Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Садыков Нурболат Оразбекович.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
492.03 Кб
Скачать

1 Хіх ғасырдың басындағы қазақ жүздерінің саяси дербестігінің

жойылуы

1.1 Орта және Кіші жүздерінің саяси дербестігінің айырлуының алғысшарттары

Хандық билiктiң жойылуының алғышарттары. XIX ғасырдың басында қазақ жерiне артта қалған феодалдық Қытайдың ықпалы әлсiреп кеттi. Оның есесiне шекаралық бекiнiстердi нығайтқан патшалық Ресейдiң қазақ жерiне ықпалы өсе түстi. Ендi Ресей қазақтың табиғи байлықтарын игеру мақсатымен осында әртүрлi кәсiпшiлiк көздерiн ашуды қолға алды. Орыстардың қазақ жерiнен кен орындарын iздестiре бастауы, көп ұзамай-ақ өзiнiң жемiстерiн бере бастады. XIX ғасырдың бiрiншi жартысында жергiлiктi өнеркәсiп пен кәсiпшiлiктiң жаңа салалары қалыптасты. Ертiс, Жайық өзендерi, Каспий теңiзi, Зайсан көлi маңайында бұрынғы көшпелi мал шаруашылығымен шұғылданатын қазақтар балық аулауды тұрақты кәсiпке айналдырды. Қазақстанның батыс, солтүстiк-шығыс аудандарындағы тұзды көлдерiнен тұрмысқа қажеттi тұз өндiру және оны сату жолға қойыла бастағаны байқалды. Ресей отаршылдарының қызығушылығының нәтижесiнде Қазақстанның шығыс, орталық аймақтарында түстi метал- дар, таскөмiр өндiретiн тұңғыш кен орындарын игеру жолға қойылды. [1, 87 б.].

XIX ғасырдың орта шенiнде Қазақстанда бiрнеше кен орындары ашылып, су және желдиiрменi, ұста дүкенi, кен және май, былғары зауыттары iске қосылды. XIX ғасырдың бiрiншi жартысы — Қазақстанның Орта Азия хандықтарымен, Сiбiрмен, Қытай мемлекетiмен (Цин империясы) өзара тиiмдi сауда байланыстарын кеңейте түскен кезеңi. Қазақстан сауда орталықтарынан көршi елдерге немесе керiсiнше жиi-жиi тауарлар жеткiзiп тұратын сауда керуендерi бұл өңiрде сауда байланыстарының терең- дей түсуiне себепшi болды. Қазақ даласын басып өтетiн керуендердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Ресей үкiметi 1803 жылы көпестерге өздерiн қорғайтын қарулы топ ұстауына рұқсат бердi. XIX ғасырдың бiрiншi жартысында орыс-қазақ iшкi сауда қарым-қатынастары Сiбiрде, Орта Азияда және Ре- 67 сейде кең жолға қойылды. Оңтүстiктен және оңтүстiк- батыстан қазақ жерiне Қоқан және Хиуа хандықтары оқ- тын-оқтын басқыншылық жорықтар жасап тұрды. XIX ғасырдың басында қоқандықтар Ташкенттi басып алып, қазақ жерiне ене бастады. Олар Түркiстан және Әулиеата аймағына дейiн барып, қазақ ауылдарын жаппай тонады. Хиуа билеушiлерi де қарап қалмады. Олар Сырдарияның төменгi ағысындағы аймақтарды бағындыруды көздеп, осы бағытта қанды жорықтар ұйымдастырды. Осындай жағдайға қармастан, Ресей үкiметi Орта Азия арқылы Иран және Үндiстанмен сауда қатынастарын жандандыруға күш салды. Үндiстан арқылы Бұқараға келiп жеткен ағылшын тауарларын тиеген суда керуендерi қазақ жерi арқылы Орынборға дейiн барды. Сонымен қатар орыс көпестерi қазақ даласын мал өнiмдерiнен алынатын шикiзат және өнеркәсiп тауарларын өндiретiн нарық көзi ретiнде қарастырып, қазақ ауылдарымен саудасын жандандыра түстi. Осылайша қазақ жерлерiн әскери жолмен жаулап алу және реформалар арқылы тартып алу жолына түскен патша үкiметi, сонымен қатар қазақ даласында сауда-саттықты өрiстету арқылы жаңа өлкеде өздерiнiң жағдайларын нығайта түстi.

Әрине, сауда айналымына көптеп тартылудың қазақтардың шаруашы- лығы үшiн де маңызды жақтары болды. Қазақтар өздерiнiң мал өнiмдерiн көптеп сатуға мүмкiндiктер алды. Мұндайда орыстар салған бекiнiстер мен қалашықтар сауда-саттықты өрiстету орталықтарына айналды. Орта Азиямен сауда байланысын дамытуда Петропавл қаласына тең келетiн елдi мекен болмады. Осында тек 1849 жылы ғана Ташкенттен 5 мыңнан астам түйеге, 150-ге жуық ат-арбаға тиелген тауар жеткiзiлдi. Орыс-қазақ қарым-қаты- насының дамуы барысында жылдан-жылға тұрақтанып, көлемi ұлғая бастаған сауда Қазақстан шаруашылық жүйе- сiнiң бiртiндеп Ресей империясының экономикалық дамуына бейiмделе түсуiне қолайлы жағдай қалыптастырды. Қазақ ауылының шаруашылық жағынан бөлектенiп қалуы жойыла бастады. Мұндай жаңа құбылыстардың тереңдей түсуiне патша үкiметi де мүдделi едi. Ресейдiң әкiмшiлiк, саяси маз- мұндағы шаралары бұл бағытты кеңейттi. Сiбiр қазақтары туралы жарғы. Мал шаруашылығы- мен шұғылданған қазақ елiнiң XIX ғасырдың бiрiншi жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған Сiбiр қазақтарының жарғысы елеулi рөл атқарды. “Сiбiр қырғыз- 68 дары туралы жарғы” деп аталатын бұл заңның басты мақса- ты — онсыз да бытыраңқылыққа ұшыраған қазақ даласында хандық басқаруды бiржолата жою болатын. Мұны жүзеге асыруға 1817 жылы Орта жүздегi Бөкей ханның қайтыс болуы және 1819 жылы Уәли ханның қайтыс болуы қолайлы әлеуметтiк саяси жағдай қалыптастырды. [1, 140 б.].

