Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

обж срс

.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
21.5 Кб
Скачать

СУ ТАСҚЫНЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ ПАЙДА БОЛУ КЕЗДЕРІНДЕГІ БАСҚЫ ІС-ӘРЕКЕТ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Су тасқынына дейін: - Күрделі құрылыстарды тек мемлекеттік мекемелердің рұқсаты бойынша салу, қатерлі жерде уақытша тұрақ құрмау, азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, құтқарушы құралдардың қорын жасау, гидрометеологиялық мәліметтерге, хабарландыруларға назар аудару, су тасқыны қатері білінгенде газ, су электр жүйелерін ажырату, бағалы заттарды қауіпсіз орынға көшіру, көлікпен немесе жаяу болсын көтеріңкі жерге орналасу, және басқарушы органдардың қауіпсіз жерге көшіру туралы хабарландыруы мен ескертулерін мұқият орындау су тасқыны кезінде өміріңізге төнген қатермен дүние-мүлік шығынын едәуір төмендетеді.  2. Су тасқыны кезінде : - Басқару органдардың тиісті нұсқаулары болмайынша, қауіпсіз жерде қалыңыз, тасқын суды кешіп өтем демеңіз, себебі, терендігі 15 см. тасқын су адам үшін қатерлі екенін ұмытпаңыз. Ал 50 см. терендікті машина да еңсеріп өте алмайды. Егер Сізге көмек керек болса, апат белгілерін беріңіз. 3. Су тасқынынан кейін : Өз үйіңіздің фундаментінің тұтастығын , қабырға, терезе, еденнің бүтіндігін, газ және электр жүйелерін мұқият тексеріңіз. Зақымданған электр және газ жүйелерін қосуды мамандарға тапсырыңыз. Үй орнықтылығына күдіктенсеңіз, үй ішінде қалмаңыз, азық-түліктің жарайтынын тексеріп, суды қайнату қажет. Су тасқыны дүниемүлікке зор шығын келтірсе, жергілікті атқарушы органдардан көмек сұраңыз.

ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА АДАМДАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

1. Үйіңіздің/пәтеріңіздің сызбасын сызыңыз және онда отбасыңыздың барлық мүшелерімен бірге мыналарды көрсетіңіз: - қауіпті орындарды, қауіпсіз орындарды, шығу жолдарын, газды, суды, электр энергиясын өшіру үшін крандардың орналасқан жерлерін, үйден тез арада көше қалған жағдайда әзірленіп қойылған дәрі-дәрмектердің, құжаттардың, сөмкелердің тұрған жерін. 2. Әрбір 3 ай сайын отбасыңыз дын мүшелерімен жер сілкінісі болған жағдайда аман қалу үшін үйіңіздің/пәтеріңіздің қауіпсіз орындарында жаттығулар өткізіңіз.  3. Жер сілкінісі болу жағдайына үйіңіздің барынша қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз: төсекорындарды терезелерден алшақ қойып, қауіпті материалдарды қауіпсіз жерде сақтаңыз, өтпелі жолдарды жауып тастамаңыз, салмағы ауыр жиһаздарды қабырға ға және еденге бекітіп қойыңыз, жоғарғы сөрелерді ауыр заттармен толтырыңыз. 4. Үйден шуғыл көшу жағдайына қажетті заттарды сөмкеге жинастырып, оны әрдайым бір орында сақтаңыз. Сөмкеге мына заттарды салыңыз: маңызды құжаттардың (паспорт, туу туралы куәліктер, көлікке, үйге, жерге иелік ету құқығын растайтын құжаттар, сақтандыру полистері, СТН мен зейнетақы қорларының және т.б. тіркеу бланкілері) көшірмелері, отбасыңыздың мүшелеріне қажет болатын қолшам мен қосалқы батареялары бар радиоқабылдағыш, алғашқы жәрдем қобдишасы мен дәрі-дәрмектер, артық шұлықтар мен жылы киімдер, жамылғы немесе көрпе, қалам мен қағаз, алғашқы 1-3 күнге жетерлік ауызсу мен айнымайтын тағамдар, артық көзілдіріктер (қажет болса), егер кішкентай балалар болса, олардың ойыншықтары мен арнайы заттарын, сабын мен бірінші кезекте қажетті санитарлық-гигиеналық заттарды алуды ұмытпаңыз.  5. Егер жер сілкінісі Сіз үйіңізде жоқта болған жағдайда, барлық отбасы мүшелеріңізбен қай жерде кездесетіндеріңізді және үйде ұзақ уақыт болмайтын кезде әрқайсыңызға қандай арнайы медициналық дәрі-дәрмек қажет болатындығын талқылап, төмендегідей кестені толтырыңыз.

