Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
314.37 Кб
Скачать

26.Секталар жөнінде түсінік,олардың түрлері.Секталардың адамдарды өзіне тартуы,ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары

Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері. Секта дегеніміз дәстүрлі діннен бөлінген және оған қарама қайшылықта болатын діни ағым.Біздің елімізде әртүрлі секталар көбейіп бара жатыр. Олар Иегова куәгерлері,Протесттанттар Сопылар, Кришнаиттер, Ваххабистер т.бОлар заңсыз өрескел әректтер жасап халықтың басын улайды. Отбасына іріткі салып,шаңырақты шайқалтады.Әсіресе Иегова куәгерлері үйлерді аралап,пәтерлерді жағалап,өз қатарына адамдарды күшпен немесе алдап арбап,тартып еріксіз кіргізеді.Оларға тыйым салуға біздің құқығымызда,мүмкіндігімізде жоқ.Сектаға түскен адамдар үйінен безеді, тамақ аз ішеді,аз ұйықтайды,ақша талап етеді не ұрлайды, тұйық не ашушаң болады, психологиясы өзгереді,балаларымен,ата анасымен қарым қатынасын үзеді.Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары. Cектаға баулу жолдары:көшеде кетіп бара жатқанда тоқтатып алып дін жөнінде әңгімелесу,кітапшалар ұсыну,үйге немесе пәтерге іздеп келу,тесттен өтуді ұсыну,дәрістерге шақыру,психотопты дәрілер қолдануі,қорқыту және т.б.Сектаға кірегн адамды оның ықпалынан құтқару өте қиын.Оны аз уақыт ішінде оның ықпалынан құтқару мүмкін емес.Сектаға кірген адам басқа адамның сөзіне құлақ аспайды өз ісін дұрыс деп ойлайды.Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін әртүрлі қаптап кеткен ағымдарға заңмен тыйым салу керек,жас балаларға сектаның зияны туралы,ол туралы дәрістер оқу керек.Ал сектаға кірген жағдайда психологтардың көмегіне сүйеніп емделу қажет.

27.Ланкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстауы «Лаңкестік» гректің «террор» сөзінен шыққан, «урейлі,қорқынышты» деген мағынаны білдіреді.Бұл атауды ең алғаш рет Аристотель қолданған. «Террор» сөзі өз мақсатына жету үшін еш нарседен тайынбай зорлықпен үкімін жүргізуді көздеген саяси күрес деген мағынада түсіндіріледі.Терроризм –идеологиялық және күш қолдану арқылы жүргізілетін саяси күрес.Оның негізгі мәні-үрей мен күш көрсету.Яғни террорды жүйелі түрде қолдануға негізделген саясат.Лаңкестіктің екі түрі болады:жекелеген және топтық(ұйымдасқан).Жекелеген терроризм –бір екі адам арқылы іске асса, топтық терроризмде белгілі бір ұйымдардың жоспарымен жүзеге асырылады.(Әл-Каида, эсерлер,мемлекеттік лаңкестік және т.б.)Терроризм өз мақсатына қарай ұлттық және діни түрлері көп айтылады.Ұлттық лаңкестік ұлт-азаттық сипатта көрініс береді.Ал діни лаңкестік дінаралық қақтығыстар немес дінішілік жанжалдар кезінде қолданылады.Қазіргі уақытта террорлық әрекеттер кезінде жарылғыш заттар көп қолданылып жүр.Сонымен қатар мемлекеттік терроризм деген термин бар.Мұндай жағдайда халыққа,азаматтарға қарсы аяусыз күш қолданылады. Саяси экстремизм дегеніміз- қандай да бір саяси әрекеттер мен көзқарастардың шарықтау шегі. Тұтқындардың өзін-өзі ұстауы:* артық назарға ілігпес үшін тұтқындаушылардың көзіне тік қарамаңыз және шұғыл шара жасамаңыз;*тұтқынға алудың алғашқы минуттарында ғана қашуды ұйымдастыруға болады, себебі айналада әлі байбалам (паника) орнып тұрады;* егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз және шынымен де ауру болсаңыз сіздің алдын ала босану мүмкіндіктеріңіз әлдеқайда жоғары. Құсу мен астмалық ұстаманы қоздыруға тырысыңыз, бірақ тым артық кетіп қалмаңыз. Симмулянттарды бірінші кезекте атып тастайды;* егер сіз озіңізді тұтқындаушымен қарым-қатынасқа түскен болсаңыз, онда сыпайы болуға тырысыңыз, бұл тұтқындалушының бірінші міндеті;* егер сізді авиа ұшу кезінде тұтқынға алған болса, ең қолайлы орын ол самолеттің құйрығы;* егер сізді бомбаға орап тастаған болса онда сәтін тауып арнайы бөлімге хабарлау керек;* тұтқындау кезінде сіздің қожайыныңыз сізді тұтқынға алған адам, сондықтан дәретханаға шығуға, тамақ ішуге,