Патша үкiметi ендi Орта жүзде хан сайлауға тыйым салды. Жоғарыда аталған жарғы оны жасаған Н.Н.Сперанскийдiң басшылығымен жүзеге асырыла бастады. Ендi Орта жүзде хандық билiк таратылды және оның орнына “Аға сұлтандар институты” деп аталатын басқару жүйесi енгiзiлдi. Орта жүз әкiмшiлiк жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлiндi. Ауыл 50—70 шаңырақтан, болыс 10—12 ауылдан, округ 15—20 болыстан құралды. Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және Омбы облыстарымен бiрге Сiбiр қазақтарының облысы да кiрдi. Орталығы Тобыл, ал 1839 жылы Омбы болды. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстiгi Шу өзенiне дейiн созылған Сiбiр қазақтарының округi сыртқы және iшкi округтерге жiктелдi. Бұлар — Қарқаралы, Көк- шетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақ- мола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.), кейiнгi 40—50-жылдарда құрылған Көкпектi, Құсмұрын, Алатау округтерi едi. Бұлардың халық саны жыл сайын өзгерiп отырды. XIX ғасырдың 40-жылдарында Қарқаралы округiнде 60 мыңға жуық, Аякөз (кейiннен Сергиополь) округiнде 40 мыңнан астам көшпелi қазақтар тiркелдi. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтiк приказдарға жүктелдi. Сөз жүзiнде округтi билеу аға сұлтанның қолына берiлсе де, патша өкiметiнiң iс шешуде көпшiлiк пiкiр алысу жүйесiн енгiзуi, сол аға сұлтандардың рөлiн әлсiретiп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкiндiк жасады. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға майор әскери шенi, ал он жылдан кейiн дворяндық атақ берiлдi. Аға сұлтанды хан сияқты ақ киiзбен көтеретiн. Бiртiндеп аға сұлтан бар болғаны Омбы облыстық басқармасының сойылын соғушы отаршылдық билiктiң тiрегiне айналды. Өз өкiлдерiн — Шыңғыс әулетi тұқымдарын аға сұлтандыққа өткiзуге тырысқан ақсүйектер арасындағы өзара қақтығыс, алдау, параға сатып алу үйрен- шiктi құбылысқа айналып кеттi. Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс сайлау мерзiмi өмiрлiк болды. Болыстық билiк мұрагерлiкпен берiлдi. Егер болыс сұлтанның мұрагерi болмаса, оның орнын iнiсi немесе облыстық басқарма бекiткен туысы басатын. Болыстық сұлтандар Ресейдiң әкiмшiлiк сатысы бойынша 12-класқа жататын шенеунiктерге теңелдi. Ауыл старшындары да аға сұлтан секiлдi үш жыл сайын сайланатын. Болыстық сұлтандарға бағындырылған болыс- тық старшындар құқықтары жөнiнен Ресейдегi селолық старосталармен теңестiрiлдi. Жарғы бойынша сот iстерi үшке бөлiндi: қылмыстық iстер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту. Қылмыс- тық iстер империя заңдары негiзiнде округтiк приказда қаралды. Iстi алдын ала тексеруге қазақ биiмен қатар бiр орыс шенеунiгi қатыстырылды. Қазақтардың талап етуi бойынша қаралатын iстер жергiлiктi ескi заң бойынша шешi- летiн. Округтiк приказ шешiмдерiн қайта қарауға құқылы болды. Кейiн Сiбiр қазақтарын билеу Шекаралық басқармаға жүктелдi. Оның төрағасын тағайындау үшiн арнайы жар- лық шығарылатын. Шекаралық басқарма Батыс Сiбiр губернаторына бағындырылды, оның төрағасы шетелдермен келiссөз жүргiзу құқығына ие болды. 1822 жылғы жарғы Ресей мен Қазақстан арасында сауда байланыстарын кеңей- туге мүмкiндiктер тудырды. Жарғының 46, 49-параграф- тарында қалада, бекiнiстерде өзара тиiмдi сауда қатынаста- рын дамытуға, сұлтандар мен старшындарды сауда iстерiне тартуға арналған нақты ұсыныстар енгiзiлдi. Жалпы алғанда, 1822 жылғы жарғы Қазақстанның әлеу- меттiк-экономикалық дамуында терең iз қалдырды. Сырттай қарағанда, бұл заң бойынша Қазақ хандығында қалыптасқан ескi тәртiп бiршама сақталынғандай көрiндi. [9, 87 б.].