6. Көршілеріңізбен жер сілкінгенде бірлесіп жасайтын қимылдарыңызды келісіп алыңыз. Балаларыңызға жер сілкінісі кезінде ересектер қастарында болмағанда не істеу керектігін түсіндіріп қойыңыз. 7. Зілзала болған жағдайда Сіз туралы хабар беретін Сіз тұратын елдімекеннен тысқары жерлердегі адамдардың мекен-жайы мен телефонын жазып қойыңыз. 8. Жер сілкінісінен кейін мынандай іс-әрекет болатынын ұмытпаңыз: - құтқарушыларға жаралылар мен үйінділер астында қалғандарды іздеуге көмектесу, үйдің коммуналдық жүйелерін сөндіру, балалар мен өздігінен әрекет жасауға қабілеті жоқ адамдарға көмектесу, көршілердің жәй-күйінтексеру, отбасыңызды 3-5 күндік азық-түлікпен қамтамасыз ету, ыстық тамақ әзірлеу, ішек ауруларының алдын-алу үшін санитарлық жағдайды сақтау, үй жануарларына күтім жасау.

 Сел – жылдамдығы 3 – 5 және одан да жылдам м/сек, биіктігі 10-20 м дейінгі жеке толқынмен жылжитын, су аралас, қатты топырақ, тастар, талдар және әр түрлі сынықтардың құрайтын, аз уақытылы тау су тасқыны. Селдің туындау себептері болып температураның көтерілуі, қар және мұздықтардың қарқынды еруі, өзен суларының тез көтерілуі, жауын – шашын, арналарды көшкіндермен, үйінділермен, сынықтармен, су деңгейін белгілі бір деңгейге дейін көтерілуіне себепкер болатын қиратқыш сипаттағы бөгеттер және басқалар болып табылады. Үлкен мықты соққы күшіне ие су тасқыны өз жолында гидротехникалық және басқа да ғимараттарды, құрылыстарды қиратады, сондай – ақ өзендердің ағысы мен ұзындығын қатты өзгертеді. Сел тасқыны қаупінің белгілері: Көлдерде судың толуы туралы куәландыратын сел қаупі арнасында ағыстың тез азаюы немесе тоқтауы; Жоғарғы сел қаупі арнасында гуілдің пайда болуы; Селмен жылжыған тастардың соққысынан жердің сілкінуі; Селдік қатты топырақтың алдында толқын соққыларынан пайда болатын шаңды бұлттардың болуы; Судың лайлануы. Сел қаупі төнген аудандарда болу кезіндегі қауіпсіздік шаралары және зардап шеккендерге көмек көрсету: Таулы аймақтардағы жағдайлар туралы ақпараттарды бұқаралық ақпараттық құралдардан хабарды құлақ салып тыңдаңыз; Тауға шығар алдында өзіңізбен жылы киім, жолды жауып қалатын сел үйінділері үшін тауда қонып қалуға тура келетін жағдайда бір тәулікке жететін азық- түлік алу қажет.  Өзен ағымының жоғарғы жағында қатты жауын жауып жатса сел қаупі бар шатқалдардан кету қажет; Сел көшкінінің себептерін байқаған уақытта тез арада ағымнан мүмкіндігінше ары тауға қарай жоғарылау қажет; Тік жартастың және тау бурайларында тоқтамаңыз, өйткені сілкіністен тастардың құлауы немесе опырылуы мүмкін;

Жылжып келе жатқан селді толқынға 50-70 м –ден аса жақындауға болмайды; Сел өткенннен кейін өзен ағымына қарай түскен кезде аса абайлықты сақтаған жөн; Сел қаупі бар аймақтардың тұрғындары малды жаю және жермен айналасу бойыенша ұсыныстарды қатаң орындауға міндетті; Сел тасқынына түскен жағдайда зардап шеккендерге қолда бар барлық заттармен көмек көрсету керек. Зардап шеккендерге ұсынылатын мұндай заттар канаттар немесе жіптер болуы мүмкін. Құтқарылған адамдарды толқыннан ақырындап толқын бағатына қарай шетке қарай жақындатып шығару керек.

Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері. Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек. Екер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады. Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады. Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны. Радияциядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радияцияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады. Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Дерттерге диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады. Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды Радияциядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл юөлінеді. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе, радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек. Адамзат баласы осы кезде бұрын – сонды болып көрмеген орасан көп ғылыми табыстарға жетіп, техника мен технологияны дамыта түсуде. Оларды төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына тікелей байланысты. Ол жаратылыстану ғылымдарының көрнекті салаларының бірі. Оның басты міндеттері жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын, оның эволюциялық жолмен дамуын зерттеу. Биология жердің тіршілік иелері адамдар мен жануарлар өсімдіктер мен неше түрлі көзге көрінбетін микроорганизмдер әлемін зерттейді. Алынған мәліменттердің негізінде сигнал хабарды дәл тіркейтін сезімтал машиналар мен механизмдер шығару жұмыстарын жүргізеді. Кейінгі кезде биологиялық ғылымдар орасан зор ілгерлеп, алға басты. Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ көптеген биологиялық көріністердің құпия сырлары әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]