Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ шпор каз.doc
Скачиваний:
194
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
326.66 Кб
Скачать

24.Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау,

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Уақытша көшіру шаралары:

*ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін — өндірістік принцип бойынша;

*халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;

*көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.

Көшіру жөнінде құлақтандырған соң адамдар өзімен қандай заттарды алуы қажет? Көшіру кезінде бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл адамдар өздерімен бірге ең алдымен құжаттар алу керек, одан кейін киім және тамақ алу керек. Жалпы көшіру кезінде өзімен бірге ала жүретін ең қажетті құжаттар: куәлік(паспорт), әскери билет,еңбек кітапшасы немесе зейнеткер куәлігі, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом,неке және балалардың тууы туралы куәлік пен ақша. Заттар мен азық-түлік мөлшері оны алып жүретін адамға шақ болуы тиіс. Көлік құралдарымен көшіру кезінде бірге алып жүретін мүлік пен азықтың жалпы салмағы әрбір адам үшін 50-кгнан аспауы тиіс.Ал жаяу жүрген кезде ол әрбір адамның төзімділігіне орай айтарлықтай аз болуы тиіс. Барлық заттар мен азық-түлік тағамдары арқа қапшыққа, қапқа, сөмкелерге, шабадандарға буып салынуға тиіс.Жаяу жүрген кезде оларды алып жүруге ыңғайлы болуы үшін арқа қапшық пен зат салатын қапшыққа салған дұрыс. Жүк пен азық салынған әрбір қапшыққа адамның аты-жөні, тегі, тұрақты мекен-жайы және соңғы барар нүкте жазылған белгі тігіледі. Көшірудің бір түрі уақытша көшіру – бұл ТЖ туындаған немесе қауіп төнген жағдайда халықты қауіпті аймақтарынан қауіпсіз орындарға көшіру. Қоғамыздың өмір сүру деңгейі өзгерді, осыған орай, халықты қауіпті аймағынан көшіру жұмысын ұйымдастыру  және уақытша тұрғын орындарымен қамтамассыз ету мақсатымен қонақ үйлердің басшыларына ТЖ туындаған жағдайда көшірілген халыққа уақытша баспана ұсыну, сонымен қатар қауіпсіз аймақтарында орналасқан  арнайы – орта және жалпы білім беру оқу орындарының басшыларына көшірілген халықты қабылдау және орналастыру.

25.Электромагнитті сәуленің ағзаға әсері және олардан қорғану шараларын сипаттаңыз.

Электромагниттік сәулелену дегеніміз-электромагниттік өрістердің кеңістіктегі жағдайының өзгерісі. Магнит және электр өрістерінің кез келген өзгерістері қоршаған кеңістікті сүзіп өтетін күш сызықтарының өзгеруін туындатуы керек, яғни ортада таралатын импульстар (немесе толқындар) болу керек. Осы толқындардың таралу жылдамдығы ортаның магниттік және диэлектриктік өтімділігіне тәуелді болып, электромагниттік бірліктің электростатикалық бірлікке қатынасымен анықталады. Компьютерлік техниканың пайда болуы мен қарыштап дамуы қоршаған ортада электромагниттік ахуалдың өзгеруіне алып келді. Компьютерлік техника электромагниттік өрістің сәулелену көзі болып табылады, ал ол өз кезегінде адам денсаулығына қауіп төндіретіні белгілі. Компьютерлік жұмыс орындарының дұрыс ұйымдастырылмауы электромагниттік өрістің адам денсаулығына кері әсер етуіне әкеліп соғады. Компьютердің ең қауіпті бөлігі – монитор. Ол адам ағзасын сәулелендіреді. Медицина өкілдерінің зерттеулері электромагниттік өрістің әсері метаболизм мен электромагниттік баланстың бұзылуына ықпал ететінін дәлелдеген. Ол, сонымен қатар, нерв, жүрек-қан тамырлары, эндокринді жүйе жұмысында да ақаулардың пайда болуына әсер етеді. Қалта телефонын пайдалан­ған кезде одан бөлі­не­тін элек­тро­магниттік өріс тұты­нушының миына әсер ететіні анықтал­ған. Қал­та телефондарындағы қауіп­сіздік стандарттары ересектер үшін жасал­ған, олар бала ағзасының ерекшеліктерін ес­кер­­мейді. Осы мәселе бо­йынша Ресейдегі тұ­тынушылар құқығын қор­ғау комитеті бала­лардың қалта теле­фо­нын пайдалануын мей­лінше төменгі деңгейге жеткізу мәселе­сін Думада қарас­тыр­мақ.Өйткені қалта телефондарын пайдалану балаларда мидың ісігіне соқтыруы мүм­кін дейді мамандар. Сондықтан жас балалардың қалта телефонымен ойнап, музыка тыңдауына жол бермеу керек. Бала­ларды мей­лін­ше зиянды нәр­се­ден аулақ ұс­таған жөн. Қорғау шаралары радиожиілік диапазондардың электромагниттік өрісінің қоршаған ортаның жай-күйіне әсерін шекті жол беруге болатын-деңгейлердің нормативтерін анықтау мақсатында зерттеу және биологиялық қауіпті және санитарлық қорғау аймағын есептеу әдістемелерін әзірлеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]