Патша үкiметi хан тұқымынан шыққан сұлтандардан және халық арасын- да ықпалды билерден қолдау табу үшiн сұлтандардың әкiм- шiлiк қызметке сайлануына қолдау жасады. Сондықтан да болыстардың және округтердiң басына сұлтандар көптеп ұсынылды. Бiрақ мұндайда сұлтанның хан тұқымынан шы- ғуы мiндеттi болған жоқ, ең басты нәрсе патша үкiметiне адалдық болды. Ал аға сұлтандар және болыстарды билейтiн сұлтандар, сондай-ақ ауылдарды басқаратын старшындар ендi патша үкiметiнiң жергiлiктi шенеуніктері ретiнде қа- растырылды. Осы мақсатпен оларға шен-шекпендер және 71 қызметiне байланысты жер иелiктерi берiлдi. Осылайша қазақтың хан тұқымынан шыққан сұлтандары ендi пат- ша үкiметiнiң шенеуніктеріне айналдырылды. Жаңа заң патшаның қазақ даласын саяси және заңдық тұрғыдан отарлауын күшейте түстi. Ендi қазақ даласындағы хандық басқару жүйесi бiржолата күйретiлiп, оның орнына патша үкiметiнiң отаршылдық өкiмет органдары берiк орнықты.

Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. Ресей империясының езінің ауқымы мен ұзақтығы жағынан дүние жүзі тарихында бұрын-сонды болмаған көлемде шаруаларды қазақ жеріне жаппай қоныстандыруы қазақ халқының ежелден қалыптасқан салт-дәстүрі, шаруашылық жүйесін үлкен езгеріске ұшыратты. [9, 87 б.].

Қазақстанның едәуір бөлігі құрамына енгеннен кейін Россия үкіметі XIX ғасырдың 20 жыддары қазақ арасында хандық екіметті біржолата жойып, ел басқаруды жалпы россиялық тәртіпке жақындатуға кірісті. Бұл шараларды іске асыру Орта жүзден басталды. Орта жүзде хандық өкімет Батыс Сібірдің генерал-губернаторы М.Сперанский жасаған "Сібір қырғыздары туралы Уставқа" сәйкес 1822 жылы Қазақ хандығы жойылып, жаңа әкімшілік бөлу енгізілді. Бұл жүйе бойынша 50-70 үй бір ауыл, 10-12 ауыл бір болыс, 15-20 болыс бір округ болып бірікті. Округта жоғары әкімшілік аға сұлтан басқаратын округтық приказ болып есептелді. Ол округтық басқармаға қарады. Приказдың құрамы әскери губернатор тағайындайтын 2 орыс және 2 жыл мерзімге билер сайлайтын "беделді" 2 қазақ заседателінен түрды. Аға сүл-таңды сайлауға тек сұлтандар қатысты. Болысты сұлтандардан сайланатын болыс басқарды. Өкіметтің төмен өкілдеріне сұлтандар қатыспайтын "қазақтардың өздерінен" сайланатын ауыл старшыңдары жатты. Сот билігі билердің қолыңда болды. Ал кіші жүзде хаңдық өкімет 1824 жылы Азия комитеті бекіткен Орынбор генерал-губернаторы П.П.Эссеннің "Орынбор қазақтары туралы Устав" деп аталған жоба (1822) негізінде жойылды. Қазақстаңда хандық өкіметтің жойылуы патша үкіметінің отаршылдық саясатына сай жүргізіліп, рулық алауыздықтардың тууына себеп болды. Елдің экономикалық жөне саяси дамуына кері әсерін тигізді. Хандық өкіметті жою азаттық қозғалысқа айнадды.Сонымен, Қазақ даласында билік әкімшілікке орай және жер мәселесіне байланысты талай ережелер, "қосымшалар" мен уақытша заңдар шығып мойынға түскен қыл арқан тарылатүсті.1822 жылы Сібірді басқару туралы Ережелер шығуына байланысты қазақ даласын басқаруға көзқарас өзгерді, орыс зандарын біртіндеп енгізу басталды. Қазақ даласы приказдар басқаратын округтерге бөлінді: округтер болыстарға, ал ол өз кезінде ауылдарға бөлінді . [9, 87 б.].

Ресей империясының Қазақстанды отарлауы қазақ ауыл шаруашылығында қалыптасқан өндіргіш күштерді бүзу жолымен жүргізілді: "өлкенің дамуына және өндіргіш күшке айрықша кері әсер етті. Казактар мен келімсектер алған кең байтақ жер бөліктері көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен — егін шаруашылығымен айналысудың орнына түрлі формада қазақтарды қанаумен айналысты. 1848 жылы 100 десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған. Қапал станциясының казактары 1855 жылы, яғни 8 жыл өткен соң тек 1826 десятина жерге еккен, бұл қырғыз-дардың (қазақтардың) бүрынғы егінінің 7 проценті ғана" . Оған қоса шаруалар арқылы отарлау қазақ еңбекшілерінің егін шаруашылығын бұлдіруге жол ашты. Олар жерді суландыруды білмейтіндігінен көптеген егіншілік жерлер шөл далаға айналды. Сондықтан да отарлау қазақтың егін шаруа-щылығын өркендетуге кері ықпал етті.