тіпті отырып тұруға да рұқсат сұрау керек;* тұтқынға түскен кезде қарсыласпаңыз және күйгелектенбеңіз. Күйгелектік жұқпалы нәрсе, ал күйгелек террорист сіз үшін өте қауіпті, ол сізді тұтқындарды босатқанға дейін тірі қалдырмауы мүмкін.Гиперлаңкестік-арнайы хакерлер тәсілдері бойынша компьютер басқару жүйесін иеленіп алу,комп.вирустары арқылы интернет жүйесін істен шығару.Биолаңкестік- биологиялық ұнтақ,вирус,микробактериялық қоспаларды пайдалана отырып,лаңкестік әрекет жасау.Химиялық лаңкестік-уланушы және тұншықтырғыш газдарды пайдалану арқылы әрекет жасау.

28.Компьютерді қолданғандағы қауіп және одан қорғанушаралары..Дене сымбаты бұзылады.соның салдарынан скалиоз ауруы қалыптасады;Көздің көру,құлақтың есту қабілеттері төмендейді;Саусақ ұштарына пернетақтадан электрленген сәулелер әсер етіп, қолдың буындары ауыра бастайды;Компьютер алдында ұзақ отырудан бел омыртқаға көп күш түседі де, омыртқа дискілері қалыптасқан үлгіден өзгеріске ұшырайды;Жүйке жүйесінің бұзылуына да әсер етеді.Қорғану шаралары.Компьют. орналасқан бөлме әр адамға 19м3бөлінетіндей аумақты қамтуы керек.Шү деңгейі 50дБа-дан жоғары болмау қажет,ал тербелісті азайту үшін компьютерлерді арнайы фундаменттерге орналастырады.Компьютермен жұмыс істейтін оператордың жұмыс орны мынадай тәртіпте орналастыруы қажет:-Стол мен пернетақатаның биіктігі 62-88см,ал жерге қарағанда экранның биіктігі 90-128см;-Экраннан стол шегіне дейін арақашықтық 40-115см;-Экран еңісі-15-тан +20-қа дейін болуы шарт.

Компьютермен жұмыс істеу кезінде шығатын зиянды факторлар. Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн.Компьютердің мониторындағы кескіндер адамның көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Компьютерлендірудің алғашқы жылдарында ("компьютер -көрермен синдромы" (CVS-Computer Vision Syndrome) дисплейлердiң қолданушыларында ерекше шаршау байқалған. Оның себептерi бiрнешеу: дисплейдегi сурет бақылау объектілерiнiң үйреншiктi көздерiнен принциптi айырмашылығы бар дискреттi нүктелерден тұрады; оның нақтылы жиiлiгi бар, бұл нүктелер жылтылдап, яғни, жана бастайды да, өшедi; компъютердің түрлi- түстi суреті табиғи түстерге сәйкес келмейдi. Компьютермен жұмыс жасаудың пайдалы жағымен қоса зияды жақтарына да тоқталып көрелік. Компьютерде жұмыс істейтін адамдардың денсаулық жағдайына теріс ықпал ететін негізгі факторлар: • компьютер алдында өте ұзақ уақыт отыру; • монитордың электромагнитті сәулеленуінің әсері; • көзге салмақ түсуі, • шаршау; • білезіктердің буындарына шамадан тыс салмақ түсуі; • мәлімет жоғалтуына орай стресс жағдайы. Адам компьютерде босаң қалыпта отырады, ол денесінің қандай тұрғыда қисайғанына мән бере бермейді. Бұл ағзаға кері әсер етеді; омыртқа, мойын, бастың бұлшық етi, қол және иықтарға артық салмақ түскендіктен балаларда-сколиоз, остехондроз аурулары пайда болады. Көздер мәтiн немесе суреттiң майда дiрiлдеулерiн, перденiң жылтырауын тез тiркейдi. Көз шамадан тыс салмақ әсерінен көру қабілетін жоғалтады. Кiлегейленген түстi сәтсiз таңдап алу, шрифттер, терезелердiң құрастырылымы, перденiң терiс орналастырылуы көзге теріс әсерін тигізеді. Микрожарақаттану - бұл күн сайынғы салмақ түсу нәтижесінде организмнің бiртiндеп тозуы. Организмде көп жиналған микрожарақаттанулар болады. Ол қол немесе аяқтың сынуы сияқты кенеттен пайда болмайды. Сiз ауруды сезінбес бұрын, бiрнеше айлар өтеді. Ауру әртүрлi сезiледі : ішкі ағзаның қыжылдауы, шаншу түрінде сезіледі.

