Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ шпор каз.doc
Скачиваний:
194
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
326.66 Кб
Скачать

20.Зиянды химиялық заттардың жүйеленуін келтіріңіз

Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі.

Химиялық өнiмдi жiктеу адамның өмiрi мен денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi шараларды қолдану мақсатында жүргiзiледi. Химиялық өнiм өндiрiлу және қолданылу процесiнде мынадай қауiп түрлерiн: 1) өрт қаупiн; 2) жарылыс қаупiн;

3) коррозиялық активтiлiктi;

4) уыттылықты төндiруi мүмкiн. Адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды әсер етуi мүмкiн қасиеттерi бар химиялық заттар мынадай санаттарға бөлiнедi: физикалық-химиялық қасиеттерi бойынша:

1) жарылғыш заттар;

2) тез тұтанатын газдар; 3) тез тұтанатын сұйықтар;

4) тез тұтанатын қатты заттар;

5) тотықтырғыш заттар және органикалық пироксидтер;

6) уытты заттар;

7) коррозиялаушы заттар; уыттылық қасиеттерi бойынша: 1) күштi әсер ететiн улы заттар;

2) улы заттар; 3) зиянды заттар;  

4) күйдiргiш заттар; 5) көздiң және (немесе) терiнiң кiлегей қабықшаларының тiтiркенуiн туғызатын заттар; 6) сенсибилизациялайтын әсерi бар заттар; адамның денсаулығына ерекше әсер етуi бойынша: 1) канцерогендер; 2) мутагендер;

3) ұрпақты болу функциясына уытты әсер ететiн заттар; қоршаған ортаға әсер етуi бойынша: 1) қоршаған сулы орта үшiн қауiптi заттар; 2) қоршаған ауа ортасы және топырақ үшiн қауiптi заттар. Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері. Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар. Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті.

21.«Шу», «діріл» ұғымдарына анықтама беріңіз, ағзаға әсері, олардан қорғану жолдарын сипаттаңыз.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай – адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттармен қирауларды айтады. Сондай қауіптердің бірі – шу болып табылады. Шу – қалалардағы атмосфераның ластану түрі. Атмосфераның ластануының адам ағзасына өте қауіптілігімен маңызды. Оның жағымсыз әсері шудың белсенділігіне, спектрлік құрамына және әсер ету ұзақтығына байланысты болады. Шудың жазық түрі азырақ әсер етсе, ол тар интервалдағы шу көбірек әсер етеді. Ең үлкен дәрежеде зиян келтіретін шу 3000 – 5000 Гц диапозонды болады. Шу тек қана есту мүшелеріне ғана емес, сонымен қатар адамның жүйке жүйесінің орталығына, жүрек жұмысына, басқа да аурулардың тууына әсер етеді. Дыбыстардың ішінен өте күшті әсер етуші вертолеттер мен самолеттер болып табылады.

Вибрациялар – серпімді дене мен айнымалы физикалық өрістің ықпалында болатын шамалы механикалық толқулар берілу жолдары бойынша, бағыты бойынша, уақыты бойынша классификацияланады. Вибрация жоғары биологиялық іскерлікке ие факторлар қатарына жатады. Әсер тетуші вибрация деңгейімен ағзаның жауап беру реакциялары арасында сызықтық байланыс жоқ. Оның себебі резонанстық байланыс жоқ.

Виброизоляция – вибрация тарапынан қорғаныс. Виброизоляция жасау үшін серпімді материалдардан алынған амортизаторлар қолданылады. Вибрация белгілі бір мөлшерде адам ағзасына жағымды ісер етеді. Алайда вибрациялық потология пайда болады. Бұл вибрация кезінде туындайтын ауру түрі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]