IX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар Мазмұны 1 Орта жүздегі патшалық реформаларға қарсылық. Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс (1825—1836 жылдары) 2 Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған қозғалыс 3 Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837— 1847 жылдары) 4 Көтерілістің басталуы және барысы 4.1 Пайдаланылған әдебиет Орта жүздегі патшалық реформаларға қарсылық. Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс (1825—1836 жылдары) Емельян Пугачёв Қазақтардың 1773— 1775 жылдары Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билік жүйесінің әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген хан патша үкіметінің билеп-төстеу саясатын ойдағыдай іске асыра алмады. Бұл жағдай билеу жүйесінің жаңа тәртібін қажет етті. Патша үкіметі 1822 жылы Орта жүзде «Сібір қазақтары туралы» Жарғы енгізу арқылы хандық билікті жойды. Біріншіден, бұл патшалық реформа дәстүрлі билік құрылымдарын бұза отырып, қазақ қоғамындағы бұрынғы қайшылықтарды одан әрі тереңдете түссе, екіншіден, Ресейдің әскери-әкімшілік отарлауына кең түрде жол ашып берді. Орта жүзде хандық жүйенің жойылуы және Қарқаралы (1824 жылы), мен Көкшетау (1824 жылы) округтерінің ашылуы және т.б. әскери-әкімшілік шараларға қарсы күресті Абылай ұрпақтары бастады. Оның басында тұрған Қасым сұлтан Абылайұлы және оның балалары ( Саржан, Есенгелді, Кенесарылар жиырма жылдан астам уақыт бойы патшалық тәртіпке карсы табанды күрес жүргізді. Абылай ұрпақтарының қолдауына сүйене отырып, үкіметке қарсы наразылықты бірінші болып, Көкшетау округінің аға сұлтаны Ғұбайдолла Уәлиұлы ұйымдастырды. Алайда патша үкіметі Ғұбайдолланы тез қолға түсіріп, Сібірге жер аударып жібереді. Дегенмен Шыңғыс ұрпақтары бастаған қарсылық қозғалыстар одан әрі өрби түсті. Осы кезеңде ( Саржан Қасымұлы басқарған Қарқаралы округінде де 1825 жылдың көктемінен бастап үкіметке қарсы толқулар басталды. Бұл толқулардың мақсаты — Абылай ұрпақтары сұлтандар билік жүргізетін Қазақ хандығын қайта орнату, округтік приказдардың көзін құрту еді. Саржан өзінің інісі Есенгелдімен ауылдарды аралап, өкіметке қарсы күресуге үндеу тастады. Ұлғайған халық наразылығын басуға Батыс Сібір генерал-губернаторы П.М.Капцевич жазалау қосынын жасақтады. Карбышев бастаған 200 қазақ жасағы Қарқаралы округінің Қарпық болысына жіберілді. 1825—1826 жылдар жазалаушы күштер мен көтерілісшілер арасындағы қақтығыстармен өтті. Саржанның қол астына Көкшетау округінен Шыңғысұлы Сартай сұлтан бастаған топтар келіп қосылды. Саржанның қол астында сұлтан Абылай Ғаббасұлы, жас сұлтан Кенесары Қасымұлы да өз сарбаздарымен соғыс қимылдарын жүргізді. Патша әкімшілігі болса өз тарапынан бүлікшіл сұлтандардың іс-әрекетін бақылай отырып, мүмкін болған жағдайда қолға түсіріп, әскери соттың құзырына беру керек деп шешті. Үкімет көтерілісшілерді жазалау үшін олардың ізіне түсетін ірі қазақ жасақтарын қырға шығаруды кейінге қалдырды. 1827—1830 жылдары көтеріліс Ұлытау өңіріне тарады да, жаңа құрылған округ аумағын наразы топтар тастап шықты. Ал патша үкіметі қазақ даласында округтер ашуды жалғастыра берді. 1826 жылы Баянауыл, 1832 жылы Ақмола, 1831 жылы Аягөз (Сергиополь) округтерін негіздеу арқылы Орталық Азия иеліктеріне жақындай түсті. [9, 87 б.].

