Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ шпор каз.doc
Скачиваний:
194
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
326.66 Кб
Скачать

38. Бұлшықетке ине шаншу қалай жүргізілетінін түсіндіріңіз.

Бұлшық еттік инъекциялар

Бұлшық етке енгізілген дәрілік заттар тері астылық инъекцияларға қарағанда тезірек сіңіріледі. Бұлшық еттік инъекция жасау үшін көбінесе бұлшық ет қабаттары жақсы дамыған жерлерді таңдап алады: жамбастың жоғарғы сыртқы квадранты, жауырын асты аймағы. Бұлшық еттік инъекция кезінде дәрілік зат тері асты шел қабатына қарағанда тамырлардың көптігінен қанға тезірек түседі. Инъекция жасауға болатын жерді сүйекке бағдарлап анықтауға болады. Бұл үшін 5 бел омыртқаның қылқанды өсіндісінен сан сүйегінің үлкен істігіне дейін ойша сызық жүргізу керек. Құйымшак нерві осы сызықтан төмен орналасқан, және инъекцияны сызықтан жоғары, яғни жамбастың жоғарғы сыртқы квадрантына жасау керек. Инъекция жасағанда науқас бір қырына немесе ішіне жатады, тек түрегеп тұруға болмайды.

1) Спиртке матырылған мақтамен алдымен жоғарғы сыртқы квадранттың үлкен бөлігін, содан кейін инъекция жасайтын жерді өңдейді;

2) Шприцті былай ұстайды: оң қолдың екінші саусағымен поршеньді, бесінші саусағымен иненің канюлясын, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды, поршеннің сабы бос. Шприцті науқастың денесіне тік ұстайды;

3) Инъекция жасайтын жерді сол қолмен тартыңыз;

4) Шприцті теріге тік ұстаған бетте шешімді қимылмен инені канюляға таман Ісм қалтырып, 7-8 см тереңдікке кіргізеді;

5) Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты енгізіңіз. Майлы ерітіндіні енгізер алдында поршеньді тартыңқырап, қан тамырына түспегеніңізге көз жеткізіңіз, тек содан кейін ғана ерітіндіні енгізіңіз;

6) Спиртке матырылған домалақ мактаны теріге басып, тез қимылмен инені шығарыңыз.

Санның бүлшық етіне енгізгенде шприцті сүйек қабығын зақымдамас үшін, жазатын қауырсын сияқты бұрыштап ұстау қажет.

39. Атмосфера мен литосфераны ластаушы заттардан қорғаушараларын сипаттаңыз.

Белгілі бір ортаны да сол жерге тән емес жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфера ауа қабаты. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдардың тұруынан, орман өрттерінен, теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауынан, өлген органзмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты. Атмосфераның ластануы табиғи және антропогенді жағдайда жүруі мүмкін. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әр түрлі ауру қоздыратын бактериалар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады.Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады.

Литосфера жер қабаты. Яғни топырақ жамылғысын қорғау қажет. Топырақ ластануының мынандай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалық қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану.Литосфераның ластануының негізгі көздері:өндірістік өнеркәсіп;коммуналдық шаруашылық;ауыл шаруашылығы,мал шаруашылығы;мұнай өнеркәсібі т.б. Литосфераның құнарлығын бұзушылар:хим.заттар;мұнай төгілуі;топырақ және су эрозиясы;топырақ шөлейттенуі және т.б.Ластанушылардың ролін металдар мен олардың қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тынайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда. Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен оның қосылыстары жатады. Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың бірі - қорғасын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]