Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ шпор каз.doc
Скачиваний:
194
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
326.66 Кб
Скачать

3. «Төтенше жағдайлар» түсінігін ашыңыздар.

Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар – стихиялық апаттар, авариялар және катастрофалар әсерінен пайда болатын көлікте және өндірістегі экологиялық катастрофалар, әскери және әлеуметтік диверсиялар адамның өміріне, экономикаға, әлеуметтік және табиғи ортаға біршама әсер ететін құбылыстар мен үрдістерден тұратын, күрт қалыпты жағдайдан ауытқитын жағдайлар.

Техногендік қауіп - технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері – агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу. Техногенді қауіптер 1. Көліктік 2. Өндірістік. 3. Спецификалық 4. Әлеуметтік

Экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи әсерлер ықпалынан, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйі бүзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жай-күй. Экологиялық зілзалалар - табиғи тепе-теңдік бұзылуының экологиялық тұтқиыл факторлары, олар:

құрлықтың жай-күйінің; атмосфераның құрамы мен қасиеттерінің;

гидросфера жай-күйінің; биосфера жай-күйінің өзгеруімен байланысты. Табиғи зілзалалар да экологиялық зілзалаларға жатады

Табиғи қауіп - бүл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болатын жағдай. Табиғи қауіп түрлері: 1. Метеорологиялық 2. Тектоникалық және теллурлық 3. Топологиялық 4. Космостық

Әлеуметтік қауіп - Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек.

4. Қазақстандағы «Азаматтық қорғаныс»: құрылымы мен қызметтерін түсіндіріңіздер.

Азаматтық қорғаныс-бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты,ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалынан, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралар жиыны.Қазіргі уақытта Азаматтық қорғаныс республикалық және жергілікті деңгейде шешіледі. Азаматтық қорғаныста табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар ерекше орын алады. Ал біздің сұрағымыз сол техногенді төтенше жағдайға байланысты болып табылады. Себебі өнеркәсіп обьектілеріндегі төтенше жағдайлар дәл осы техногенді сипатқа тән.1996жылы 5 шілдедегі «Техногендік сипаттағы (өнеркәсіп орындарындағы) төтенше жағдайлар туралы»ҚР заңы техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі республика аумағындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.Ал АҚның құрылымына келер болсақ, АҚның аумақтық және обьектілік құрылымы болады. ААҚның аумақтық құрылымы облыс,қала,аудан әкімдерінің шешімдерімен,ал обьектілік құрылымдар ұйымдарының АҚбасшыларының бұйрықтарымен құрылады.АҚ обьектілік құрылымына: барлаушы буын, құтқару командасы,инженерлік команда, санитарлық дружина, қорғаныс ғимараттарын залалсыздандыру жөніндегі топ, өрт сөндіру командасы, байланыс командасы, қоғамдық тәртіпті қорғау командасы, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы және т.б.кіреді.

АҚ штабы→АҚбастығы→ АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары: байланыс↔қоғамдық тәртіпті сақтау; авариялық - техникалық ↔ қорғаныс ғимараттарына қызметкөрсету;тамақтандыру мен сауда↔РҚ және ХҚҚ;т.б.

Азаматтық қорғаныс негізгі қызметтері:басқару, хабарлау және дамыту, қолдау;тж кезінде АҚ күштерін құру; халықты оқыту ; радиациялық, химиялық, бактериологиялық ахуалды қадағалау; ақ құрамаларын даярлау; кешенді шаралар ұйымдастыру;АҚ мүлігін жинау; азықты, суды, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, биологиялық зақымданудан сақтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]