Ресей отаршылдығына қарсы күресте қазақ қоғамы тағы да өз ішінде өзара қарсы топқа бөлінді. Қарқаралы округінің аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысұлы Саржанның әрбір қимылын Омбы әкімшілігіне хабарлап, қарсы көмек жіберуді өтінумен болды. Ал Саржан бастаған көтерілісшілер өз кезегінде отаршыл әкімшілікті қолдаған сұлтандармен күресе жүріп, орыс керуендеріне алым-салық төлетіп, разьезд бен бекеттерге шабуыл жасады. Бұған қосымша Саржан сұлтан және оның жақтастары Қоқан хандығымен байланыс орнатады. Солтүстіктен келе жатқан қауіпке бірігіп күресуге бел шешіп кіріседі. Алайда қырға шыққан патшалық жасақтардың қимылы да қарқынды бола түсті. Патша әскерлерінің қысымымен Саржан Орта жүзді тастап шығып, Ұлы жүз иеліктеріне келеді, осы жақтағы шашыраңқы қазақ күштерін өз жағына тартуды көздейді. Саржанның бұл әрекеті Қоқан билеушісін алаңдатпай коймады. 1836 жылы жазда Ташкентте Саржан сұлтан және оның інілері Ержан, Есенгелділер опасыздықпен өлтірілді. Саржан көтерілісінің саяси мазмұны бұған дейінгі көтерілістерге қарағанда тереңірек болды. Ол Абылай хан ұрпағы ретінде Қазақ хандығын қайта қалпына келтіруді мақсат тұтты. Саржан Қасымұлы өлімінен кейін де патша отаршылдығына қарсы күрес бір сәт те толастамады. Саржаннан кейінгі он жылға созылған күресті Саржанның кіші інісі Кенесары одан әрі жалғастырып әкетті. Саржан бастаған Орта жүздегі көтеріліс алдағы келе жатқан жалпыұлттық азаттық қозғалыстың от жалынының тек ұшқыны іспеттес еді. Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған қозғалыс XIX ғасырдың 20—30-жылдары патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы Кіші жүздегі наразылықты Жоламан Тіленшіұлы басқарды. Жер үшін, тартып алынған жайылымдар үшін күрес оның негізгі мазмұнына айналды. Осы жылдары Жаңа Елек әскери шебінің құрылуы барысында 7—10 мың шаршы шақырымға дейінгі жер қазақтардан тартып алынды. Бұл жаңа шекара шебі Орынбор әскери-шекара шебінің бір бөлігі ретінде құрылды. Жаңа Елек шебі 29 форпост, редут, бекіністерден тұрды. Үкімет бұл жерлерге Орал, Орынбор орыс-қазақтарын, шаруаларды көшіріп әкеліп қоныстандырды. 1835 жылы тағы бір жаңа шептің салынуымен 12 мың шаңырақ қыпшақ және жағалбайлы рулары жерсіз қалдырылды. Табын руының жайылымдары Елек өзені ауданында орналасқан болатын. 1822 жылдан бастап патша үкіметі қазақтарды Елек пен Орал арасындағы шұрайлы жайылымдарға өткізбеді. Жоламанның әкесі Тіленші кезінде Сырымның жақтасы ретінде көтеріліске белсене қатысқан болатын. Ал Жоламанмен бірге көтеріліске Сырым Датұлының баласы Жүсіп те қатысты. Демек, көтерілістер арасындғы ұрпақтар сабақтастығы сақталды. Жоламан да, Жүсіп те батырлардың, азаттық күрес көсемдерінің ұрпақтары ретінде олар бастаған күресті одан әрі жалғастырып әкетті. Жоламан Тіленшіұлымен бірге табын руының батырлары Дәуіт Асауұлы, Алдаш Байғаниндер болды. Ал 1838 жылдың соңына қарай оған шекті руының батыры Есет Көтібарұлы келіп қосылғандығы мұрағат деректерінен белгілі. Жоламан батыр тархан атағы бар табын руының басшысы бола жүріп, патша үкіметінің алдында қазақтардың құқын қорғауға кіріседі. Басында Орынбор губернаторы Эссенге 1822—1823 жылдары бірнеше рет хат жазып, әділеттілік орнатуын талап етеді. Қазақтардың өмірлік қажеттілігі — жерін бейбіт түрде қайтарып ала алмайтындығына көзі жеткен соң қарулы күрес жолына түседі. Ол өзінің Ресеймен соғыс жүргізуінің себебін Елек өзені бойындағы шептің салынуынан деп түсіндіреді. Ор-Троицк бекіністерінен Торғай өзеніне қарай ығысқан қазақ шаруалары жер тапшылығынан мейлінше қиыншылық көрді. 1835 жылға қарай Жоламан батырды қолдаушылар қатары өсіп, оны табын, тама, жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ рулары қолдай бастады. Орта жүзде Кенесары Қасымұлы көтерілісі басталған кезде Жоламан оған көмекке ұмтылды. Сөйтіп, Кіші жүз бен Орта жүз күштерін біріктірушіге айналды. Ол қырға ішкерілеп еніп, [9, 87 б.].

