қасиетті жеріміздің кім-көрінгеннің уысында кетпей, келешек ұрпаққа мұра болып қалуын, ұлтжанды ұрпақтардың қатары көбейіп, олар аман-есен болса екен, халқымыздың өткен тарихы бүгінгілерге сабақ болса екен деген оймен осы мақаланы жаздық . Осы уақытқа дейін қазақ елінің хандық билік түрінде көрінген мемлекеттік дербестігін жоюға даярлық жасап келген патша үкіметі XIX ғасырдың 20-жылдары мұндай мақсатты іске асыруға колайлы жағдай туды деп шешіп, іске кірісіп кетті. Патшалық билік бұл істі алдымен Орта жүзден бастады. Бөкей және Уәли хандар өлген соң, енді қайтып мұнда хан тағайындамау туралы шешім қабылдайды. XIX ғасырдың 20-жылдарының басында Батыс Сібір губернаторлытын баскарған белгілі мемлекет қайраткері М.М.Сперанскийдің басшылығымен "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" өмірге келді. Бұл заңдық құжат бойынша Орта жүзде хандық билік жойылды. Оның орнын аға сұлтандар басты. Орта жүздің жері жеке әкімшіліктерге бөлініп, "сыртқы округтер" аталып, Омбы облысына қарайтын болды. Сөйтіп, 1822—1838 жылдар аралығында Қарқаралы, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті, Көкшетау аталған округтер өмірге келді. Оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Оларға сондай-ақ полицейлік және соттық билік те берілді. Приказдың басында үш жыл мерзімге тек сұлтандар ғана сайлай алатын аға сұлтандар тұрды. Приказдың басқарушы аппараты төрт адамнан, яғни бар билікті колдарына ұстаған екі орыс шенеунік заседателі және беделді би мен старшындар сайлайтын екі қазақ заседателінен тұрды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Болыстық бөлу аумақтық негізде емес, рулық негізде жүрді. Әрбір болыс белгілі бір рудың атымен аталатын болды. Мәселен, Қанжығалы болысы, Қаржас болысы және басқа болыстықтардың жеке әкімшілік ретінде жер көлемі анықталып, қазақ қожалықтарына басқа болысқа өз беттерінше өтуге шектеу қойылды. Бұл сол уақытқа дейін қалыптасқан жайылымды пайдалану жүйесінің бұзылуы еді. "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" жергілікті әкімшіліктің сайлау арқылы анықталатындығын сырттай болса да сақталғандығын көрсетуге тырысты. Ал шын мәнінде билік орындары жергілікті әкімшілік қызметтерге өзіне тиімді адамдарды ғана жіберіп, тиімсіздерін кейін асыруды, сол сияқты округтік приказдың жұмысын оның құрамындағы орыс шенеуніктері арқылы реттей отырып, приказ аппаратына бекітілген шептік қазақ әскерін пайдаланды. Хандық билікті жойған отаршыл әкімшілік қазақ ақсүйектері мен билеуші тобын өзіне бірден қарсы койып алмау үшін алғашында олармен құйтырқы ойын жүргізді. Округтер мен болыстарды басқаруды міндетті түрде сұлтандарға беріп, бірақ бұл қызметтік орындарды иемдену құқын төре тұқымдарымен қатар өзіне ұнаған "қара" қазақтан шыққан ақсүйектерге де берді. Яғни, сұлтандық мансапты иемденетін кісіні анықтауды патшалық әкімшілік өз қолына алды. Сұлтандарға билік орындарының ісіне араласуға тыйым салынды. Заң аға сұлтан, болыстық сүлтандары және ауыл старшындарын "жергілікті шенеуніктерге" жатқызды. Сот жүйесі де өзгеріске ұшырады. Қазақ ішіндегі аса қауіпті деп саналған мемлекеттік сатқындык, кісі өлтіру, тонаушылық, барымта, сондай-ақ "билік орындарына бағынудан бас тарту" сияқты қылмыстық істер билер соты карамағынан алынып, олар патшалық заңы бойынша округтік приказда қаралатын болды. Ал ұрлық және басқаларды билер соты халықтың әдеттегі құқығы бойынша қарауға тиіс болды. [9, 87 б.].

