Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
314.37 Кб
Скачать

5. Әлеуметтік қауіптер.Олардың түрлері мен шығу тегі.Діни секталар, лаңкестік түсініктері.

Әлеуметтік қауіп - Адамның денсаулығының төмендеуі, ауруға шалдығуы, ағзаның ортаға толық бейімделе алмауы,қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы.

Секта дегеніміз – дәстүрлі діннен бөлінген және оған қарама –қайшылықта болатын діни ағым.Елімізде діни сенім бостандығы берілген.Қазақстан бойынша 4000-нан астам секталар бар.Алматыда әр түрлі секталар бой көтеріп, тіпті ауадай жайылып бара жатыр. Олар Иегова куәгерлері,Протестанттар,Кришнайттер,Сопылар,Хизбут-Тахрирлер,Ваххабистер т.б.Олар заңсыз да өрескел әрекеттерді жасап,халықтың басын улады.Отбасына іріткі салып,шаңырақтарын шайқалтты.Әсірес Иегова куәгерлері уй-уйді аралап,пәтерлерді жағалап,өз қатарларына адамдарды күшпен алдап-арбап,тартып,еріксіз кіргізді. «Иегова куәгерлері» сектасын 1876 жылы АҚШ мемлекетінің азаматы Чарльз Рассел негізін қалаған. Қазақстан бойынша 76 қауымдастығы бар.Сектаның мақсаты:1)саяси;2)материалдық. Сатья Саи Баба сектасы. Сатья Саи Баба 1926 жылыҮндістанның оңтүстігіндегі ауылда туған. Саи Бабаның айтуы бойынша ол 14 жасында комаға жақын жағдайды басынан өткерген. Екі ай бойы оны қатты аурулар мазалап ол есінен жиі танып қалатын. Осы біртүрлі аурудан кейін «оның парапсихологиялық қабілеттері өсіп кеңейді» және Саи Баба өзін тірі құдай, Шива құбылысы болып есептеліп Ширдилік әйгілі үндістандық «әулие» және таңқаларлық іс жасаушы Шри Саи Бабаның басқа түрі менмін деп жариялады.«Врата рая» (Жұмақ қақпасы-Heaven’s Gate)-1975 жылы АҚШ-та Маршалл Эпплуайт және Бонни Неттлз негізін салған. 1997 жылы Эпплуайт жердің Хейла-Бопп кометасымен соқтығысуынан қаша алмайтын себепті өзінің сектасының 39 ізбасарын өзін-өзі өлтіруіне көндірді.Сектаға түскен адамдар:үйінен безеді;тамақты аз ішеді,аз ұйықтайды;ақша талап етеді,не ұрлайды;тұйық не ашушаң болады;психологиясы өзгереді;балалар ата-аналарымен қарым-қатынасын үзеді;мінез-құлқы өзгереді.Сектаға баулу жолдары:көшеде келе жатқанда, тоқтатып дін жөнінде әңгімелесу;кітапшалар ұсыну;үйге,пәтерлерге келіп мазалау;тесттен өтуді ұсыну;дәрістерге шақыру;психотропты дәрілер,гипноз қолдану;қорқыту;материалдық көмек ұсыну.Әр түрлі секталарды уағыздаушылар көбінесе адамдар көп жүретін, әсірсе жастар көп жүретін парктерде,алаңдарда,Жоғарғы Оқу Орындарының маңдарында көбірек кездеседі. Аталған мәселеге қарсы тиімді күресу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдап, жүзеге асыру қажет: мемлекеттік құрылымдар және діни ұйымдардың қарым-қатынасын үйлестіретін тетіктер жасау және жүзеге асыру;балалар мен жастардың зайырлы білім алу құқығын бұзбайтын және шектемейтін тұрғыда рухани тәрбие беретін бағдарламалар жасау және оларды бірізділікпен жүзеге асыру;азаматтарға теріс пиғылды діни ағымдардың жағымсыз салдарын ескерту және сауықтыруда әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және рухани-педагогикалық шаралар жүйесін айқындау және т.б.

