Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ПО на каз..doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
06.11.2018
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Тақырып 5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты - азаматтық, қылмыстық және басқа да iстер бойынша республиканың жоғарғы сот органы.

  2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот туралы заңнаманың дамуының негiзгi кезеңдерi.

  3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соттың құрамы, құрылымы мен құзiретi.

  4. Жоғарғы Соттың сот алқалары, оның құрамы, құрылу тәртiбi, өкiлеттiгi.

  5. Жоғарғы Соттың қадағалау алқасы, оның құрамы, құрылу тәртiбi, өкiлеттiгi.

  6. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы, оның құрамы, құрылу тәртiбi.

  7. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының нормативтiк қаулылары, оның құқықтық табиғаты мен маңызы.

  8. Жоғарғы Сот төрағасы, оның өкiлеттiгi.

  9. Жоғарғы Сот аппараты.

  10. Республикалық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасы. Құрылу тәртiбi, құрамы мен

өкiлеттiгi.

  1. Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми-консультациялық және басқада

органдар.

  1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот жанындағы сот әкiмшiлiгi

комитетi.

Тапсырмалар: мына тақырыптар бойынша рефераттар жазу:

    1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қалыптасуы мен даму тарихы.

    2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты еліміздегі ең жоғары сот буыны.

    3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты қарайтын істердің соттылығы.

    4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы.

    5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының органдары.

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыптарға семинар сұрақтарына дайындалу барысында алдымен ҚР-сы Жоғарғы сотының қалыптасу мәселелеріне тоқталып, одан кейін барып оның қазіргі кездегі жағдайын талдау қажет. ҚР-сы Жоғарғы соты туралы мәліметтерді зерделеу кезінде оның органдарына мұқият көңіл бөлуді талап етеді.

Тақырып 6. Қазақстан Республикасының судьялардың құқықтық мәртебесi. Сот пен судьялардың қызметтерін қамтамасыз ету

Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының судьялардың мәртебесi, заңмен реттелуi.

  2. Судьялар тәуелсiздiгiнiң кепiлдіктері.

  3. Судьяларға қойылатын талаптар.

  4. Судьяларға өкiлеттiктер бөлу тәртiбi.

  5. Судьяларды лауазымынан босату және өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбi.

  6. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгi, оның егiздерi.

  7. Тәртiптiк iстердi қарау органдары және олармен қабылдаатын шешiмдер.

  8. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот кеңесi, оның құрамы, құрылу тәртiбi мен құзыретi.

  9. Әдiлет бiлiктiк алқасы, оның құрамы, құрылу тәртiбi мен құзыретi.

  10. Судьялардың қауымдастығы, оның органдары.

  11. Судьяларды материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету.

  12. Сот қызметiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Тапсырмалар: Мына мақаланы конспектілеу: М.С. Нәрікбаевтың “ Судебная система Республики Казахстан: опыт и перспективы // Тура би. – 1999. -№5. 3-бет”

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл семинар сабағының тақырыбына дайындалу барысында аса көңіл бөлуді талап ететін жәйіт, ол осы саланы реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнын талдау қажет. Себебі, осындай күрделі қызметтерді жүзеге асыруда аталған заңдардың маңызы арта түседі.

Тақырып 7. Қазақстан Республикасының Прокуратурасының қызметi мен ұйымдастырылуы

Сұрақтар:

  1. Прокуратура - Қазақстан Республикасының жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын орган. Прокурорлық қадағалау қызметiнiң мақсаттары мен негiзгi бағыттары.

  2. Прокуратура қызметi мен ұйымдастырудың принциптерi.

  3. Прокуратураның құрылу кезеңдерi.

  4. Прокуратура органдарының жүйесі.

  5. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, оны лауазымға тағайындау және босату тәртiбi мен өкiлеттiгi.

  6. Облыс прокуратурасы мен оған теңестiрiлген прокуратура. Құрамы, құрылымы, құзыретi.

  7. Аудандық прокуратура мен оған теңестiрiлген прокуратура, оның құрамы, құрылымы, құзыретi.

  8. Әскери прокуратура, органдар жүйесi, мiндеттерi мен өкiлеттiктерi.

  9. Прокурор лауазымына тағайындалатын тұлғаларға қойылатын талаптар.

  10. Прокуратура органдары қызметiннiң негiзгi бағыттары.

  11. Прокурорлық қадағалау актiлерi, жүйесi.

  12. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн сақтауды қадағалау.

  13. Сотта мемлекет мүддесін білдіру.

  14. Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау жүргiзу.

Тапсырмалар: Келесі тақырыптарға баяндама жасау:

    1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қалыптасуы мен даму тарихы.

    2. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі орны мен маңызы.

    3. Прокурорлық қадағалаудың мәні мен маңызы.

    4. Мамандандырылған прокуратуралар.

    5. Прокурорлық қадағалау актілері, оның түсінігі мен түрлері.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағына дайындалу барысында прокуратура органдары туралы еңбектер жазған ғалымдардың өзіндік көзқарастарын саралап, оларға талдау жасаған жөн.