Компьютермен жұмыс жасау барысында оның зияндылығынан сақтанудың бірден бір жолы жұмыс үстелі басында дұрыс отыру және жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуында болып табылады. Егер біз әрбір екінші адамның үйінде компьютер барын ескеретін болсақ, ол балалардың болашағы қалай болады деп еріксіз ойланасыз.Қорыта келе айтар болсақ, компьютер ,әрине, адам өмірінде өте пайдалы, қажетті құрал. Қазіргі таңда компьютерсіз қоғамды елестетіп көру де мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің пайдасына қоса зияны да бар. 1. Дене сымбаты бұзылады, соның салдарынан скалиоз ауруы қалыптасады; 2. Көздің көру , құлақтың есту қабілеттері төмендейді; 3. Саусақ ұштарына пернетақтадан электрленген сәулелер әсер етіп, қолдың буындары ауыра бастайды. 4. Компьютер алдында ұзақ отырудан бел омыртқаға көп күш түседі де, омыртқа дискілері қалыптасқан үлгіден өзгеріске ұшырайды. 5. Жүйке жүйесінің бұзылуына да әсер етеді. Сондықтан да, компьютермен жұмыс жасауға отырмас бұрын мына кеңестерді басшылыққа алып жүруді ұсынамын.

29.Ұялы телефонның ағзаға ісері және қауіпсіздік шаралары.Ұялы телефондар тек ми қыртысына емес,басқа да ішкі органдарға зиянды,кейде қауіпті әсерін тигізеді.Ұялы телефон қолданған кезде ұмытылмауы керек ұсыныстар:-Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесу керек.-Аяғы жүкті әйелдер ұялы телефон қолданбауы керек, үйде ұялы телефон жабық ұсталуы қажет. -Телефон сатып алған кезде SAR көрсеткіші барлары таңдалуы керек. -Ұялы телефонмен сөйлескен кезде балалардан алыс жерде болу керек. Қалта телефонын пайдаланған кезде одан бөлінетін электромагниттік өріс тұтынушының миына әсер ететіні анықталған. Қалта телефондарындағы қауіпсіздік стандарттары ересектер үшін жасалған, олар бала ағзасының ерекшеліктерін ескермейді.Қалта телефондарын пайдалану балаларда мидың ісігіне соқтыруы мүмкін.Сондықтан жас балалардың қалта телефонымен ойнап, музыка тыңдауына жол бермеу керек. Балаларды мейлінше зиянды нәрседен аулақ ұстаған жөн. Қорғау шаралары радиожиілік диапазондардың электромагниттік өрісінің қоршаған ортаның жай-күйіне әсерін шекті жол беруге болатын-деңгейлердің нормативтерін анықтау мақсатында зерттеу және биологиялық қауіпті және санитарлық қорғау аймағын есептеу әдістемелерін әзірлеу.

30.ТЖ кезінде қолданылатын жеке бас қорғаныс құралдары.Жеке қорғаныс құралдары тыныс алу органдарын, көзді және аэрозольдерден, сондай ақ радиоактивті шаңның аурутудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғайды, олар тыныс алу органдарының қорғау және теріні қорғау құралдары болып теріледі.Тыныс алу органдарын қорғау құралдары: газ қағарларлар, расператорлар, мақта мата таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар, сондай ақ оқшаулағыш газ қағарлары жатады.

Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері:Ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш жұтқыш қорапқа түседі, сонда тазаланған соң үстіңгі бөліктің бөліктің астына және тыныс алу органына түседі ауаны қорапшаны айнала өтіп үстіңгі бөліктен үрленген кезде сыртқы шығады.

Бумен газды жұту адсорбция, хемосорбция және катализ арқылы, ал түтін туманды (аэрозольді) жұту түзу арқылы жүргізеді.

  • Абсорбция – адсорбент деп аталатын қатты денені үстіндегі газ бен буды жұту. Сүзгілік газ қағарларда активтелген (агаш) көмір адсорбент болып табылады.

  • Хемособрция – УЗ, ҚӘУЗ–дің олардың өңдеу процесінде активтелген көмірге жағылатын химиялық белсенді заттармен ықпалдасуы есебінен жұтылуы.

  • Катализ – катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгерісі. Катализатор ретінде мыс, күміс және хром тотығы пайдаланылады.

Түтін мен тұманды сүзгілеу қалыңтырды құрайтын талшықты материалдың әзірленген түтіннен қорғайтын сүзгімен жүргізіледі. Халықты қорғау үшін ГП-5(ГП -5M), ГП-7(ГП-7B, ГП-7BM) газ қағары қолданылады.

  • ГП -5 Газқағары адманың тыныс алу органдары, көзін және бетін радиоактивтік, улағыш қатты әсер ететін заттардан қорғауға арналған. Ол сүзгілік жұтқыш қорапшамен алдыңғы беттен (шлем, маска) тұрады. ГП-5M газқағарының жиынына сөйлесу қондырғысына арналған мембраналы қорашасы бар шлем маска кіреді.

  • ГП-7 газқағары ең соңғы ең жаңа үлгілердің бірі. Газқағардың алдыңғы бетін үш өлшеммен әзірлейді. ГП-7- ні ГП-5 салыстырғанда пайдалану және физиологиялық көрсеткіштері бойынша бірқатар артықшылықтары бар.

  • Жеке бас қорғаныс құралдары:

Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.

Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды,

Теріні қорғайтын құралдар

Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемднлген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді. Егер қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады.

Медициналық қорғаныс құралдары

Медициналық қорғаныс құрардары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады. Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін радиоактивті заттарға қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар. Антидоттар деп улы заттарды адам организмінен жоюға арналған препараттарлы айтады. Антибактериялдық құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады. Жартылай санитарлық тазалау құралдарына ИПП-8 пакеті, АИ-2 жеке аптечкалары жатады.

Жеке аптечка

Жарақат және күйік кезінде, улы заттарды, бактериялық заттарды жеке ионды сәулені әлсірету және алдын алу үшін, өзара және өзіне көмек көрсету, антидот препараттары және радиопротекторлар бар.

Жеке аптечка бірнеше ұялардан тұрады:

1–ші ұяда – ауруды басатын заты бар шприц-тюбик орналасқан. Ол қатты жарақат алғанда, сүйек сынғанда және күйгенде колданады. Оны пайдаланғанда сол колымен бұдыр дөңгелегінен ұстайды да тюбиктің денесінен оң қолысен ұстап сағат тіліне қарай айналдырады. Сосын инені жауып тұрған қалпағын алып, шприц-тюбикті жоғары қаратып, ине ұшына тамшы пайда болғанша ауаны шығарады. Сосын инеге қол тигізбей, санның жоғары жағынан егеді. Жедел жағдайда киімнің сыртынан да егуге болады.

2-ші ұяда - фосфорорганикалық улы заттармен улануды әлсірететін және алдын алатын зат – торен (6 дана) таблеткасы дөңгелек қызыл түсті пеналда орналасқан. Оны «Химиялық кауіп» белгісі берілгенде 1 таблеткадан қабылдайды. Улану белгісі күштірек болса, таблетканың тағы 1 данасын қабылдайды. Келесі қайталап қабылдау 5-6 сағаттан кейін болады.

3-ші ұяды – түссіз үлкен пеналда N2 бактерияға қарсы қолданылатын зат – сульфадимотксин (15 таблеткасы) орналасқан. Оны сәуле алғаннан кейін азқан-ішек қызметі бұзылуы пайда болғанда 7 таблеткасын ішеді, кейінен 2 тәулікте 4 таблеткадан қабылдайды.