Сонымен бірге билер сотының шешімі арызданушыны қанағаттандырмаса, ол облыстық әкімшілікке арыздануға құқылы болды. Ал бұл мәселені қарауда облыстық басшылық та қазақтың әдеттегі құкын негізге алуға тиістін. Мемлекеттікті жою бағы¬тын¬дағы соңғы қадамдардың бірі – оны бөлшектеу болды. Әлі де болса Ресейге бағына қоймаған Арал маңы мен Сыр бойындағы қазақ ру-тайпаларын есептемегенде жетіру мен байұлы бірлестіктері саяси жағынан алғанда бірнеше бөліктерге бөлініп кеткен еді. 1801 жылдан бастап Бөкей сұлтан өз қарамағындағылармен Ішкі Ордада, ешкімге бағынбаған Қаратай сұлтан далалы өңірлерде, Айшуақ ханның мұрагері, болашақ Кіші жүздің соңғы ханы – Шерғазы Орынбор маңында болатын. 1812 жылы I Александр патшаның жарлығымен Бөкей сұлтан – Ішкі Ордада, Шерғазы сұлтан – Жантөренің орнына хан болып бекітіледі. Шерғазы – Кіші жүз ха¬ны болып саналса да оның билігін Қаратай сұлтан да, Ішкі Ордадағы Бөкей хан да, Сыр бойындағы ру-тайпа хандары да мойындамады. Дәл осындай жағдай сол жылдары Орта жүзде де қалыптасады.Енді Ресейдің қазақ мем¬ле¬кеттігін жою үшін соңғы қадамды жасауы ғана қалады. Ол – арнайы заңмен хандық билікті басқа әкімшілік-басқару жүйесімен ауыстыру болатын. Орта жүзде 1819-1821 жылдары Бөкей мен Уәли хандар қайтыс болғаннан кейін жаңа хандар сайланбай, хандық билік жойылса, Кіші жүзде Шерғазы ханның өлуін күтпей-ақ, Ресей 1824 жылы оны хандық биліктен алып, басқа қызметке отырғызады да, мұндағы хандық билікті тоқтатады. Сөйтіп, Ресейдің қазақ мемлекеттілігін жоюға бағытталған саясаты ұзақ мерзімге созылса да, ол үшін нәтижелі аяқталады.Осылайша, XIX ғасырдың бірінші ширегінің аяғына таман қазақ жерінде мемлекеттілік күйреп, оның орнына ресейлік әкімшілік-басқару жүйесі орнығады. Бытыраңқылық кезең¬дегі халықты – жартылай жетім десек, мемлекетінен толығымен айы¬рылған қазақ халқын XIX ғасырдың бірінші ширегінің соң¬ында нағыз жетім болды деуге болады. Бірақ халық жойылып кеткен жоқ. Өйткені, халқын қор¬ғайтын тұлғалардың қашанда ел ішінен шығып отыратыны белгілі. Осындай қиын заманда Жанқожа батыр секілді тұлғаның тарих бетіне шығуы заңды құбылыс.

Жанқожа батыр заманындағы Қазақ жерінің батыс бөлігіндегі жалпы саяси жағдай осындай болатын. Енді батырдың өмір сүрген өңіріндегі нақты саяси ахуалға тоқталсақ.XIX ғасырдың алғашқы ширегі Сырдың төменгі ағысы бойы мен Арал маңындағы қазақ халқы үшін өте шиеленісті жағдайда болды. Бір жағынан Ресей, екінші жағынан Хиуа өңірге өз үстемдігін жүргізуге ұмтылса, үшінші жа¬ғынан жергілікті билеуші топтың белсенді өкілдері жанған отқа май құйғандай, жеке-дара билікке таласып, жағдайды одан әрі у¬шықтырады. Осы жылдары өңірдің саяси өмірінде Арынғазы хан, Шерғазы Қайыпұлы, Жанғазы Шерғазыұлы (Мананбай), Қаратай сұлтан, Шерғазы хан Айшуақұлы, Хиуа ханы Мұхаммед Рахим хан және тағы басқа тұлғалар белсенділік көрсетеді.Тарихтан белгілі 1811 жылға дейін Хиуа хандығы өз ішіндегі күрделі саяси жағдайларға байланысты Сырдың төменгі бойы мен Арал маңын бағындыруға күш сала алмаған болатын. Бұл өңірде де саяси ахуал өршіп тұрған еді. Қаракесек бірлестігіндегі, жетірудың құрамындағы ру-тайпаларды өздері сайлап алған хандар басқаратын және олар өздерін дербес билеуші ретінде ұстап, сая¬сат жүргізетін. Әртүрлі руаралық кикілжіңдер шектен асып, қарулы қақтығыстарға ұласып отыратын. Шөмекейлердің ханы – Ералы сұлтанның ұлы Сұлтантемір хан болса, шектілердің бір бөлігін – Қайып ханның ұлы Әбдіәзиз хан, төртқараларды – Қайып ханның тағы бір ұлы Шерғазы хан, табындарды – Нұралы ханның ұлы Қаратай хан басқарып тұрды. 1806 жылы Хиуа тағына келген Мұхаммед Рахим хан осы өңірдегі саяси жағдайды пайдаланып, өңір халқын бағындыруды көздейді. [9, 87 б.].

