Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
314.37 Кб
Скачать

9. Атмосфера, гидросфера, литосфера ластаушыларынан қорғану жолдары.

Белгілі бір ортаны да сол жерге тән емес жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфера ауа қабаты.Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына,тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдардың тұруынан, орман өрттерінен,теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауынан, өлген органзмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.Атмосфераның ластануының негізгі көздері:жылу электр станциялары,өнеркәсіптер,автотранспорт. Атмосфераның негізгі ластаушылар:газдар,күйе,шаңдар,микроағзалар.Атмосфераның ластануы табиғи және антропогенді жағдайда жүруі мүмкін. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әр түрлі ауру қоздыратын бактериалар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады.Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады. Гидросфера жердің су қабаты.Гидросфераның ластану көздері:өндірістік өнеркәсіп,коммуналдық шаруашылық,ауыл шаруашылығы,мал шаруашылығы т.б.Гидросфераның ластану түрлері:1)физикалық-судың мөлдірлігі бұзылады,температура өзгереді.2)химиялық-хим.заттардың болуымен сипатталады,ең көп болатыны:пестицидтер,тыңайтқыштар,ауыр металдар,диоксиндер т.б.3)биологиялық-биол.заттар көп шығады,олар суды ашытады да судың құрамында зиянды микроағзалар пайда болады.Қазіргі таңда тұшы сулардың әртүрлі ластанушылармен: песитицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр.Су қорларының ластануының тағы бір түрі -жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде ода оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңдік бұзылады.Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды.Литосфера жер қабаты.Яғни топырақ жамылғысын қорғау қажет.Топырақ ластануының мынандай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалық қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану.Литосфераның ластануының негізгі көздері:өндірістік өнеркәсіп;коммуналдық шаруашылық;ауыл шаруашылығы,мал шаруашылығы;мұнай өнеркәсібі т.б. Литосфераның құнарлығын бұзушылар:хим.заттар;мұнай төгілуі;топырақ және су эрозиясы;топырақ шөлейттенуі және т.б.Ластанушылардың ролін металдар мен олардың қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тынайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда. Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен оның қосылыстары жатады. Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың бірі - қорғасын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]