Кенесары көтерілісіне қосылуға үндеді. Ал 1838 жылы Бөкей ордасындағы көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы Кіші жүзге келген кезде көтеріліс одан әрі өрши түсті. 1838 жылдың ортасына таман шекара шебінен Ор мен Троицкіге дейінгі аралықты көтеріліс оты шарпыды. Көтерілісшілер жаппай Торғай мен Ырғыз аудандарына көше бастады. Ол өз қол астына Ресей өктемдігіне қарсы 3 мыңға жуық сарбаздарды топтастыра алды. Жоламан батыр жасақтарын жоюға патшалық әкімшілік үш бағытта жасақтар шығарғанымен, батырды қолға түсіре алмады. Орта жүздегі Кенесары көтерілісінің Орынбор өлкесіне ауысуына байланысты жазалаушы күштер кейін қайтуға мәжбүр болды. [өңдеу] Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837— 1847 жылдары) Кенесары Қасымұлы Қазақ даласындағы тізбектеле салынып жатқан бекіністер құрылысына, патшалық әкімшілік реформаларға, шұрайлы жерлерді басып алу қиянатына қарсы күрестер біртіндеп қайта өрбіген Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске ұласты. Сонау ұлт-азаттық күрестің қайнар бастауында тұрған Сырым, Саржан, Жоламан, Исатай мен Махамбеттердің күрес дәстүрін одан әрі жалғастырды. Олардың қолындағы азаттық туы қайта желбіреді. Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, әуелде сұлтан кейіннен хан Кенесары (1802—1847 жылдары) бұрынғы Көкшетау облысының Көкшетау елді мекенінде дүниеге келді. Кенесары күреске жастайынан араласты. Атасы Абылайдың, әкесі Қасымның ел тәуелсіздігі жолындағы күресін жалғастыруды алдына мақсат етіп қойды. Кенесары көтерілісінің басты мақсатын көрсететін құжаттар «бүлікшіл сұлтанның» император I Николайға, Орынбор және Сібір губернаторларына жазған хаттарынан анық байқалады. Олар: — Абылай хан тұсындағы Қазақ иеліктерінің аумақтық тұтастығын, ұлттың бірлігін қалпына келтіру; — Қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты қоршауға алуды тоқтату, Қазақстанның Ресейдің құрамына кіріп үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау; — Түркістан, Әулиеата қалаларымен қоса Ұлы жүздің көп бөлігін Қоқан езгісінен азат ету міндеті тұрды. Кенесары ордасында тұтқында болған барон Услар оның сыртқы келбетін былайша суреттейді: «Кенесары орта бойлы, арықтау келген, бет-пішінінде қалмақтың белгілері бар, қысыңқы көздерінен ақыл-ой мен қулық қабат аңғарылады, келбетінен көп жағдайда қатаңдық байқалмайды». Революцияға дейінгі зерттеуші Н.Середа «Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымұлының бүлігі (1838—1847 жылдары)» деген еңбегінде Кенесарының жеке басын, оның қолбасшылық дарынын өте жоғары бағалайды, мемлекеттік тұлға дәрежесіне көтереді. Көріп отырғанымыздай, көтерілістің басталу кезіне қарай Кенесары күрестің қатал мектебінен өтіп, бай өмірлік тәжірибе жинақтаған болатын. Ол өзінің алдындағы ағаларының кейбір қателіктерінен сабақ алып, қайталамауға тырысты. Ол, біріншіден, аса қуатты Ресей мемлекетімен күресу үшін үш жүздің күшін біріктіру қажет екенін түсінді. Және осы жолда тек қарулы күрес қана емес, сонымен қатар дипломатиялық айла-тәсілдерге барды. Мысалы, бетпе-бет соғыстың қиындығын сезіне отырып, Сібір және Орынбор әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізді. Екіншіден, сыртқы жауға қарсы тұра алатын күшті мемлекет құру үшін жекелеген сұлтандардың, билердің қарсылығын, қазақ қоғамындағы алауыздықты, екі майданға бөлінушілікті жою қажет деп тапты. Кейбір сұлтан, би, рубасыларының қарсылығына қарамастан Кенесары шындығында үш жүздің ру тармақтарының көпшілік бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Кенесары әскерлерінің саны кейбір жағдайларда 20 мыңға жетті. Негізгі күші Орта жүз қазақтарынан тұрды. Көтеріліс басталған кезден-ақ бұқаралық сипатқа ие болды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдағы азаттық қозғалыстар тарихында тұңғыш рет бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бүкіл халық үш жүздің ханы ретінде Кенесарыны мойындағанын мұрағат құжаттары да растайды. Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші — қазақ бұқарасы еді. Оған күшейіп отырған отарлық езгіден қысым көрген қатардағы егіншілер де, рубасылары да, сұлтандар да қатысты. Қазақ жерлерін әскери-әкімшілік отарлауға қарсы күреске наразы халықтың барлық әлеуметтік топтары қатысты. [9, 87 б.].

Басты мақсатына қарай ол ұлт-азаттық көтеріліс болды. Кенесары әскерлерінің жеке жасақтарын басқарғандар арасында белгілі халық батырлары Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Жоламан Тіленшіұлы, Бұхарбай, Жанайдар, Басығара, Аңғал, Жәуке, Байсейіт, Сұраншы батырлар болды. Кенесарының жақын серіктерінің қатарында оның туыстары да белсене қатысты. Кенесарының інілері Наурызбай мен Әбілғазы, әпкесі Бопай және жиені Әділғазылар көтерілістің белсенді қайраткерлеріне айналды. Кенесарының қасында Саржанның балалары, т.б. туыстары болды. Осылардың арасынан ерекше көрінген Наурызбай еді. Наурызбай көтеріліс бойы Кенесарының басы-қасында болып, жан серігіне айналды. Кенесарының кіші інісі. Жас кезінен-ак өзінің ержүрек жауынгерлігімен көзге түседі. Наурызбай өзінің тобымен Кенесарының барлық ірі әскери шайқастарына қатысты. Көптеген ел аузындағы аңыз-жырларда Кенесары мен Наурызбай есімдері бірге аталады. Кенесарыға арналған тарихи жырлардың ішіндегі ең атақтысы Нысанбайдың «Кенесары — Наурызбай» дастаны. Орысқа анталаған ұстатпады, Кенекең талай шапты, бір шаппады. Аруақты Кенесары, Наурызбайға Жортқанда қарсы келіп жан батпады. «Ағыбай батыр» поэмасынан Наурызбай 1847 жылы ағасы Кенесарымен бірге қырғыз жеріндегі қақтығыста мерт болды. Олардың өлімі туралы да ел ауызында қисса- дастандар көп. Өзінің әскери ерлігімен Кенесарының әпкесі Бопайдың да аты шықты. Ол алғашқы күндерден-ақ өзінің жұбайы, алты баласы және туған-туыстарын ертіп көтерілісшілерге қосылды. Бопай 600 адамдық зекет жинайтын ерекше топты басқарды. Сонымен қатар барлық ірі шайқастарға қатысып, Кенесарының басты ақылшы-кеңесшісіне айналды. Ал орысшаға жүйрік тағы да бір інісі Әбілғазы Кенесарының Ресей өкімет орындарымен хат-қағаз алмасу ісін жүргізіп отырды. Көтеріліске қатысушылардың құрамы көп ұлтты еді. Онда қазақтар, орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктар, т.б. болды. Көтерілістің басталуы және барысы 1837 жылы қараша айында Кенесары Петропавл қаласынан шыққан керуенге еріп келе жатқан Ақтау бекінісіне қарасты орыс-қазақтар тобына тұңғыш рет шабуыл жасады. [9, 87 б.].