1812 жылы қыста осы өңірдегі шөмекейлерді бағындыру үшін өзі бастап жорыққа шығады. Кенеттен болған соққыға қазақтар тойтарыс бере алмайды, Сұлтантемір хан қашып құтылады. Хиуа ханы 100 000 қой, 40 000 түйе, көптеген тұтқындар алып кері оралады. 1815 жылы ақпанда бес мыңдық Хиуа әскері шектілерге де кенеттен соққы беріп, мол олжамен кері қайтады. 1816 жылы желтоқсан айында мұндай жорық тағы да қайталанады. Бұл Жанқожа батырдың елі болатын.1815 жылы батыр сұлтан әу¬летінің өкілі, әлім руларының бір бөлігіне хан болған Әбілғазы қай¬тыс болып, орнына ұлы Арын¬ғазыны жергілікті шекті руы¬ның бөлімшелері хан көтереді. Жігерлі Арынғазы хан Кіші жүзде орталықтанған саяси құрылымды қалпына келтіруді мақсат етеді және сол бағытта саясат жүргізеді. Сыр өңірін уысында ұстап отыруды көздеген Хиуа ханына Арынғазы ханның батыл іс-әрекеттері ұнамады. Хиуа ханы тарапынан болатын қауіп-қатерлердің алдын алу үшін Арынғазы хан Орынбор әкімшілігімен жақсы қатынас орнату мақсатында солтүстікке қарай жылжып қонады. Орынбор губернаторына хат жолдап, өзінің жұмыстарын баяндайды. Орынбор әкімшілігінен де хат алынып, онда мәселелерді талқылау үшін Орынборға шақырту алады. Сонымен бірге, Орынборға Қаратай сұлтан мен Шерғазы хан да шақыртылады. Шерғазы хан үшін Арынғазы ханның Ресей билігімен жақындасуы қауіпті болатын. Ол Арынғазыны өзіне бақталас санап, Орынбор әкімшілігі мен оның ортасына от қояды. Рулар арасындағы бітбейтін даулар мен кикілжіңдерді негізге алып, Шерғазы хан Арынғазы ханды губернатор алдында барынша қаралайды. Тіпті, өзін Арынғазыдан қорғау үшін орыс¬тан әскер сұратады. Губернатор Г.Волконский қолтығындағы ханды қорғау үшін оған көмекке әскер жібереді. Ал Арынғазы хан болса, губернатордың мұндай ісінен кейін Орынборға бармай, керісінше, кері қайтады.1817 жылы Орынбор әкім¬ші¬лігіне П.Эссеннің басшы боп келуі Арынғазы ханның жағдайын біршама жақсартады. Жаңа басшы Кіші жүздің ішкі жағдайын, сауда байланыстарын реттеуді қолға алады. Өз атына келіп түс-кен арыздарды қарайды. Ең бас¬тысы, таласушы екі тұлғаны татуластыруды көздейді. П.Эссен қарсылас жақтарды Орынборға шақырып, келіссөздер жүргізеді. Сөйтіп, Шерғазы Кіші жүздің ханы болса, Арынғазы Кіші жүздегі Хан кеңесінің төрағасы болып тағайындалады. Арынғазы ханның беделі күн сайын арта түсіп, керісінше, Шерғазы ханның жағдайы нашарлай түседі. Кіші жүз руларының басым бөлігі Арынғазы хан жағына шығады. 1817 жылы 400-ге жуық ру басылары өтініш хатын жазып, Арынғазыны Кіші жүздің ханы етіп тағайындауды сұрайды. Губернатор болса хатты негізге алып, Арынғазыны хан етіп тағайындау туралы патшаға ұсыныс жасайды. Осылайша, Арынғазы ханның Орынбор жақтағы істері жақсара бастайды. Бірақ Хиуаға байланысты істер кері кете бастайды. Оның бас¬ты себебі, Арынғазының кешегі одақтасы, әрі туысы Шерғазы Қайыпұлы Хиуа ханының араласуымен бетін оңтүстікке қа¬рай бұрады. Ол Хиуаға кетіп, Мұ¬хаммед Рахим ханның қабыл¬дауында болады. Хиуа ханы оны Кіші жүздің ханы етіп тағай¬ын¬дайды. Шекті, шөмекей және төртқара тайпаларының 2500 шаңырағы оған бағынып, Хи¬уаға салық төлеп отыруға мін¬деттенеді. Осыдан кейін ке¬шегі одақтастар – Арынғазы хан мен Шерғазы арасындағы қатынастар қатты шиеленісіп кетеді. Бірін-бірі талан-таражға салу, барымта, Хиуа ханының зекетшілерінің зорлықтары, ханның арнайы жіберген әскерінің тонаушылықтары, міне, осылардың бәрі сол жылдары орын алып, Сыр бойы мен Арал маңындағы жергілікті халықтың жағдайын қиындатып жібереді. 1819 жылы Шерғазы Қайыпұлы қайтыс болып, орнына ұлы Жанғазы (Мананбай) сұлтанды Хиуа билеушісі хан етіп бекітеді. [9, 87 б.].

