Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
314.37 Кб
Скачать

4.Табиғи қауіптер.Боран, Бұрқасын, дауыл,найзағай.Ғарыштыққауіптер.Астероидтар,Метеориттер,аспан денелерінің құлауы.

Табиғи қауіптер дегеніміз-геофизикалық, геологиялық,гидрологиялық,атмосфералық немесе басқа шығу тегі бар кең көлемді қауіпті табиғи құбылыс, не процесс, нәтижесінде адамдардың тіршілігінің күрт бұзылуы, материалдық құндылықтардың бүлінуі және жойылуы.

Табиғи қауіп - бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болатын жағдай.Ерекшелігі: басқаруы, бақылауы қиын. Мысалы: жер сілкінісі,жанартау атқылауы, сел,су тасқыны, қар көшкіні, боран т.б. Боран – күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы

Табиғи қауіптер дегеніміз - табиғатта өздігінен пайда болатын апаттардың түрін айтамыз. Олар ға боран,бұрқасын,дауыл,найзағай т.б. жатады.

ДАУЫЛ – бұл үлкен көлемді, жылдамдығы сағатына 120 метр, ал жерге жақын жерлерде сағатына 200 км ауа құйыны.

БОРАН –ұзақ соғатын, жылдамдығы сағатына 20 сек. өте қатты жел. Әдетте циклон өткенде байқалады, теңізді қатты буырқантып, құрғақта қиратады.

Бұлар сияқты табиғи құбылыстарда адамдар үшін қауіптісі жолдар мен көпір беттерінің, имараттардың, электржеткізгіштер мен байланыс желілерінің, жер үстіндегі құбырлардың бұзылуы, сонымен қатар адамдардың қатты жылдамдықпен ұшып жатқан қираған имараттар, шыны сынықтарынан жарақаттануы болып табылады. Сонымен бірге ғимараттар толық қираған жағдайда адамдардың мерт болуы және жарақат алуы мүмкін. Қарлы және шаңды боран кезінде далалар, жолдар мен елді мекендерді қар басып қалуы, шаңның жиналуы («қара дауыл») және судың лайлануы қауіпті.

Дауыл, боран, құйын кезінде қалай әрекет ету керек

Егер дауыл, боран, құйын сіз ғимаратта болғанда басталса, терезеден аулақ тұрыңыз да, жайдың ішкі жақ қабырғаларының жанында, дәлізде, құрылған шкафтардың қасында, жуынатын бөлмелерде, дәретханада, қойма, мықты шкафтарының жанында, үстелдің астында қауіпсіз орындарға тұрыңыз. Пештегі отты, электр энергиясын өшіріңіз, газ желілерінің шүмектерін жабыңыз.

Қараңғы уақытта фонарьлар мен шамдарды пайдаланыңыз, АҚ және ТЖ басқармалары, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының ақпараттарын есту үшін радиоқабылдағышты қосып қойыңыз, мүмкіндігінше терең паналарда, жерқоймаларда отырыңыз.

Егер дауыл, боран, құйын сіз елді мекеннің көшесінде жүргенде басталса, неғұрлым жеңіл құрылыстар ғимараттар, көпірлер, электр өткізгіш желілер, діңгектер, тоғайлар, өзен, көлдер мен өндіріс обьектілерінен алыс жүріңіз.

Ұшып жатқан шыны сынықтарынан қорғану үшін қаңылтыр, қатты қағаз немесе пластик жәшіктер, тақтай немесе қолда бар кез-келген заттарды пайдаланыңыз. Тезірек елді мекендегі жертөлелерде, жерқоймалар мен радияцияға қарсы паналарда тығылуға тырысыңыз. Зақымдалған ғимараттарға кірмеңіз, себебі қайта соққан желде құлауы мүмкін. Қарлы боранда ғимараттарға тығылыңыз. Егер далада немесе ауыл жолдарында келе жатсаңыз уақ-уақ тазаланып отыратын, және сізге көмек берілу мүмкіндігі бар басты жолға шығыңыз. Шаңды құйын кезінде бетіңізді дәкемен, шытпен, мата қиындысымен, көзіңізді көзілдірікпен жабыңыз.

Бұрқасын — жер бетінің үстінен қардың желмен тасымалдануы. Бұрқасын — өте күрделі табиғи құбылыс. Оны жер бетіне шөккен қар ұлпалары мен бұлттарда пайда болып, бірақ жер бетіне жетпеген қар құрайды. Ұйтқыма Бұрқасын, жаяу Бұрқасын және жалпы Бұрқасын деп бөлінеді.

Бұрқасын қабаты құрамында желмен үрленген кар бөлшектері бар ауаның жер беті кабаты. Үйтқыма және жалпы бұрқасын қабаты жерден бұлттарға дейінгі аралықты, ал жаяу бұрқасын кар бетіндегі ілеспелі, секірмелі, диффузиялық кар бөлшектерін қамтиды.

Бұрқасын қары қар ұлпасының қиыршықтарынан тұратын қар жамылғысы.

Бұрқасын өлшеу өлшемдері бұрқасын өлшеуіштің көмегімен қарлы жел ағынының үлкен шығыны мен бұрқасын ағынындағы қардың шоғырлануын өлшеу.

Жалпы және ұйтқыма бұрқасындар ауа райының циклондық типі жағдайында, ал жаяу бұрқасын антициклондық типі жағдайында көбірек байқалады. Сондықтан олар барлық бұрқасын түрлерінің қайталану дәрежесін анықтайды.

Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс кезінде қалың будақ-жаңбырлы бұлттарда және бұлттар мен жер арасында көп еселі электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп ажыратады. Шептік найзағай атмосфера шебінде, ал масса ішіндегі найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан пайда болады.

Найзағай жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі.

Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты орасты орнатқаштарын орнату қажет. Табиғатқа шығу алдында ауа райы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады.

Ғарыштық қауіптерге аспан денелерінің қулауы жатады. Ондай аспан денелеріне астероидтар,метеориттер т.б жатады.  Кризистік кезеңдерде осы бұлттардан комета ядролары мен астероидтар бөлініп шығып, олардың кейбіреулері Жерге немесе басқа планеталарға құлап түскен. Соңғы 600 млн жылда Жерге 1500 дей астероидтар құлаған. Сондықтан Жердің үлкен аспан денелерімен соқтығуы миллион жылда 3 рет қана кездесуі мүмкін. Жерге өте үлкен аспан денелерінің құлауы (кратер түзілуінен), нәтижесінде климат пен экологиялық жағдайлардың кенеттен күрт өзгеруі болады. Астероидтар Жер бетіне құлағанда атмосфераға шаң көтеріліп қана қоймай, бұнымен бірге Жердің тектогенезі, яғни рифтогенез, вулкандар атқылау, жер сілкіну, геомагниттік өрістің инверсиясы, т.б. құбылыстар байқалады.

Метеорит құлаған кезде халықтың іс-әректтері

Метеориттердің көпшілігі мұхиттар мен теңіздерге батады, далалар мен ормандарда, таулар мен шөлейттерде жоғалады, мұздар мен тундрада түскен метеориттерді табу қиын. Сондықтан жарық болидтің ұшуын көрген, метеоридтің құлауының куәсі болған немесе ертеде құлаған метеоритті тапқан әрбір адам бұл жайлы хабар беруі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]