Әскери қимылдар 1838 жылдың көктемінде қайта жанданып, көтерілісшілер Ақмола приказын қоршап, өртеп жіберді. Ақмола приказының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы мен бекініс коменданты Карбышев өртенген бекіністен зорға құтылып шығады. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүзді шарпыған көтеріліс енді Кіші жүзге ойысты. Осылайша Торғай далаларына келу арқылы, кезінде Исатай Тайманұлы көтерілісіне қатысқандармен, Жоламан Тіленшіұлы батыр бастаған топтармен бас қосу көзделді. 1841 жылы қыркүйекте үш жүздің ықпалды би-сұлтандары Кенесарыны хан етіп сайлады. Осылайша қазақ жерінде мемлекеттілік қайта орнады. 1841 жылдың күзінде көтерілісшілер тобы Ташкентке аттанып, Созақ, Жаңақорған, Жүлек бекіністері алынды. Кенесары ұйымдастырған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Белгілі қазақ руларының, батырларының, сұлтандарының, жақын туыстарының қатысуымен хандық кеңес құрды. Дегенмен Әбілқайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен өзгешелігі: барлық билік тізгіні Кенесарының қолында болды. Белгілі билер сотын жойып, оның орнына хандық сотты енгізді. Арнайы топ қаржы, алым-салық мәселесін, хандық кеңестің шешімдерінің орындалуын қадағалап отырды. Экономикалық салада жер шаруашылығымен айналысуды қолдады. Кенесары саудадан түсетін салықтың пайдалы екеніне көзі жеткендіктен керуендерді тонаудан гөрі оларға қонақжайлылық танытты. Кенесары әскерінде қатаң тәртіп орнатылды. Атақты батырлар мен әскери кеңестің мүшелері басқарған жекелеген жасақтар жүздіктерден, мыңдықтардан тұрды. Мұндай басқару жүйесі көшпелі халықтардағы дала соғысына барынша қолайлы еді. Патша үкіметі 1843 жылға дейін ірі жазалаушы күштер жасақтай қоймады. Алайда көтерілістің аумағы, даму барысы, Солтүстік Кавказдағы тау халықтарының козғалысы патша үкіметін Кенесарыға қарсы тұрақты армия шығаруға итермеледі. Кенесарыға қарсы шыққан әскери құрамалардың ішінде Ахмет Жантөреұлы, Баймағамбет Айшуақұлы, т. б. сұлтандармен болған 1844 жылғы 20—21 шілдедегі ұрыста Кенесарыға қарсы 44 сұлтан ұрыс даласында мерт болды.

Ал патшалық Ресеймен жүргізілген келіссөздер нәтиже бере қоймады. 1845 жылдың жазында көтерілісшілерді Орынбор өлкесінен ығыстырып шығару мақсатында Ырғыз және Торғай бекіністері салынды. Кенесарының Сарыарқаны тастап шығуына тура келді. Кенесарының Сарыарқадан Ұлы жүзге қарай бет алуының бір себебі — Қоқан хандығындағы қазақ руларын өз жағына тарту еді. Кенесарының Жетісуға келуі тұрғындардың арасында үлкен толқу туғызды. Үйсін, жалайыр, дулат руларының бір бөлігі көтерілісшілерді жақтады. Кенесарыға аға сұлтан Құнанбай Өскенбаев, Барақ Солтабайұлы мен генерал-майор Н.Ф.Вишневскийдің жасағы қарсы шықты. Күші басым әскерлерден ығысқан Кенесары Балқаш көлі аумағын тастап, Іле арқылы Алатау мен Шу өзеніне жақындады. Кенесарыны Ұлы жүздің Саурық, Тойшыбек, Сұраншы батырлары барынша қолдады. Кенесары өз өкілдерін қырғыз манаптарына аттандырып, Қоқан хандығы мен орыс отаршылдарына бірігіп күресуге шақырды.  Алайда Ресей мен Қоқан бектерінің арасында екі жүзді саясат ұстанған қырғыз манаптары Кенесары ұсынысын жауапсыз қалдырды. Ал патша үкіметінің өкілдері өз кезегінде қырғыздар мен Алатау өңіріндегі қазақтарды бір-біріне айдап салумен болды. Кенесары 1847 жылы қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің отаршылдыққа қарсы азаттық сипаты өзгере бастады. Кенесарының өз қарсыластарына қаталдығы, жазықсыз қырғыз ауылдарын тонауы оған деген қарсылықты өршіте түсті. 1847 жылы қазіргі Бішкекке жақын Майтөбе деген жерде қырғыз манаптарының әскерімен шайқаста

Кенесары және оның жақтастары мерт болды.

-Орданы басқарудың түбегейлi өзгертпей, осы кезге дейiн болған тәртiптiң басты негiздерiн қалдыру;

-Бұхар мен Хиуа хандықтарымен сауда қатынасын дамыту үшiн керуен сауда жолдарын нығайту;

-далада қарақшылардан қорғану, Кенесары ықпалын болдырмау;

-сол қазақтарды басқаратын Орынбор шекаралық комиссиясына шекаралық басқарма бойынша барлық iстердi ойдағыдай жүруiн қадағалап отыруға көп қаражат беру;

-жақсы, қорғану бекiнiстерiн салу.

