Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ПО на каз..doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
06.11.2018
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Тапсырма 7. Қр-ндағы сот билігінің ұғымы мен маңызы

  1. Сот билігі мемлекеттік биліктердің бір тармағы ретінде.

  2. Сот билігінің мемлекеттік биліктердің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарымен ара қатынасы мен байланысы.

  3. Сот билігінің түсінігі мен маңызы.

  4. Сот билігінің белгілері.

  5. ҚР-нда сот билігін одан әрі жетілдіру жөніндегі концепциялар.

Әдістемелік ұсыныстар:

ҚР-нда мемлекеттік билігі үш тармаққа бөлінетіндігін білеміз. Олардың ішінде сот билігінің маңызы зор. Сондықтан, сот билігін зерттемес бұрын алдымен заң шығарушы мен атқарушы биліктердің мән жайын түсініп, одан кейін аталған биліктердің сот билігімен қандай жағдайларда байланысатындығын анықтау қажет. Сот билігінің мазмұны күрделі сипатта орныққандықтан, студенттер оның өзіндік түсінігі мен белгілері бар, демек соларды дұрыс түсіну тиіс. Сот билігі елімізде толық қалыптасқан деп айту ертерек, сондықтан сот билігін одан әрі жетілдіру жөнінде мәселелерді анықтау қажет. Пайдаланылатын әдебиетер тізімі лекцияның №1,2,3 тақырыптарында берілген.

Сұрақтар:

  1. ҚР-нда сот билігінің қалыптасу тарихы.

  2. Сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарымен өзара қызмет жасау ерекшеліктері қандай.

  3. Сот билігі мен сот төрелігінің ара қатынастары қандай.

  4. ҚР-сы сот билігінің қазіргі уақыттағы мәселелері қандай.

Тапсырма 8. ҚР-сы судьяларын тәртіптік жауапкершілікке тарту ерекшеліктері

  1. Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартудың негіздері.

  2. Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртіптері.

  3. Судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғауға өкілетті лауазымды тұлғалар.

  4. Судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қарайтын органдар.

  5. Судьяларға қатысты берілетін тәртіптік шаралар.

  6. Судьяның тәуелсіздігі мен судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту.

Әдістемелік ұсыныстар:

ҚР-нда судьялар заңмен қорғалады. Судьялардың қызметтеріне араласуы мен ықпал жасау әрекеттері заңмен қудаланады. Ал, судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелері заңмен қатаң реттеледі. Себебі, ешкімде өз еркімен судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарта алмауы тиіс. Сондықтан, судьяларды заңмен белгіленген тәртіптермен тәртіптік жауапкершілікке тарту бұл судьялардың қызметтеріне араласпауының бір кепілі ретінде қарастырып отыру қажет. Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту заңмен қатаң жүргізілуі үшін оны тек тәртіпті іс жүргізуді қозғауға өкілетті лауазымды тұлғалар ғана жүзеге асыра алады. Студенттер өзі мәселені қарастыруда әсіресе, судьяның тәуелсіздігі мен судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жағдайына аса көңіл бөлу керек. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі лекцияның 7 тақырыбында берілген.

Сұрақтар:

  1. Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту қызметтері қандай құқықтық актілермен реттеледі.

  2. Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту кезінде туындалатын мәселелер қандай.

  3. Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартудың қажеттілігі неден көрінеді.

  4. Судьялардың тәртіпті бұзуға әсер ететін мән жайлар қандай.

  5. Судьялардың тәртіпті бұзуды болдырғызбауға бағытталған жағдайларды атап шығыңыз.

Тапсырма 9. ҚР-ндағы мамандандырылған прокуратуралардың қызметтері мен міндеттері

  1. Мамандандырылған прокуратура органдарының жалпы прокуратура органдарының жүйесінде алатын орны мен маңызы.

  2. ҚР-ндағы мамандандырылған прокуратуралардың жүйесі.

  3. Әскери прокуратура, оның қызметтері, міндеттері, өкілеттіктері мен жүйесі.

  4. Көлік прокуратурасы, оның қызметтері, міндеттері, өкілеттіктері, мен жүйесі.

  5. Табиғат қорғау прокуратуралары, оның қызметтері, міндеттері, өкілеттіктері мен жүйесі.

  6. Арнайы объектілеріндегі прокуратуралар, олардың қызметтері, міндеттері, өкілеттіктері мен жүйесі.

  7. ҚР-нда мамандандырылған прокуратураларды одан әрі жетілдіру мәселелері.

Әдістемелік ұсыныстар:

Прокуратура органдары ҚР-нда заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауына үлкен қызмет атқарып келеді. Бұл бағытта мамандандырылған прокуратуралар да өзіндік үлесін қосып отыр. Сондықтан, мамандандырылған прокуратуралардың қызметтерін, міндеттерін, өкілеттіктерін дұрыс түсіну маңызы өте жоғары. ҚР-нда бірқатар мамандандырылған прокуратуралар бар, студенттер олардың қызметтерінің, жүйесінің, өкілеттіктерінің айырмашылықтарын білуі қажет және оларға қатты көңіл бөлуі дұрыс жағдай.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі лекцияның №11 тақырыбында берілген.

Сұрақтар:

  1. Мамандандырылған прокуратураларды ұйымдастыру қажеттілігі неде.

  2. Аумақтық прокуратура органдары мен мамандандырылған прокуратуралардың жалпы және нақты міндеттері қандай.

  3. Мамандандырылған прокуратуралардың қызметтерін реттейтін құқықтық актілер қандай.

  4. Мамандандырылған прокуратура қызметкерлеріне қойылатын талаптар қандай.