XIX ғасырдың 20-40 жылдары қазақ халқының осы өңірдегі кешкен күйі осындай еді.Жанқожа батырдың нағыз тұлғалық бейнесі осы жылдары анық байқалады. Хиуа ханына наразы күштердің Хиуа бекіністеріне шабуылдар жасайды, елден тартып алынған малдарды кейін қайтарады, тұтқынға алынған жандарды босатады. Тіпті, Хиуаның жазалау¬шы әскерімен ашық майданға шығып, оларды тас-талқан етіп жеңеді. Қоқан хандығының Сыр бойындағы бекіністеріне шабуылдар ұйымдастырады. Батырдың осындай әрекеттері оны ұлттық деңгейге көтереді. Осы ғасырдың 30-50 жылдары Жанқожа батыр Арал маңы мен Сырдың төменгі ағысы бойындағы ең беделді, ең танымал тұлғаға айналады. Бұл туралы арнайы зерттеулерде, ғылыми-көпшілік еңбектерде көп қарастырылған. Сол себепті де, біз бұл жерде батырдың қатысуымен болған әр оқиғаға талдау жасап жатпаймыз.Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойы мен Арал теңізі маңы – XIX ғасырдың бірінші жар¬тысында Ресей империясы мен Хиуа хандығы, Бұхар әмір¬лігі арасындағы халықаралық қаты¬настарда маңызды рөл атқарады. Қазақ халқының солтүстік пен оңтүстіктегі көршілері қазақ қоғамындағы бытыраңқылықты пайдаланып, осы өңірге түпкілікті түрде билік орнату үшін бәсекеге түседі. XVIII ғасырдың басында Ресей императоры I Петрдің қазақ даласы «Азияның кілті мен қақпасы» деген сөзі XIX ғасырдың бірінші жартысында да өз маңыздылығын жойған жоқ еді. Осы ғасырдың бірінші ширегіне дейін Қазақстанның батысы, солтүстігі, шығысы Ресейге бағындырылды, бірақ оңтүстік аймақтар, Сыр бойы Ресейден тәуелсіз еді. Ресейдің шығыстағы саясатының мақсаты Памир мен Тянь-Шаньға дейінгі жерлерді бағындыру, сол арқылы арзан шикізат көздерін иелену, өнеркәсіп өнімдерін өткізетін рынокқа айналдыру болатын. Бұл мақсатқа жету үшін алдымен әлі де болса бағындырылмаған қазақ жерінің оңтүстігін, Сыр бойы мен Арал маңын бағындыру міндеті тұрды. XIX ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап Ресей елшіліктері Қоқанға, Бұхараға және Хиуаға жіберіледі. 1800 жылы Бурнашев пен Поспелов басқарған экспедиция Ташкентке, 1803 жылы Гавердовский елшілігі Бұхараға, 1819 жылы Муравьев елшілігі Түркімения мен Хиуаға барады. Бұдан кейінгі жылдары да Ресей елшіліктері ортаазиялық хандықтарға жиі келеді. Барлық елшіліктердің түп мақсаты біреу болатын, ол – Ресейдің болашақ отарлық саясатына қажетті ақ¬па¬раттар жию еді.XIX ғасырдың 20-шы жылдарында ағылшын және орыс өнеркәсіп тауарлары Орта Азия базарларында бәсекеге тү¬се бас¬тайды да, көп ұзамай сапа¬сының жақсысына байланысты ағылшын тауарлары Ресей тау¬ар¬ларын жергілікті рыноктан ығыстырады. Мұндай жағдайдан қатты қауіптенген орыс үкіметі экономикалық бәсекелестіктен бас тартып, бірден әскери жолмен мәселені тез шешуді қолға алады.