Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ шпор каз.doc
Скачиваний:
194
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
326.66 Кб
Скачать

1. «Тіршілік», «қауіп», «қауіпсіздік»,

Тіршілік дегеніміз - “кез келген организмнің өзінің орнына ұрпақ қалдыру, өзгеру және  осы өзгерістерді қайта өндіру қасиеті”. Қауіп дегеніміз – жоғалтудың әлеуетті, сандық өлшеуге болатын мүмкіндігі және табысты дамуға арналған қатерлер. Қауіп түсінігі қолайсыз жағдайлар мен салдардың жұмысында пайда болуы ықтималдығымен байланысты белгісіздікті сипаттайды.

"Өмір қауіпсіздігі" - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасы мен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтеншө жағдайларды ескерту мен салдарын жою жәнө осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді. Зілзала бұл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бүзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат қүбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бүрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады. Әр бір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, қозғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар. Зілзаланың бір-бірінен айырықша ерекшеліктерімен қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуі.

Апат - бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады. Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі. Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен. Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді: - табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала); -жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардан туындайды). Экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи әсерлер ықпалынан, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйі бүзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жай-күй.

2. «Адам тіршілігінің қауіпсіздігі» пәніне сипаттама беріңіз.

Міндеті:

  • қауіпті жағдаларды зерттеу, анықтау, оларға баға беру;

  • қауіпті және зиянды фаторлардан қорғану және оларды жою жолдарын уйрету;

  • болашақ мамандарға сыртқы ортамен қауіпсіз өмір сүру жөнінде жаңа сана-сезім қалыптыстыру;

  • ТЖ жағдайларда адамдардың өзін өзі ұстау және саналы шешім қабылдауға уйрету;

Болашақ мамандарды өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларды жасау жөнінде теориялық білім және практикалық дағдымен қаруландыру.

Адамзаттың қоршаған ортамен (табиғи, өндірістік, тұрмыстық) қауіпсіз қатынасын қамтамасыз етуде төтенше жағдайлардан қорғануда барлық білім жиының біріктіру.

Қоршаған ортаның негативті факторларының адамның физиологиялық күйіне әсерін, шығу тегі мен мәнін білм жетістігіне сүйіне отырып тереңірек оқыту, қауіптерді сандық және сапалық жақтан талдау.

Тіршілік қауіпсіздігінің принциптері мен жалпы стратегиясын болжау, әр түрлі экспериментальды оқиғалар мен аурулар кезінде сауатты шешім қабылдай білу.

ТҚ нормативті және құқықтық базасымен танысу, ТЖ дайындық, қорғаныс және тж зардаптарын жою жүйесімен танысу, азаматтық қорғаныспен бірігіп халыққа алғашқы медициналық жәрдем беруге, әр түрлі шаруашылыққа көмек көрсетуге үйрету

Жеке бастың және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауакершілікпен қарау, зерделі көзқарас қатынасын қалыптастыру.

Қоршаған ортаның зиянды, қауіпті факторларын ажыратып оған баға беруіне дағдылану

Олардан қорғануға және зардаптарын жоюға үйрету

Өмір тіршілігіне қауіп төнгенде өз өзіне және басқаға көмек көрсету жолдарын үйрету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]