Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
314.37 Кб
Скачать

1. «Тіршілік», «қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат», «техногенді қауіп», «экологиялық қауіп», «əлеуметтік қауіп», «табиғи қауіп» дегенге түсінік беріңіздер, оларды сипаттаңыздар, мысал келтіріңіздер

Қауіп- табиғаттан келетін және адамдардың іс әрекеті әсерінен,қоршаған ортаның қалпын бұзатын, нәтижесінде адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян кедтіретін процесс, құбылыс, обьект,субьект.Қауіпсіздік-қоршаған ортаның бірқалыпты тұрақты болуы, адамдардың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін қауіп-қатердің болмауы не аз болуы, адамдардығ ауқатты тұмысының сақталуына қолайлы жағдайдың болуы. Тіршілік - кез келген организмнің өзінің орнына ұрпақ қалдыру, өзгеру және  осы өзгерістерді қайта өндіру қасиеті. Бұл қасиеттер энергия мен информация беруді жүзеге асырады.Зілзала- кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бүзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат қүбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бүрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен б/ды. Апат - бұл адамның тұтқиылдан пайда болған әрекетінен халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам өлімімен немесе адам өміріне, денсаулығына қауіп төндірумен, едәуір экологиялық, экономикалық шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала. Апаттар көлемі мен түрлері б/ша жіктеледі. Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен.Көлемді анықтау кезінде өлшөм үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мүқтаждардың сан апат салдарының әсеріне үшыраған аумақ.Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді: - табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала); -жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардан туындайды). Техногендік қауіп - технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу.Техногендіқауіптер:1.Көліктік.2.Өндірістік.3.Спецификалық.4.Әлеуметтік .Экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи әсерлер ықпалынан, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйі бүзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жай-күй.Табиғи қауіп - бүл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болатын жағдай.Табиғи қауіп түрлері:Метеорологиялық,Тектоникалық, Топологиялық,Космостық.Әлеуметтік қауіп - Адамның денсаулығының төмендеуі, ауруға шалдығуы, ағзаның ортаға толық бейімделе алмауы,қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы.

2.«Төтенше жағдайлар» дегенге түсінік, зардаптары. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері.

ТЖ дегеніміз-адамға кенеттен төнетін қауіп, тіпті адамдардың қаза табуына әкеліп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға, шаруашылық жүргізуші обьектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайларын бұзған авария, зілзаза, апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай,белгілі аймақтарда кенеттен пайда болатын өндіріс авариялары,жұқпалы аурулардың таралуы нәтижесінде адамдардың қалыпты тіршілігінің күрт бұзылуы, денсаулығына зиян келуі,адамдардың қаза болуы, материалдық құндылықтардың бүлінуі және жойылуы. ТЖ 3 негізгі белгілері бойынша жіктеледі:1)п.б.саласы б/ша(табиғи,техногенді,жанжалды);2)ведомстволық қатынастылығы б/ша(құрылыста,өндірісте,көлікте,а/ш-да т.б.);3)аумақтық таралуы б/ша(обьектілік,жергілікті,аймақтық,кеңауқымды);ТЖ пайда болу саласы бойынша:табиғи,техногенді,жанжалды.ТЖ зардаптары-авария, апат,зілзала және т.б. Зілзала- кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бүзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат қүбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бүрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен б/ды. Апат - бұл адамның тұтқиылдан пайда болған әрекетінен халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам өлімімен немесе адам өміріне, денсаулығына қауіп төндірумен, едәуір экологиялық, экономикалық шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала.Авария-техникалық үрдістің бұзылуы, механизмдердің,жабдықтардың,ғимараттардың зақымдануы.Қауіптердің негізгі жүйеленуі:Шығу тегіне байланысты 2-ге бөлінеді:табиғи(табиғаттан келетін қауіп), антропогенді(адам қызметі негізінде п.б.) Табиғи:1.метерологиялық.2.топологиялық.3.тектоникалық.4.космостық.5.биологиялық.Антропогенді:1.экологиялық.2.техногенді.3.әлеуметтік.Адамға әсер ету сипатына б/ты 4топқа бөлінеді:физикалық,химиялық,биологиялық,психофизиологиялық.Адамға әсер ету уақытына байланысты 2-ге бөлінеді:1)шапшаң(импульсивті)-бірден әсер етеді.2)шоғырланған(куммулятивті)-зиянды әсері көп уақыттан соң белгілі болады.Шоғырланған жеріне б/ты 3-ке бөлінеді:атмосфера,литосфера,гидросфера.Шығынына б/ты: әлеуметтік,техникалық,экологиялық,экономикалық және т.б.

3. «Тіршілік қауіпсіздігі» пəнінің міндеті қандай?

Тіршілік қауіпсіздігі-ғылым,адамдарды олардың өмір сүретін ортасынан туатын қауіпті және зиянды факторларынан қорғау,денсаулықты қорғау және қауіпсіздік жолдарын теориялық және практикалық жағынан қамтитын білім саласы.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің негізгі мақсаты:адамдарды сырт ортамен қауіпсіздік қарым-қатынаста болып,өмір сүруге қолайлы жағдайларды жасауға үйрету.Міндеті:қауіпті жағдайларды зерттеу,анықтау,оларға баға беру;қауіпті және зиянды факторлардан қорғану және оларды жою жолдарын үйрету;болашақ мамандарға сыртқы ортамен қауіпсіз өмір сүру жөнінде жаңа сана-сезім қалыптастыру;ТЖ жағдайларда адамдардың өзін өзі ұстау және саналы шешім қабылдауға үйрету; тіршілік қауіпсіздігінің нормативті және құқықтық базасымен танысу, ТЖ дайындық, қорғаныс және ТЖ зардаптарын жою жүйесімен танысу, Азаматтық қорғаныспен бірігіп халыққа алғашқы медициналық жәрдем беруге, әр түрлі шаруашылыққа көмек көрсете білуге үйрету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]