Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ шпор каз.doc
Скачиваний:
194
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
326.66 Кб
Скачать

14. Жер сілкінісі кезінде ғимарат ішінде және сыртында қандай жерлер қауіпті екенін көрсетіңіз.

Жер сілкінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек. Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады. Спитактағы жер сілкінісі кезінде (07.12.88.) ішіндегі 6 адам тірі қалған. Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағңы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады. Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние-мүлікпен ыбырсытпау керек. Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады. Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса колмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы кауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн. Жеке үйдің иелері кажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі қажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмотөзімділік дәрежесін білуге тиіс. Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы кауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн. Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс. Қазақстан аумағының сейсмоқауіпті аймағында жер сілкінісінің жиілігі әртүрлі. Қазіргі ғылым алапат сейсмикалық кұбылыстың уақыты мен кіндігін әзірше дәл болажай алмайды. Сондықтан да жер сілкінісі кезіндегі әзірлік шараларына даярлануды, іс-әрекеттер тәртібін алдын ала білуге тиіс. Сейсможаттығу адамдардың жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-әрекеттеріне дағдылануына үлкен септігін тигізеді.

15. Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы

Ядролық қару (немесе атомдық қару) – бұл ядролық оқ-дәрілердің, оларды мақсатқа жеткізу амалдарының, басқару амалдарының жиынтығы, биологиялық және химиялық сияқты жаппай жою қарулар қатарына жатады. Ядролық оқ-дәрі – ядролық энергияны пайдалануға негізделіп, ауыр ядроларды немесе жеңіл ядроларды бөлу кезіндегі тізбекті ядролық реакция кезінде босанатын жарылғыш қасиеті бар қару.

Ядролық жарылыс кезінде жылдам және жоғарғы дәрежедегі энергия бөлінуі жүзеге асады, бұл кезде реакция аймағындағы тепература ондаған миллион градусқа ал қысым шамамен миллиард атмосфераға жетуі мүмкін. Сонымен қатар ол жалтылдағыш жарыққа және күркірейтін дауысқа ие. Жарқылдаған жарықтан кейін бірнеше секундта жоқ болып кететін отты шар түзіледі, ал жер үсіндегі жарылыс кезінде отты жарты шар. Отты шар орнында жүз мыңдаған биіктікке кететін мыңдаған тонна зақымдаушы радиоактивті заттар шашыртқан грибок тәрізді бұлт түзіледі. Бұлт желмен бірге жарылыс ошағынан алыстап, жүздеген километрлерге кетуі мүмкін. Ядролық жарылыс ауада, жер бетінде, жер немесе су астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторларына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.

Химиялық қару – ұрыстық қолданылуы құралдармен бірліктегі улағыш заттар. УЗ – өздерінің физика – химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде , адамдарды, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып – жоюға қолданылуы мүмкін уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы. Оларды жеткізу құралдары – снарядтар, бомбалар, ракеталар. 1954 жылы химиялық қаруды қолдануға тыйым салынды. Бірақ АҚШ оны Вьетнамда қолдануды жалғастыра берді. Мысалы, қызғылт – сары газ құрамында диокайн бар, бұл – газ өсімдіктерді жою үшін,яғни дефолиант түрінде ойлап шығарылды.Бірақ оның кейін адам ағзасыда үлкен өзгерістер туғызатыны анықталды.Мысалы, Вьетнамдағы соғысқа қатысқан АҚШ – тың 200 мың солдатының 14%балалары неше түрлі кемтарлықпен дүниеге келсе , ал Вьетнамның жергілікті халқында шаш,тырнақ, тістің тым ерте түсуі, қартаю байқалады. Қатерлі ісік, психоз, қан ауруымен ауыратын адамдар саны едәуір көбейді.Бұрын АҚШ химиялық қаруға тактикалық қару ретінде қараса, ал қазір стратегиялық қару ретінде қарайды. Химиялық қару барлық тіршілік йелеріне әсер етеді,ал материалдық құндылықтар сау қалады,оның көмегімен адамдарды қырып-жоюға немесе қатардан шығаруға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]