«Лаңкестік» гректің «террор» сөзінен шыққан, «урейлі,қорқынышты» деген мағынаны білдіреді.Бұл атауды ең алғаш рет Аристотель қолданған. «Террор» сөзі өз мақсатына жету үшін еш нарседен тайынбай зорлықпен үкімін жүргізуді көздеген саяси күрес деген мағынада түсіндіріледі.Терроризм –идеологиялық және күш қолдану арқылы жүргізілетін саяси күрес.Оның негізгі мәні-үрей мен күш көрсету.Яғни террорды жүйелі түрде қолдануға негізделген саясат.Лаңкестіктің екі түрі болады:жекелеген және топтық(ұйымдасқан).Жекелеген терроризм –бір екі адам арқылы іске асса, топтық терроризмде белгілі бір ұйымдардың жоспарымен жүзеге асырылады.(Әл-Каида, эсерлер,мемлекеттік лаңкестік және т.б.)Терроризм өз мақсатына қарай ұлттық және діни түрлері көп айтылады.Ұлттық лаңкестік ұлт-азаттық сипатта көрініс береді.Ал діни лаңкестік дінаралық қақтығыстар немес дінішілік жанжалдар кезінде қолданылады.Қазіргі уақытта террорлық әрекеттер кезінде жарылғыш заттар көп қолданылып жүр.Сонымен қатар мемлекеттік терроризм деген термин бар.Мұндай жағдайда халыққа,азаматтарға қарсы аяусыз күш қолданылады. Саяси экстремизм дегеніміз- қандай да бір саяси әрекеттер мен көзқарастардың шарықтау шегі. Тұтқындардың өзін-өзі ұстауы:* артық назарға ілігпес үшін тұтқындаушылардың көзіне тік қарамаңыз және шұғыл шара жасамаңыз;*тұтқынға алудың алғашқы минуттарында ғана қашуды ұйымдастыруға болады, себебі айналада әлі байбалам (паника) орнып тұрады;* егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз және шынымен де ауру болсаңыз сіздің алдын ала босану мүмкіндіктеріңіз әлдеқайда жоғары. Құсу мен астмалық ұстаманы қоздыруға тырысыңыз, бірақ тым артық кетіп қалмаңыз. Симмулянттарды бірінші кезекте атып тастайды;* егер сіз озіңізді тұтқындаушымен қарым-қатынасқа түскен болсаңыз, онда сыпайы болуға тырысыңыз, бұл тұтқындалушының бірінші міндеті;* егер сізді авиа ұшу кезінде тұтқынға алған болса, ең қолайлы орын ол самолеттің құйрығы;* егер сізді бомбаға орап тастаған болса онда сәтін тауып арнайы бөлімге хабарлау керек;* тұтқындау кезінде сіздің қожайыныңыз сізді тұтқынға алған адам, сондықтан дәретханаға шығуға, тамақ ішуге,

тіпті отырып тұруға да рұқсат сұрау керек;* тұтқынға түскен кезде қарсыласпаңыз және күйгелектенбеңіз. Күйгелектік жұқпалы нәрсе, ал күйгелек террорист сіз үшін өте қауіпті, ол сізді тұтқындарды босатқанға дейін тірі қалдырмауы мүмкін.Гиперлаңкестік-арнайы хакерлер тәсілдері бойынша компьютер басқару жүйесін иеленіп алу,комп.вирустары арқылы интернет жүйесін істен шығару.Биолаңкестік- биологиялық ұнтақ,вирус,микробактериялық қоспаларды пайдалана отырып,лаңкестік әрекет жасау.Химиялық лаңкестік-уланушы және тұншықтырғыш газдарды пайдалану арқылы әрекет жасау.