Соңғы сөзiмiз дәлелдi болу үшiн, қазақ жерiнде көптеген бекiнiстер бой көтердi. 1845 жылы Орал, Торғай бекiнiстерi, 1847 жылы Райым, 1848 жылы Орал мен Ор бекiнiсi.Ереже 8 бөлiмнен тұрады: 1 – жалпы жағдай, 2 – басқарудың құрамы, 3 – шендi қызметкерлердi қабылдау және жұмыстан босату, 4 – басқаруды ұйымдастыру дәрежесi, билiкке бағыну және қарым-қатынастардың ахуалы, 5 – мiндеттер мен жауапкершiлiк, 6 – iстi атқарудың жағдайы, 7 – сотқа тарту, 8 – кiрiс және жоғарғы буынға есеп беру. [9, 87 б.].

Әкiмшiлiк билiк – тiкелей аумақтық басқару – Орынбор әскери губернаторының қолында шоғырланғанымен, тiкелей осы мәселелердi қадағалау, үйлестiру Азиаттық департамент арқылы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелдi. 1824 жылғы ережеге сай Бөкей Ордасын басқару да Сыртқы iстер министрлiгiне берiлген едi. Жаңа Ереже Орданы мемлекеттiк мүлiк министрлiгiне бағындырды. Сонымен, екiге жарылған бұрынғы Кiшi жүз 1844 жылғы Ережеге сай Петербургтегi бiр-бiрiне тәуелсiз әртүрлi екi министрлiкке ажыратылады. Екiншi жағынан алғанда, Кiшi және Бөкей Ордасы шынайы күшейiп алған Жәңгiрдiң толық билiгiнде болғанымен де Орынбор шекаралық комиссиясы сөз жүзiнде Едiл мен Жайық арасындағы хандықты бақылауды өз қолында ұстап қалды. Әскери губернатормен қатар одан да бiр саты жоғары тұрған шекаралық жалпы басқарудың үйлестiретiн лауазымды шенеунiк болды. Кейiннен шекаралық төрағаның барлық функциялары Орынбор губернаторына жүктелдi. Келесi билiк дәрежесi жағынан жоғары сатыға көтерiлген Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы (действительный статский советник) немесе қызмет бабын ажырататын шен бойынша полковник шенiндегi қызметкер. Шекаралық комиссияның штаты – 4 кеңесшiден, 4 көшпендi қазақтар арасынан тағайындалған отырыстарға тұрақты қатынасатын, сондай-ақ комиссия құрамында төтенше жағдайда ерекше тапсырмаларды дереу орындайтын тағы да екi шенеунiк және дәрiгер, мал дәрiгер, көптеген қызметкерлер кiрдi. Шекаралық комиссияның мүшелерiн – сыртқы iстер министрлiгi, ал заседательдердi Орынбор әскери губернаторы тағайындайды.Патша үкiметiнiң басты тiрегi, әрине, билеушi-сұлтандар. 1824 жылғы ереже Кiшi жүздiң Батыс, Орталық және Шығыс аудандарын арнайы басқаратын ел билеушi сұлтандарды бекiткенi белгiлi. Жаңа Ережеге сай Жоғарғы Тобол және төменгi Тобол өңiрлерiн басқаратын қосымша екi билеушi сұлтанды қосу. Бұған қоса дистанция бастықтарының саны 75 адамға жетуге тиiс болды.Орынбор ведомствосы басқару құрылымының төменгi буыны «жеке басқару дейтiннен тұрды, ол билеушi сұлтандардан, дистанция бастықтарынан және қазақтар арасынан тағайындалатын ауыл бастықтарынан құралды. Әрбiр билеушi – сұлтанның жанында үнемi 100-ден 200 адамға жететiн казак отряды, ал одан басқа – көмекшi, хатшы, iс-қағаздарын жүргiзушi және бес шабарман болды. Сұлтанның мiндетi: қарамағындағы халықты тәртiптi етiп, үкiметке адал және айтқанынан шықпайтын етiп ұстауға тиiс. Дистанция, ауыл бастықтарын тағайындауды лайықты, сенiмдi адамдарды таңдап алу жүргiзiлдi.Ал оларды қаржыландыру мекеменiң бiр жылдағы қаржысы 64454 сом, оның 18579 сомы қызметкерлердiң жалақысы мемлекеттiк қазынадан, ал 45874 сомы түтiн салығы арқылы жиналды. [9, 87 б.].

Ережеде тұңғыш рет қазақтарды емдеу, дәрiгерлiк көмек көрсету көңiл бөлiндi. Өйткенi қазақтар арасында шешек ауруларының таралуы себеп болды. Бiрақ бұл жүйенi пәрмендi түрде 1867-1868 жылға дейiн бiр қалыпқа қоя алмады. Қазақтар арасынан арнайы фельдшерлер даярлап, Орынбор әскери госпиталында тәжiрибеден өтетiн. Қазақтардың күнкөрiсi малмен байланысты болғандықтан, 1845-1853 жылдары арнайы мал дәрiгерiн даярлау iсiмен айналысып, мал ауруларын бақылауға алған.Әсiресе, сот iстерiндегi өзгерiстер. Сот мәселесiне Ереженiң 22 тарауын арнағанын көремiз. Жылдан-жылға әлсiреген билердiң орнына орыстың империялық сот жүйесiнiң көрiнiстерiн күшпен ендiру царизмнiң басты мiндеттерiнiң бiрi болғаны түсiнiктi. Үкiметке бағынбау, кiсi өлтiру, тонау, барымта әскери сот қарауында, ал ұрлық, алаяқтық 50 сомнан аспайтын мүлiктiк талап арызды азаматтық қылмыстық сот қарады.