Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ шпор каз.doc
Скачиваний:
194
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
326.66 Кб
Скачать

58. Радиациялық барлау құралдарының жұмыс істеу принципін келтіріңіз.

Радиологиялық барлауды жүргізу үшін құтқарушылар арнайы құралдарды ( ДП-5А, ДРГ- 01Т, ДП- 22В) пайдаланады. Арнайы шамаларға радиоактивті сәулелену және қозғалу мен қорғану құралдарының әлсіздену коэффиценті жатады. Өлшеулер әрбір 50-100 м сайын қайталанып отырады. Бұл кезде құрал жер деңгейінен бірдей қашықтықта (10-15) болуы керек. Топырақтың, судың, құрылыстың ластануының дәл деңгейін алу үшін барлаушылар ластану аймағынан тыс жерлерде зерттелетін үлгілер алады. Үлгіні радиация деңгейі ең жоғары жерден алу керек. Әрбір өлшеу нәтижесі, дәл уақыты тіркеу журналына енгізіледі.

Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ құзырына жатады, олар мынаны қамтиды:

• қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу және айдау;

• радиациялық барлау приборларымен ( ДП 5В, ИПД 21 );

• химиялық барлау приборларымен ( ВПХР, ПХР, ХУЗ ) мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен;

• залалсыздандыруды осы құралдарды әзірлікте ұстау;

• радиациялық және химиялық аухалды анықтау мен бағалау;

• радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою;

• халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарларды, азық-түліктің, мал мен өсімдіктердің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру:

Радиациялық қауіпті объекті – ғылыми, шаруашылық немесе қорғаныс объектісі, апаттар немесе бүлінушіліктер кезінде адамдардың, хайуанаттардың, өсімдіктердің жаппай радиациялық зақыдануға ұшырауы және қоршаған ортаның радиоактивті ластануы мүмкін.

Радиациялық апат- радиоактивті өнімдердің тасталуының немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын тиімді пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған апат.

59. Химиялық барлау құралдарының жұмыс істеу принципін келтіріңіз.

Химиялық барлау ауаның, су көздерінің, халық шаруашылығы нысандарының химиялық ластану деңгейін анықтайды. Ол химиялық барлаудың әскери құралдарын және халық шаруашылығы нысандарында индикациялау үшін қолданылатын құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Зақымдану ошағында химиялық бақылау жүргізгенде улы заттар мөлшері әрбір 20-30 м сайын анықталады. Ауа үлгілері улы заттар табылған жерлерден алынады. Химиялық барлау жүргізгенде улы заттар көп жиналуы мүмкін жерлерге ( құдықтар, шахталар, қазандықтар ) аса назар аударылады. Барлау нәтижелеріне байланысты әрбір ғимарат, құрылыс, тұрғын үй үшін ластану картограммасы құрылады. Егер радиация деңгейі жоғары болса, мекен ластанған деп есептеледі. Улағыш заттардың әсеріне ұшыраған аумақ химиялық зақымдау аймағы болып табылады. улы заттар шығаратын, сақтайтын, немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер деп аталады. Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар мынадан болуы мүмкін: қондырғының жұмыс істемеуінен, қызметшілер қатесінен, пайдалану тәртібінің бұзылуынан. Химиялық зақымдану аймағына улы заттар төгілген орынмен улаушы концентрациядағы улы заттары бар бұлт тараған аумақ кіреді. Химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігі менжәне енімен сипатталады. Залалсыздандыру топтары ең алдымен химиялық ластану ошағын оқшаулайды, нысандарға жету жолдарын дегазациялайды, зақымдалған орындардан адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]