4-ші ұяда – алқызыл түсті, сегізқырлы 2 пеналда, әр қайсысында 6 таблеткадан N7 радиоактивтіуланудан қорғайтын зат – цистамин орналасқан. Оны сәле алу қаупінде 6 таблеткадан бір қабылдайды және тағы сәуле қауіпі төнгенде6 таблеткасын 4-5 сағаттан кейін қабылдайды.

5-ші ұяда – түссіз төрт қырлы 2 пеналда, әр қайсысы 5 таблеткадан тұратын N4 бактерияға қарсы қолданатын зат тетракциклин гидрохлориді орналасқан. Оны бактериялық улану және қауіп төнгенде, жарақат және күйік алғанда пайдаланады. Алдымен 5 таблетканы су ішумен бірге қабылдайды. Сосын 6 сағаттан кеиін 5 таблетка қабылдайды.

6-ші ұяда – ақ түсті төрт қырлы пеналда N2 радтоактивті уланудан қорғайтын зат калий иодиді 10 таблетка) орналасқан. Оны радиоактивті заттар түскенде күніне 1 таблеткадан 10 күн қабылдайды. Ең алдымен балаларға 1 таблеткадан береді.

7-ші ұяда – көгілдір түсті дөңгелек пеналда құсуға қарсы қолданатын зат этаперазин 5 таблетка) орналасқан. Оны сіуле алғаннан кеиін тез арада және бас жарақатынан кейін лоқсу пайда болғанда 1 таблеткадан қабылдайды.

Жеке химиялық пакет дененің ашық бөліктеріне және киімге түскен тамшы – сұйық улы заттарды залалсыздандыру үшін қолданады.

Комплектегі бұранды қақпаға жеке дегазды ертіндісі бар флакон және 4 мақталы-дәкелі тампондар кіреді.

Тамшы сұйық улы заттар дененің ашық бөліктеріне және киімге түскенде тампондарды флакондағы сұйыққа малып, ластанған дене бөліктерін және киімді сүртеді. Егер жеке химиялық пакет болмаса, тампон ретінде кәдімгі мақта мендәкені қолдануға, ал дегазды ертіндіні қолдан дайындауға болады. Бірдей мөлшердегі 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 3% сілтіті натрий ертіндісінің қоспасын немесе 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 150 г. конторлық силикатты желімнің қоспасын қолдануға болады.

Жеке таңба пакеті

Жеке таңба пакетінің ұзындығы 7 м., ені 10 см. дәке-бинттен және ұзындығы 17,5 см, ені 32 см мақта-дәкелі жастықшалардан тұрады. Жастықшаның біреуі дәке-бинттің басына қозғалмайтындай етіп бекітілген, екіншісі қозғалмалы, оны бинттің бойымен қозғалтуға болады.

31.ТЖ кезінде қолданылатын ұжымдық қорғану құралдары. Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсірлдерінің бірі бұл оларды ұжымдық құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарын жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радияциялардан қорғау орындары(РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панаханa толқын соққысынан,жарық сәулесінен, өткіш радияциялардан және радиоактивті зақымданудан ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттар(УЗ), бактериалық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ)ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар панаханадығы адамдар жоғары температурамен өрт жағдайндағы азық түліктің жануына, құлаған ғимараттың бөлшектерінің зақымдауынан қорғана алады.

Өндіріс күштерін осы заманғы зақымдау құралдарынан, зілзаладан, радияциялық және химиялық қауіпті обьектілердегі авариялардан қорғау маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Өткен уақыттағыдай, қазір де осы міндетті шешу жолдарының бірі елді мекендерде адамдарды паналатуға араналған қорғаныс ғимараттарының әр түрлі үлгілерін жасау болып табылады.

Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.

Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша уақытта жылдам салынуға және қауіп төнген кезде жылдам тұрғызылуға тиіс.Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) дер кезінде салынған панаханадардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс обьектілерінде салынады олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы 50-200 адам.Қазіргі қалаларда панахана ретінде ыңғайластыруға болатын сан алуан жер асты ғимараттары бар: метро, көлік немесе жүргіншілер өткенділері, жерасты көлікжайы, кафе, кино. Өнеркәсіп объектілерінде адамдар өндірістік корпустары арасындағы жалғағыш тоннель.Pадиациядан қорғайтын орын( РҚО) ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималыдғы өте төмен шағын қалалардағы, сондай ақ ірі қалаларда ауылды жерлерге көшіріп қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]