Осылайша, екі империяның Орта Азияны бірден бағындыруға бағытталған әскери қадамдары артынан сәтсіздікке ұшырайды. Ресей болса енді өзінің бұрынғы жиі қолданатын әдісі – әскери бекіністер мен шептер салу арқылы Қазақстанның оңтүстік аймағы мен Сыр бойын, Арал маңын бірте-бірте бағындырып, содан кейін Орта Азияға енуді жоспарлайды. Ресейге өңір халқының Хиуа ханына деген көзқарасы белгілі еді және бұл жерде орыс бекінісінің салынуына қарсы тұрарлық күш жоқ та болатын.Осылайша, XIX ғасырдың 40-50 жылдары Ресей билігі Орынбор мен Арал теңізі және Сырдың төменгі ағысы бойында бекіністер мен форттар салу арқылы, біріншіден, жаңа әскери шеп желісін құрады, екіншіден, ортаазиялық хандықтарға жақын¬дайды, үшіншіден, Арал теңізі маңы мен Сырдың төменгі ағысы бойына мықтап табан тірей бас¬тайды.Жалпы алғанда, Арал маңы мен Сырдың төменгі ағысы бойына Ресей бекіністерінің салына бас¬тауы Жанқожа батырдың Хиуаға қарсы жүргізген ұрыстарымен тұспа-тұс келді. Хиуа ханы да бар күшін салып, орыстардың Сыр бойына бекінуіне қарсылық көрсетеді. Жанқожа батыр бастаған жергілікті халықтың Хиуа езгісіне қарсы күресі мен орыс әскерінің Хиуа хандығымен соғысы оларды уақытша одақтас етеді. Жанқожа батырдың есімі осы кезден бастап орыс деректерінде жиі кездеседі. Оның себебі, батырдың осы өңірдегі ең белгілі тұлға болуынан деп білеміз.Арал маңы мен Сырдың төменгі ағысы бойына бекініп ал¬ған Ресей әкімшілігі жергілікті халықтың жақсы жерлеріне жаңа салықтарды енгізе бастайды. Міне, бұл жағдай да батырды қайта атқа отырғызады. Ресейдің отарлау саясатының өңірде күшеюіне қарамастан 1856-1857 жылдары батыр халық көтерілісіне басшылық етеді. Бұл жөнінде де тарих ғылымында арнайы зерттеу жұмыстары бар.Жалпы қорыта келе, Жанқожа батырдың өмір сүрген заманы қазақ тарихындағы ең бір қиын-қыстау кезең болды деп санаймыз. Қазақ қоғамындағы билеуші топтар арасында ішкі бірліктің болмауы мемлекеттің әлсіреуіне, ал одан кейін оның күйреуіне алып келеді. Қорғанынан айырылған халық бір жағынан Хиуа, Қоқан секілді хандықтардың езгісіне түсіп, қорлықтың небір түрін көрсе, екінші жағынан Ресей отаршылдығының ауыр азабына тап болады. Жеке басының мүддесін ойлаған небір билеуші топ өкілдері сатқындық жолына түссе, Жанқожа батыр секілді қарапайым халықтан шыққан тұлғалар намыс пен елдікті ту етіп ұстап, бар күшімен айқасқа түседі. Міне, осындай тұлғалардың өмірі қазіргі қазақ халқы үшін әрі үлгі, әрі өнеге болса керек. Қазіргі заман¬дағы күрделі үдерістер қашан¬да тарихтан сабақ алуға итер-ме¬лейді. Жанқожа батыр зама¬нының ең басты тарихи сабағы – ұлт¬тық мемлекетті сақтау болса ке¬рек. Ол үшін қоғамда, оның мүшел¬ері арасында бірлік болуы тиіс. Сонда ғана қазақ қоғамы өзі¬нің ал¬дында тұрған тарихи мін¬деттер¬ді шеше алады, жаңа заман¬ның жа¬ңа талаптарын орындай алады.