Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
314.37 Кб
Скачать

24 Халықтың сел кезіндегі іс-əрекеті.

Сел-тау өзенінің арналарында кенеттен су деңгейінің күрт көтерілуі және су мен тау жыныстарының қасқағым сәтте өтетін уақытша ағымы.Сел болу себебі:сел ұзақ нөсер,жауын-шашын,мұз бен қардың жылдам еруі,моренді,мұзды өзендердің бұзылуы,жер сілкінісі,адамдардың шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады.Сел ұзақ нөсер,мұз бен қардың жылдам еруі,моренді,мұзды өзен-ң бұзылуы,жер сілкінісі,адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады.Арнайы тасқындарға қарағанда ел әдеттегідей үздіксіз емес,жекелеген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.Селдің алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидортехникалық ғимараттарды қиратып,жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.Іле,Жоңғар,Талас Алатауының жоталарында,сондай-ақ Қаратай,Кетмен мен Тарбағатай тау-ғы өзендер Қаз-ғы сел қаупі күшті аудандар болып табылады.Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді.Сейсмоқауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу,егіс жұмыстарын жүргізу,үй малын бағу жөніндегі нұсқаулықтарды қатаң орындауға тиіс.Халыққа сел тасқының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда,сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәттен ғимарттан тез шығып,бұл туралы төңіректегілерге ескертіп қауіпсіз орынға бару керек.Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп,жарықты өшіріп,электрприборларын ажырату қажет.Егер уақыт болса,қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн.Халық қауіпті аудандардан уақытша тқауіпсіз орынға көшіріледі.Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдар мен көмек көрсету керек.Мұнай құралдар құтқарушылар бертін таяқ,арқан,сырық,шынжыр болуы мүмкін.Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындай отыра тасқынның бағыты бойынша шығару керек.Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балалардың шығуына көмектеседі.Бірінші кезекте аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады.Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға,кедергілер тұрғызуға,ағызғыш каналдар қазуға міндетті.Егер апат сел тасқынына елді мекен ұшыраса,онда іздеу-құтқару жұмыстарына қалыптасқан жағдайды ескеріп,әзірленген жоспары бойынша жұмыс жүргізілетін әртүрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады.

25 .Халықтың қар көшкіні,сырңыма,опырылма кезіндегі іс-әрекеті.

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

Қар көшкініне тап болған кездегі өзін-өзі құтқару әдістері: - көшкін сырғыған жағдайда жүктерді лақтырып тастап бірінші кезекте мұзұрғыштан, қапшықтан, шаңғы мен таяқтан босаныңыз; - көшкіннің шетіне шығуға талпынып, негізгі қар массасын өзіңізден өткізіп жіберіңіз; - шаң тәріздес көшкінге тап болған жағдайда (құрғақ қар) одан тұншығып қалмау үшін ауыз бен мұрынды бас киіммен немесе бөкебаймен жабу керек; - қолдан келген барлық әдіспен (аяқ-қолды қозғалта) үстіңгі бетте қалуға тырысыңыз. Егер көшкін басыңыздан жоғары басып қалса, ол тоқтағанға дейін тізені ішке бүгіп басты қозғалту арқылы демалу үшін беттің төңірегінен үлкен кеңістік жасауға тырысыңыз; көшкін тоқтағаннан кейін төменгі жақ пен үстіңгі беттің қайда екендігін анықтап, қолмен ауыздың төңірегіндегі кеңістікті кеңейтіп, сілекейді түкіріп тастаңыз; көшкін кезінде айқайлау пайдасыз, бұл тек күш пен ауа қорын шығын қылады, егер құтқарушылардың қадамы естілсе ғана айқайлауға болады. Сабырлық сақтап ұйқымен күресіңіз. Тыныс алу үшін қажетті ауаның қар арасынан өтетіндігін есте сақтаңыз. Көшкін астынан 11 күннен соң адамдар тірі табылған оқиғалар да белгілі. Алайда көшкін басқан адамның бетінің айналасынан тыныс алу кезінде су буының жиналу нәтижесінде герметикалық мұз қыртысы пайда болады. Сондықтан зардап шегушіні қар астынан мүмкіндігінше жылдам шығарып алуға тырысу қажет. Көшкін қаупі кезінде тауда қалған туристерге мынадай көрнекі болжамдық белгілерді естерінде сақтау пайдалы, олар пайда болған сәтте тез қауіпсіздік шараларын қабылдаған жөн: - қар жиі жауған кездегі ( сағатына 3 см) қар көшкінінің қауіпті ахуалы 3-4 сағаттан кейін тууы мүмкін, сондықтан бұл уақытты қауіпті аймақтан шығу үшін пайдалану керек; - егер жылы күні жауын-шашын түсе бастаса қауіпсіз аймаққа тез шығуы қажет. - төзімді (адам салмағын көтеретін) және қуатты (20 см жуық) мұз қыртысы (қар бетіндегі қатқан түйіршік) тек таңертеңгі сағаттарда сенімді бола алады, ал онымен жүрген кезде (қажетті жағдайда) жүрушілер тобында үлкен арақашықтықты сақтай отыра қозғалу қажет. Опырылма – тау жыныстарындағы және жартастардағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.

Сырғымалар мен опырылмалар қаупінің белгілері: - топырақтың ылғалдануына алып келетін нөсер жаңбырдың жаууы, қар жамылғысының үздіксіз еруі; - жарықшақтары, бұрын болған қопарылмалардың іздері бар борпылдақ жыныспен жамылған таулы тік жартас; - тас кесектері құлайтын, жарықшақтары бар, жыныстарын жел кеулеген таулы тік жартас. Қопарылмалар мен үгінділер аудандарында болған кездегі сақтық шаралары: 1. Таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарын ұдайы қадағалау. 2. Құлау белгілері мен жарықшақтары бар еңіс жартас пен тік беткейлердің жанына тоқтамаңыз. 3. Қопарылмалар мен үгінділер пайда болған үгінділердің шетіне жақындамаңыз. 4. Қауіпті учаскіден бір-бірден, тез және шусыз өтіңіз. 5. Тас құлаған кезде қабырғаға жабысыңыз немесе басыңызды қапшықпен жауып, шығып тұрған жартас ұшының астына жасырыныңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]