Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
314.37 Кб
Скачать

21.Жер сілкінісі кезінде үйде (пəтерде), ғимараттардағы қауіпсіз жерлер. Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс-əрекеті.

Жер сілкінісі-жер қыртысының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, алыс қашықтыққа таралатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелісі. Жер сілкінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмотөзімділік дәрежесін білуге тиіс. Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы кауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн. Жер сілкінісі бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.Жер сілкінісі кезінде үйде (пәтерде), ғимараттардағы қауіпсіз жерлер:тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары,каркас бағанасы,есік жақтауының ортасы,мықты үстел,белағаш өтетін жерлер табылады.Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабрасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады.Жер сілкінісі кезінде құлаған ғимараттардың астында қалған болсаңыз, ең бастысы сабырлылық сақтаңыз.Дауыс шығарыңыз, сырттағылар сіздің тірі екеніңізді білулері керек.Үстіңізге түскен бөлшектер ауыр болған жағдайда өзіңіз шығуға ұмтылмаңыз, ал егер аз мөлшердегі үйінділер астында қалсаңыз шығуға тырысып көріңіз.Шамаңыз келмесе сырттан келетін көмекті күтіңіз.Жер сілкінісі кезінде ғимараттар немесе үйлер өзінің сеисмикалық жағынан төмен баллға ғана жарауының нәтижесінде олар құлауға және қирауға кеп тіреледі, оның салдарынан халыққа да орасан зор зиян тиеді сонымен қатар мемлекет жанама шығындарға ұшырайтыны анық. Ғимараттардың құлау және қирауы адамдардың қираған үйінділердің астында қалып кетуіне әкеп соқтырады.Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс әрекеті:*сабыр сақтаңыз, үрей туғызбаңыз;*адамдарды көмекке шақырыңыз;*алғашқы көмек келгенше, өзіңіз әрекет жасап, жеңіл үйінділердің астынан шығып кетуге тырысыңыз;*егер денеңізді ауыр зат басып қалса, көмек келгенше еш әрекет жасамаңыз;*денеңізге зақым келмеуінен және қанның жүрмей қалуынан сақтаныңыз.Аталған әрекеттер барысында төтенше жаңдай қызметкерлердің алатын орны зор. Олар тез арада келіп, халыққа қорғау әрекеттерін қолданса, халықтың ондай жағдайларда аман қалуы әбден мүмкін болар еді.

22. Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-əрекеті.

Жер сілкінісі-жер қыртысының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, алыс қашықтыққа таралатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелісі.Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағы шеткі бөлмелер,лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады. Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын , ішкі және сыртқы ойықтарын аса қажетсіз дүние мүлікпен ыбырсытпау керек. Бірініші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады. Ғимараттардың жоғарғы қабаттындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен жауып,дүмпу салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, қабырға жалаң болса оны айналып кеткен жөн. Жеке үйдің иелері қажетті жағжайда оны сеймолық тұрғыдан күшейтуі қажет. Ұйымның бүкіл қызметкелері ғиматтардың сейсмо төзімділік дәрежесін білу қажет. Бүкіл құрлымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы қауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн. Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс әрекеттер баяндалған жаднама буклетерді оқуға тиіс.Жер сілкінісіне дайындық:1)жер сілкінісі кезінде сіз ғимараттан шыққыныз келсе, уақыттың аз екенін ескеріп, алдын ала қысқа жолды таңдаңыз.2)үшінші және одан жоғары қабатта ең жақсысы дүмпудің аяқталуын күтіп,салыстырмалы қауіпсіз орнында қалу. Бұл есіктің ойығы, ішкі қабырғалар арасындағы бұрыш, каркас бағанасының, үстелдің, партаның астында отыру.3)шкафты, сөрені, суырмаларды қабырғаға, еденге мықтап бекітініз. Кереуетті терезе жанына қоймау қажет. Сөрелерді кереуеттің, есіктің, плитаның астына қоймаңыз.4)дәліз, отетін жерді баспалдақ торларын, есік ойығын жиһазбен және мүлікпен жаппаңыз.5)пәтерде, үйге кіре берісте электрді, газды және суды ажырату керек.6)алғашқы медициналық жәрдемді қабылдау тәсілін үйреніңіз. Қауіпті заттарды оларды сынбайтын немесе шашылмайтын сенімді жерге тығыныз.7)құжаттарды белгілі бір орынға сақтаңыз. Артық киім, аяқ киім,шам,кішкентай балта,қобдиша,май шам,сіріңке,тамақ салынған жол қапшығын пәтерден шыға беріс жерде ұстаңыз.Жер сілкінісі қаупі жағдайында электр дабылдар, өндірістік гудоктар мен басқа хабарлау құралдары қосылады, осы дабыл бойынша радио мен теледидарды қосып, төтенше жағдай туралы хабарды мұқият тыңдап, және жергілікті биліктің , төтенше жағдай жөніндегі басқару органдарының нұсқауын нақты орындау қажет. Егер сіз үйде болсаңыз:Өрт сөндіргішті тексеріңіз, жуынатын бөлмеден су мен шелекті алыңыз;Өзіңізді қорғауға қабілетті киім мен аяқ киімді киініз, пәтерде газды , су мен электрді ажыратып, пешті өшіріңіз;Өзіңізбен бірге алдын ала даярланған заттар, құжаттар салынған жол қапшығын ал, көршілерге хабарлаңыз, жалғыз бастыларға, ауру адамдарға көмектесіңіз, ғимараттан шығып, арнайы жиналған орынға барыңыз, алдағы нұсқауларды күтіңіз.Егер сіз көпшілік орындарда болсаңыз:Сабыр сақтаңыз, үрей туғызбаңыз, шығуға асықпаңыз, адамдардың жолына кедергі жасамаңыз, аурулар мен мүгедектерге көмектесіңіз;Әкімшілік нұсқауларын орындаңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]