6.Қауіпті жұқпалы аурулар жəне олардан қорғану (ВИЧ\СПИД, ЖЖБА,).

Жыныс жолымен берілетін аурулар.Жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі. Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді. Жыныстық қатынастағы аурулар қорғану ережелері мынадай:1.Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану.3.Жыныс мүшелердің гигиенасын сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуу.4.Бір жағдайларда жыныс жолмен жұғатын аурулар байқалса, бірден анонимді профилактикалық пунктке бару керек.5.Сыртқы және ішкі киімдердің гигиенасын сақтау.6.Ешқашан басқаның жөкесін, сүлгісін, ішкі киімін қолдануға болмайды.Ауру өз зардап шегушісін таңдамайды дейді.Бугінде бул аурудың турлерін тәртіп ауруы деп те атайды. 1958 жылдардан бастап әлемде осы аурудың турлері мен аурушылардың санының көп оскендігі белгілі.Жыныс жуқпалы ауруларынан сақтану алдымен, әр адамның өзіне керек. Ал, ауруды жұқтырған адам қоғамға қатер тудыратындықтан, ол заңға бағынып, тез арада емделуге міндетті.ВИЧ- адамның иммунды дефицит вирусынан туындаған және жыныстық қатынас кезінде сонымен қатар адам қанымен берілетін жұқпалы аурудың соңғы сатысы. Жұқпалының көзі адам болып табылады ВИЧ ауамен тыныс алғанда, тамақпен, сумен, бассейінде суда шомылғанда, қол берісіп амандасқанда, құрғақ сүйісуде, түшкіргенде және жөтелгенде, ыдыс арқылы, төсеніш, киім және аяқ киім арқылы, моншаға түсіп жуынғанда, жалпы дәретханадан, шыбын-шіркейлердің тістегенінен - жұқпайды.ВИЧ жұққан адамдарды қауымнан аластауға ешқандай негіз жоқ.ВИЧ жұқтырмау үшін қауіпсіз міне-құлықты сақтау керек:-Нашаны қолданба;-Некеге тұрғанға дейін жыныстық қатынасқа түспе;-Өзіңнің жыныстық қатынастағы көңілдесіңе сенімді бол.-Өзіңнің сексуалдық қатынасыңды қауіпсіз жаса;-Өзіңнің шырышты қабатыңа немесе теріңе басқа адамның қаны, спермасы немесе қынап сұйықтығы тамып кетуден немесе жұғып қалудан сақтан.Синмптомы: зуд(қышу), дәрет алу қиындайды, жиі-жиі кіші дәретке барады, бөлімділер, өсімдіктер мен бөртпелер. СПИД-адамда ВИЧ-тен ағзаның әлсіз иммунитеті негізінде пайда болатын аурулар жиынтығы.ВИЧ инфекциясын жұқтырған адам СПИД дертіне бірден шалдыға қоймайды. ВИЧдерттің тек алғашқы сатысы ғана болып табылады. Қатерлісі, ВИЧ вирусы адам ағзасына еніп, адамның қорғаныш жүйесін бұзып, ұзақ уақыт бойы, тіпті, 5-10 жылға дейін білінбей, оның ең соңғы сатысы СПИД-ке айналған кезде ғана асқынады. Бұдан соң ағзаға енген инфекция ауруға қарсы иммунитеттерді сатылап бұза бастайды да, өмірге қатер төндіреді. СПИД пен ауырмау үшін алдын ала шаралар жасалынып адамдар саналы түрде тәртіп сақтауы тиіс.Тазалық сақтау гигенасын   мұхият орындау әр адамның өзіндік асиетіне байланысты.Әрбір адам төсек орнын, тіс жуғыш, сабын, сүлгі, іш киім, тырнақ, шаш, сақал, мұрт алатын құралдарын дербес ұстауы керек. Осы айтылған кеңестерді көңіліне тізген жас адам мұндай аурудан аулақ болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]