Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
314.37 Кб
Скачать

15. Иондаушы сəулелер, олардың түрлері жəне сипаттамасы,ағзаға əсері, қорғану жолдары.

Иондаушы сәуле-сәулелердің бір затпен қосылып, сол затта электр зарядын түзуі немесе иондауы.Иондаушы сәулелердің корпускулярлы және фотонды екі түрі бар.Корпускулярлы иондаушы сәулелер-радиоактивті заттардың ыдырауының нәтижесінде пайда болатын қарапайым бөлшектерден тұрады.Оларға:альфа және бетта-бөлшектері,нейтрондар,протондар және т.б.жатады. Альфа бөлшектер-екі едициналық заряды бар гелий атом ядросы.Радионуклидтер альфа бөлшектердің энергиясы шамамен 2-8МэВ.Бетта бөлшектер-электрондар мен позитрондар ағыны.Радионуклидтерде бетта бөлшектердің энергиясы 3-3.5 МэВ.Фотонды иондаушы сәулелер-электромагниттер ағыны.Оларға:гамма сәулелері,рентген және т.б.жатады.Электромагнитті сәулеленудің осы түрлерінің өзара айырмашылығы:толқын ұзындығы мен энергиялары.Гамма сәулелері бөлшектердің аннигиляциялары кезінде түзіледі.Иондаушы сәулелердің ағзаға әсері.Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организмінде кедергі жоқ.Организмге еніп,өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттардың кез келген молекуласын иондайды,олардың химиялық байланысын бұзады,бұл организмдегі биологиялық процестердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады.Адам сәуле ауруына ұшырайды, қатерлі ісіктер пайда болады.Соматикалық-стохастикалық;стохастикалық;генетикалық әсерлер береді.Иондаушы сәулелерден қорғану жолдары:1)Уақыт.Сәулелену жерінде аз уақыт болу арқасында дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады.2)Арақашықтық.Нүктемелі немесе локальды сәулелену көздері жан-жаққа бірқалыпты таралады,яғни изотропты.Сондықтан сәулелену көзінен арақашықтық үлкейген сайын сәулелену белсенділігі кеми түседі.3)Экрандалу немесе жұтылу.Фотон мен заттардың өзара әсерлесуі нәтижесінде туындайды.4)Радиациалық заттармен уланған аумақта тамақ ішуге,ластанған су көздерінен су ішуге,жерге жатуға болмайды.5)Организмді бірқалыпты ұстау(жақсы тамақтану,витаминдер,спортпен шұғылдану,сауна т.б.).6)Иондаушы сәулеленуден техникалық қорғаныс құралдарына халаттар,газқағарлар,комбинезондар,шаңнан ұорғайтын маскалар,қолғаптар т.б. жатады.

16. Радиоактивтілік .Радиоактивті заттардың шығу көздері? Адамның радияциялық зақымдалу ошағында болуының салдары.

Радиоактивтілік және оған жалғасатын иондық сәулелену Жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін өмір сүрді.Радиоактивтік материалдар Жер мен Күн жүйесінің планеталарының қүрамына олар пайда болған сәттен бастап кірді.Радионуклидтер тау жаныстарында, топырақта, суда кездеседі.Радиоактивтілікті ашу француз ғалымы Анри Беккерелдің есімімен байланысты, ол 1896 жылы қара қағазбен жабылған фотопластинканы ағартқан уран түзының сәулеленуін анықтады.Жарыққа және 1895 жылы ашылған рентген сәулелеріне үқсастыру бойынша бүл қүбылыс радиоактивтілік атауына ие болды, яғни сәулелендіру қабілеті.Радиоактивтілік сәулелену көптеген физиктер мен химиктердің назарын аударды.Осы қүбылысты зерттеуге Мария және Пьер Кюри орасан зор үлес қосты.1898 жылы олар уранның сәулеленгеннен кейін басқа химиялық элементке айналатындығын анықтады.Олардің кейбірін - радий мен полонийді ғалымдар таза күйінде ажыратты.Бір грамм радийдің сәулеленуінің бір грамм уранның сәулеленуінен миллион есе асып түсетін болып шықты.Бүдан кейін радий өзінің "сәулеленуші" атауына ие болды.Аз уақыттан кейін радиоактивті сәулеленудің біртекті емес екендігі және иондаушы және кіру қабілетімен ерекшеленетін сәулеленудің үш түрінің бар екендігі анықталды.Сәулеленудің осы үш түрі грек харіпінің алғашқы әріптерімен аталды: альфа, бета және гамма.Кейіннен альфа-бөлшектің гелийдің алты, ондық ядросы; бета-бөлшектің электрон екендігі, гамма-сәуленің электромагнитті сәулелену екендігі анықталды.Радиоактивтік ыдырау кезінде шығатын бөлшек пен гамма-квант заттармен ықпалдаса отыра өз энергиясын иондануға жүмсайды.Осы сәулелердің ортақ термин ретінде мына сөздер пайдаланылады:иондаушы сәулелену, иондағыш радиация немесе жай ғана радиация. Радиоактивті заттармен зақымданған жөрде түрған адам әрдайым сыртқы сәулеге үшырауы немесе сәуле ауруына үшыратуы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақымдануы ықтимал.Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді.Адамға радиацияның әсері. Адам сәулеленудің екі түріне - сыртқы және ішкі сәулеленуге үшырайды.Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жүлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады.Космостық сәулелөну дозасы адамға әсер етеді.Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, азонның қорғаныс қабаттары жүқара түседі, сондықтан да сәлелену жоғары.Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер үшырайды.Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосферадағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады.Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4-12 мкр/сағ шегінде болады.Осы аудандарда түратын адамдардың жылдық дозасы 30-100 мбэр (0,03-0, Ібэр).Табиғи көздерден адамның сыртқы сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады.Балықты көп жейтін адамдар, бүғы етімен қоректенетін солтүстік аудандар түрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бүл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері кө-бірек кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]